Саба? ?зендер. 6-сынып. География.
Есілбай жалпы орта білім беру мектебі
Тақырыбы: § 43.Өзендер.
Пәні : Физикалық география
Сыныбы: 6
Пән мұғалімі: Магметов Болат Р.
2015-2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: § 43.Өзендер.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік-оқушылардың өзен туралы тірек білімдерін еске түсіре отырып, өзен тақырыбын оқып үйрету.
2. Тәрбиелік-ізденімпаздыққа баулу, өзендерді қорғауға және оның қажеттілігін түсіне білуге үйрету.
3. Дамытушылық-сөйлеу қабілетін дамыт, жаңа мағұлматтар беру арқылы ой- өрісін кеңейту, шығармашылыққа баулу.
Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, қазақ әдебиеті, дүниетану, тарих.
Көрнекілігі: өзен макеті, дүниежүзінің, Қазақстанның физикалық карталары, суреттер (тау және жазық жер өзендері), тірек сызбалар, атлас, оқулық.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгеру.
Әдісі: сұрақ-жауап баяндау, оқулықтан өзендерді көрсету.
Сабақтың құрылымы
Ұйымдастыру кезеңі
Жаңа материалды меңгеру
Сарамандық жұмыс
Қорытындылау, үйге тапсырма беру
Сабақ барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Жаңа материалды меңгеру.
Жылт-жылт еткен
Жылғадан өткен. (Су немесе өзен)
Ирелеңдеген арқан
Қуып жете алман. (Өзен)
Оқушылардың тірек білімдеріне сүйене отырып, төмендегі сұрақтарға жауап алу.
Өзен деген не?
Қандай өзендерді білеміз?
Өзен, суға байланысты оқушылардың білетін өлең, тақпақ, мақал- мәтел, аңыз-әңгімелерін айтқызу.
Мысалы: 1) Тау кезеңсіз болмас,
Өлке өзенсіз болмас.
2) Сулы жер құрақсыз болмас,
Таулы жер бұлақсыз болмас.
3) Желсіз түнде жарық –ай,
Сәулесі суда дірілдеп.
Ауылдың маңы терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп. (Абай Құнанбаев)
Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай? Нені білгілерің келеді ? Неніүйренгілерің келеді? (өзен деген не, қандай өзендер болады, картадан оларды көрсетіп үйрену)
Картаға қараймыз. Көк түсті жіңішке жіп тәріздес сызықтар нені білдіреді. Олардың барлығы өзендер.
Өзен туралы өлең оқу.
Өзен. Ы. Алтынсарин.
Таулардан өзен ағар сарқыраған,Айнадай сәуле беріп жарқыраған.Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,Аралап тау мен тасты арқыраған.Көңілің суын ішсең ашылады,Денеңде бар дертіңді қашырады.Өксіген оттай жанып жануарларӨзеннен рақат тауып басылады.Қынарда тілсіз тұрған тоғайлар даШуылдап желмен бірге бас ұрады...Он мың мал айдап өтсең лай қалмайды,Тасыса су бармаған сай қалмайды.Тасыған өзен судың қуатыменКөк шығып шөп бітпеген жай қалмайды.Ел қыстап күн көреді жаныбында,Дәм болар алуан-алуан балығында...Тас таста, алтын таста сынамаққа,Сонда да аққан өзен қалыбында.Құдіретін құдайымның көресің бе?
Біздің өлкеде қандай өзендер бар?
Қазақстандағы ең суы мол өзен – Ертіс. Оның республика жеріндегі ұзындығы – 1700 км болса, жалпы ұзындығы – 4248 км. Жоғары бөлігіндегі ағыны екі ірі су электр станцияларымен (Бұқтырма және Өскемен) реттелген. Өзен суының біраз бөлігі Ертіс-Қарағанды каналы арқылы Орталық Қазақстанға бұрылған.
Өзен деген не? (оқушылардың жауаптары). Енді айтқандарымыздың бәрін оқулықпен салыстырып жұмыс жасаймыз
Өзен — өзінің табиғи арнасымен ағып жататын немесе ағып жатқан тұщы судың табиғи жолы.
