?ндестік за?ы. Буын ?ндестігі
Пән аты: Қазақ тілі.
Сыныбы: 5
Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Ана тілінің қызметі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға қазақ тілінің қоғамдық қызметі мен маңызын нақты деректер келтіре отырып түсіндіру.
2.Тәрбиелік: оқушыларды ана тілді құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту.
Сабақтың типі: Кіріспе сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ тілі энциклопедиясы».
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, әлеуметтану, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен
мақсаты туралы хабарлау
ІІ. Кіріспе сабағын өткізу.
Ана тілі сол тілде сөйлейтін халықпен бірге өмір сүреді және сол халықтың өкілдері үшін қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Тілінен айрылған халық өзіне тән барлық қасиетін жоғалтып, халық болудан қалады. Тіл ана тілі атануы үшін, ол күнделікті өмірде ұдайы қолданыста болуы керек.
Тілдің ең негізгі қызметі адамдардың бір – бірімен сөйлесу, бір нәрсе жайында пікір алысу үшін қызмет етуі. Екінші қызметі – адамдардың қоршаған орта жөніндегі өз ойларын тіл арқылы жеткізуі. Үшінші қызметі – адам өзінің бір нәрсе туралы көз – қарасын, күйініші мен сүйінішін, жақсы көру жек көру сезімдерін тіл арқылы білдіруі.
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Қазіргі кезде дүние жүзінде шамамен 5651 тіл бар.Сөйлеушілерінің саны жағынан алғанда қазақ тілі осы тілдердің ішінде 70 – орынға ие болып тұр.
ІІІ. Кіріспе сабағын бекіту.
Пікірталас ұйымдастыру.
І топ «Қазақ тілінің кешегісі»
ІІ топ «Қазақ тілінің бүгіні»
ІІІ топ « Қазақ тілінің болашағы»
ІV . Үй тапсырмасын беру.
«Қазақ тілінің болашағы» деген тақырыпта шығарма жазу.
V. Оқушылардың жауаптарын бағалау.
1.Пән аты: Қазақ тілі.
2.Сыныбы: 5
5.Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы:Әдеби тіл туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға әдеби тіл туралы түсінік беру, ауызша және жазбаша тілдің айырмашылығын ұғындыру.
2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу. Табиғатты, отанды сүюге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық:Оқушылардың әдеби тіл туралы түсініктерін кеңейте отырып,, сабақта қолданылған қосымша материалдар арқылы дүниетанымдарын кеңейту.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ тілі» энциклопедиясы.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Ана тілінің қызметі туралы түсінік.
2. «Қазақ тілінің болашағы» деген тақырыпта шығарма жазу.
ІІІ білім тексеру:
«Ана тілі» туралы А. Байтұрсынов не айтқан?
«Ана тілі» туралы Ә. Кекілбаев не деген?
Қазақ тілінің байлығы не?
«Ана тілі» туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Қазақ тілінде «әдеби» сөзі «әдеп» сөзінің негізінде жасалған.
Ол «сөз әдебі» дегенді білдіреді.
Әдеби тіл сөйлеу тілінен жоғары тұрған көрке тіл. Ол сол халықтың бәріне бірдей ортақ әрі бәріне бірдей түсінікті болып келеді.
Әдеби тіл екі түрлі формада өмір сүреді: ауызша тіл, жазбаша тіл. Мысалы: мұғалімнің сабақты түсіндірген сөзі, оқушының сабақта берген жауабы, радио, теледидардан сөйлеген сөздерауызша тіл болады да, кітапта, газет - журналда жазылғандар жазбаша тіл болып есептеледі.
VІ .Жаңа сабақ бойынша түсінігін тексеру:
Әдеби тіл дегеніміз не?
Ауызша тіл дегеніміз не?
Жазбаша тіл дегеніміз не?
VІІІ Сабақты бекіту:
Оқулықпен жұмыс
5-жаттығу
І деңгей
Мәтінді тыныс белгілерін қойып көшіріп жазу
Қарамен жазылған сөйлемнің мәнін түсіндіріңдер.
7 – жаттығу
ІІ деңгей
Мәтіндегі ойды түсініп оқыңдар.
Адам өміріндегі тілдің орнын әңгімелеңдер
Тіл, сөз туралы 2- 3 мақал ойлап жазыңдар.
8 –жаттығу.
ІІІ деңгей
Төмендегі пікірлерді жаттап алыңдар.
Айтылған пікірлердегі негізгі ойды анықтаңдар.
VІІ. Сабақты қорыту
Бағалау
Үй тапсырмасын беру
Әдеби тіл туралы түсінік.
9,10 –жаттығу.
1.Пән аты: Қазақ тілі.
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы:Әдеби тілдің ерекшеліктері.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға әдеби тілдің ерекшеліктері туралы түсінік беру.
2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу.
3.Дамытушылық:Оқушылардың әдеби тілдің ерекшеліктері туралы түсінктерін кеңейте отырып, сабақта қолданылған қосымша материалдар арқылы дүниетанымдарын кеңейту, талдау жұмыстары арқылы қисынды-ойлау дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: бекіту сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ тілі» энциклопедиясы.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
VІІ Сабақты бекіту:
Тапсырма.
Оқулықпен жұмыс
11-жаттығу
І топ
Өзің жазған шығарманы ата – анаңа оқып бердің делік. Осы жерде сен сөйлеудің қай түрін қолдандың? Неге?
12 – жаттығу
ІІ топ
Телехабардағы диктор сөзін тыңдағанда, «Ұлан газетіне жарияланған мақалаларды оқығанда, біз тілдің қай формасын қабылдаймыз? Ойыңды дәлелде.
Тапсырма
І деңгей
Жазудың көркемдігі мен түсініктілігі не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
Жалпы, жазба тілдің қажеттілігі неде?
ІІ деңгей
Төмендегі оқып жаттап алыңдар.
Олар сөйлеудің қай түріне қатысты екенін дәлелдеп айтыңдар
Көп сөйлеме.
Сөйлеп тұрғанда есінеме.
Аузыңа тамақ салып алып сөйлеме.
Сөйлегенде тыңдап отырған серігіңе тым жақындама.
ІІІ деңгей
Төмендегі әдеби тілге жалпайтын сөздердің астын сыз.
Қайың, бейқұт, асық, жасық, бейіс ас, жала, бышырлату, кәмбіл, кәрлен кесе, қазы, әдемі, қара ашытпа, қарақит, көл, шалқар, саңаржақ, саң, мұра, шақалақ, шақат ,ада қылу, дәптер.
VІІ. Сабақты қорыту
Бағалау
Үй тапсырмасын беру
Әдеби тілге жатпайтын сөздерді қолданып, қазақтың шешен билері туралы шағын мәтін құра.
1. Пән аты: Қазақ тілі.
2. Сыныбы: 5
3. Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Мәтін
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту, әдеби тіл туралы алған білімдерін бекіту.
Тәрбиелік: Оқушыларды сабақта қолданылған материалдар арқылы адамгершілікке, ізгілікке баулу, ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың жазбаша және ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты дидактикалық материал
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V Жаңа сабақ:
Мәтін – «байланысу, бірігу» деген мағынаны білдіретін сөз. Ол сөйлегенде, жазғанда пайда болады да, қажетті біртұтас ойды аяқтайды.
V І. Жаңа сабақ бойынша түсінігін тексеру:
Тапсырма
І топ
16 – жаттығу
Осы сөйлемдердің жиынтығын мәтін деуге бола ма?
Қанша сөйлемнен құралған?
Сөйлемдер бір – бірімен мағыналық жағынан байланыса ма?
Мұнда неге сипаттама берілген?
Бұл сөйлемдер жиынтығы жазып қалдырған зерттеу ме, әлде ауызша айтылған әңгіме ме?
ІІ топ
17 – жаттығу
Мәтінге тақырып қойыңдар
Тірек сөздерді табыңдар.
Іле өзенін картадан көрсетіңдер.
Бұл мәтін аңыз әңгімеге жата ма?
Тапсырма
І деңгей
Түркі тілдес тілдерді ата
Қазақ әдеби тілі және оның негізін салушылар турулы айт.
ІІ деңгей
Төмендегі мәтінге грамматикалық талдау жаса
Ап ашық күндерде де сахарада да аяқ астынан қара құйын шыға келді.
Шаңды, шөп – желеңді бұрқырата үйіріп, бойына жинап алып,найзадай шаншылып,құйын жүйіткіп ауылға жөнеді.
ІІІ деңгей
Әдеби тілге жатпайтын сөздерді айт және көркем шығармада әдеби тілге жатпайтын сөздерді жазушы неге қолданатынын түсіндір.
Қазақ тілінің грамматикасын жазған кім?
VІІІ . Сабақты қорыту:
1.Бағалау.
2.Үй тапсырмасын беру:
Мәтін туралы түсінік.
2.18 -жаттығу
Пән аты: Қазақ тілі.
Сыныбы: 5
Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Мәтіннің тақырыбы, құрылымы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Мәтіннің тақырыбы, құрылымы туралы түсінік беру, берілген мәтін мазмұнымен таныстыру.
Тәрбиелік: адамгершілік, ізгілік қасиеттерге баулу, ел тарихын қадірлеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пікір айтуға дағдыландыру.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ тілі» энциклопедиясы.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, қазақстан тарихы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Мәтін туралы түсінік.
2.18 -жаттығу
ІІІ Білім тексеру:
19 - жаттығу
Тапсырманы топ – топқа бөлініп орындау.
Шоқан мен әжесі әдеби тілдің қай формасында әңгімелесті
Мәтіндегі Шоқан мен әжесі әдеби тілдің көркемдігін танытатын қандай тапқыр сөздерді пайдаланғанын айтып беріңдер.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа сабақты түсіндіру:
Мәтіннің тақырыбы болады. Мәтін сөздерден, сөйлемдерден, абзацтардан тұрады.
Мәтін әр түрлі мазмұнға құрылады. Онда оқиғалар хабарланады, баяндалады,әңгімеленеді, құбылыстар сипатталады, суреттеледі.
Мәтінге газет – журна материалдары, өлең шумақтары, оқулықтағы ережелер және әр түрлі тақырыптағы сөйлесулер жатады.
VІ. Түсінік тексеру:
Сұрақ жауап
Мәтіннің тақырыбы деген не?
Мәтіннің құрылымы деген не?
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Оқулықпен жұмыс:
20 – жаттығуды ауызша орындау.
21- жаттығуды тақтада орындау.
22 – жаттығуды жазбаша орындау.
ҮІІІ. Сабақты қорыту
1.Бағалау.
2. Үй тапсырмасын беру
1. Сөйлеу мәдениеті туралы өз ойларыңнан
мәтін құрап келіңдер
Пән аты: Қазақ тілі.
Сыныбы: 5
Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Мәтіндегі негізгі ой мен тақырып.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың мәтіндегі негізгі ой мен тақырып туралы түсініктерін жазба жұмыстар арқылы бекіту.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылы: Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту.
Сабақтың типі: бекіту
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ тілі» энциклопедиясы.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен
мақсаты туралы хабарлау
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Сөйлеу мәдениеті туралы өз ойларыңнан
мәтін құрап келіңдер
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
VІІ. Бекіту сабағын өткізу.
Оқулықпен жұмыс.
23-жаттығу.
І топ
Мәтінді оқып, тақырыбы мен негізгі ойын анықтаңдар
Мәтінге ат қойыңдар.
Мәтін құрастыру туралы ғалым қандай ой білдіргенін айтыңдар
24 – жаттығу
ІІ топ
26- суретке қарап, әңгімелеу.
Жазбаша мәтін құрау.
Мәтінге ат қою.
І деңгей
25 – жаттығу
Төмендегі өлең жолдарынан ойдың байланысына қарай шумақтарды қайта құраңдар. Мәтінге ат қойыңдар
ІІ деңгей
26- жаттығу
Бауыржан Момышұлының ойын әрі қарай жалғастырып шығарма жазыңдар.
ІІІ деңгей
27 –жаттығу
Өз ана тілің, оның сөз байлығы туралы ойланып, өз пікірлеріңді айтып беріңдер.
VІІ . Сабақты қорыту:
Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
Ана тілінің қызметі жайлы мәтін құрау
Пән аты: Қазақ тілі.
Сыныбы: 5
Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Сөз бен мағына
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға сөз бен мағына туралы түсінік бере отырып, жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, еңбекке, татулыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, сөйлем талдау дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа сабақты түсіндіру.
Лексика – белгігі бір тілдегі сөздердің жиынтығы.
Сөздер заттар мен құбылыстардың аты, саны мен сапсы, қимыл – әрекеті сияқты алуан түрлі мағыналарды білдіреді.ал сөз қалай болса солай айтыла салған дыбыстардың тіркесі емес, жүйелі дыбыс қосындыларынан жасалады. Дыбыстар тіркесінде мағына болмаса, сөз де болмайды. Сөз мағынасымен тығыз байланысты.
VІ. Жаңа сабақ бойынша түсінік тексеру:
« Лексика» деген сөзге түсінік беріңдер
«Түсіндірме сөздіктен» мағыналы сөздер мен мағынасыз сөздерге он – оннан мысалдар жазыңдар.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
1.Оқулықпен жұмыс.
29 –жаттығу
Мәтіндегі толық мағыналы сөздер мен мағынасы толық емес сөздерді бөлек – бөлек теріп жазыңдар.
30- жаттығу
Лексикалық мағынасы бар сөздерді теріп жазыңдар.
31 – жаттығу
Мына сөздердің құрамындағы дыбыстарды пайдалана отырып, лексикалық мағынасы бар сөздер құрап жазыңдар.
VІІІ . Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2. Үй тапсырмасы:
1. Сөз бен мағына туралы түсінік.
2. 32 -жаттығуды орындау.
Пән аты: Қазақ тілі.
Сыныбы: 5
Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Сөз мағыналарының сипаты
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға сөз мағыналарының сипаты туралы лингвистикалық білім беру.
2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ұлтжандылыққа
тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, синтаксистік талдау жасау дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Сөз бен мағына туралы түсінік.
2. 32 -жаттығуды орындау.
ІІІ Білім тексеру:
Өздік жұмыс
Жасыл, әсемпаз,үйірсек сөздерінің құрамындағы дыбыстарды пайдалана отырып, әрқайсысы бойынша бірнеше мағыналы сөз құраңдар.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Дыбысталу – сөздің сыртқы қабығы, мағына – сөздің ішкі мазмұны. Бірақ тілде мағынасын жоғалтқан сөздер де кездеседі. Мысалы: үшін, дейін, шейін, таман нақты мағынасы осы күнде жоғалған. Мұндай сөздер басқа мағыналы сөздермен тіркесіп қана қолданылады.
Ал осыған керісінше, сөздің ішкі мағынасы сақталып, дыбысталу түрі өзгеретін де жағдай кездеседі. Мысалы: елу днген сөздің бастапқы түрі елліг болған. Ол бірте – бірте мынадай өзгеріске түскен:
Елліг- еліг – елу.
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
Үлестірме қағаздар бойынша жұмыс.
І деңгей
Сөз неден құралады?
Сөздің ішкі мазмұны дегенді қалай түсінесің?
Жеке тұрғанда мағынасын жоғалтқан сөздерді жаз
ІІ деңгей
Еңбек туралы мақал – мәтелдер жазып, толық мағыналы сөздердің астын бір, жеке тұрғанда мағынасын жоғалтқан сөздердің астын екі сыз.
ІІІ деңгей
Төмендегі сөздер қандай мағына беріп тұр?
Туу! Ойбай! Құдай-ай! Обал – ай!
Күз келді» деген тақырыпқа мәтін құра.
VІІ.Жаңа сабақты бекіту:
1. Оқулықпен жұмыс
33-жаттығу
Мәтінен тура мағынадағы сөздерді тауып жаз.
34 – жаттығу
Өз ана тіліңнің байлығы немесе жақсы қасиеттері туралы айтылған өзге халық пікірлерін тауып жазыңдар.
VІІІ . Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
1. Сөз мағыналарының сипаты туралы түсінік
2. 35 - жаттығу
Пән аты: Қазақ тілі.
Сыныбы: 5
Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Сөз мағынасының өзгеруі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға сөз мағынасының өзгеруі туралы лингвистикалық білім беру.
Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа, достыққа баулу, адамгершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, жазбаша тіл мәдениетін дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте.
Пәнаралық байланыс: әдебиет.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Сөз мағыналарының сипаты туралы түсінік
2. 35 - жаттығу
ІІІ Білім тексеру:
Өздік жұмыс
Көп нүктенің орнына тиісті дыбысты қой.
Да...а, ды...ыс, ...ыныс, жай...ау, ...ғаш, ...ал, жа..., ...аң.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Сөздердің мағынасы бірде өзгеріп, бірде жоғалып,бірде жаңарып отырады.
Қазақ тілінде малай деген сөз «біреудің есігінде жалданып жүрген қызметші, жалшы» дегенді білдірсе, башқұрт пен татар тілдерінде малай сөзі «бала» деген мағынада қолданылады.
Қазақ тіліндегі көкпар сөзі екі сөзден құралған: көк және бөрі. Бөрі сөзі түркі тілдерінде «қасқыр» деген ұғымда жұмсалады.
VІ. Түсінік тексеру:
Ойланып көріңдерші, күнделікті қолданылып жүрген барлық сөздің мағынасын білесіңдер ме? Білмеген сөздеріңді түсіндірме сөздіктен қарап, мағыналарын жазыңдар.
VІІ .Жаңа сабақты бекіту:
Оқулықпен жұмыс
37 -жаттығу. Ауызша орындалады.
Осы мәтіндегі сөз тағдыры туралы айтылған әрбір ойды таратып айтып, мысалмен дәлелдеңдер.
38 – жаттығу
Мәтінді сөздік дәптерлеріңе көшіріп жазыңдар.
39 – жаттығу. Тақтада орындау
Мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің мағынасын анықтаңдар.
VІІІ . Сабақты қорыту:
Бағалау
Үй тапсырмасын беру.
Сөз мағынасының өзгеруі туралы түсінік.
40- жаттығу.
Пән аты: Қазақ тілі.
2. Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға сөз тура және ауыспалы мағынасы туралы лингвистикалық білім беру.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Сөз мағынасының өзгеруі туралы түсінік.
40- жаттығу.
ІІІ Білім тексеру:
Сұрақ жауап
Сөз неден құралады?
Сөздің ішкі мазмұны дегенді қалай түсінесің?
Жеке тұрғанда мағынасын жоғалтқан сөздерді жаз
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Сөздің затты не құбылысты атап білдіретін мағынасы тура мағына деп аталады.тура мағына әр заттың өзіне ғана тән жеке мағынасы болып табылады, сол арқылы біз заттарды бір – бірінен айыра аламыз. Мысалы: аспан, жер, жел, бұлт дегендер заттарды атаса, биік, жылы, жақсы дегендер сапаны, бару, оқу дегендер қимылды білдіреді.
Сөздер әрқашан тура мағынада айтыла бермейді. Сөздің тура мағынасы негізінде туып, өрбіген, жалпы көпшілікке түсінікті ауыспалы мағыналары да болады. Лексикалық мағынаның бұл түрін туынды мағына деп атайды. Мысалы: көз адамның немесе жан – жануардың көру мүшесін білдіретін оның бастапқы мағынасы да,күннің көзі, бұлақтың көзі дегендегі көз- оның ауыспалы мағынасы, туынды мағынасы.
Сөздің ауыспалы мағынасы бір заттың негізгі атауыш мағынасын екінші бір затқа атау етіп қолданудан барып туады.
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
Өздік жұмыс
Өлеңдегі ауыспалы мағынада тұрған сөздерді тауып,олардың тура мағынасына мысал жаз.
Бірге оқыған құрбыға
Бас бәйгені бермедің.
Төре болдың, бас болдың,
Көкірегіңді кермедің.
VІІ .Жаңа сабақты бекіту:
1. Оқулықпен жұмыс.
42-жаттығуды жазбаша орындау
Өлеңді көшіріп жазу.
Мәтінен ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөздерді, сөз тіркестерін тауып, астын сызыңдар.
43 – жаттығуды ауызша орындау
Мәтінді мәнерлеп оқу.
Шешен сөзін таратып, өз сөздеріңмен түсіндіріңдер
44- жаттығуды тақтада орындау
Берілген тіркестер құрамындағы сөздерді тура және ауыспалы мағынаны білдіруіне қарай бөліп жазыңдар.
Қалаған үш тіркесті қатыстырып үш сөйлем жазыңдар.
VІІІ . Сабақты қорыту:
Бағалау
Үй тапсырмасын беру.
Сөздің тура және ауыспалы мағыналары туралы түсінік
45 – жаттығу.
Пән аты: Қазақ тілі.
Сыныбы: 5
Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Ойдың тура не ауыспалы мағынада айтылуы
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға ойдың тура не ауыспалы мағынада айтылуы туралы лингвистикалық білім беру.
2.Тәрбиелік: Тәрбиелік мәні зор сөйлемдерді оқыта отырып, оқушыларды елжандылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын, байыту және лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Сөздің тура және ауыспалы мағыналары туралы түсінік
45 – жаттығу.
