Урок по география на тему Миллион кімге б?йырады


Ашық шараның тақырыбы: Ойнайық та, ойлайық бағытындағы
«Миллион кімге бұйырады» сайысы.
Мақсаты: Географиядан алған білімдерін ортаға салу, оқушылар
дүниетанымын кеңейту,тез ойлана білуге үйрету,топпен ,ұжыммен
жұмыс істеуге тәрбиелеу.
7-8 сынып оқшыларына арналған шара.
Білімдіден шыққан сөз,
Көңілде жатса баспай тат – демекші бүгін баршамыз жаратылыстану
пәндер бірлестігінің апталығындағы келесі ашық шараға хош келіп
отырсыздар.
Оқысаң ғылым қорын,білім алар,
Көңілдің кіршік басқан көзін ашар.
Бар ізгілік тек біліммен алынар,
Білім ал,ол өмірдің жолын ашар.
Білім-адам баласының ортақ қазынасы ,олай болса ойыншыларымызды
ортаға шақырайық.
Ойынға қатысатын оқушылар:
1.Аманбаев Мирас- жұлдызы суқұйғыш , бос уақытында шаңғы
тепкенді,футбол ойнағанды ұнатады.
2. Ишмуханбетов Темирлан- жұлдызы таразы,каратэ-до мен
айналысады , теледидардан спорт хабарларын тамашалағанды ұнатады.
3. Тургалиева Балкенже - жұлдызы тауешкі , кітап оқығанды, кесте
тоқып тігіншілікпен айналысқанды жақсы көреді.
4. Нығыметова Гаухар- жұлдызы мерген , сурет салғанды жақсы көреді
акробатикамен айналысқанды ұнатады.
5. Нысан Нұрхат-жұлдызы балықтар , Компьютермен,ұялы телефонмен
интернетке кіріп түрлі жаңалықтармен танысқанды жаны қалап тұрады.
6.Бақтығали Назерке – егіздер шоқжұлдызында дүниеге келген,таза
ауада серуендегенді,суретті кітаптарды қарағанды,ән салғанды жақсы
көреді.
Бүгінгі білім сайысын , біз сіздер теледидардан тамашалап көріп
жүрген «Миллион кімге бұйырады» хабарының негізінде өткізбекпіз.
Енді ойынның шарттарымен таныстырып өтелік.
Ойынға қатысушыға 10 сұрақ беріледі,
Әр сұрақ төмендегідей бағаланады.
Мұндағы үшінші және алтыншы сұрақтар күймейді.
Сонымен қатар сіздерге 50 де 50 жеңілдігін алуды ұсынамыз,яғни
ойын кезінде қатысушының бар жоғы осы екі жеңілдікті
пайдануға мүмкіндігі бар.
Ескерту: Залдан рұқсатсыз көмек болған жағдайда ойыншы
ойыннан шығарылады.
Ойынды бастау үшін қатысушылар төмендегі сөздерден мақал
құрастырулары қажет,кім тез құрастырса сол ойынды
бастауға мөмкіндік алады.
Интербелсенді тақтадағы орындары ауыстырылып берілген
сөздерден мақалдар құрастыру.
Ойынға пайдаланылған мақалдар:
1. Ел іші ,алтын бесік.
2. Сызу сызғанның ,сиқыры бар.
3.Туған жердің ауасы да шипа.
4.Таспен атқанды.аспен ат.
5.Жаз азығын,қыс жина.
6.Жүйрік атқа ,жел қамшы.
Ойын соңында жеңімпаз оқушыға «миллион» теңгенің суреті
бейнеленген мақтау қағазы беріледі.