Қазақстан өзендерін ұзындығы бойынша топтасақ, онда 85 022 өзеннің ішінде 84 694-і шағын (ұзындығы 100 км-ге дейін), 305-і орташа(500 км-ге дейін) және 23-і ірі (500-1000 км-ден астам өзендер) қатарына жатады. Республиканың шығысындағы Алтай, оңтүстік-шығысындағы Жетісу және Іле Алатаулары ылғалы мол таулы өңірлердегі өзен торының жиілігі ( барлық өзендер ұзындығы қосындысының осы алаптың ауданына қатынасы) басқа өңірлерге қарағанда жоғары (0,4-1,8 км/км2). Шағын өзендердің көбі Ұлытау, Шыңғыстау, Қарқаралы тауынан, сонымен қатар Тарбағатай, Қаратау, Мұғалжар жоталарына басталады. Арал және Каспий маңы өңірлерінде өзен торының жиілігі тым сирек (0,03 км/км2-ге дейін) келеді. Өзендердің басым көпшілігі Каспий, Арал теңіздерінің, Балқаш, Алакөл және Теңіз сияқты көлдердің тұйық алаптарына жатады.
Тапсырма. Дәптерге өзен аңғарының көлденең қимасын салыңдар. (мұғалімнің айтуы бойынша).
1.Өзен дегеніміз не?
2.Өзен бөліктері.
3.Өзеннің бағыты мен сипатына жер бедерінің әсері.
4.Өзен ағысы
5.Шоңғалдар
6.Сарқырамалар
7.Өзен режимі.
8.Өзен суының толығуы.
9.Өзендердің маңызы
10.Жергілікті жер өзендері оның пайдалануы . Ертіс өзеніне сипаттама беру.
Жоғарыдағы жоспарды тақтаға жазып көрсете отырып, әр бөлім жеке түсіндіріледі.
Өзен бөліктері.
Тау шатқалдарының түкпір түбінен ағып шыққан бұлақтан су үнемі тынбай шығып жатқадықтан, одан тұрақты ағыс, яғни жылға пайда болады. Ол өзеннің бастауы болады. Сонымен бірге өзен көлден, батпақтан да басталады. Биік таулы жерлерде өзен басып қар мен мұздықтардың шетінен, еріген судан алады. Өзеннің басын алып шығатын жері оның бастауы деп аталады.
Өзен жер бетінең еңтінің еңістігіне сәйкес ылдиға қарай ағады. Оған жолшыбай басқа шағын өзендер келіп қосылады. Негізгі ірі өзенге басқа кішігірім өзендер де келіп құяды. Ол өзендерді негізгі ірі өзендердің салалары деп атайды. Ағыс бағытымен қарап тұрғанда, оң қол бағыттағы өзенді – оң жақ сала, сол қол бағыттағы өзенді – сол жақ сала деп атайды. Мысалы, Есіл өзені – Ертістің сол жақ саласы. Ал Арыс Сырдариясы – оң жақ саласы. Өзен көлге немесе теңізгі барып құяды. Өзен көлге немесе теңізгі барып құяр жерін оның сағасыдеп айтамыз. Яғни сол жерде атырау пайда болады. Өзен бастауынан бастап сағасына дейін әрі кең, әрі ұзынша алқапты бойлап ағады. Бұл - өзеннің аңғыры. Аңгардың табанындағы өзен суы ағып жатқан ойыс арна деп аталады. Су тасыған кезде өзен арнасынан асып, аңғардың жайдақ бөлігін басады. Аңғардың өзен тасығанда су басатын бөлігі жайылма деп аталады.
Өзеннің ағысы ұзына бойымен алып қарағанда үш бөлікке бөлінеді. Бастауына жақын жатқан бөлігі – жоғарғы ағысы, сағасына жақын жатқан бөлігі – төменгі ағысы, екеуінің аралығы орта ағысқа жатқызылады. Өзен өзеннің барлық салаларымен бірігіп өзен жүйесін құрайды. Өзенге және оның салаларына су ағып келетін жердің бәрі өзен алабына жатады. Өзен алаптарын бір-бірінен көбінесе қыратты болып келетін суайырықтар бөледі.