ІІІ Білім тексеру:
Сұрақ жауап
1.Мағына дегенді қалай түсінесің?
2. сөздің тура мағынасына мысалдар жаз.
3. тура мағынадан ауыспалы мағынаның қандай айырмашылығы бар?
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Әрбір сөздің өзге сөздермен қарым – қатынасқа түспей, жеке дара тұрғандағы нақтылы, негізгі мағынасы лексикалық я тура мағына деп аталады.
Сөз тура мағынада заттар мен құбылыстарға тікелей бағытталады. Мысалы: үй, биік, бару деген сөздердің белгілі бір мағынасы бар. Үй сөзі – затты тікелей атаса, биік сөзі – сын – сапаны, беру сөзі – қимылды атайды. Бұл сөздердің осы тура мағыналарында басқа сөздермен тіркесіп қолданылу өрісі олардың өзі белгілейтін шындық болмыстардың өзара қарым – қатынасымен белгіленеді.
VІ Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
Сұрақ жауап
Сөздің тура мағынасы дегеніміз не?
Бір сөзде бірнеше мағына болуы мүмкіндігі неліктен, негізгі және туынды мағына қалай пайда болады?
Сөздің тура мағынасы мен қолданыстағы мағынасын қалай ажыратуға болады?
Өздік жұмыс
Төмендегі сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар,онда әр сөз кемінде екі мағынада қолданылатын болсын.
Ас, адам, жүрек, кәсіп, құс, тері, май, маса, ағаш, темір,саңырау, алыс, ойыншық, бұлақ, қол, жал.
VІІ .Жаңа сабақты бекіту:
1. Оқулықпен жұмыс.
І топ
46 – жаттығу
1.Мәтінен құрамында ауыспалы мағынасы бар сөйлемдерді көшіріп жаз.
ІІ топ
– жаттығу
1.Мәтінен ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөздерді тап.
VІІІ . Сабақты қорыту:
Бағалау
Үй тапсырмасын беру.
49,50 - жаттығу
Пән аты: Қазақ тілі.
Сыныбы: 5
Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Көп мағыналы сөздер
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға көп мағыналы сөздер
туралы түсінік беру.
2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу. Табиғатты, Отанды сүюге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық:Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыра отырып, сабақта қолданылған қосымша материалдар арқылы дүниетанымдарын кеңейту, талдау жұмыстары арқылы қисынды-ойлау дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: кесте
Пәнаралық байланыс: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
49,50 – жаттығуды орындау
ІІІ Білім тексеру:
Өздік жұмыс
1.Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, оның тура не ауыспалы мағынада тұрғанын айтыңдар
Ағасы бардың - ...бар.
Інісі бардың - ...бар.
... тасыса, қайық төгілер.
... тасыса, ақыл төгілер.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Тіліміздегі ұзақ уақыт бойы қолданылып келе жатқан байырғы сөздер жаңа сөз, жаңа мағыналар жасауға ұйытқы болды. Олар бұрынғы тура мағынасының үстіне жаңадан бір не бірнеше қосымша, яғни туынды мағыналарға ие болып жатады. соның нәтижесінде сөздік қордағы сөздер сан жағынан да, сапа жағынан да дамып,жетіліп, тілдің байлығы артады. Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналылығы дейміз. Көп мағыналы сөздер бір негізден таралады да, бір сз табына қатысты болады.
Мысалы:
Бас(зат есім)-1)адамның, айуанның, жәндіктің дене мүшесі;2) шөптің, ағаштың ең жоғарғы жағы;3) таудың ең үсті, төбесі;4) өзеннің, бұлақтың басталған жері;5) таяқтың ұшы;6) балтаның, шоттың ұшы бар жағы ; 7) бір нәрсенің айналасы.
Ата(зат есім)-1) үлкен әке, әкенің әкесі;21) ата жолы- ескіден қалған жөн –жоба, әдет – ғұрып;3) ата жұрт- ежелгі мекен; 4) ата кәсіп – атадан келе жатқан шаруашылық.
Сонымен, сөздің қолданылу аясының өзгеруі, яғни бір саладан басқа бір салаға ауысуы оның мағынасының өзгеруіне әсер етеді.
VІ Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
Өздік жұмыс
Төмендегі сөздердің тура және ауыспалы мағынасына тіркес құра.
Төмен, алыс, мықты.
VІІ .Жаңа сабақты бекіту:
Оқулықпен жұмыс. І топ
51 – жаттығу
Төмендегі сөздердің қосымша туынды мағыналарын анықтап, кестені толтырыңдар
52 – жаттығу
Төменде берілген көп мағыналы сөздердің қосымша мағыналары қандай бастапқы мағынадағы сөздерден таралғандығын анықтаңдар.
VІІІ . Сабақты қорыту:
Бағалау
Үй тапсырмасын беру.
Көп мағыналы сөздер
53 - жаттығу
1.Пән аты: Қазақ тілі.
Сыныбы: 5
Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Жаттығулар орындау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың сөздердің тура және ауыспалы мағыналары және оның жасалу жолдары бойынша алған лингвистикалық білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.
Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, лексикалық талдау жасау дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: бекіту сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен
мақсаты туралы хабарлау
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
VІІ. Бекіту сабағын өткізу.
Үлестірме қағаздар бойынша жұмыс.
І деңгей
1.Мәтінен ауыспалы мағынада тұрған сөзді тап.
Қазақ тілі аса бай тіл, икемді тіл. Орамын, бұрамын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш текемет оюға болады- ау. Бұл тілден май тамады десе де сияр.
ІІ деңгей
Мына сөздерден тура және ауыспалы мағынаны білдіретін сөз тіркесін құра.
Жаңа, таяз, суық, жылы.
ІІІ деңгей
1.Жұмбақтың шешуін тап. Шешуінің атына көп мағыналы тіркестер құра.
Ұйықтайды ұлы түнде, күндіз қызы
Жүргенде білінбейді басқан ізі.
Оқулықпен жұмыс.
54-жаттығу
Топ-топқа бөлініп жұмыс істеңдер.
1.Мәтінді көшіріп жазыңдар.
2.Көп мағыналы сөздерді табыңдар.
55 -жаттығу.
Мәтінді көшіріп жазыңдар
Мәтіндегі көп мағыналы сөздердің астын сызыңдар.
ІV. Үй тапсырмасын беру.
1. Көп мағыналы сөздер
2. 56, 57, 61 -жаттығу
1.Пән аты: Қазақ тілі.
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Омонимдер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың омонимдер туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, қосымша тапсырмалар мен жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ана тілді сүюге, отанды қорғауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, көркем әрі сауатты жазуға дағдыландыру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, өзіндік ой қорыту.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, сызба, карточкалар
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Омонимдер біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ мағынасы басқа – басқа сөздердің тобын білдіреді.
Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің айырмашылығыолардың білдіретін мағынасынан көрінеді. Көп мағыналы бір негізден тарағандықтан, мағыналары жағынан өзара жақын, ұқсас болып,олар бір ғана сөз табына жатады.ал омонимдер мағыналары жағынан бір – бірінен соншалықты алшақ болады да, кейде бір сөз табына, әр басқа сөз табына да қатысты болып, дараланып тұрады. Мысалы:1) қара шаш – заттың түсін білдіретін сындық мағыналы сөз; 2) тақтаға қара – қимыл – әрекетті білдіретін етістік.
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
2. Үлестірме қағаздармен жұмыс.
№1
1.сөйлемдегі омоним сөздерді тап.
Күймеге Құнанбай қасына , Ызғұттыдан басқа, Ұлжан келіп отырды. Қасым айтпайтын сөзді қайным айтты.
№2
1.Омоним болатындай тіркестер құрап жаз.
Жау, ер, ат, ой, арық, түй, ақ.
2.Омоним болатын мақал – мәтелдерден мысалдар келтір.
№3
1.Төмендегі сөздерден омоним болатын сөздерді тап және сол сөздерге мәтін құра.
Кілем, газет, жылқы, шұбар, айт.
VІІ .Жаңа сабақты бекіту:
1. Оқулықпен жұмыс.
62 -жаттығу.
1.Тыйым сөздерді түсініп оқыңдар
2.Тыйым сөздердің құрамында омонимдік мағына беретін сөздерді табыңдар.
63 – жаттығу
1.Мәтінде омоним болатын сөздерді теріп жазып, сөйлем құраңдар.
VІІІ. Сабақты қорыту:
Бағалау
Үйге тапсырма:
1.Омонимдер туралы түсінік.
2.66,67 -жаттығу
1.Пән аты: Қазақ тілі.
Сыныбы: 5
Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Жаттығулар орындау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың омонимдер бойынша алған лингвистикалық білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.
Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, лексикалық талдау жасау дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: бекіту сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен
мақсаты туралы хабарлау
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
VІІ. Бекіту сабағын өткізу.
Үлестірме қағаздар бойынша жұмыс.
І деңгей
1.Омонимнің анықтамасын айт.
2.Мына сөздерге омонимдік мағына беретін сөйлем құра.
Ақтау, көктеу, түс.
ІІ деңгей
1.Омоним болатын сөздерді тап.
Кітап, жаз, нан, қу, ақылды, дала, күл.
2.Омоним болатын сөздері бар өлең шумақтарын жаз.
ІІІ деңгей
Үш, бес, жеті сандарына арналған асыл сөздерді жаз және омоним сөздер болса, астын сыз.
«Бабалар дәстүрі»деген тақырыпта ойтолғау жаз.
Оқулықпен жұмыс.
68-жаттығу
Топ-топқа бөлініп жұмыс істеңдер.
1.Мәтінді көшіріп жазыңдар.
2. Ақ, жер, қара, айт, жон, ен, бөле сөздері омоним болатындай бірнеше сөйлем құрап жазыңдар.
69 -жаттығу.
Мәтінді көшіріп жазыңдар
Омоним сөздердің антонимдері мен синонимдерін тауып жазыңдар..
ІV. Үй тапсырмасын беру.
1. Омонимдер туралы қайталау.
2. Әзіл өлең құрастыру. Өлең шумақтарында міндетті
түрде омоним болуы керек.
1. Пән аты: Қазақ тілі.
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Синонимдер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың синонимдер туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, қосымша тапсырмалар мен жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ана тілді сүюге, отанды қорғауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, көркем әрі сауатты жазуға дағдыландыру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, өзіндік ой қорыту.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, сызба, карточкалар
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Мағыналары бір – біріне жақын, бірақ әр түрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобы синонимдер деп аталады.
Сөздің дыбысталуындаөзгешелік болуы керек;
Сөздер бір ғана ұғымды білдіруі керек;
Сөздер бір ғана сөз табына қатысты болуы керек.
Бұған қосымша синонимдер мәтінде бірін – бірі алмастырған жағдайда бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқарады. Мысалы: са,тағам, дәм, ауқат дегендер бір ғана синонимдес сөздер. Дыбысталуы әр басқа болғанымен, беретін ұғымы- адам баласының жейтін қоректік заты.
Қазақ тілі – синонимге өте бай тіл. Синонимдік қатарлар әр сөз табының құрамында кездеседі. Мысалы:
зат есімдерден болған синонимдер: өң, түр, түс, келбет, пішін, ажар, көрік, әлпет, кескін, рең, дидар, шырай.
сын есімдерден болған синонимдер: салмақты, сабырлы, байыпты, ұстамды;
етістіктерден болған синонимдер: амандасу, сәлемдесу, есенлесу;
үстеулерден болған синонимдер: тез, жылдам, шапшаң, лезде.
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
2. Үлестірме қағаздармен жұмыс.
№1
1.Сөйлемдегі синоним сөздерді тап.
Сенің топырағыңда қаншама дүр – дүр батыр, дүл-дүл ақын, майталман талант иелері туылмады дейсің.
№2
1.Синоним болатындай тіркестер құрап жаз.
Қырғи қабақ, Қас пен көздің арасында. Бетінен оты шықты. Тас жүрек.
2.Синоним болатын мақал – мәтелдерден мысалдар келтір.
№3
1.Төмендегі мәтінен синоним болатын сөздерді тап және сол сөздерге мәтін құра.
Адамның асқан сұлулығы – оның сезгіштігі, қарапайымдылығы, тілектестігі, ниеттестігі.
VІІ .Жаңа сабақты бекіту:
1. Оқулықпен жұмыс.
70 -жаттығу.
Төмендегі синонимдік қатардағы сөздерді басқа сөздермен тіркестіріп, олардың қанша сөзбен тіркесе алу мүмкіндігін анықтаңдар.
71 – жаттығу
ғажап, шақ, қараулық, уәде, айла, жан сөздерінің синонимдерін тауып,олардың орнын ауыстырып қолданыңдар.
VІІІ. Сабақты қорыту:
Бағалау
Үйге тапсырма:
1 Синоним туралы түсінік
2.Ар – намыс туралы білетін қанатты сөздерді, мақал
мәтелдерді жазу
1.Пән аты: Қазақ тілі.
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Синонимдік қатар
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға синонимдік қатар туралы түсінік беру.
2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу. Табиғатты, Отанды сүюге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық:Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыра отырып, сабақта қолданылған қосымша материалдар арқылы дүниетанымдарын кеңейту, талдау жұмыстары арқылы қисынды-ойлау дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: кесте
Пәнаралық байланыс: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
VІІ .Жаңа сабақты бекіту:
1.Оқулықпен жұмыс.
І топ
72 – жаттығу
Мәтінен синоним сөздерді табыңдар.
Қос сөздерді тауып, оның құрамындағы сөздердің мағынасына назар аударыңдар.
ІІ топ
73 - жаттығу
Мәтінді көшіріп жазыңдар
Мәтінен синоним сөздерді табыңдар.
74 –жаттығу ауызша орындау.
75 – жаттығуды жазбаша орындау
76 – жаттығуды тақтада орындау.
2.Деңгейлік тапсырмалар.
І деңгей
1.Төмендегі сөздерге синоним болатын сөздерді жаз.
Ұстаз, ақын, үй, құрметтеу.
2.Синонимнің омонимнен айырмашылығы неде?
ІІ деңгей
1.көп нүктенің орнына синоним болатын сөздерді қой.
Жанбосын екеуіміз өш, ... едік.
Айбарлы, ...сұлу сымбатты, тосын көзді өзіне сұқтандыра түсті.
2.Синоним сөздерді топтап жаз.
Қашық, әдемі, әдепті, тәртіпті, үлкен, келбетті, өңді, тәрбиелі, дәу, тартымды, алыс, инабатты, алшақ, шалғай, көргенді.
ІІІ деңгей
1.Төмендегі синоним және омоним болатын сөйлемдер құра.
Жастық, ат,қою,жеңіл, бас.
2.Синонимдерді қатыстыра отырып, «Егеменді Қазақстан» атты ойтолғау жаз.
VІІІ . Сабақты қорыту:
Бағалау
Үй тапсырмасын беру. 1. Синоним туралы түсінік.
2.78,79,80 –жаттығулар.
Пән аты: Қазақ тілі.
Сыныбы: 5
Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Антонимдер.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға антоним туралы түсінік беру.
2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу. Табиғатты, Отанды сүюге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық:Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыра отырып, сабақта қолданылған қосымша материалдар арқылы дүниетанымдарын кеңейту.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: кесте
Пәнаралық байланыс: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Синоним туралы түсінік.
2.78,79,80 –жаттығулар.
ІІІ Білім тексеру:
Терме диктант
Әдемі үй. Сұлу қыз. Ескі киім. Көне жазу. Асқар тау. Зәулім ғимарат. Адал кісі. Ақылды адам. Жақсы тұрмыс. Оңды іс. Шұғыл жәрдем. Жедел хабар. Шалғай жер. Қашық жер. Қарулы қол. Қуатты двигатель.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Мағыналары бір – біріне қарама – қарсы болып келетін сөздер антонимдер деп аталады. Мысал: үлкен – кіші,
суық – жылы, ескі – жаңа, қатты – жұмсақ
антоним мен жұрнақ арқылы жасалатын болымды болымсыздық мағына бірдей емес. Оларды былайша салыстырып көруге болады:
Антонимдер Болымды – болымсыздық мағыналар
Жақсы – жаман жақсы – жақсы емес
Ал – бер ал – алма
Көңілді – қапалы көңілді – көңілсіз
Антонимдер – ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің де оңтайлы құралы. Мәселен, ғасырлар бойы атадан балаға мұра болып келе жатқан мақал – мәтелдердің, жұмбақтардың құрамында антоним сөздер жарыса қолданылады.
VІ Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
Омонимнен антонимнің айырмашылығы неде?
Төмендегі сөздердің антонимдерін тауып жаз.
Суық, қатты, төмен, биік, жоқ.
VІІ .Жаңа сабақты бекіту:
Оқулықпен жұмыс. І топ
87 – жаттығу
Мәтіндегі тірексөздерді тауып, астын сыз.
Әсем, тез, шебер, зор сөздерінің антонимін тауып жазу
ІІ топ
88- жаттығу
1.Мәтінен синоним, антоним сөздерді тауып, жеке – жеке жазу
89 –жаттығуды тақтада орындау.
90 – жаттығуды ауызша орындау
91 – жаттығуды жазбаша орындау
VІІІ . Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
1. Антонимдер туралы түсінік
2.91,92 - жаттығулар
Пән аты: Қазақ тілі.
Сыныбы: 5
Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Жаттығулар орындау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың антонимнен алған лингвистикалық білімдерін бекіту, сауатты жазуға дағдыландыру, аталған тақырыпты жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.
Тәрбиелік: оқушыларды елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың сауатты жазу дағдыларын дамыту, лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту.
Сабақтың типі: бекіту сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс -тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
VІІ .Жаңа сабақты бекіту:
Оқулықпен жұмыс І топ
93 – жаттығу
Өлеңдегі антоним сөзерді жұп – жұбымен теріп жазыңдар
ІІ топ
96 – жаттығу
Биік, ашық, жаңа, сұлу, жас сөздеріне әртүрлі қолданыста бірнеше антоним сыңар тауып көріңдер.
Деңгейлік тапсырма
І деңгей
1.Төмендегі сөздерден антонимдік қатар құра.
Түзу, теріс, қалың, оң, араз, қисық, жұқа, тату, қатты, жыртық, жұмақ, бүтін, артық, қиын, кем, оңай.
ІІ деңгей
1.мақалдардың жалғасын тауып жаз және синонимдердің астын сыз.
А) Ащы менен тұщыны татқан білер,
...........................................................
Ә) Құтты қонақ келсе қой егіз табар,
............................................................
Б) жандыда басың үлкен,
.........................................
ІІІ деңгей
Антонимді қатыстырып, табиғат туралы мәтін құра.
V . Сабақты бекіту:
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру. 1.Антоним туралы түсінік
2.99,100 -жаттығу
1. Пән аты: Қазақ тілі.
2. Сыныбы:
3. Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Табу
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға табу туралы және оның мағыналық, құрамдық түрлері жайында лингвистикалық білім беру, жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, татулыққа, бірлікке тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту,
сөйлем талдау дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІІІ Білім тексеру:
Терме диктант. Омоним сөздер
1.Ай туды. Тамыз айы. 2.жерді қаз. Қаз қаңқылдайды. 3. Мақта оңтүстікте өседі. Досыңды мақта. 4. Тамыз жаз айы. Дәптерге жаз.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Табу негізінен этнографиялық ұғыммен байланысты.
Мифтік ескі наным бойынша атын тура айтуға тыйым салынған сөздер тіл білімінде табу деп аталады.
Мұндай тыйым салынған сөздер дүние жүзіндегі халықтардың көшілігінде кездеседі. Бұл әдет әсіресе, түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының тұрмысында көп тараған.
Қазақтың ескі әдет- ғұрпы бойынша еклін болып түскен қыз күйеуінің туған – туыстарының атын өз атауымен атамайтын болған.
Солардың әрқасысының жақындық долына, жасының үлкен – кішілігіне қарай лайықты ат қоюға тиіс болған. Мысалы: қызға шырайлым, еркежан, бикеш деген.
Қазақ тіліндегі табудың ендігі бір түрі қатал табиғи құбылыстарға, жыртқыш аңдар мен қауіпті жәндіктерге, түрлі ауруларға байланысты қалыптасқан. Мысалы: шешек ауруының атын атаудан қорқып, оны «қорасан» деген
V. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
І деңгей
1.Төмендегі сөйлемдерден табу сөздерді тап.
Ауыл сонда күзекте шығар деймін. Бақа шешей бар, Көзейқараның үйіндегі келін бар – бәріміз Қосөтердегі ағаштан шөпшек тереміз деп шықтық...
ІІ деңгей
1.Табуға мысалдар жаз.
2. Табуға байланысты пайда болған синонимдерді жаз.
Үлгі
Жоғалған маг – қолды болды.
Жылан – түйме, ала жіп – ұзын құрт.
ІІІ деңгей
1.Табудан синоним сөздердің айырмашылығын айт және оларды мысалмен дәлелде.
2.Қазақтың салт – дәстүріне байланысты ойтолғау жаз.
VІ. Жаңа сабақты бекіту:
1. Оқулықпен жұмыс.
101- жаттығу
Мәтіннің ішінен өзгеше қолданыстарды тауып,олардың табу екенін түсіндір.
102 -жаттығу
Қарамен жазылған сөздердің табуға жататынын, жатпайтынын байқап көріңдер.
2. Үлестірме қағаздар бойынша жұмыс.
VІІІ . Сабақты қорыту:
1.Бағалау
Үй тапсырмасын беру.
Табу туралы түсінік.
103 - жаттығу
Пән аты: Қазақ тілі.
Сыныбы: 5
Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Эвфемизм мен дисфемизм
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың эвфемизм мен дисфемизм туралы
лингвистикалық білімдерін кеңейту, лексикалық талдау жасау дағдыларын дамыту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
Тәрбиелік: оқушылардың эстетикалық сезімдерін ояту, ана тілді сүюге, елжандылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың таным қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс -тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1.Табу туралы түсінік.
2.103 - жаттығу
ІІІ Білім тексеру:
Терме диктант.
1.Ажыландай тоғанды. 2.Адал ақы, маңдай тер. 3.Бет пердесін ашты. 4.Гүлдей солды. 5.Дүниеден озды. 6.Екі туып, бір қалғаным емес. 7.Жолы болды. 8.Зәре құты қалмады.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Кейде бір нәрсенің атын тікелей айту дөрекілеу естіледі, көңілге жағымсыз естілетіндей сыңайы байқалады. Мұндай жағдайда олар басқа сыпайы, жағымды сөздермен ауыстырып айтылады. бұл құбылыс тілде эвфемизм деп аталады.эвфемизм әдепті, сыпайы, сөйлеу мақсатынан шыққан. Мысалы: «мылжың» деудің орнына «сөзуар», «ұрланды» деудің орнына «қолды болды» деген сөздер мен тұрақты тіркестер қолданылады. Эвфемизмдер – ойды бейнелеп, көркемдеп жеткізудің бір тәсілі.
Күнделікті ауызекі сөйлеуде әдепті сөзді әдепсіз, дөрекі сөзге ауыстырып айту әдеті де кездеседі. Мұндай құбылысты тіл білімінде дисфемизм деп атайды. Дисфемизм мағынасы жағынан эвфемизмге қарама- қарсы құбылыс.Дисфемизм кеміту, қорлау, іске жаратпа ұғымын тудырады. Мысалы: боқмұрын, боғы ботқа болу, қырт.
Дисфемизм – әдеби тілдің үлгісіне жатпайды. Дисфемизммен сөйлейтін адамдарды мәдениеті төмен адамдар деп есептейді. Бұлар көркем шығармада, көбінесе, ауызекі сөйлеу тілінің үлгісінде кейіпкерлердің тілінде ұшырасады.
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінігін тексеру:
І деңгей
Сөз тіркестерінен эвфемизмді бір бөлек, дисфемизмді бір бөлек топтап жазыңдар.
Аузы жеңіл, шірік неме, сылтып басады, жаман ит, құлағы мүкістеу, нұры кеткен, мес қарын, сасық ауыз.
Төмендегі сөздерді эвфемизмге айналдырып жаз.
Өтірікші, сатқын, ұры, сұмырай, надан.
ІІ деңгей
Мына дисфемизмдердің синонимін тауып жаз.
Оңбаған, қайыршы, жалмауыз, кеңкелес,ұятсыз.
Сөйлеу мәдениетіне байланысты өз ой – пікіріңді жаз.
ІІІ деңгей
1.Ауыз әдебиетінен табу, эвфемизм,дисфемизмге мысалдар келтір.
2. «Тіл халықтың жаны, кескін – келбеті» атты тақырыпта ойтолғау жаз.
VІІ .Жаңа сабақты бекіту:
Оқулықпен жұмыс
104 -жаттығу
Мәтіндегі дөрекі, әдепсіз қолданылған сөздерді тауып, адамға қалай әсер ететінін айтыңдар.
106 -жаттығу.
Төмендегі сөздерді эвфемизммен ауыстырып жазыңдар.
2. Үлестірме қағаздар бойынша жұмыс.
VІІІ . Сабақты бекіту:
Бағалау.
Үй тапсырмасын беру.
1. Эвфемизм мен дисфемизм туралы түсінік.
2. 107-жаттығу
3. Эвфемизм мен дисфемизм сөздерді қатыстырып, «Адамның жақсы, жаман болмағы - өзінен» деген тақырыпқа ойтолғау жазу.
Пән аты: Қазақ тілі.
Сыныбы: 5
Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Тұрақты тіркестер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың тұрақты тіркетер туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, синтаксистік талдау жасау дағдыларын дамыту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, Отанды сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, қисынды ойлауға дағдыландыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІІ Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Тұрақты тіркестер (фразеологизмдер ) – екі немесе бірнеше сөздің тіркесуі арқылы бір ғана мағынаны білдіретін сөз тіркестері. Фразеологизмге тән мағына тұрақты тіркесті құрастырушы сөздердің жеке мағыналарына үнемі сәйкес келе бермейді, сыңарлары тұтасып барып, бір ғана мағынаны білдіреді. Мысалы: тас бауыр деген тұрақты тіркестің мағынасы - мейірімсіз болса, су жүрек деген тіркестің мағынасы –қорқақ.
Тұрақты тіркесті құрайтын сөздер бұрыннан қалыптасқан жүйемен айтылады. Олардың сыңарларының орнын ауыстыруға немесе басқа сөзбен алмастыруға келмейді: Мысалы: тайға таңба басқандай дегенді жылқыға таңба басқандай деп бір сөзін алмастырып айтуға болмайды. Онда ол фразеологизм болудан қалады. Тұрақты тіркестер даяр қалпында жұмсалады, сөйлемнің құрамына бір бүтін тұлға ретінде енеді.
Тұрақты тіркестердің синонимдік баламалары болады, яғни оларды мағынасы жағынан жақын сөздермен түсіндіруге келеді. Мысалы: қыздың жиған жүгіндей деген тұрақты тіркестің баламасы (синонимі)- әсем, көрікті, көркем, ал ит терісін басына қаптады деген ұрысты, балағаттады, сөкті дегендердің орнын басады. Кей бір тұрақты тіркестердің бір –бірімен өзара синоним болып келетіндері де бар: азар да безер болды, ат тонын ала қашты; көз ілмеді, көрер таңды көзімен атырды, түн ұйқысын төрт бөлді және т.б.
Тұрақты тіркестер мән мағынасы жағынан бір –біріне қарама–қарсы (антоним) болып та келеді. Мысалы: ит терісін басына қаптады –басынан сипады, ат ізін салмады –ат ізін құрғатпады, бетінен оты шықты –беті бүлк етпеді,айы оңынан туды –жолы болмады және т.б.
Тұрақты тіркестер де –ойды көркемдеп, әсерлі жеткізудің құралы.
ІV. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
І деңгей
Тұрақты тіркестердің деген не?
Тұрақты тіркестің мағынасын түсіндір.
Төтесі көкке жетті, жерге қаратты, жер – жебіріне жетті, түйені түгімен жұтқан, мұрнынан шаншылып жүр, көзін тырнап ашқалы.
ІІ деңгей
1.Тұақты тіркестердің еркін сөз тіркестерінен айырмашылығы неде?
2.Төмендегі тұрақты тіркестерге синоним болатын тұрақты тіркестерді жаз.
Табанын жерге тигізбейді, саусақпен санарлықтай, сақалды басымен, езуі жиылмады, көрер таңды көзімен атырды.
ІІІ деңгей
«Жамбасы жерге тимеген» деген тіркестің мағынасын түсіндір және осы тіркесті тақырып етіп алып, тіркестің мағынасына лайық палуан туралы мәтін құра.
V. Жаңа сабақты бекіту:
Кітаппен жұмыс:
109 – жаттығу
Төмендегі тұақты тіркестерді жаттап алыңдар.
Қайсылары антонимдік қатар, қайсылары синонимдік қатар құрап тұрғанын табыңдар.
Тұрақты тіркестердің мағыналарын балама сөздермен ашыңдар.
111 – жаттығу
Мәтінді оқып, ат қойыңдар.
Тұрақты тіркестерді теріп жазыңдар.
Мәтіндегі тұрақты тіркестерді олардың синонимдерімен ауыстырып жазыңдар.
VІ сабақты бекіту:
Бағалау
Үй тапсырмасын беру.
Тұрақты тіркестер туралы түсінік.
112 - жаттығу
1.Пән аты: Қазақ тілі.
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Тұрақты тіркестердің ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың тұрақты тіркестердің түрлері туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, қосымша тапсырмалар мен жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ана тілді сүюге, отанды қорғауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, көркем әрі сауатты жазуға дағдыландыру.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, өзіндік ой қорыту.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, сызба, карточкалар
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1.Тұрақты тіркестер туралы түсінік.
2.112 - жаттығу
ІІІ Білім тексеру:
Өздік жұмыс:
Ішінде мына сөздер бар тұрақты тіркестерді жаз.
Көз, қол, жер, ит, ауыз, тістеді, шаш.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Тұрақ сөз тіркестерін олардың түрлерін жете түсіну үшін, ең алдымен сөздердің тұрақты тіркесі мен еркін тіркесі арасындағы айырмашылықты, тұрақты тіркеске тән ерекшелікті біліп алу керек.
Тұрақты сөз тіркестерінің құрамындағы сөздердің орны, еркін тіркестің құрамындағы сөздердің орнына қарағанда, тұрақты, бекем болады. Еркін тіркестерде сөздерыңғайына қарай әр түрлі сөздермен тіркесе береді. Еркін тіркестің құрамындағы бір сөздің орнына сәйкес келетін басқа бір сөзді қолданып айтуға болады.
Тұрақты сөз тіркестерінен туатын бір бүтін мағына оны құрастырушы сыңарлардың мағынасынан басым болады. Жалпы тұрақты сөз тіркестерінің бәріне бір ортақ, тән белгілерінің бірі сол – олардың құрамындағы сыңарлардың әрқайсысы әр басқа ұғымды емес, барлығы тұтасып келіп белгілі бір ұғымды білдіреді.
Тұрақты сөз тіркестері бір тілден екінші тілге аударылуға икемсіз келеді. Әсіресе, оларды тікелей сөзбе – сөз аударуға болмайды.
Тұрақты сөз тіркестері екі салаға бөлінеді.
Идиомалық тіркес дегеніміз – бөліп жаруға келмейтін және оның біртұтас мағынасы құрамындағы сөздердің әрқайсысының лексикалық мағынасына байланысты тумаған сөздер. Мысалы: жер – жебіріне жету( ұрсу, сөгу)
Фразалық тіркес дегеніміз – құрамындағы сөздердің біреуі немесе бірнешеуі өзінің лексикалық мағынасын сақтап қалатын сөз тіркестері.
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
Сұрақ жауап:
Тұрақты сөз тіркесі деген не?
Еркін сөз тіркесі деген не?
Идиомалық тіркес деген не?
Фразалық тіркес деген не?
2. Үлестірме қағаздармен жұмыс.
№1
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қой.
Бет моншағы ..., қой ұстінде бозторғай ..., қара жер ... ... , ақ ... ..., жазған құлда ... ...
№2
1.Тұрақты тіркестердің антонимдерін тап.
Аты шықты, бақ қонды, бетінен оты шықты, еңбегі жанды, аузыңа май, араны ашылды, қырғи қабақ, мойыны босады.
№3
1.Төмендегі тұрақты сөз тіркестеріне синонимдер жаз.
Аза бойы қаза болды, алғаны ас болмады, түн ұйқысын төрт бөлді, төрт түлігі сай.
VІІ .Жаңа сабақты бекіту:
Оқулықпен жұмыс.
113 –жаттығуды ауызша орындау.
Өлең жолдарын жаттап алыңдар.
Өлең жолдарынан тұрақты тіркестерді табыңдар.
114 - жаттығуды тақтада орындау
Мәтінен тұрақты тіркестерді табыңдар.
Қарамен жазылған сөздерді тұрақты тіркеспен ауыстырыңдар.
115 –жаттығуды жазбаша орындау
Мәтінен тұрақты тіркестерді бір бөлек, жай сөз тіркестерін бір бөлек ажыратып жазыңдар.
VІІІ. Сабақты қорыту:
Бағалау
Үйге тапсырма:
1. 116,118 -жаттығу.
2. Тұрақты тіркестердің ерекшеліктері туралы түсінік.
Пән аты: Қазақ тілі.
Сыныбы: 5
Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Мақал - мәтелдер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға мақал – мәтелдер туралы лингвистикалық білім беру.
Тәрбиелік: оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту, қосымша материалдар арқылы пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Тұрақты тіркестер сияқты мақал – мәтелдер де әбден қалыптасқан сөздердің тобы. Мақал – мәтелдің құрамындағы әр сөздің орны тұрақты болады.. ондағы сөздердің орнын ауыстыруға немесе бір сөзін басқа сөзбен алмастыруға келмейді.
Мақал - мәтелдер тұрақты тіркестер сияқты бір сөзбен көп мағына білдіреді. Мақал тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, белгілі бір тұжырым жасайды. Мысалы: кең болсаң, кем болмайсың. Мақалдар көбінесе екі бөлімді болып келеді де бірінші бөлімінде себеп немесе шарт, екіншісінде қорытынды пікір айтылады.
Мәтелдерде ой пікір бейнелі әрі тұспалдап айтылған ишара түрінде болады. Мысалы:біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді.мақалдың мәтелден айырмашылығы – мағынасы ашық болмайды, ишарамен, тұспалмен айтылады, сөйлем аяқталмай, толымсыз болып қалады.
V. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
І деңгей
Төмендегі мақал – мәтелдердің жалғасын жаз.
А) ит тойған жеріне,
Ә) Ана сүтін ақтамаған,...
Б) Ит үреді,...
ІІ деңгей
Төмендегі мәтелдердің синонимдерін жаз.
А) Ұлық болсаң, кішік бол.
Ә) Кісі еліне сұлтан болғанша, өз еліңе ұлтан бол.
Б) Бұралқы ит үргенімен жағар.
В) Соқыр атқа қотыр ат құмар.
ІІІ деңгей
1.Төмендегі сөздер бар мақал – мәтел тауып жаз
Жақсымен, асың, жылы, қорқытады, көл, бөрік, екі, дос.
VІІ.Жаңа сабақты бекіту:
1. Оқулықпен жұмыс
124 жаттығу. Тақтамен жұмыс.
1.Мақал – мәтелдерді аяқтаңдар.
125 – жаттығу. Жазбаша орындау.
1.мақалдарды бір бөлек, мәтелдерді бір бөлек жазыңдар.
126 – жаттығу. Ауызша орындау.
1.Мәтіннен мақал тәріздес қанатты сөздерді табыңдар.
VІІІ .Сабақты қорыту:
Бағалау
Үй тапсырмасын беру:
Мақал – мәтелдер туралы түсінік.
127, 128 – жаттығулар.
1.Пән аты: Қазақ тілі.
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Мақал – мәтелдің ұқсастығы мен ерекшелігі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың мақал – мәтелдің ұқсастығы мен ерекшелігі туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, қосымша тапсырмалар мен жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ана тілді сүюге, отанды қорғауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, көркем әрі сауатты жазуға дағдыландыру.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, өзіндік ой қорыту.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, сызба, карточкалар
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Мақал – мәтелдер туралы түсінік.
127, 128 – жаттығулар.
ІІІ Білім тексеру:
Өздік жұмыс
1.Мақал – мәтел сияқты болып кеткен Абайдың қанатты сөздерін жаз.
2. Мәтелдердің тұрақты тіркестерге қандай ұқсастығы бар?
3. бір -біріне антоним болатын мақал – мәтел жаз.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Мақал мен мәтелдің айырмашылығы мынада:
1.Мақалдың мазмұнында себебі мен салдары қатар айтылады, ал мәтелде істің салдары айтылып, себебі айтылмайды.
Мысалы: Қорқақты көп қусаң, батыр болады деген мақалда ой толық аяқталып,себебі мен салдары қатар берілген. Ал Дария жанынан құдық қазба дегенде салдары ғана айтылған, себебі айтылмаған.
2.Мақал көбінесе құрмалас сөйлем сөйлем күйінде келеді. Ал мәтел жай сөйлем күйінде келеді. Кейде баяндауышы айтылмаған толымсыз сөйлем күйінде келеді.Мысалы: Қар жауды деп қуанба, аяғы бар деген - мақал. Сыныққа сылтау; Баланы бастан, әйелді жастан дегендер – мәтелдер.
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
Өздік жұмыс
Отан, достық, ерлік туралы мақал – мәтелдер жаз және мағыналарын түсіндір.
2. Үлестірме қағаздармен жұмыс.
І деңгей
1.Мақалды бір бөлек, мәтелді бір бөлек теріп жаз.
А) Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл.
Ә) Суық ширатады, жылы жылытады.
Б) Бәле қуған бәлеге жолығады,
Жала қуған жалаға жолығады.
ІІ деңгей
1.Мақал – мәтелдің жалғасын тап.
А) Ананың көңілі балада,
..........................................
Ә) Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді,
........................................
.............................................
ІІІ деңгей
Мақал – мәтелдерді қатыстыра отырып, «Ас атасы-нан» деген тақырыпта ойтолғау жазу.
VІІ .Жаңа сабақты бекіту:
Оқулықпен жұмыс.
129 –жаттығуды жазбаша орындау.
Мақал – мәтелдер негізінде ребус құрау.
130 - жаттығуды тақтада орындау
Ең қысқа мәтелдерді тауып жазыңдар
131 –жаттығуды ауызша орындау
Мақалдарды оқып, мағынасын түсіндіру.
VІІІ. Сабақты қорыту:
Бағалау
Үйге тапсырма:
1. 132 -жаттығу.
2. Мақал – мәтелдер туралы түсінік.
Пән аты: Қазақ тілі.
Сыныбы:
Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: « Сөз және мағына» атты тарауды қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға сөз және мағына туралы алған лингвистикалық білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.
Тәрбиелік: оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, синтаксистік талдау жасау дағдыларын дамыту
Сабақтың типі: қайталау сабағы
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен
мақсаты туралы хабарлау
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. 132 -жаттығу.
2. Мақал – мәтелдер туралы түсінік.
ІІІ Білім тексеру:
Өздік жұмыс
1.Мақал – мәтелдердің тұрақты тіркестерден айырмашылығы неде?
2. Бір біріне антоним болатын мақал – мәтелдер жаз.
3. Кері тәрбие беретін мақал – мәтелдер бар ма? Бар болса жаз және ол туралы өз пікіріңді айт.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту.
Оқулықпен жұмыс
133- жаттығу
Мәтіннен мақалдарды тауып, ауызша әңгімелеңдер.
134 -жаттығу
Суреттер топтамасындағы 23 – суретке қарап, мақал – мәтелдерді қатыстыра отырып, мәтін құрау.
2.Үлестірме қағаздармен жұмыс
3.Өздік жұмыс
Жұмбақтың шешуін тап,,шешуінің атына байланысты бір – біріне антоним, синоним, омоним болатын мақал – мәтелдер жаз.
Таңертең төрт аяқты,
Түсте екі аяқты
Кешке үш аяқты.
VІІІ . Сабақты қорыту:
Бағалау
Үй тапсырмасын беру.
Мақал – мәтелдер туралы түсінік
13.5-жаттығу
Пән аты: Қазақ тілі.
Сыныбы: 5
Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Жазбаша жұмыс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың сауатты жазу дағдыларын дамыту және тексеру
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу.
Дамытушылық: оқушылардың грамматикалық талдау дағдыларын дамыту
Сабақтың типі: бақылау жұмысы
Сабақтың түрі: сынақ хат
Сабақтың әдіс -тәсілі: жазба жұмысы, грамматикалық талдау.
Сабақтың көрнекілігі: диктанттар жинағы
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Сынақ хат мәтінімен таныстыру
Қараша күз белгісі
Қараша күз келді. Солтүстіктен ызғырық жел соғып тұр. Айдын беті қиқулаған құс. Көпті көрген сары тіс аңшы айдындағы құстар тобына аңыра қарап, дүниенің басқа бір қызығын тамашалап кетіп еді. Өзі құс, ату саятына көп шықпаса да, қаз үйрекке қаршыға, ителгі салғанды, бөдене мен шүрегейге қырғи мен күкентай салғанды талай-талай тамашалаған. Ол ғана емес, құстар дүниесі, олардың өмірі, әсіресе, ұзақ-ұзақ сапарлары, жолдары Қамбарбек жанының құпиялы ғашығы, ынтазары еді. Міне, бүгін де күн шықпай, шығыстан сәуле көтерілген сайын құстардан тыныштық кете бастады. Олар тағы да ұзақ сапарға тартпақ. Ең алдымен көл бетіндегі аққулар тобы, сапарға шыққан ұшақтардың моторын қыздырғаны сияқты, қанаттарымен көл толқындарын сабалап, бірін-бірі қуып, қанат-топшысын қыздыра бастады. Аққулардың ұшуға әзірлігін сезгендей, қаздар мен үйректер де қиқу сап, ұрандасып, өз тобын жинап жатты. Әсіресе, күздің ең суығын ала келетін қараша қаздар да сапарға әзірленіп, қым-қиғаш қиқу мен қаңқылға басты.