2. Өзен ағысының бағыты мен сипатына жер бедерінің әсері.
Өзен ағысының бағыты мен жылдамдығы жер бедеріне байланысты:
а) Жазық жер өзендері кең аңғырмен баяу ағады;
б) Тау өзендері едәуір тез, ағысы қатты болады, беткейлері тік.
3.Шоңғалдар мен сарқырамалар.
Өзен аңғарларының түбінде қай жерлерде қатты кристалды тау жыныстары кездеседі. Олар кейде судың бетіне шығып жатады. Осындай озеннің арнасындағы қатты жыныстарды шоңғалдар деп атайды.
Биік кемерден құлап ағатын тау өзендері сарқырамалар түзеді. Жер шарындағы ең биік сарқырама Анхель. Оның биіктігі – 1054 м.ол Оңтүстік Америкадағы Орниноко өзенінде. Қазақстан жеріндегі Тянь-Шаньда – Күркілдек, Алтайда – Көккөл. Іле Алатауында – Анелы сарқырмалары бар.
4. Өзендердің суға молығуы.
Өзендерге жер асты сулары, мұздық, жанбыр, еріген кар суы қосылады. Қыста қар тұрақты жататын аймақтардағы өзендер, негізінен, қар суымен молығады. Биік тау басындағы мәнгі қар мен мұздықтардың етегінен басталатын өзендер қар мен мұздың суымен молығады.
5. Өзендердің маңызы.
Өзендердің шарашылықтағы маңызы зор. Су көп мөлшерде тұрмыс қажетіне пайдаланылады. Өзен сулары кеме қатынасы үшін пайдаланылады. Біздің елімізде Ертіс, Сырдария, Іле өзендерінде су электр станциялары жұмыс істейді және кеме қатынасына пайдаланылады. Өзен суларын ауылшаруашылық өнімдерін суғару үшін пайдаланылады.
Картамен жұмыс.
1 тапсырма.
Картадан мына өзендерді көрсетіңдер: а) Ніл; б)Амазонка ; в) Ертіс.
2 тапсырма. Картадан аталған өзендердің бастауын табыңдар:
а) Волга; б) Сырдария; в) Обь.
3 тапсырма. Бұл өзеннің қай жақ саласы:
а) Амазонка салалары; б) Обь өзенінің Ертіс саласы; в) Енисейге Ангара өзені.
4 тапсырма. Ең ірі өзендер - Амазонка, Конго, Миссисипи Миссуримен, Обь Ертіспен.
5 тапсырма.
Координаталары арқылы өзендердегі сарқырамаларды табу
42o с.е. және 78o б. б. (Ниагара)
2o с.е. және 62o б. б. (Анхель)
18o о. е. және 26o ш.б. (Виктория)
6 тапсырма.
Әр материктегі ірі өзендерді табыңдар
Географиялық марафон.
Тақтада терминдер. Оқушылар жаппай барлығы жұмыс жасайды. Кім терминдерді біледі, солар айтып отырады.
Терминдер: өзен, бастау, өзеннің аңғары, жайылма, жоғары ағысы, төменгі ағысы, өзен алабы, өзеннің режимі,өзеннің тасуы, суайрық, бассейн, режим, өзен жүйесі, сарқырама.
Бекіту кезеңі.
Оқушыларды үш топқа бөліп, әр топқа тапсырмалар беріледі:
1-топқа – таудан басталатын Миссисипи өзеніне;
2-топқа – жазықтық жермен ағатын Жайық өзеніне;
3-топқа – жергілікті жердегі Ертіс өзеніне сипаттама беру
1. Географиялық орны:
a) Қай материкте орналасқан ?
b) Қай теңіз алабына жатады?
c) Бастауы, сағасы, салалары.
2. Ағысының сипаты(таулы, жазық).
3. Өзен суының молаю кезеңі.
4. Өзендердегі шоңғалдар мен сарқырамалар.
5. Шаруашылықта пайдалануы.
6. Экологиялық проблемалары.
VI. Үйге тапсырма.
§ 43.Өзендер. Өзендер туралы қызықты деректер, мақал –мәтелдер жазып әкелу.