(С.Бақбергенов, 142 сөз)
ІІІ. Талдау жұмысы.
І нұсқа
1. Фонетикалық талдау
ұ – дауысты, жуан, еріндік, қысаң
з – дауыссыз, ұяң
а – дауысты, жуан, езулік, ашық
қ – дауыссыз, қатаң.
ұ –ашық буын, зақ-бітеу буын.
ІІ нұсқа
1. Фонетикалық талдау
с - дауыссыз, қатаң
о – дауысты, жуан, ашық, еріндік
ғ – дауыссыз, ұяң
ы – дауысты, жуан, қысаң, езулік
п – дауыссыз қатаң.
5 дыбыс, 5әріп 2 буын
ІV. Лексикалық талдау
ай, бет,қара,ату,қаз сөздерінің омоним, синоним, антонимдерін табу.
Сабақтың аяқталуы:
Пән аты: Қазақ тілі.
Сыныбы: 5
Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Сөздік қор туралы түсінік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға сөздік қор туралы түсінік туралы лингвистикалық білім беру, қаратпа сөздердің тыныс белгілерін жаттығу жұмыстары арқылы бекіту
Тәрбиелік: оқушыларды сабақта қолданылған материалдар арқылы адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, салыстыру, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Тіліміздегі сөздердің көбі – қазақтың ғасырлар бойы қолданылып келе жатқан байырғы төл сөздері. Олар ең қажетті ұғымдарды білдіреді де, жалпы халыққа бірдей болады. Мысалы: Туыстықты білдіретін атаулар: ата, ана,нағашы, жиен, аға, жеңге, бөле, құда, т.б.
Мал атаулары: жылқы, түйе, сиыр, қой, құлын, лақ, т.б.
Табиғат құбылыстарының атаулары: күн, ай, жел, бұлт тау, тас,т.б
Аң –құс атаулары: бүркіт, қаршыға, торғай, түлкі, қасқыр, аю, қоян, т.б.
Заттардың түр –түсін, сапасын білдіретін атаулар: ақ, қызыл, ауыр, жеңіл, ащы, тұщы, жылы, суық, т.б.
Қимыл-қозғалысқа, әрекетке қатысты сөздер: кел, бар, кет, сөйле, күл, тарт, ал, ал, айт, т.б
Анатомиялық атаулар: бас, қол, аяқ, көз, тамақ, мұрын, бел, т.б.
Такмаққа қатысты атаулар: ет ,сүт, айран, қымыз, шұбат, ірімшік, т.б.
Тұрмыс қажетіне қатысты атаулар: қазан, ожау, қасық, жастық, киіз, т.б.
Сан атаулары:бір, үш, жеті, тоғыз, елу, т.б.
Есімдіктер: мен, біз, сен, ол, кім? не? т.б.
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
І топ
Төмендегі мәтінде сөздік қор көп пе, сөздік құрам көп пе?
Мағжанды сүйемін. Еуропалығын, жарқыраған әшекейін сүйемін. Қазақ ақындарының қара қордалы ауылында туып, Еуропадағы мәдениет пен сұлулық арасына барып, жайлауы жарасқан арқа қызын қызын көріп сезінгендей боламын.
ІІ топ
Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі сөздік қорды теріп жаз.
VІІ .Жаңа сабақты бекіту:
Оқулықпен жұмыс
1. Лингвистикалық анықтамалардың мәнін ашу.
136 – жаттығу
Мәтіннен сөздік қорға енетіндей сөздерді теріп жазу.
137- жаттығу
Мәтіндегі тірек сөздерді сөздік қорға жатқызуға бола ма?
VІІІ. Сабақты қорыту:
Бағалау
Үй тапсырмасын беру:
1. Сөздік қор туралы түсінік.
2. 138 - жаттығу
Пән аты: Қазақ тілі.
Сыныбы: 5
Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Сөздік қордың өзіндік ерекшелігі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың сөздік қор туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту.
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі:
Пәнаралық байланыс: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Сөздік қор туралы түсінік.
2. 138 - жаттығу
ІІІ Білім тексеру:
Өздік жұмыс
Мәтіннен сөздік қорға кіретін сөздерді тап.
Ақыл айтыпты: «Не дүниеде, не ахиретте не падалы болса, не залалы болса, білетұғын – мен, сенің сөзіңді ұғатұғын – мен. Менсіз пайданы іздей алмайды екен, осы екуі маған қалай таласады? Менсіз өздері не жарайды?» - депті. (Абай)
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
1) Негізгі сөздік қор талай ғасырды басынан кешіргендіктен, көбінесе көне дәуірден келе жатқан сөздер болады. Бірақ тілдің даму процесінде кейбір сөздер негізгі сөздік қордан шығып қалып, қосылып та отырады.
2) Негізгі сөздік қорға енетін жеке сөздер сол бір тілдің ішінде жаңа сөз жасауға негіз – ұйытқы және икемді болады.
3) Негізгі сөздік қорға енетін сөздердің жалпы халықтық мәні болады, көпшілігі бір буынды болып келеді. Мысалы: ас, ат, мал, қыз.
4) Қазақ тіліндегі сөздік қорға енетін сөздердің көпшілігі өзге түркі халықтарының тіліндегі сөздерге түбірлес , мәндес болып келеді.
5) Сөздік қорға кіретін сөздер күнделікті өмірге қажетті сөздер болады. Сөздік қорға енетін сөздердің саны тілдің сөздік құрамындағы сөздерге қарағанда аз болады.
V. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
1. Негізгі сөздік қорға тән белгілерін айт және төмендегі сөздерден жалпыхалықтық сипат алған кірме сөздерді тап.
Қасқыр, шырша, астар, зиян, бөле, жәрдем, нан, қарындас, ұршық, орамал, базар, қошемет, жандар.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
1. Оқулықпен жұмыс
139 -жаттығу (ауызша)
Мәтінде берілген ырымға қатысты сөздерді сөздік қордың қай тармағына қатысты екенін айтыңдар.
140 -жаттығу
Мәтіннен туыстыққа қатысты атауларды білдіретін сөздерді теріп жазыңдар да, сол тізбекті әрі қарай жалғастырыңдар.
VІІІ . Сабақты бекіту:
Бағалау
Үй тапсырмасын беру.
Сөздік қордың өзіндік ерекшелігі туралы түсінік.
141,142 – жаттығу.
Пән аты: Қазақ тілі.
Сыныбы: 5
Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілінің сөздік құармы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың қазақ тілінің сөздік құрамы туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, жазба жұмыстарында тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: оқушыларды достыққа берік болуға, еңбекке тәрбиелеу.
Дамытушылық: сабақта қолданылатын лингвистикалық материалдар арқылы оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Сөздік қордың өзіндік ерекшелігі туралы түсінік.
141,142 – жаттығу.
ІІІ Білім тексеру:
Өздік жұмыс
Мәтіннен сөздік қорға жататын сөздердің астын сыз.
Музыканың негізгі мақамы адамның эстетикалық қажетін қанағаттандыру. Бұл поэзияға да ортақ қажет, өйткені тіл мен музыка тілі бір – біріне етене қатысқан кезде музыканың әсерлілігі арта түседі.(әл – Фараби)
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы сөздік құрам деп аталады.
Сөздік құрамға халықтың тұрмыс жағдайын, кәсібін, мәдени қалпын танытатын барлық сөздер енеді.қазақ тілінің сөздік құрамына халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келе жатқан байырғы сөздері де, кірме сөздері де, кейін пайда болған жаңа сөздері де, термин сөздері де, ауызекі тілге тән қарапайым сөздер де, диалектизмдер мен кәсіби сөздер де кіреді.
Сөздік құрамдағы сөздер қолданылу жағдайына қарай жиі қолданылатын сөздер және сирек қолданылатын сөздер келесі бір мағынада қолданыстан шығып қалуы да, тілге қайта келіп қосылуы да мүмкін. Мысалы, қазақ тілінде бұрыннан бар, бірақ кеңес өкіметі жылдарында аса сирек айтылып кеткен ай, жыл аттары қазір қайтадан жаппай қолданыла бастады.бұның өзі сөздік құрамның бір қалыпты болмайтынын, оның өзгеріп отыратынын көрсетеді.
Сөздік құрамның ең басты және тұрақты бөлігін қазақтың байырғы төл сөздері құрайды.
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
1. Сөздік қордың сөздік құрамнан қандай айырмашылығы бар?
2.Мына сөздерден сөздік құамға кіретін сөздерді тап.
Ана, парта, дос, адал, аялдама, кеден, баяндама, синоним, анықтауыш, сақа, тырма, кітап.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
1. Оқулықпен жұмыс
-жаттығу
Сурет топтамасындағы 21- суретке қарап,мәтін құрап жазыңдар.
145– жаттығу
* Төмендегі берілген сөздерге алдымен қосымша жалғап, сонан соң сөйлем құраңдар.
VІІІ. Сабақты бекіту:
Бағалау
Үй тапсырмасын беру.
146 – жаттығу
Сөздік құрам туралы түсінік.
Пән аты: Қазақ тілі.
Сыныбы: 5
Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Көнерген сөздер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға көнерген сөздер туралы лингвистикалық білім беру, көнерген сөздерге тән белгілерді жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.
Тәрбиелік: оқушыларды сабақтың мазмұны арқылы адамгершілікке, қайырымдылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
146 – жаттығу
Сөздік құрам туралы түсінік
ІІІ Білім тексеру:
Өздік жұмыс
Өлеңдегі сөздік құрамға кіретін сөздердің астын сыз.
Қорамсаққа қол салмай,
Қозы жауырын оқ алмай,
Атқан оғы жоғалмай...
Ерлердің ісі бітер ме? (Махамбет)
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Қолданыстан шығып қалып, тарихи шығармаларда ғана кездесетін, мағынасы көмескі сөздерді көнерген сөздер дейміз.
Кейбір көнерген сөздердің қайтадан жаңаратын кездері де болады. Мысалы, кеңес дәуірі кезінде қолданудан шығып қалған діни сөздер (имам, мешіт, ораза, айт, пітір, құран, т.б.), бұрынғы жыл атаулары( барыс, жылқы, қоян, ұлу, т.б.) ай атаулары(наурыз, сәуір, маусым, қыркүйек,т.б.) Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері қайтадан жаңарып, қолданыла бастады.
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
І деңгей
Басқа сөздермен ауысқан көнкерген сөздерді жаз.
Үлгі: дуан – облыс
ІІ деңгей
Құрамында көнерген сөздері бар, мақал – мәтел мен тұрақты тіркестерді жаз.
Үлгі: ешкіні түлен түрткенде, шопанның таяғына сүйенер.
ІІІ деңгей
Түбір қалпында жеке айтылмайтын, бірақ белгілі бір туынды сөздердің түбірінде сақталған көнерген сөзді жаз.
Үлгі: бадана - баданадай
VІІ .Жаңа сабақты бекіту:
1. Оқулықпен жұмыс
147 -жаттығу І топ
Қазіргі кезде жаңадан қолданыла бастаған сөздерден мұнара бейнесін жасаңдар.
148 –жаттығу ІІ топ
* Мәтіндегі жиі қолданылатын атауларды бір бөлек, мүлде қолданылмайтын атауларды бір бөлек көшіріп жазыңдар.
149 – жаттығу ІІІ топ
Мақалдардағы көнерген сөздерді атаңдар және олардың сипатын анықтаңдар.
2. Үлестірме қағаздар бойынша жұмыс
3. Төмендегі үлгідей сөйлемдер құрастыру.
1)
2)
3)
4)
VІІІ. Сабақты бекіту:
Бағалау
Үй тапсырмасын беру.
Көнерген сөздертуралы түсінік
150 - жаттығу
Пән аты: Қазақ тілі.
Сыныбы: 5
Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Көнерген сөздердің түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың көнерген сөздердің түрлері туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, көнерген сөздер туралы түсініктерін жазба жұмысы арқылы бекіту.
Тәрбиелік: оқушыларды мейірімділікке, қайырымдылыққа баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, лексикалық талдау дағдыларын арттыру, жазбаша және ауызша тіл мәдениетін арттыру.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте.
Пәнаралық байланыс: әдебиет.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Көнерген сөздер туралы түсінік
150 - жаттығу
ІІІ Білім тексеру:
Өздік жұмыс
Көнерген сөздерді қатыстырып, «қазақтың ұлттық ойындары» тақырыбына мәтін құра.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Көнерген сөздер тарихи сөздер және архаизмдер болып екіге бөлінеді.
Тарихи сөздер –қолданылған дәуірі өтіп, ескі заманның өзімен бірге көнерген тарихи атаулар. Тарихи сөздерге ел басқаруымен байланысты атаулар: хан, патша, уәзір, би, аға сұлтан, т.б., қазір пайдаланылмайтын қару жараққа байланысты сөздер: садақ, жебе, сауыт, айбалта, найза, адырна, т.б., кеңес дәуірі тұсында қолданылған әкімшілік сөздер: қызыл отау, қызыл әскер, отарда, т.б. сөздер жатады.
Архаизмдер – халықтың тұрмыс – тіршілігіне, салт – сана, әдет – ғұрпына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып отырған немесеескіріп кеткен сөздер. Архаизмдерге мата атаулары: торқа, биқасап, дүрия, патсайы, т.б., әдет – ғұрып атаулары: сауын айту, ұрын бару, бесік құда, барымта, т.б., үй тұрмысы, киім – кешек, ыдыс – аяқ атаулары: лашық, жаппа, шидем, күпі, сәукеле, саптыаяқ, кебеже, т.б. сөздер жатады.
V. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
І деңгей
Көнерген сөздер деген не№
Жырдан көнерген сөзді тап
Бадана көзді кіреуке
Жауға қарсы жетпеген,
Жел айырдың оғы өтпеген,
Сатуға басын сұрасаң,
Мың ділдә да жетпеген. ( «Ер Тарғын»)
ІІ деңгей
Тарихи сөздерді бір бөлек, архаизмді бір бөлек жаз.
Торқа, дүрия, қөқер, болыс, шиден, сәукеле, жаушы, қызыл отау, найза, жебе, бұзаушық.
2.Тарихи сөздер мен архаизмдердің
айырмашылығы неде?
ІІІ деңгей
Көнеріп барып қайта жаңарған сөздерді жаз.
Көнерген сөздерге байланысты өлең – жырлардан мысалдар жаз.
VІІ .Жаңа сабақты бекіту:
1. Оқулықпен жұмыс
151 -жаттығу.
Қандай тағамдардың атаулары көнерген? Қазір олар қалай аталады?
152 -жаттығу.
Суреттер топтамасындағы 9- суретке қараңдар. Сонан соң мәтінді оқыңдар.
Мәтіндегі қолданылып тұрған көне сөздердің түрін ажыратып, мағынасын дәлелдеңдер.
153- жаттығу
Мәтіннен ұлттық ұғымды білдіретін сөздерді теріп жазыңдар
Көне сөздерді тарихи және архаизм түріне ажыратыңдар.
Мәтінді мазмұндаңдар.
2. Үлестірме қағаздар бойынша жұмыс.
VІІІ. Сабақты бекіту:
Бағалау.
Үй тапсырмасын беру:
1. Көнерген сөздердің түрлері туралы түсінік.
2. 154, 155 -жаттығулар.
Пән аты: Қазақ тілі.
Сыныбы: 5
Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Жаңа сөздер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың жаңа сөздер туралы лингвиситкалық білімдерін кеңейту, жазба жұмыстары арқылы жаңа сөздер туралы түсініктерін бекіту.
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту, лексикалық талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Көнерген сөздердің түрлері туралы түсінік.
2. 154, 155 -жаттығулар.
ІІІ Білім тексеру:
Өздік жұмыс
« Әкім» сөзі көнерген сөздің қайсысына жатады? «Әкім» сөзіне байланысты мәтін құра.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Тілде жаңа ұғымдарды білдіретін сөздер жаңа сөздер немесе неологизмдер деп аталады. Олар тілге алғаш алғаш енген кезнде ғана жаңа болады. Кейін тілге сіңісіп, халыққа әбден танылып, жаппай қолданылған кезде жаңа сөз болудан қалады. Мысалы, компас, космонавт, спуткик деген сөздер алғаш пайда болған кезде жаңа сөздер болатын. Кейін бұлар қолданыла келе жаңа сөз болудан қалды. Жиі қолданылатын сөздердің қатарына енген бұл сөздер соңғы жылдары ғарыш, ғарышкер, жер серігі деген қазақтың төл сөздерімен беріліп, жаңа сөздер болып есептеліп жүр. Осы тектес жаңа сөздердің қатарына жолсерік, үнтаспа, жеделхат, саяжай, ермексаз, теңге, құжат, отбасы, кеден, зейнетақы, зейнеткер, сынып, үнқағаз және т.б. сөздер жатады.
Соңғы жылдары қазақ тілінің мәртебесі өсіп, қолданылу аясы кеңеюіне байланысты өсімдік, бау – бақша саласына қатысты тілімізге көптеген жаңа сөздер енді: жылыжай (жарық жақсы түсу үшін төбесі мен қабырғалары шыныдан жасалған көкөністер өсіретін орын), қызанақ, орамжапырақ, қаудан, дернәсіл, үлескі, өскін, жасуша, ағза және т.б.
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
І деңгей
1.Жаңа сөздер деген не?
2. Жаңа сөздерге мысалдар жаз.
3. Өлеңде жаңа мағынаға ие болған көнерген сөзді
Бала болдың жас болдың,
Жамандыққа ермедің.
Төре болдың бас болдың,
Жалғандыққа ермедің.
ІІ деңгей
1. Төмендегі сөздерден жаңа сөздерді теріп жаз.
Мектеп, карта, телевизор, аялдама, кеден, өнеркәсіп, қағаз, оқулық, баспасөз, ғарыш, әмбебап, желтоқсан айы, сынып, қорғаушы, сұраныс, тапсырыс, асаба, оқушы, ұстаз.
2.Тәуелсіздікке байланысты кірген жаңа сөздерді қатыстырып, «Тәуелсіз Қазақстан» деген тақырыпта мәтін құра.
ІІІ деңгей
1.Жаңа сөздерге жаңылтпаш құра
2.Көнерген сөздің негізінен қайта тіріліп, жаңарған сөздерді ата.
Үлгі: төре – төреші
3.Жаңа сөздер қанша түрлі жолмен пайда болады? Мысалдармен дәлелдеп жаз.
VІІ .Жаңа сабақты бекіту:
1.Оқулықпен жұмыс
163 -жаттығу (ауызша)
164 -жаттығу.
* Мәтіндегі жаңа сипатқа ие болған байырғы сөздерді теріп жазыңдар.
165 – жаттығу
* Мәтіндегі неологизм сөздердің қалай жасалып тұрғанын айтыңдар.
VІІІ. Сабақты бекіту:
Бағалау
Үй тапсырмасын беру.
1. Жаңа сөздер туралы түсінік.
2. 166-жаттығу
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Жалпылама лексика
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың жалпылама лексика туралы түсініктерін кеңейту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, лексикалық талдау дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау,салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІV Жаңа сабаққа дайындық:
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Бір тілде сөйлейтін адамдардың бәріне түсінікті ортақ сөздерді жалпылама лексика дейді.
Жалпылама лексика адам баласының күделікті тіршілігіне қажетті заттар мен құбылыстарды, әрекеттерді және т.б. ұғымдарды атайды. Мысалы: су, ауа, тамақ, үй,т.б.
Жалпылама лексикаға тән сөздер өздерінің тура мағынасында жұмсалады.
Жалпылама лексикаға жататын сөздерді бала да, үлкен де, малшы да, ғалым да – бәрі бірдей түсінеді және сөйлеу мен жазуда қолданады. Мысалы: биыл қар аз жауды деген сөйлемдегі сөздер өзінің тура мағынасында ғана қолданылып тұр. Осы сөйлемдердегі сөздердің барлығы жалпылама лексикаға жатады.
Жалпылама лексикаға жататын сөздер жалпы халыққа түсініктілігімен, анықтылығымен, қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Олар әдеби тілдің негізгі қоры болып табылады.
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
Сұрақ жауап
1.Жалпылама лексика деген не?
2.Жалпылама лексика сөздік қорға жата ма, сөздік құрамға жата ма?
VІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1.Оқулықпен жұмыс
168-жаттығу (жазбаша)
* Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен жалпылама лексикаға жататын табиғат құбылыстарының атауларына қатысты бірнеше сөз теріп жазыңдар.
* осы сөздерді қатыстырып жыл мезгілдерін суреттеңдер.
.
2. Үлестірме қағаздар бойынша жұмыс.
VІІІ. Сабақты қорыту:
Бағалау
Үйге тапсырма беру:
1. 169 -жаттығу.
2 Жалпылама лексика туралы түсінік.
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Сөздердің қолдану ерекшелігі
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың сөздердің қолданылуы туралы түсініктерін кеңейту және оны жаттығу жұмыстары арқылы нақтылау.
2.Тәрбиелік: оқушыларды ой қорытындысын жасай білуге жаттықтыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3.Дамытушылық: адамгершілік сезімдерін дамыту, достық, түсіністік сезімдерін тереңдету, елжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын тексеру:
1. 169 -жаттығу.
2 Жалпылама лексика туралы түсінік.
ІІІ Білім тексеру:
Өздік жұмыс
Мәтіннен сөздік қорды бір бөлек, сөздік құрамды бір бөлек жаз.
Тұсау кесу - қазақтың өмір сапарының алды.
Мұны сәтті басталсын деп ырым жасағаны, бір жағынан Аллаға құлшылық жасап садақа бергені.
Біреудің ала жібін аттама, бүлінгеннен бүлдіргі алма дегенді әу бастан- ақ құлағына сіңісті етеді. (А.Жүнісов)
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Қазақ тіліндегі сөздер қолдану өрісі жағынан әр түрлі болып келеді. Оны мына кестеден байқауға болады:
Қазақ тілінің лексикасы
Жалпылама лексика Қолдану өрісі тар лексика
Кәсіби лексика Диалектикалық лексика
VІ Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
Сөздердің қолдану өрісіне қарай түрлерін ата
VІІ. Жаңа сабақты бекіту.
Өздік жұмыс
Қолданыс өрісі тар және қолданыс өрісі кең лексикаларды жаз және төмендегі сөздерді осы лексикалар түріне қарай ажырат.
Үлкен, ақ, күрпі, газет, бақыт, сиса, күршек, ұлыс, дүние, әбдіре, сот, әйел, бөшке, тебек, дұға, күрең махаббат, жасық, шәкірт, құрылтай, шен.
2. Үлестірме қағаздар бойынша жұмыс.
VІІІ. Сабақты бекіту:
Бағалау
Үйге тапсырма беру:
1. Жалпылама лексика туралы түсінік.
2. 170 -жаттығу.
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Қайталау
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға лексика таруы туралы лингвистикалық білім беру, жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды сабақта қолданылған дидактикалық материалдар арқылы адамгершілікке, еңбекті дәріптеуге, ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, лексикалық талдау жасау дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: қайталау сабағы
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын тексеру:
1. Жалпылама лексика туралы түсінік.
2. 170 -жаттығу.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
ІІІ Білім тексеру:
Өздік жұмыс
VІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1.Оқулықпен жұмыс
-жаттығу
-жаттығу (ауызша)
VІІІ.Сабақты қорыту:
Бағалау
Үйге тапсырма беру:
1. Лексика жөнінде түсінік
2. «Көктем» тақырыбында ойтоғау жазу.
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Кірме сөздер
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: тіліміздегі кірме сөздер, олардың тілімізге кіру себептері туралы мағлуматтар беру.
2.Тәрбиелік: оқушыларды халқымыздың тарихын қастерлеуге, ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: өмір ағымынан қалмай ілесіп отыру үшін де кірме сөздер мен жаңа сөздерлі меңгере білулерін, басқа халықтар туралы да көптеген мағлуматтар білулерін дамыту.
Сабақтың типі:жаңа сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Кірме деген сөз «жергілікті» немесе «тұрғылықты» емес деген ұғымды білдіреді. Жер бетінде бірде бір басқа тілден енбеген сөз жоқ десек қателеспейміз. Себебі кез келғен халық басқа халықпен аралас- құралас болады, көрші тұрады. Сол себепті бір тілден екінші тілге міндетті түрде сөздер ауысады, кіреді. Қазақ тіліне арап, парсы, монғол тілдері енген көп сөздер бүгінде қазақ тілінің өз сөзіне айналып кетті, тіпті айырмайдай да қаламыз. Мысалы: Қаскелең, Шамалған деген жер атаулары монғолдың батырларының аты екен, өкінішке орай әлі өзгерте алма келеміз. Сол сияқты, Тарбағатай, Нарынқол, ұлыс, нөкер, жасақ, аимақ, т.б. сөздер осылай кірген екен. Ал, ғасырлар бойы бірге өмір сүріп келе жатқандықтан орыс тілінен де көптеген сөздер тілімізге енген. Жәшік, кереует, бәтеңке, кәмпит, тәрелке,т.б. ал, орыс тілінен кірген көптеген сөзер өзгеріссіз сол қатпында айтылады. телефон, телеграф т.б. Орыс тіліне шет тілдерінен кірген футбол, баскетбол, волейбол деген сөздер орыс тілі арқылы бізге енді. Ал енді қазақ тілінен орыс тіліне енген сөздерді көрейік; орыс тіліне түркі тілінен яркий деген сөз жарық, ярық деген сөзінен, топтать – таптайды, кремль – кремін т.б. сөздер енген екен т.б. сөздермен түсінік береді. Орыс тіліне түркі тілінен енген сөздер туралы қазақтың белгілі ақыны Олжас Сүлейменов «АЗиЯ» деген кітап жазған. Кейін үлкен болғанда осы кітапты оқыңдар т.б. деп түсініктер береді.
Өздерің байқап отырғандай, бұл сөздер қазақ тілінің дыбыстық қалпына түсіп өзгерген. Кейін, кеңестік дәуірде, орыс тілінен енген термин сөздер өзгеріссіз қалпында қолданылды: телефон, телеграф, автомобиль, т.б.
Соңғы жылдары кірме сөздердің біразы қазақшаға аударылды: самолет – ұшақ, вертолет – тік ұшақ, коллектив – ұжым т.б.
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
1.Қандай кірме сөздерді білесіңдер?
2. «Түсіндірме» сөздікпен таныстырып, олармен қалай жұмыс істеуді үйрету, 5-6 кірме сөздер жазу
VІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1.Оқулықпен жұмыс
1. 173 – жаттығуды ауызша орындап, мақсатқа жету.
2. Тақтамен жұмыс. Тақтаға 2,3, оқушы шығарылып оларға 171, 172, 176 – жаттығулардың ішінен кірме сөздерді теріп жазу тапсырылады. Қалғандарымен 175- жаттығумен жұмыс жүргізіледі.
2.Үлестірме қағаздар бойынша жұмыс.
І деңгей
1. Төмендегідей сөзер қай тілден енген?
Дүние, хабар, азамат, баға, сәби, ұлыс, нөкер, баға, жасақ, қоян, құрылтай, бөшке, божы, бишік, бархыт, сіріңке, шәйнек.
ІІ деңгей
Монғол тілінен енген сөздерді бір бөлек, арап – парсы тілінен енген сөздерді бір бөлек, орыс тілінен енген сөздерді бір бөлек жаз.
Сәби, жариа, газет, бақыт, сиса, күршек, ұлыс, дүние, әбдіре, сот, әйел, бөшке, тебек, дұға,күрең махаббат, жасақ, шәкірт, құрылтай, шен.
ІІІ деңгей
Ішінде кірме сөздері бар мақал – мәтелдер жаз және мақал – мәтелде не себептен кездесетінін түсіндір.
Үлгі: Адам бақытын қонанын білмейді, ұшқанын біледі.
VІІІ. Сабақты қорыту:
Бағалау
Үйге тапсырма беру:
Кірме сөздер туралы түсінік
2.177- жаттығу
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы:
3.Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Кірме сөзер - халық тарихының айнасы
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың кірме сөздер туралы түсініктерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын тексеру:
1. Кірме сөздер туралы түсінік
2.177- жаттығу
ІІІ Білім тексеру:
Өздік жұмыс
Жаңылтпаш шығар және оны лексика түрлеріне ажырат.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Кез келғен халық басқа халықпен аралас- құралас болады, көрші тұрады. Сол себепті бір тілден екінші тілге міндетті түрде сөздер ауысады, кіреді. Қазақ тіліне арап, парсы, монғол тілдері енген көп сөздер бүгінде қазақ тілінің өз сөзіне айналып кетті, тіпті айырмайдай да қаламыз. Мысалы: Қаскелең, Шамалған деген жер атаулары монғолдың батырларының аты екен, өкінішке орай әлі өзгерте алма келеміз. Сол сияқты, Тарбағатай, Нарынқол, ұлыс, нөкер, жасақ, аимақ, т.б. сөздер осылай кірген екен. Ал, ғасырлар бойы бірге өмір сүріп келе жатқандықтан орыс тілінен де көптеген сөздер тілімізге енген. Жәшік, кереует, бәтеңке, кәмпит, тәрелке,т.б. ал, орыс тілінен кірген көптеген сөзер өзгеріссіз сол қатпында айтылады. телефон, телеграф т.б. Орыс тіліне шет тілдерінен кірген футбол, баскетбол, волейбол деген сөздер орыс тілі арқылы бізге енді. Ал енді қазақ тілінен орыс тіліне енген сөздерді көрейік; орыс тіліне түркі тілінен яркий деген сөз жарық, ярық деген сөзінен, топтать – таптайды, кремль – кремін т.б. сөздер енген екен т.б. сөздермен түсінік береді.
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
1 Кірме сөздерден диалект сөздердің айырмашылығы неде?
2.Төмендегі кісі аттарындағы кірме сөздердің астын сыз.
Хамит, Сәбит, Ботагөз,Бижамал, Қарашаш, Айгүл, Раушан, Мұхтар, Мақсат, Бауыржан, Асқар, Әміре, Ескендір, Мәлік.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1.Оқулықпен жұмыс
178 -жаттығу (ауызша)
Мәтінен кірме сөздерді тауып, олардың қазақша баламаларын іздестіріңдер.
179 -жаттығу
1 .Қазір тілімізге сырттан көптеген сөздер еніп жатыр. Сондай үш сөзге қосымша жалғап жазыңдар және сол сөздерді кірістіріп сөйлем құраңдар.
2.басқа тілден енген осы сөздердің біздің тілімізде баламасы бар -жоғын салыстырыңдар.
VІІІ. Сабақты бекіту:
Бағалау
Үйге тапсырма беру:
1. Кірме сөздер – халық тарихының айнасы туралы түсінік
2. 180 -жаттығу
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Диалект сөздер
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға диалект сөздер туралы түсінік бере отырып, жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту,лексикалық талдау жасау дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын тексеру:
1. Кірме сөздер – халық тарихының айнасы туралы түсінік
2. 180 -жаттығу
ІІІ Білім тексеру:
Өздік жұмыс
«Қазақ лексикасындағы жаңа қолданыстар» атты сөздіктен қайта жаңғырып жатқан сөздерді теріп жазыңдар.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Диалект сөздер - белгілі бір жердегі тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер. Диалект сөздер жалпыхалықтық болып есептелмейді. Өйткені олардың көпшілігінің әдеби тілде баламалары болады.Мысалы, әдеби тілдегі тәртіп сөзі Орал облысында нұсқау, бұйрық денген мағынада қолданылады; әдеби тілдегі шалбар сөзі Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында сым деп айтылады; әдеби қабырға сөзі Ақтөбе облысында жар дегенді білдіреді; әдеби жұмыртқа сөзін Оңтүстік Қазақстан облысында тұқым деп атайды.
Диалект сөздер түрліше болып келеді. Мысалы, тыңла - тыңда, құдағай – құдағи, полат – болат, баралы – баралық, бережақ – берешек, келулі – келді, т.б.
Қазіргі әдеби тілімізге біраз диалект сөздер еніп, жалпыхалықтық тілге айналды. Мысалы: арасан суы, жейде, ұжым, кеден, немелтай, (шөберенің баласы), үшен, төртем, т.б.
Тілдегі бұл жағдай әдеби тілді байытудың бір жолы болып табылады.
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінігін тексеру:
Өздік жұмыс
Төмендегі диалект сөздердің әдеби баламасын жаз.
Нән, әйдік, шырпы, оттық, жуалдыз, чербек, борми, алажақ, бережақ, күн баю, айылдап келу,
VІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1.Оқулықпен жұмыс
183 –жаттығу
Берілген диалект сөздермен сөйлем құраңдар
184 –жаттығу
Сөйлемдегі диалект сөздерді табыңдар.
185 –жаттығу
Мәтіндегі диалект сөздердің әдеби тілдегі баламасын жазыңдар.
VІІІ. Сабақты қорыту:
Бағалау
Үйге тапсырма беру:
1. Диалект сөздер туралы түсінік.
2. 187, 188 -жаттығу
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Кәсіби сөздер
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың кәсіби сөздер туралы білімдерін кеңейту,жаңа тақырыпты жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушыларға деңгшейлік тапсырмалар беру арқылы талдау жасау дағдыларын дамыту, өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын тексеру:
1. Диалект сөздер туралы түсінік.
2. 187, 188 -жаттығу
ІІІ Білім тексеру:
Өздік жұмыс
Суреттер топтамасындағы 17- суретке қарап, диалект сөздерді қатыстырып мәтін құра.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Кәсіби сөздер дегеніміз – жұрттың бәріне белгілі бола бермейтін, белгілі бір кәсіппен я шаруашылық саласымен шұғылданатын адамдардың арасында ғана айтылатын сөздер. Кәсіби сөздерді үлкен екі салаға бөлуге болады
Қолөнершілікке ( ағашшылық, ұсталық, өрімшілік, тоқымашылық, зергерлік, т.б.) қатысты сөздер: пышқы, ( араның бір түрі), шербек (үлкен ара), ыңғыру (ағаш оятын құрал), тышуыр (бұрап кесетін құрал), пәрбі (ағаш оятын тескіш ), атауыз( шеге суырғыш), т.б.
Ауыл шаруашылығына (мал , стық, балық, аңшылық, бау – бақша, темекі, мақта, күріш, қызылша) байланысты сөздер: 1) мақтаға қатысты қоза ( мақта өсімдігі), шит (мақтаның тұқымы), терімші(мақта теруші), балдаң (мақтаның сабағы); 2) жүгері түрлері: дүмбі,пәшік,сота,т.б. 3)қауын аттары: әңгелек, жәмше, торлама, т.б. 4) қызылша шаруашылығына байланысты: қылша, түбір, өркен, түбіртек, жом, т.б.
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
І деңгей
1.Кәсіби сөздер деген не?
2.Кәсіби сөздің айырмашылығы неде?
ІІ деңгей
Төмендегі сөздерден балық шаруашылығына байланысты айтылған сөздерді бір бөлек, мақта шаруашылығына байланысты байланысты сөздерді бір бөлек жаз.
Жылым, сүзекі, қауашақ, қоза, қозапая, қорма, шөктірме, көсектеу, шит егу, азна, күнжара.
ІІІ деңгей
Қолөнершілікке және ауыл шаруашылығына байланысты кәсіби сөздер жаз және олардан сөйлем құрап көр.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1.Оқулықпен жұмыс
193 –жаттығу
1.Мәтінен ұсталық кәсіпке байланысты сөздерді теріп жазыңдар.
194-жаттығу
Суреттер топтамасынан 6 – суретте бейнеленген ыдыс түрлерінің аттарын қолданып, «қазақтың тұрмыстық бұйымдары» деген тақырыпта мәтін құраңдар.
195-жаттығу
Кәсіби сөздерді теріп жазыңдар.
VІІІ. Сабақты бекіту:
Бағалау
Үйге тапсырма беру:
1. Кәсіби сөздер туралы түсінік.
2. 198 -жаттығу
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Терминдер
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың термин сөздер туралы білімдерін кеңейту, жаңа тақырыпты жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың термин сөздерді ажыратуы арқылы қисынды ойлауларын дамыту, деңгейлік тапсырма беру арқылы лексикалық талдау жасау дағдыларын дамыту, ойлау қабілетін арттыру.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын тексеру:
1. Кәсіби сөздер туралы түсінік.
2. 198 -жаттығу
ІІІ Білім тексеру:
Шығармашылық жұмыс
«Біздің Байқоңыр» атты тақырыпқа ойтолғау жазу.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Термин сөздер днгеніміз - ғылым, техника, өндіріс және т.б. саласындағы арнаулы ұғымдар мен зат атауларын білдіретін сөздер.
Терминдер жеке бір ұғымды білдіретін болғандықтан, бір мағыналы болып келеді. Терминдердің мағынасы әрқашан тұрақты болады.
Қазақ тіліндегі термин сөздер екі түрлі жолмен жасалады.
1. Басқа тілден енген сөзге қазақ тілінен тілінен балама табу: 1)жергілікті және көне сөздер алынған: кеден –таможня, егемен –суверенитет, әмбебап – универсал, кешен – комплекс, ғарыш – космос.
2)тілімізде бар сөздерді біріктіру арқылы термин жасаған: отбасы – семья, әуежай –аэропорт, төл құжат- паспорт, мұражай – музей, елтаңба – герб, әнұран – гимн.
2. Тілімізге орыс тілі арқылы кеоген, қазақша баламалары жоқ интернационалдық терминдер. Мысалы: математика терминдері: квадрат,куб, коэффициент т.б. химия терминдері: аммиак, азон, дром, гидрат,т.б. география терминдері: глобус, карта,т.б. лингвистика терминдері: синоним, антоним, дисфемизм, диалект, т.б.
Термин сөздерді өз орнымен дұрыс қолданып сөйлеу әрі білімділікті, әрі тілдің мәдениеттілігін танытады.
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
І деңгей
Кәсіби сөздерге мысалдар жаз.
Мәтіндегі термин сөздердің астын сыз.
Белоктың құрамына азот бар органикалық заттар жатады. олардың құрамы өте күрделі және әртүрлі. Олар организмде аса күрделі қызметтер атқарады.
ІІ деңгей
Термин сөздердің басты ерекшелігін айт және мысал келтір.
Мәтіндегі терминдерді тап және терминдердің жасалу жолы туралы айт.
Жезқазған аймағының экологиялық жағдайы мәз емес. Екі бұйірден Байқоңыр ғарыш аймағы мен Семей палегоны қыспаққа алып тұр. Ғарыш кемелерінің техникалық бөлшектері мен атом қалдықтары – тептил көктен түсіп, жерді уландырып, ластап жатыр. Семей палегоны радиоактивті заттарды төңірекке сіңірді.
ІІІ деңгей
Термин сөздерді қатыстыра отырып, «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты шығарма жазу.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1.Оқулықпен жұмыс
191-жаттығу
Математика, тарих, география, химия пәндері бойынша өздерің білетін термин сөздерді теріп жаз.
199 –жаттығу
Мәтінен термин сөздерді теріп жаз.
VІІІ. Сабақты қорыту:
Бағалау
Үйге тапсырма беру:
1. Термин сөздер туралы түсінік.
192-жаттығу
2.Ата – аналарыңмен әңгімелесіп, олардың істейтін
кәсібіне қатысты термин сөздерді жазыңдар.
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Диктант «Қоштасу»
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларды сауатты жазуға баулу, лексикадан алған білімдерін бекіту.,
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге, туған өлке табиғатын қорғауға тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, лексикалық талдау жасау дағдыларын дамыту, жай сөйлем мен құрмалас сөйлемді ажырата алу дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: бақылау
Сабақтың түрі: диктант
Сабақтың әдіс-тәсілі: жазба жұмысы, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, жануартану
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен
мақсаты туралы хабарлау
II. Оқушыларды диктант мәтінімен таныстыру; жазу
Қоштасу
Күн шыққан жоқ. Қиқу үдей түсті. Көкжиекке күннің алтын иегін арта бергені-ақ мұң екен, Балқаш айдынынан ең алдымен ырғала-ырғала қаңқылдап, қоштаса сұңқылдап, үнін әсемдікпен әндете созып, аққулар тобы көтерілді. Олар көлден тіп-тіке күнге қарай көтерілді де, керуен басы алға шығып, санын түгендеп алған соң, тұп-тура Оңтүстікке Қаратауға, Сырға, Аралға, Каспийге бет алды. Аққулар тізбегі көл үстін бір айналып өтіп, бетін өз бағытына қарай бұрған шақта, ұшқыр үйректер топ-топ боп, өздерінше тізбек-тізбектер жасап, жол бастаған аққу-арулардың соңынан асығыс ұшты. Ең соңында қараша қаздар қалбақтап, көл үстінде у-шу боп, бейберекет көтерілді де, жоғарылай-жоғарылай келіп, сапын түзей бастады. Кейбірі тым көп қаңқылдап, керуен басылыққа таласты. Бірін-бірі итермелеп, сапты түзеп, батыры мен батылы алға шықты. Аққулар салған керуен жолына түсіп ап, оңтүстікке қарай бұлар да самғай тартты. Сәске түске дейін көл үсті бұлан-талан боп, көшкен құстан айықпады.
(С.Бақбергенов, 145 сөз)
IV. Сабақтың аяқталуы.
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Лексикадан өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың лексика тарауы бойынша алған білімдерін тереңдету, түсініктерін жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, логикалық ойлау қабілеттерін кеңейту, талдау жасау дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: қайталау
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
II.Үй тапсырмасын тексеру:
1. Термин сөздер туралы түсінік.
192-жаттығу
2.Ата – аналарыңмен әңгімелесіп, олардың істейтін
кәсібіне қатысты термин сөздерді жазыңдар.
ІІІ Білім тексеру:
Омоним дегеніміз не?
Синоним дегеніміз не?
Антоним дегеніміз не?
Табу деген не?
Десфемизм және эвфемизм дегеніміз не?
Кірме сөздер дегеніміз не?
7.Диалект сөздер денген не?
8.Кәсіби сөздер деген не?
9.Термин сөздер деген не?
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
210 – жаттығу
Оқыған ертегілеріңнен бір – біріне қарама – қарсы сипаттағы кейіпкерлердің қасиеттерін жазыңдар. Олардың ішінен антоним болып тұрған сөздерді жұптаңдар.
215 – жаттығу
Синонимдік қатардағы сөздерді қамтитын сызбалар құраңдар.
224 – жаттығу
Мақалдарды бір бөлек, мәтелдерді бір бөлек жаз.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1.Оқулықпен жұмыс І топ
200 – жаттығу
Мәтінен қазіргі кезде қайта жаңғырған сөздерді теріп жазыңдар.
Мәтін қай ғылым саласына тән деп ойлайсыңдар?
Мәтін мазмұнына сүйеніп қобыздың суретін салыңдар.
202 – жаттығу ІІ топ
Төл сөздерден жасалған терминдік атауларды теріп жазыңдар.
Оларға әр түрлі қосымшалар жалғап, түбірмен қосымша аралығындағы дыбыстардың айтылу, жазылу ерекшелігін айтыңдар.
203 – жаттығу ІІІтоп
Компьютерге қатысты термин сөздерге түсіннік беріңдер және сөздік жасаңдар.
Компьютер сыныбы туралы термин сөздерді қатыстырып мәтін құраңдар.
2.Үлестірме қағаздармен жұмыс.
VІІІ. Сабақты бекіту:
Бағалау
Үйге тапсырма беру:
227,130 – жаттығу.
Лексикадан өткенді қайталау
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Фонетика туралы түсінік. Тіл туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға фонетика туралы түсінік беру ,тіл дыбыстарының адам өміріндегі маңызы, құрамдары туралы ұғым беру, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, жан – жақты тапсырмалар беру арқылы білімдерін тереңдету фонетикалық талдау жасау дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Фонетика – тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала. Фонетика дыбыстардың жасалуы, айтылуы, естілуі және буын, екпін, интонация мәселелерін қарастырады.
Адамның тілі - дыбыстық тіл. Тіл дыбыстары болмаса, тіл өмір сүре салмайды. Егер сөз дыбыстардың тіркесі түрінде айтылмаса, тіл қатынас құралы да, пікір алысу құралы да болмас еді.
Тіл дыбыстары сөз ішінде айтылады. Бір дыбыс әлденеше сөздің құрамында қолданыла береді. Ол үш түрлі сипатта болады. Мысалы: мал,тал, қал. Бұл сөздердегі дыбыстардың саны бірдей, бірақ бір дыбыс өзгеше болғандықтан, мұндағы сөздердің мағынасы да әр түрлі болып тұр. Екіншісі – сөздердегі дыбыс санының әр түрлі болып келуі (бала, ала, ал). Үшіншісі:сөздегі дыбыстардың орын тәртібі (тас – сат, қас – сақ)
Тіл дыбыстары сөйлеу мүшелері арқылы жасалады. Сөйлеу мүшелеріне өкпе, дауыс шымылдығы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, таңдай, тіл, ерін жатады. әр дыбыстың жасалуына сөйлеу мүшелерінің қатысы да әр түрлі. Соған орай тілдегі дыбыстар да әр түрлі болады.
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
І топ
Ең аз және ең көп дыбыстан тұратын малдың, шөптіңатын жазу
ІІ топ
Ең аз және ең көп дыбыстан тұратын қаланың, республика аттарын жазу
ІІІ топ 1. Ең аз және ең көп дыбыстан тұратын адам
аттарын жазу.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1.Оқулықпен жұмыс
133 -жаттығу
* Төмендегі сөздердің дыбыстарын мүмкіндігінше өзгерте отырып,олардың сөз мағынасына тигізетін әсері туралы айтыңдар.
134 – жаттығу
* Төмендегі сөздердің дыбыс санын көбейту арқылы мағынасы
басқа – басқа сөздер жасаңдар
135 –жаттығу
* Метаграммаларды шешу.
2. Үлестірме қағаздармен жұмыс.
І деңгей
1.Төмендегі әрбір сөзде қанша әріп, қанша дыбыс бар?
Астана, тәртіп,жазушы, алтыбақан, кітап, оныншы, нан, кесек, нәресте.
ІІ деңгей
1.Төмендегі дыбыстардан антоним сөздер құра
А,л,ж,т,с,қ,н,б,ы,,і,е,к,и,ө,о,р,ү,з,м,д,г.
Үлгі: бар – жоқ.
ІІІ деңгей
1.Төмендегі сөздерге тиісті дыбыстарды қой да, сол сөздерге синоним сөздер жаз.
Үл...ілі, е...еу ,қай...р, пә...ер, қор...ақ, жо...ары, мейірі...сіз, м...йдан.
VІІІ. Сабақты қорыту:
Бағалау
Үйге тапсырма беру:
1. Фонетика туралы түсінік. Тіл туралы түсінік
2. 236 -жаттығуды орындау
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Қазақ әліпбиі
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға қазақ әліпбиі түрлері туралы лингвистикалық білім беру және жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, дүниетанымдарын кеңейту, фонетикалық талдау жасау дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын тексеру:
1. Фонетика туралы түсінік. Тіл туралы түсінік
2. 236 -жаттығуды орындау
ІІІ Білім тексеру:
Шығармашылық диктант
Төмендегі сөздерді қатыстырып,сөйлем құрап жазыңдар.
Астық, айлық, айдын,
Әйгілі, әдемі, әңгіме.
Күләш,Кәрім.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Әліпби сөзі араб алфабитінің алғашқы екі әрпі – алиф пен би атауларының бірігуінен жасалған.Әліпби жазуда қолданылатын әріптердің рет тәртібі дегенді білдіреді.
Қазақ халқының жазу – сызуына Қазақстанға мұсылман дінінің, ислам мәдениетінің таралуына қатысты араб әліпбиі негіз болды. Алайда, қоғамдағы әр түрлі саяси – әлеуметтік өзгерістерге байланысты қазақ халқы араб әліпбиінен 1929 жылы латынға, ал 1940 жылдан бастап орыс әліпбиіне көшті.
Әліпбиде көрсетілген таңбалар – әріптер.Әріп – дыбыстың жазудағы таңбасы. Әліпбидегі әріптер белгілі бір тәртіппен орналасады. Түрлі сөздіктерді пайдалану үшін ,әліпбидегі әріптердің орын тәртібін жақсы білу керек, сонда сөздіктен керек сөзді тез тауып алуға болады.
Орыс әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиінде қазақ тіліне тән дыбыстарды белгілейтін 9 әріп бар(ә, ғ, қ, ң, ө, ұ, ү, һ, і). Қалғандары – орыс тілі мен қазақ тіліне ортақ әріптер.
Әліпбидегі әріптердің баспахана ісіне бейімделген баспа түрі және қолмен жазу құралдарына бейімделген жазба түрі бар. Әліпбидегі әріптердің бас әріптері және кіші әріптері бар.
Қазақ жазуында бас әріппен жазу латын әліпбиіне көшкеннен бастап пайда болды.
Бас әріпті қолдану кісі аттары мен жер – су атауларын, газет – журнал, кітап аттарын басқа сөздерден тез ажыратуға, сөйлем мағынасын тез түсінуге және қысқарған сөздерді (АҚШ, ҚазҰУ) белгілеуге өте қолайлы болды.
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
Сұрақ жауап
Дыбыс дегеніміз не?
Әріп пен дыбыстың айырмасы қандай?
Фонема деген не?
Фонетика нені зерттейді?
Қазақ тіліне тән дыбыстарды жаз.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1.Оқулықпен жұмыс
237-жаттығу
Төмендегі сөздерді әліпби тәртібімен теріп жазыңдар.
238 – жаттығу
Мәтіндегі бас әріппен жазылуға тиісті сөздерді бас әріппен жазып, көшіріңдер.
VІІІ. Сабақты бекіту:
Бағалау
Үйге тапсырма беру:
1 Қазақ әліпбиі туралы түсінік
2.Қазақ әліпбиінің авторы туралы мәлімет жинау.
3.239 – жаттығу.
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Дауысты дыбыстар, жуан,
жіңішке дауыстылар
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: тіліміздегі дыбыстардың, соның ішіндегі дауысты дыбыстардың жіктелуін оқушылардың өздерін қатыстыра отырып түсіндіру.
2.Тәрбиелік: оқушыларды ел тарихы мен дәстүрін қастерлеуге, сөз өнерін ардақтауға тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың жалпы сауаттылықтары мен логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, грамматикалық талдау жасау дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын тексеру:
1 Қазақ әліпбиі туралы түсінік
2.Қазақ әліпбиінің авторы туралы мәлімет жинау.
3.239 – жаттығу.
ІІІ Білім тексеру:
Сұрақ жауап
Фонетика қандай ғылым, ол нелерді зерттейді?
Дыбыс жасауда біздің қандай мүшелеріміз қатысады?
Қазақ әліпбиі туралы не білеміз?
Қазақ әліпбиіндегі төл дыбыстарымыздың рөлі, жазылуы қандай екен?
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Ауа – өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз.
Қазақ тілінің төл дауысты дыбыстары – 9: а, ә, о, ө, е, ы, і, ұ, ү. Орыс тілінен енген және халықаралық терминдерде и, у, э, дауыстылары кездеседі:кино, уран, электр, Қазақтың төл сөздерінде и, у жазылғанымен, олар дербес дауыстылар емес. И әрпі ы+й, і+й дыбыстарының, у әрпі ұ+у, ү+у дыбыстарының тіркесі( жазылуы – қи, ит, су, сурет, айтылуы – қый, іит, сұу, сүурет).
Енді осы дауыстыларды тілдің қатысына қарай жуан және жіңішке дауыстылар деп, жақтың қатысына қарай ашық және қысаң дауыстылар деп, еріннің қатысына қарай еріндік және езулік деп үш топқа бөлеміз.
Тіл кейін шегініп, үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жуан дауыстылар дейміз. Олар: а,о,ұ,ы,у.
Тіл ілгері қарай созылу арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жіңішке дауыстылар дейміз. Олар: ә,ө,ү,і,е,э,и,у.
У дыбысы айтылуына қарай әрі жуан,әрі жіңішен дауыстылар тобына жатады.
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
Өздік жұмысы
Әліпбиді жазып шық.
Тіл дыбыстары қалай жасалады?
Дыбыс дегеніміз не?
Әріп дегеніміз не? төмендегі сөздерде қанша әріп бар?
Балалар, мектеп,баспасөз, шығарма, сусындар, мекеме, мәжіліс.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1.Оқулықпен жұмыс
240 -жаттығу (жазбаша)
Мына жұмбақтарды көшіріп жазып, жуан дауысты сөздердің астын бір, жіңішке дауысты сөздердің астын екі сызыңдар.
241 -жаттығу (жазбаша)
Мына сөздердің ішінен жуан у дыбысы бар сөздерді бір бағанға,жіңішке у дыбысы бар сөздерді бір бағанға теріп жазыңдар.
242-жаттығу (жазбаша)
Көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып көшіріңдер.
Үлестірме қағаздармен жұмыс.
VІІІ. Сабақты қорыту:
Бағалау
Үйге тапсырма беру:
1. Дауысты дыбыстар, жуан, жіңішке дауыстылар туралы түсінік.
2. 104- беттегі тапсырмаларды орындау.
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Ашық және қысаң дауыстылар
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға ашық және қысаң дауыстылар туралы түсінік беру, олардың жасалу жолдарын меңгерту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды табиғатты, қоршаған ортаны сүюге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың дауысты дыбыстардың түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру, ойлауы мен тілін, зейінін дамыту.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: баяндау, талдау сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын тексеру:
1. Дауысты дыбыстар, жуан, жіңішке дауыстылар туралы түсінік.
2. 104- беттегі тапсырмаларды орындау.
ІІІ Білім тексеру:
Өздік жұмыс.
Төмендегі берілген сөзге фонетикалық сатылай кешенді талдау жаса. Ұлыс
Үлгі: ана
Үш дыбыс, үш әріп
Екі дауысты(а,а), бір дауыссыз дыбыс бар(н)
А- жуан, ашық, езулік дауысты дыбыс.
Н – үнді дауыссыз дыбыс
А-на бір буынды сөз, а- ашық буын, на – ашық буын.
Ана тасымалданбайды.
Ана екпін соңғы а дыбысына түседі.
Үндестік заңы:
Буын үндестігі жоқ.
Дыбыс үндестігі бар.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Жақтың ашылу қалпына қарай дауысты дыбыстар ашық және қысаң болып екіге бөлінеді.
Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды ашық дауыстылар дейміз. Олар: а,ә,о,ө,е,э.
Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды қысаң дауыстылар дейміз. Олар: ы,і,и,у,ү,ұ.
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
Шығармашылық диктант
Төмендегі сөздерді қатстырып, сөйлем құрап жазыңдар.
Мұндай, тұқым, үлкен, күрес.
Бұлбұл, мазмұн, мағлумат.
Бүрсігүні, Бибігүл, аққұтан.
Жұлдыз, ұшқыш, күндіз.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1.Оқулықпен жұмыс
244 –жаттығу
Мәтінді көшіріп, ашық дауыстылардың астын сызыңдар.
245 –жаттығу
Мына жұмбақтардың шешуі қай дыбыс? Дауыстылардың қайсысына жатады?
–жаттығу
Мәтіннен ашық дауысты дыбыстарды бір бөлек, қысаң дауысты дыбыстарды бір бөлек теріп жазыңдар.
VІІІ. Сабақты бекіту:
Бағалау
Үйге тапсырма беру:
Ашық және қысаң дауыстылар
246 -жаттығу
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Еріндік және езулік дауысты дыбыстар
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға тіліміздегі дыбыстарды, соның ішіндегі еріндік және езулік дауысты дыбыстарды меңгерту және олар туралы түсініктерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың дауысты дыбыстардың түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру, фонетикалық талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын тексеру:
Ашық және қысаң дауыстылар
246 -жаттығу
ІІІ Білім тексеру:
Шығармашылық диктант
Төмендегі сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жазыңдар.
Сұлу жер, егін ору, шөп шабу
Уәдесінде тұру, киноға бару.
Үлкенді сыйлау.
Қуаныш, жеміс өсіру.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Дауысты дыбыстың жасалуы кезіндегі ерін мен езудің қалпына қарай олар еріндік және езулік болып бөлінеді.
Еріннің дөңгеленіп, алға қарай созылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды еріндік дауыстылар деп атайды. Олар:о,ө,у,ү,ұ.
Езудің кейін қарай тартылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды езулік дауыстылар деп атайды. Олар:а,ә,е,э,ы,і,и.
Сөздің алдыңғы буынындағы еріндік дауыстылар кейінгі буындағы езулік дауыстылырға әсер етеді. Оны өзіне қарай бейімдеп еріндік дауыстыға айналдырады. Мысалы: құлын сөзі - құлұн болып айтылады.жазудағы нормасы құлын болғанымен, айтудағы нормасын сақтап айту керек. Себебі, сөздерді дұрыс айта білу де – тіл мәдениетінің бір шарты.
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
Терме диктант
1.Биыл Абайдың жасы он үшке толған еді. 2. Ескі қыстаудан әрі ұзамай, қалың ағаш сиреп, дала көріне бастады. 3. Мына қызықты көрсін деп, Есен әкесін үйіне шақыруға барды.
4. Талғат берілген бұйрықты орындап, кейін оралғанда, жаудың екі ұшағы оны ортаға алды. 5. Окопта бір бала ұйқтап жатыр.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1.Оқулықпен жұмыс
247-жаттығу
Төмендегі жұмбақ өлеңдердің шешуі қай дауысты дыбыстар екенін табыңдар. Өздерің осы тәрізді жұмбақ өлең шығарып көріңдер.
– жаттығу
Мына өтірік өлеңдегі еріндік дауыстары бар сөздерді бір бөлек,езулік дауыстылары бар сөздерді бір бөлек, аралас келген сөздерді бір бөлек жазыңдар.
VІІІ. Сабақты қорыту:
Бағалау
Үйге тапсырма беру:
Еріндік және езулік дауысты дыбыстар туралы түсінік.
249- жаттығу.
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Жаттығулар орындау
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың дауысты дыбыстар туралы түсініктерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды елдікке баулу, еңбекке, ынтымаққа тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың дауысты дыбыстарды ажырата алу дағдыларын арттыру, дыбыстық талдау жасай білу дағдыларын арттыру, өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін арттыру.
Сабақтың типі: бекіту сабағы
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, жаттығу,
деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
VІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1.Оқулықпен жұмыс
250 -жаттығу (жазбаша)
Сөздегі көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жазыңдар
253 –жаттығу( ауызша)
Мәтіннен еріндік, езулік дауыстылардың жазылуы мен айтылуындағы ерекшеліктерді айтыңдар.
254 – жаттығу.( тақтамен жұмыс)
Тек ашық дауыстылардан құралған сөздерді теріп жазыңдар.
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей
Мәтіндегі дауысты дыбыстарлың астын сыз
Ұзақ жолды қысқарту үшін, айдалада жортқан Ақан Мөңкеге неше түрлі қызықты ертегі, дастандар айтып, ара- тұа ән салып, кең пейіл ақын баламен тең құрбысындай сыр шеккен. Ақтоқты, Ұрқия,Жамалдардың қайғысын айтып, ара –тұра күрсініп, жапанның сары даласында ұзақ мұңды күйге түскен. (С. Жүнісов)
ІІ деңгей
Мәтіндегі жуан дауыстылардың астын бір, жіңішке дауыстылардың астын екі рет сызу.
Ағайдың биыл отыз жеті мүшесіне толып, кемеліне келген кезі. Алтын зерлі айыр қалпақ пен екі өңіріне, жаға – жеңіне зер тұтқан жібек шапан тал бойына құп жарасып, тақ үстінде айбындап отыр. (Қ. Жұмаділов)
ІІІ деңгей
Мәтінде не туралы айтылған? Мәтінге өз ойыңды жалғастырып жаз.
Туған жердің қадірін туғалы түзге шықпаған кісі қайдан білсін?
Туған жердің қадірін алыс жерге ұзатқан, ұзатқанына әлде талай жыл өткен қыз білмесе, кім білсін?
VІІ. Сабақты қорыту:
Бағалау
Үйге тапсырма беру:
1. 257-260 –жаттығулар.
2. Дауысты дыбыстар бойынша өткенді қайталау
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың дауысты дыбыстар туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың дауысты дыбыстардың түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру,деңгейлік тапсырмалар беру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
IV Жаңа сабаққа дайындық
1.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау
V Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз. Олар:б,в,г,ғ,ң,қ,һ,й,ц,к,н,ш з,х,,ф,п,,р,л,д,ж,ч,с,м,т.(у). Қазақ тілінде барлығы 25 дауыссыз дыбыс бар. Щ – дыбыс емес, әріп. Ол щ созылыңқы( қос) ш дыбысының таңбасы.
Дауыссыз дыбыстардың ерекшелігі:
Дауыссыздарды айтқанда, өкпеден шыққан ауа әйтеуір бір кедергіге ұшырайды.
Дауыссыздарды айтқанда, үн бәсең, солғын болады.
Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды.
Дауыссыз дыбыстарды айтқанда дауыс шымылдығы баяу дірілдейді.
Дауыссыз дыбыстарды айтқанда, өкпеден шыққан ауа сөйлеу мүшелеріне соқтығысып, салдыр пайда болады. Сонықтан дауыссыз дыбыстарда үн болмайды немесе өте аз болады.
VІ. Түсінік тексеру
1.Оқулықпен жұмыс
261-жаттығу(ауызша)
* Мәтінді оқып, дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратыңдар.
262 –жаттығу
Мына сөздерге көрсетілген жұп дауыссыздардың тиістісін жазыңдар.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту
1.Перфокартамен жұмыс
Сөйлем Дауысты дыбыстар саны Дауыссыз дыбыстар саны Ашық дауысты
Лар Қысаң дауыс
тылар Жуан дауыс
тылар Жіңіш
ке дауыс
тылар Еріндік дауыс
тылар Езулік дауыс
тылар
Шешесі жалғыз болғандықтан, Айсұлу жылдың басында сырттай оқуға ауысқан еді. Ауыл ұйқыға кетісімен, уәделі жерге келдім. (Ж. Сайн)
Құрмаш қанша тәрбиелесе де, Көксерек ұрлық пен адал астың айырмасы не екенін ұға алмады (М.Әуезов) Кісі неғұрлым көп болса, канал соғұрлым тез бітеді. (С.Мұқанов) Қалжыңы, күлкісі араласып, шай өте көңілді ішілді.
2.Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей
1. Дауыссыз дыбыстарды ретімен жазып шық
2. мәтіннен дауыссыз дыбыстардың астын сыз.
Абай – өз заманының жаршысы. Оның шығармалары – сол заманның шежіресі. Оларда сол кездегі қазақ қауымының тұрмыс – тірішілігі барлық ерекшеліктерімен, тек өзіне ғана тән белгі – бедерімен, өзіндік бояу өрнектерімен мейлінше айқын да толық бейнеленген. (Ж.Смағұлов)
ІІ деңгей
1.Дауыссыз дыбыстардың дауысты дыбыстардан айырмашылығы неде?
2. Дауысты дыбыстардың салдыр мен үннің қатысына қарай бөлінуін жазып шық және мәтіндегі дауыссыз дыбыстарға фонетикалық талдау жаса.
Адамның бір атаның балалары екені рас болса, беолгі бір заманның баласы екен де даусыз.
ІІІ деңгей
Жұп дауыссыздарды жаз және мысал келтір.
Қазақ тілінде қанша дыбыс, қанша әріп бар? Төмендегі сөздерге фанетикалық талдау жаса және дыбыс болмайтын әріптерді тап.
Қою, қоян, ноян, фельетон, стиль, аю, кею.
VIІІ. Сабақты қорыту
Бағалау
Үйге тапсырма:
1. Дауыссыз дыбыстар туралы түсінік .
2. 265-270 –жаттығулар
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Қатаң дауыссыздар
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың қатаң дауыссыз дыбыстар туралы түсініктерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың дауыссыз дыбыстардың түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру, өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін жетілдіру, талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын тексеру:
1. Дауыссыз дыбыстар туралы түсінік .
2. 265-270 -жаттығулар
ІІІ Білім тексеру
Фонетикалық талдау жұмысын жүргізу
І топ
Алматының аспаны ашылмағандықтан, жаңбыр жауып тұр.
(Қ. Найманбаев.)
ІІ топ
2) Кедір-бұдыр жермен дөңгелектері тоқылдап, арба ырғала жылжып келеді.
(Т.Нұрмағамбетов)
IVЖаңа тақырыпты түсіндіруге дайындық
4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау
V Жаңа сабақ
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Дауыссыздар салдыр мен үннің қатысына қарай: қатаң, ұяң, үнді болып үш топқа бөлінеді.
Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар деп атаймыз. Қатаң дауыссыздар мыналар: п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч, һ.
VІ. Жаңа сабақ бойынша түсінік тексеру.
1.Оқулықпен жұмыс
264– жаттығу (жазбаша)
* Мәтінді көшіріп, қатаң дауыссыздардың астын сыз.
265 –жаттығу(ауызша)
Төмендегі жұмбақтың шешуі болатын дыбыстарға сипаттама бер.
270 – жаттығу
Мәтіннен қатаң дауыссыздардан басталатын сөздерді теріп жаз.
VІІ Сабақты бекіту
Өздік жұмыс.
І топ
1.Қатаң дауыссыздарды жаз.
2. Әже, кею сөзіне фонетикалық талдау жаса
ІІ топ
1.Бірде дауысты, бірде дауыссыз болатын дыбыстарды жаз.
2.Хатшы, қоян сөзіне фонетикалық кешенді талдау жаса
ІІІ топ
1.Қазақ тілінде қанша дыбыс, қанша әріп бар? Төмендегі сөздерге фонетикалық талдау жаса
Қою, стиль, ноян
VІ. Сабақты қорыту
Бағалау
Үйге тапсырма:
Қатаң дауыссыздар туралы түсінік
267-269- жаттығулар
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Ұяң дауыссыздар
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың ұяң дауыссыз дыбыстар туралы түсініктерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың фонетика жайындағы, тіл дыбыстары және олардың түрлері туралы ұғымдарын кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту, талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын тексеру:
Қатаң дауыссыздар туралы түсінік
267-269- жаттығулар
ІІІ Білім тексеру
Терме диктант
Иса әрі әнші, әрі ақын еді. Оның әншілігіне жұрт қатты риза болды. Исаға сыйлық тапсырылды. Жұрт Исаны сыйлап, қол шапалақтады.2. Оқушылардан бір бригада құрылды. Ол бригада қауын, қарбыз жинады.3. Гүлжан сабақты жақсы оқиды. Ол жолдастары арасында сыйлы.
IVЖаңа тақырыпты түсіндіруге дайындық
4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау
V Жаңа сабақ
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Дауыссыздар салдыр мен үннің қатысына қарай: қатаң, ұяң, үнді болып үш топқа бөлінеді.
Салдыр мен үннің қатысы арқылы жасалған, бірақ үннен салдыры басым дауыссыз дыбыстарды ұяң ұяң дауыссыздар деп атаймыз. Ұяң дауыссыздар мыналар: б, в, г, ғ, д, з, ж.
Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан үн басым болатын дайыссыз дыбыстарды үнді дыбыстар деп атаймыз. Үнді дауыссыздар мыналар: р, л, й, у (тау), м, н, ң.
VІ. Жаңа сабақ бойынша түсінік тексеру.
1.Оқулықпен жұмыс
271– жаттығу (жазбаша)
* Суреттер топтамасындағы 24- суретті зер салып қараңдар да, мәтінді оқыңдар.
* Мәтіннен ұяң дыбыстан басталатын сөздерді теріп жазыңдар.
274–жаттығу(ауызша)
Суреттер топтамасындағы 11- суретке қарап, жыл мезгілдеріне байланысты мәтін құраңдар.
276– жаттығу
Мәтінді көшіріп жазып, ұяң дауыссыздары бар сөздердің астын сызыңдар.
VІІ Сабақты бекіту
Өздік жұмыс.
І топ
1.Ұяң дауыссыздарды жаз.
2. Бидай, сиыр сөзіне фонетикалық талдау жаса
ІІ топ
1.И – дыбысының ерекшелігі туралы айт.
2.Кеш түсті, айна сөзіне фонетикалық кешенді талдау жаса
ІІІ топ
1.Қос дауыстылардың ерекшелігі туралы айт.
2. Төмендегі сөздерге фонетикалық талдау жаса
Жайдары, сөйлейді.
VІ. Сабақты қорыту
Бағалау
Үйге тапсырма:
Ұяң дауыссыздар туралы түсінік
276.277 - жаттығулар
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Үнді дауыссыздар
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың үнді дауыссыз дыбыстар туралы түсініктерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың фонетика жайындағы, тіл дыбыстары және олардың түрлері туралы ұғымдарын кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту, талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын тексеру:
Ұяң дауыссыздар туралы түсінік
276.277 - жаттығулар
ІІІ. Білім тексеру
Шығармашылық диктант
Төмендегі сөздерге қосымша жалғап, сөйлем құрап жазыңдар.
Автоцистерна, кросс, миллиграмм, съезд,повесть
Металл, фантастика, штамп, факт, митинг, ромб, киоск, шрифт.
IV.Жаңа тақырыпты түсіндіруге дайындық
4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау
V. Жаңа сабақ
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Дауыссыздар салдыр мен үннің қатысына қарай: қатаң, ұяң, үнді болып үш топқа бөлінеді.
Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан үн басым болатын дайыссыз дыбыстарды үнді дыбыстар деп атаймыз. Үнді дауыссыздар мыналар: р, л, й, у (тау), м, н, ң.
VІ. Жаңа сабақ бойынша түсінік тексеру.
1.Оқулықпен жұмыс
279– жаттығу (жазбаша)
* Үнді дауыссыздарға аяқталған сөздерді жазыңдар
286–жаттығу(ауызша)
Үнді дыбыстан басталатын бірнеше биологиялық терминдердің атын жазыңдар..
288– жаттығу
Мәтінді көшіріп жазып, үнді дауыссыздары бар сөздердің астын сызыңдар.
VІІ Сабақты бекіту
Өздік жұмыс.
І топ
1.Сөз ортасында қос дауыссыз кездесетін атауларды жазыңдар.
2. Балалар сөзіне фонетикалық талдау жаса
ІІ топ
1. Бірдей дыбыстардан басталатын сөздерден сөйлем құрап жазыңдар.
2.Даңғыл сөзіне фонетикалық кешенді талдау жаса
ІІІ топ
1. қай жағынан оқысаңда бірдей жазылып, бірдей айтылатын сөздер тауып жазыңдар.
2. Төмендегі сөздерге фонетикалық талдау жаса
Моншақ, рахмет
VІ. Сабақты қорыту
Бағалау
Үйге тапсырма:
Үнді дауыссыздар туралы түсінік
292-295 - жаттығулар
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Буын, оның түрлері
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың буын және оның түрлері туралы білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың буын және оның түрлерін түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру,деңгейлік тапсырмалар беру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
IV Жаңа сабаққа дайындық
1.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау
V Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Сөз бірнеше фонетикалық бөлікке жіктеледі. Балалар мектепке келді деген сөйлемде үш сөз бар. Осы сөйлемдегі сөздер естілуі жағынан Ба-ла-лар мек-теп-ке кел-ді болып бірнеше шағын дыбыс тобына жіктеліп тұр. Осындай дыбыстық топқа жіктелген сөз ағымының шағын мүшесі БУЫН делінеді.
Сөздердің әрбір фонетикалық бөлшегі болған буын бір не бірнеше дыбыстан (фонемадан) құралады: Мысалы, қант, а-ла-мын сөздеріндегі буындарды алсақ, бірінші сөз бір буыннан, екінші сөз үш буыннан құрылып тұр. Бірінші сөзде буын төрт дыбыстан, екінші сөздегі бірінші буын бір дыбыстан, екінші буын екі дыбыстан, үшінші буын үш дыбыстан құралған.
Демек, буын дегеніміз – Сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек. Дауысты дыбыстың Бір өзі буын бола алады. Дауыссыз дыбыстар жеке тұрып өздігінен буын құрай алмайды. Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
Буын жеке дауыстыдан және дауысты мен дауыссыз дыбыстардың тіркесінен жасалатын болғандықтан, оның құрамы үнемі бір қалыпты болмайды. Қазақ тілінде буынның үш түрі бар. Олар: 1)ашық буын, 2) тұйық буын, 3) бітеу буын.
1.Ашық буын. Жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыстыдан басталып дауыстыға аяқталатын буынды ашық буын деп атаймыз: а-ға, ба-ла, қа-ла, т.б. Ашық буынның ішндегі жалғыз дауыстыдан болған буынды жалаң буын дейміз: а-дам, а-та.
2. Тұйық буын. Дауыстыдан бастылып, дауыссызға аяқталған буынды тұйық буын деп атаймыз: ат, аз, ақ, өрт, ұл, ант, т.б.
Тұйық буынға жалаң буын қосатын болсаң, онда буын жігі өзгереді: өрт+і=өр-ті, оқ+ы=оғы, еп+і= е-бі, ек+ін=е-гін, т.б.
3. Бітеу буын. Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған (дауысты дыбыс ортада келетін) буынды бітеу буын дейміз: тал, төрт, бар, жаз, кел, кең, қант, т.б.
Сөздік қорды құрайтын түбір сөздердің көбі тұйық және бітеу буынды болып келеді. Ашық буынның өз алдына сөз болуы өте сирек.
VІ. Түсінік тексеру
1.Оқулықпен жұмыс
296-жаттығу(ауызша)
* Мәтінді оқып, тарихи сөздерді тауып, оларды буынға бөліңдер. Әрбір буын қанша дыбыстан құралған және қайсысы буын құрайтын, қайсысы буын құрай алмайтын дыбыстар екенін айтыңдар.
300 –жаттығу
Екінші абзацтағы сөздерді буынға бөле отырып көшіріп жазыңдар. жазыңдар.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту
1.Перфокартамен жұмыс
Сөйлем Ашық буын Бітеу буын Тұйық буын
Біздің заманымызда не көп, сан түрлі таң ғажайып
мамандық көп.
( І. Есенберлин)
ауыл осы қонысқа кейін орналасқаннан бері қарай, ол бір күн дамыл танытқан емес.
( М.Әуезов)
Сайдың тасындай, күмістей жалтылдап күнге шағылысқан, қорғасындай балқып.
Ералин жуынып шыққан соң қорасына қарап тұрғанда есіктен басын ғана қылқитып қарт анасы шықты.
(Ғ. Мүсірепов)
Мал, жан көп, бай ауыл осы орынды қыстауға лайықтап алғаннан әлі жаңа қыстау сала алмай ескілеу тар қораға сия алмай күннің көзі жылынысымен киіз үйге шығыпты.
( М.Әуезов)
2.Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей
1. Буын құрайтын дыбыстарды жаз.
2. мәтінді буынға бөліп жаз.
Абай – өз заманының жаршысы. Оның шығармалары – сол заманның шежіресі. Оларда сол кездегі қазақ қауымының тұрмыс – тірішілігі барлық ерекшеліктерімен, тек өзіне ғана тән белгі – бедерімен, өзіндік бояу өрнектерімен мейлінше айқын да толық бейнеленген. (Ж.Смағұлов)
ІІ деңгей
1. Буын дегеніміз не?
2 Буын түрлеріне ажыратып жаз.
Адамның бір атаның балалары екені рас болса, белгілі бір заманның баласы екен де даусыз.
ІІІ деңгей
1.Бітеу буынды сөздерге мысал келтір.
2. «Менің қалам» деген тақырыпта мәтін құра. Мәтіннен буын түрлерін ажыратып жаз.
VIІІ. Сабақты қорыту
Бағалау
Үйге тапсырма:
1. Буын және буын түрлері туралы түсінік. туралы түсінік .
2. 301-305 -жаттығулар
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Жаттығу талдау
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың буын және оның түрлері туралы түсініктерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың фонетика жайындағы, тіл дыбыстары және олардың түрлері туралы теориялық білімдерін кеңейту және олдары практикада қолдана білуге үйрету, ойлау қабілеттерін дамыту, талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі: бекіту сабағы
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
IV.Жаңа тақырыпты түсіндіруге дайындық
1.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау
VІІ Сабақты бекіту
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей
1.Буын құрайтын дыбыстарды жаз.
2.Төмендегі сөздерден ашық буынды тап.
Күн шығып, ел тұра бастады, - Нұрлан әлі жоқ.
ІІ деңгей
1.Мәтіндегі сөздерді буын түрлеріне қарай талда.
Қорған кезінде топырақ араластыра тастан қаланған екен де, бұл кезде қорғанның үстіне жыңғыл мен шеңгел араластыра
шығып, өзінше ол да бір сән беріп тұр.
ІІІ деңгей
1.«Егемен Қазақстан» тақырыбына шағын шығарма жазып, буын түрлеріне талда.
Оқулықпен жұмыс:
306– жаттығу
* Мәтіннен өздерің қалаған үш сөзді буын түрлеріне ажыратып талдаңдар.
307 – жаттығу
Мәтіннен аралас буынды сөздерді теріп жазыңдар.
308 – жаттығу
Қарамен жазылған сөздерді буынға бөліп жазыңдар.
VІ. Сабақты қорыту
Бағалау
Үйге тапсырма:
Буын және оның түрлері туралы қайталау.
309 – жаттығу.
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Тасымал
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың тасымал туралы білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың тасымал және оның түрлерін түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру,деңгейлік тапсырмалар беру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
IV Жаңа сабаққа дайындық
1.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау
V Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Сөздің жолға симаған бір я бірнеше буынын келесі жолға тасымалдауға болады .
Сөздің жолға сыймаған бөлігін екінші жолға тасымалдау буын жігінен жасалады. Мысалы:са-бақ, мек-теп, таңер-теңгі, таң-ертеңгі. Мына сияқты санаулы сөздерде тасымал дауытыдан басталады: жу-ын, қи-ыр, ти-ын, бу-ын, жи-ын.
Мына төмендегі сөз түрлерін тасымалдауға болмайды.
Бір буынды сөздерді тасымалдауға болмайды. Мысалы:от,кел,ет, қарт,т.б.
Сөздің бір әрпін келесі жолға тасымалдауға болмайды. Сондай – ақ ата, аю, кею, сия, қия сөздеріндегі и,а,я,ю әріптерін тасымалдауға болмайды.
А.Құнанбаев, М. Жұмабаев деген сияқты қысқартылып жазылған кісі атын оның фамилиясынан бөліп тасымамдауға болмайды.
Қысқартылып жазылған өлшем атауларын (км, кг, г, м, см, мм, т.б) алдындағы саныннан бөліп тасымалдауға болмайды: 10кг, 25км.
Бас әріптері және бас әріп пен сөздің басқа буыны арқылы қысқарған сөздер тасымалданбайды. Мысалы: АҚШ, ТМД, ҚазҰУ, АлҰУ, т.б.
VІ. Түсінік тексеру
1.Оқулықпен жұмыс
310-жаттығу
* Суреттер топтамасындағы 13 – суретке қарап, мәтінді буынға бөліп көшіріп жазыңдар
311–жаттығу
Екінші абзацтағы сөздерді буынға бөле отырып көшіріп жазыңдар. жазыңдар.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту
1..Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей
1.Мәтінді тасымалдап жаз.
Екі жақ та қолға түскендердің қолдарын байлап, өз жағына қарай айдап әкетіп барады, әсіресе, иесіз қалған аттарды қуып жүргендер көп – ақ.
ІІ деңгей
1. Тасымал дегеніміз не?
2 Тасымалдап жаз.
Енесей қашуға жөнелген бір топ аттарды қуа жөнеліп еді,
мойнынан оқ тиіп,Енесейдің аты омақаса құлап, Енесей жерді сүзе құлады.
ІІІ деңгей
1.Тасымалдауға болмайтын сөз түрлерінің барлығын жаз.
VIІІ. Сабақты қорыту
Бағалау
Үйге тапсырма:
1Тасымал туралы түсінік.
2. 313 -жаттығу
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Үндестік заңы, буын үндестігі
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың үндестік заңы, буын үндестігі туралы түсінік беру, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың фонетика жайындағы, тіл дыбыстары және олардың түрлері туралы және үндестік заңы, буын үндестігі туралы ұғымдарын кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту, талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын тексеру:
1Тасымал туралы түсінік.
2. 313 -жаттығу
ІІІ. Білім тексеру
Терме диктант
Батыр адам беліне қадалған оқты өз қолымен жұлып алып, лақтырып жіберді де, ол ет қызумен шаба берді, жақын қалған жүздікке ұшырасқанша, жараланғанын білдірген жоқ... Енесей мен Ұлпан, Несібелі – үшеуі қастарында төрт жігіт жолдастары бар, Артықбай ауылына салт шығып, мөлшерлі жерге жеткенде, үш ат жеккен пәуескемен Тілеміс тосып жүр екен.
IV.Жаңа тақырыпты түсіндіруге дайындық
4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау
V. Жаңа сабақ
Қазақ тілінің дыбыстары сөз ішінде және сөз бен қосымшаның, сөз бен сөздің арасында бірімен – бірі үйлесіп, ыңғайласып келіп отырады. Түбір буынның жуан не жіңішкелігіне қарай қосымшаның дыбыстары да жуан не жіңішке болып айтылып тұрады. Мысалы: балалар (балалер емес), үйлер (үйлар емес), ауылға (ауылге емес), көшеде (көшеда емес), т.б.
Қазақ тіліндегі қосымшалар сөздің соңгы дыбысының сипатына қарай бейімделіп жалғанады: мектепте (мектепде емес), үйге (үйке емес), жазда( жазта емес), т.б. Сөйтіп, сөзді бастан – аяқ біркелкі әуезбен айтуды үндестік заңы деп атаймыз.
Үндестік заңы екі түрлі: а) буын үндестігі; ә)дыбыс үндестігі.
Дауысты дыбыс буын құрайтын болғандықтан, сөздегі, сөз бен қосымшалардағы дауыстылардың не бірыңғай жіңішке болып үндесуін буын үндестігі (сингорманизм) деп атаймыз.
Үндестік заңына сай қазақ тілінің байырғы сөздері не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болады. Мысалы: ата, ана, бақыт, баға , сана, намыс, егіз, өріс, төсек, кереге, кілем, т.б.
Жуан, жіңішке дауысты дыбыстар мынадай сөзде араласып келеді:
1)Басқа тілдерден енген сөздерде: кітап, кино, қазір,зағип, матиматика;
2) біріккен сөздер мен қос сөздерде араласып келеді: шекара, баспасөз, аман – есен, алай – түлей, асты – үсті, асығыс – үсігіс, т.б.
Буын үндестігі бойынша қосымша сөздің соңғы буынының жуан – жіңішкелігіне қарай үндесіп жалғасады: соңғы буын жуан болса – жуан қосымша, жіңішке болса, жіңішке қосымша жалғанады. Мысалы: өнер-лі, жет-ер, бақыт-ты, қазір-гі, кітап-ты, математика-дан, т.б.
VІ. Жаңа сабақ бойынша түсінік тексеру.
1.Оқулықпен жұмыс
314– жаттығу (жазбаша)
* Жуан сөздерді бір бағанға, жіңішке сөздерді бір бағанға жазыңдар.
315–жаттығу(ауызша)
Кірме сөздерге қосымшалар жалғануындағы үндестік заңының ерекшелігін айтыңдар..
316 – жаттығу
Мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып, көшіріп жазыңдар.
VІІ Сабақты бекіту
Өздік жұмыс.
І топ
1.Тасымалдауға болмайтын сөзді және буынды тап.
Ата – ана, жасырынбақ, ат, шебер, бет, талап, көктем, көк, жаз, ай, жұлдыз, мол, айқын.
ІІ топ
1.Төмендегі сөздерді тасымалдауға бола ма?
Электр, станция, ансамбль, вольт.
ІІІ топ
1. қай жағынан оқысаңда бірдей жазылып, бірдей айтылатын сөздер тауып жазыңдар.
2. Төмендегі сөздерге фонетикалық талдау жаса
Жұлдыз, Ұлдай.
VІ. Сабақты қорыту
1.Бағалау
2.Үйге тапсырма:
1.Үндестік заңы, буын үндестігі туралы түсінік
317 - жаттығулар
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Буын үндестігіне
бағынбайтын қосымшалар
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар туралы түсінік беру, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың үндестік заңы, буын үндестігі туралы ұғымдарын кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту, талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын тексеру:
1.Үндестік заңы, буын үндестігі туралы түсінік
2.317 - жаттығулар
ІІІ. Білім тексеру
Терме диктант жазу.
Һе-е ей!..- дегенг дауысқа қысылған Ботагөз жалт қараса, жүгіріп келе жатқан Кенжетай екен. Қаз одан қаймыққандай қанатын жинап, мамырлап кейін жөнелді.
Қалай, бала, қорықтыңба?! – деді Кенжетай қалжыңдап.
Ботагөз ұялғандай тұнжырап, төмен қарады.
Әй, балақай қаздан қорыққан!..
Ботагөздің қалжыңға азық болғысы келмей:
Қорықпағанда... тістеп алса...- деді басын көтеріп
IV.Жаңа тақырыпты түсіндіруге дайындық
4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау
V. Жаңа сабақ
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар
Қазақ тіліндегі қосымшалар негізінен буын үндестігіне бағынып жалғанғанымен , біраз қосымшалар бұл заңдылыққа бағынбайды.
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар мыналар:
1)Көмектес септік жалғауы. Мысалы: баламен, қонақпен, күрекпен, сәнімен,т.б.
2)-нікі, (-дікі,-тікі), -тай, -тал, -дар, -еке, -тар. Мысалы: даланікі, әкетай, діндер, ағаеке, өсімтал;
3)-бей, -би, -кер, -гер, -қор, -паз, -қой, -кеш, -хана, -кес. Мысалы: бейшара, балгер, жемқор, әсемпаз, сәнқой, емхана, жұмыскер зиянкес;
4)-ов, -ова, -ев, -ева, -ин, -ина. Мысалы: Әуезов, Жұмабаев, Сейфуллин, Жұмағазина, т.б.
VІ. Жаңа сабақ бойынша түсінік тексеру.
1.Оқулықпен жұмыс
319– жаттығу (жазбаша)
* Мына жұрнақтарды қандай сөздерге жалғай алатындарыңды үлгі – сызбаға сүйеніп жазыңдар.
318–жаттығу(ауызша)
Төмендегі әр сөз мына сызбалық үлгіге қарап қанша сөзбен байланысқа түсу мүмкіндігі барын анықтаңдар.
320 – жаттығу
Төмендегі сөздерге қосымша жалғап жазыңдар.
VІІ Сабақты бекіту
Өздік жұмыс.
І деңгей
Буын үндестігі туралы айт және төмендегі сөздерді буынға бөл.
Жарнама, алма, тау, жұлдыз, әке – шеше.
ІІ деңгей
Төмендегі сөздерден буын қөұрайтын дыбыстардың астын сыз.
Кезекшілер, тауға, аспан, көкпен, жазық, аққу, жылқы, күлкі.
ІІІ деңгей
1 «Жазғы кеш» деген тақырыпқа шағын шығарма жаз.
2. Төмендегі сөздерге фонетикалық талдау жаса
Мылтық, асхана.
VІ. Сабақты қорыту
1.Бағалау
2.Үйге тапсырма:
1. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар туралы түсінік
322 - жаттығу
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Басқа тілден енген
сөздерге жалғанатын қосымшалар
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың басқа тілден енген сөздерге жалғанатын қосымшалар туралы түсінік беру, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың басқа тілден енген сөздерге жалғанатын қосымшалар туралы ұғымдарын кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту, талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын тексеру:
1. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар туралы түсінік
322 - жаттығу
ІІІ. Білім тексеру
Шығармашылық диктант
Төмендегі сөздерге қосымша қосып, сөйлем құрап жазыңдар.
Артель, лагер, бюллетень, бинокль, табель, циркуль, фонар, спектакль, автомобиль.
IV.Жаңа тақырыпты түсіндіруге дайындық
4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау
V. Жаңа сабақ
Үндестік заңы бойынша жалғанатын қосымшалар мынадай жағдайларда бұл заңға бағынбай қолданылады.
1.Соңғы буында ә, я дыбыстары бар сөздерге және хдыбысына аяқталған сөздерге жуан қосымша жалғанады. Мысалы: кінәлау, күмәндану, поляктар, полярлық, тарихқа, цехта, т.б.
2. соңғы буында ю дыбысы бар сөздерге рк, рг, кт, ск, нк, лк, нг, нкт сияқты дыбыстар тіркесіне және жіңішкелік белгіге (ь) аяқталған сөзге жіңішке қосымша жалғанады. Мысалы: полюске, парашютті, паркте, хирургке, Томскіден, ансамбльден, бинокльден, рульді, т.б.
VІ. Жаңа сабақ бойынша түсінік тексеру.
1.Оқулықпен жұмыс
333– жаттығу (жазбаша)
* Мәтіннен құрамындағы дыбыстары кейінді ықпалдың әсеріненөзгеріске ұшыраған сөздерді теріп жазыңдар.
334–жаттығу
Мәтіннен дауыссыз дыбыстардың үндестігін көрсететін сөздерді тауып, айтылуы мен жазылуын сызықша арқылы қатар жазып, салыстырыңдар.
VІІ Сабақты бекіту
Өздік жұмыс.
І деңгей
1.Төмендегі сөздерге қосымша жалғап жаз.
Фильм, руль, альбом, киоск, повесть,грамм, крнспект банк.
ІІ деңгей
1.Төмендегі мәтіннен сөздерге қосымшалардың жалғану ерекшелігін айт.
Жиналған жұрт театр келгеннен бері талай қойылымды көріп, ләззаттанған жұрт пбеса авторын, оны қойған режиссерді, бас рөлдерде ойнайтын Күләш, Құрманбек, Қанабектерді сахнаға шақырды. Міне, бұлар – республиканың халық әртістері, пьесадағы көркемөнердің жаршысы.
ІІІ деңгей
1 соңғы буында /ә/ /я/ /ю/ дыбыстары бар, /х/ дыбысы және /рк/ /рг/ /кі/ /нк/ /лк/ /нг/ /нкт/ сияқты дыбыстар тіркесінен аяқталған сөздерге қандай қосымшалар жалғанады? Мысалдармен дәлелде.
VІ. Сабақты қорыту
1.Бағалау
2.Үйге тапсырма:
1. Басқа тілден енген сөздерге жалғанатын қосымшалар
2. 336 - жаттығу
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс үндестігі
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға дыбыс үндестігі туралы лингвистикалық білім беру және жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, дүниетанымдарын кеңейту, фонетикалық талдау жасау дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын тексеру:
1. Басқа тілден енген сөздерге жалғанатын қосымшалар
2. 337 - жаттығу
ІІІ Білім тексеру:
Шығармашылық диктант
Төмендегі сөздерді қатыстырып,сөйлем құрап жазыңдар.
Астық, айлық, айдын,
Әйгілі, әдемі, әңгіме.
Күләш,Кәрім.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Дыбыс үндестігі
Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында дауыссыз дыбыстардың бірін – бірі өзіне ұқсата әсер етуі дыбыс үндестігі деп аталады. Мысалы: қаздар (қазтар емес), есептер (есепдер емес), әкеге (әкеке емес), мектебі (мектепі емес), қасығы (қасықы емес).
Дыбыс үндестігі екіге бөлінеді: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал.
Көрші дыбыстардың алғашқысы соңғысын өзіне ұқсата әсер етуін ілгерінді ықпал дейміз: тас-тан, жаз-ға, адам-нан. Ілгерінді ықпал бойынша сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, оған жалғанатын қосымша қатаңнан басталады. Сөздің соңғы дыбысы ұяң болса, қосымша ұяңнан, ал соңғы дыбыс дауысты немесе үнді дауыссыз болса, қосымша ұяң не үнді дауыссыздан басталады.
Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында кейінгі дыбыстың алғашқы дыбысқа әсер етуін кейінді ықпал дейміз. Мысалы: теп-теуіп; жап-жабады, жауып; сабақ- сабағы; кітап-кітабы; жазса (айтылуы жазсса); көнбейді ( айтылуы көмбейді).
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
Сұрақ жауап
Дыбыс үндестігі дегеніміз не?
Дыбыс үндестігі нешеге бөлінеді?
Ілгерінді ықпал деген не? Мысалмен дәлелде.
Кейінді ықпал деген не? Мысалмен дәлелде.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1.Оқулықпен жұмыс
335 – жаттығу(ауызша)
Мәтіндегі басқа тілден енген сөздерге қосымшалардың жалғану ерекшелігін түсіндіріңдер..
2.Деңгейлік тапсырмалар
І деңгей
Төмендегі сөйлемнен ілгерінді және кейінді ықпалды тап.
Төле би орта жүздің аға биі Қазыбек Келдібекұлымен, Кіші жүздің аға биіӘйтеке Бәйбекұлымен бірге қазақ ханы Әз-Тәуке ханның басты кеңесшісі болды
ІІ деңгей
Сөз тіркесінің аралығындағы ілгерінді кейінді ықпалды тап.
Атың кім? Ақ лақ, әкеп бер, сақ бол, көз сал, он бес, төрт қант.
ІІІ деңгей
Түбір мен қосымша, біріккен сөз, сөз тіркестері аралығындағы кейінді ықпалға мысалдар жаз.
VІІІ. Сабақты бекіту:
Бағалау
Үйге тапсырма беру:
1 Дыбыс үндестігі туралы түсінік.
2.337 – жаттығу.
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Орфография мен орфоэпия
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға Орфография мен орфоэпия туралы білім беру және нақтылы мысалдармен түсіндіру.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке дұрыс сөйлеу мәдениеттілігіне, ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардыңжалпы сауаттылығын арттыру, ойлау қабілетін кеңейту, фонетикалық талдау жасау дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын тексеру:
1 Дыбыс үндестігі туралы түсінік.
2.337 – жаттығу.
ІІІ Білім тексеру:
Сатылай фонетикалық талдау үлгісі
Сөз
1. Жуан, жіңішке, аралас буынды сөз
2.буын а) ашық ә) тұйық б) бітеу
3.тасымал
4.екпін
5.буын үндестігі
6. Дауысты, дауыссыз дыбыстарға мінездеме
Осы үлгіге сүйене отырып, білім - сөзіне сатылай кешенді
талдау жасау.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
«Орфография» деген сөз «дұрыс жазамын» дегенді білдіреді. Орфография – сөзді бірізді жазудың тәсілдерін белгілейтін ереже. Орфография дыбыстарды қандай әріппен беруді, сөздерді, оның бөлшектерін бірге, бөлек немесе дефис арқылы жазуды, бас әріптердің қолданылуын, тасымал тәртібін белгілейді.
«Орфоэпия» - «дұрыс айтамын» деген сөз. Орфоэпия – ауызша сөздің бірізді дыбысталуын қамтамасыз ететін ұлттық тіл нормасының жиынтығы. Әдетте сөздің бірізді дыбысталуы тілдесуді жеңілдетеді.
Дыбыс үндестігі орфоэпияның негізгі нормаларының бірі болып табылады.
Орфоэпиялық норма бойынша сөз бен қосымшаның шегіндегі, сөз бен сөздің аралығындағы дыбыстар бір – біріне үндесіп айтылуы керек.
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
Сұрақ жауап
Орфография дегеніміз не?
Орфоэпия дегеніміз не?
Тіліміздегі сөздердің айтылуы мен жазылуына байланысты оқушылардың өздеріне мысалдар айтқызу және тақтаға жаздыру
Мына сөздердің айтылуын жаз.
Көзқарас, шекара, бейсенбі, білекте, қашса, шашса.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1.Оқулықпен жұмыс
– жаттығу(ауызша)
Төмендегі сөздерді айтылуы бойынша жазыңдар.
–жаттығу
Төмендегі сөздердің тұсына олардың орфоэпиялық нормасын сақтап жазыңдар.
– жаттығу
Мәтінде қате жазылған сөздерді тауып, оларды дұрыс жазып шығыңдар.
.2.Деңгейлік тапсырмалар
І деңгей
1.Төмендегі сөздерден айтылуы бойынша жазылған сөздерді тап және оны дұрыс жаз.
Қонысбай, дүйсембі, сенбі, жұмышшы, бірқатар,сүссе, жасса, балмұздақты, Талдығорған, Меңдіқұл
ІІ деңгей
1.төмендегі сөздерді орфография бойынша жазып шық.
Башшы, өнүм, тұу, ыйық, тоқыу, іріу.
ІІІ деңгей
1. 1. Орфография мен орфоэпия туралы айт. Абайдың «Қыс» деген өлеңін орфоэпиялық нормамен жазып шық.
VІІІ. Сабақты бекіту:
Бағалау
Үйге тапсырма беру:
1 Орфография мен орфоэпия туралы түсінік.
2.342 – жаттығу.
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Екпін, ой екпіні, сөз екпіні.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың екпін ой екпіні, сөз екпіні туралы білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың екпін және оның түрлерін түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру,деңгейлік тапсырмалар беру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
IV Жаңа сабаққа дайындық
1.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау
V Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Тілдегі сөйлеу нормасына тән ендігі бір фонетикалық құбылыс – екпін. Сөйлеп тұрғанда, бір сөз басқа сөздерге, бір буын басқа буындарға қарағанда күшті, көтеріңкі айтылуын екпін дейміз.
Екпін сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні болып бөлінеді.
Екі немесе оданда көп буынды бір сөздің ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады. Қазақ тілінде сөз екпінінің орны тиянақты болды: екпін сөздің ең соңғы буынына түседі. Мысалы: үздік оқушыларға бағалы сыйлықтар беріледі.
Сөйлем ішіндегі ерекше көңіл аударылуға тиісті болған бір сөзді оқшаулап, бөліп айту ой екпіні деп аталады. Ой екпіні тұрақты болмайды. Өйткені бір сөйлемдегі кез келген сөзге ерекше көңіл аударыла беруі мүмкін.
Мысалы: Атасы бүгін ауылға келді. Атасы ауылға бүгін келді.
Ауылға бүгін атасы келді.
Осында бірінші сөйлем атасы ауылға келгенін, екінші сөйлемде атасы бүгін келгенін, үшінші сөйлемде ауылға басқа емес, атасы келгенін нақтылап хабарлау мақсаты көзделген. Сондықтан тыңдаушының назарын ой екпіні түскен сөзге аудару үшін ол сөздің қалыпты орны басқа орынға (баяндауыштың алдына) ауыстырып қолданылған. Назар аударылатын сөз сөйлемнің басында не соңында, көбінесе баяндауыштың алдында тұрады.
VІ. Түсінік тексеру
Терме диктант
1.Тігін фабрикасынан әкелінген киімдер дүкендерде сатылды.
2. Мектеп оқушылары құс фермасын аралап көрді. 3. Ферма жиырма мың центнер құс етін тапсырды. 4. Менің ағам авиация училищесінде оқиды. 5. Менің тұңғыш очеркім аудандық газетте жарияланды.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту
1..Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей
Екпін дегеніміз не?
Мына мәтіннен сөз екпінін тап.
Жастардың бүгінгі міндеті - оқу, білім, тәрбие жұмыстары. Сондықтан жастардың жалпы назары мектепке аударылуы керек.
(Ғ. Мұратбаев)
ІІ деңгей
1. Ой екпіні дегеніміз не?
2 Төмендегі шешендік сөзден ой екпінін тап.
Бостандықтың қадірін
Жабылғанда білерсің
Қалтаңдағы ақшаңды
Қағылғанда білерсің.
Денсаулықтың қадірін
Ауырғанда білерсің.
Ақ бетіңнің қадірін
Қан кеткенде білерсің.
ІІІ деңгей
Мақал – мәтелдер жазып, мағынасын түсіндір және ой екпіні түсіп тұрған сөздің астын сыз.
VIІІ. Сабақты қорыту
Бағалау
Үйге тапсырма:
1Тасымал туралы түсінік.
2. 334 -жаттығу
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Тіркес екпіні, дыбыс екпіні.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың тіркес екпіні, дыбыс екпіні туралы білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың екпін және оның түрлерін түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру,деңгейлік тапсырмалар беру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын тексеру:
1.Тасымал туралы түсінік.
2. 334 -жаттығу
ІІІ Білім тексеру:
Екпін дегеніміз не?
Сөз екпіні деген не?
Ой екпіні деген не?
Қазақ тіліндегі екпіннің ерекшелігі туралы айт.
IV Жаңа сабаққа дайындық
1.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау
V Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Кейде тілімізде бірнеше сөз тізбектеліп барып түгелімен бір ғана екпінге ие болады. Екпіннің мұндай түрі тіркес екпіні деп аталады. Мысалы: тәлім – тәрбие, ата – ана, оқу үшін, сен ғой, қырық шақты, ән сал, көк ала, қыпша бел, Абай көшесі, ат үсті, қас пен көздің арасында, құлақ сал, көп сөйледі, тез жазды, т.б.
Айтылуыда тіркес құрамына енген сөздердің ара жігі үзілмей, бірігіп айтылады.
Сөйлеушінің көтеріңкі көңіл күйін, абыржыған ішкі сезімін тыңдаушыға жеке бір дыбыс арқылы жеткізетін сәттер болады. Бір сөздің ішіндегі бір дыбысты көтеріп не созып айту тәсілі дыбыс екпіні деп аталады. Қуанышты көңіл күйді дауысты дыбыстарға түскен екпін білдіреді: т-тарт қолыңды, тыныш отыр-р-р, ж-жап есікті, т.б.
VІ. Түсінік тексеру
Оқулықпен жұмыс
345 – жаттығу
Үлгі – сызбада көрсетілген бір тіркес екпініне бағынатын сөздердің тұсына соған тұлғалас бірнеше сөз жазыңдар.
346 – жаттығу
Ауызша орындалады.
348 – жаттығу
Қарамен жазылған сөздерді буынға бөліп жазыңдар.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту
1..Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей
Дыбыс екпіні туралы айт және оған мысал келтір.
ІІ деңгей
Төмендегі өлең шумағынан сөз екпінін тап.
Көк майса бетегелі жерің қайда?
Күмістей толқындаған көңіл қайда?
Ың – жың боп жер қайысқан төрт түлікпен
Жөңкіліп көшіп қонған елің кайда? (М. Дулатов)
ІІІ деңгей
1.Жаңылтпаш жаз.
VIІІ. Сабақты қорыту
Бағалау
Үйге тапсырма:
1Ой екпіні, тіркес екпін туралы түсінік.
2. 349 -жаттығу
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Фонетикадан өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың тіл дыбыстары және оның түрлері туралы түсініктерін бекіту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы нығайту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын арттыру, фонетикалық талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі: қайталау
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІVжаңа сабаққа дайындық
Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
Сабақ мақсатын түсіндіру
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
1Ой екпіні, тіркес екпін туралы түсінік.
2. 349 -жаттығу
IIІ.Өткен материалдар бойынша білімін тексеру
І деңгей
1.Фонетика нені зерттейді?
2.Шаңырақ сөзіне фонетикалық талдау жаса.
ІІ деңгей
Буын дегеніміз не? Мысалмен дәлелде.
2.Бақытты фонетикалық сөзіне сатылай кешенді
талдау жаса.
ІІІ деңгей
1.Тасымал дегеніміз не?
2.Екпін дегеніміз не? Оның неше түрі бар?
3.Өз өмірбаяныңды жазып шық.
VІІ. Сабақты бекіту
350 – жаттығу
І топ
* Мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің
мағынасын түсіндір.
351 – жаттығу
ІІ топ
* Сөйлеудегі интонацияға, кідіріске екпінге
көңіл бөліңдер.
352 - жаттығу
ІІІ топ
* Екпін ерекше түсетін сөздерді анықтаңдар.
VIІІ Сабақты қорыту
Бағалау
Үй тапсырмасы: «Көктем» тақырыбында мәтін құрау.
354- жаттығу
Сабақ жоспары
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
4.Тоқсан: IV
5.Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Сөзжасам туралы түсінік
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға сөзжасам туралы түсінік беру, сөздердің мағынасын түсініп, жасалу жолдарын нақтылы мысалдар арқылы түсіндіру.
2.Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушыларды қосымшалар, тағы басқа тәсілдер арқылы арқылы сөздердің жасалу жолдарын ажырата алу дағдыларын арттыру, талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІVжаңа сабаққа дайындық
Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
Сабақ мақсатын түсіндіру
V Жаңа тақырыпты түсіндіру:
«Сөзжасам» дегеніміз – жаңа сөздердің жасалуы. Ойла дегенде ой деген сөзге – ла қосымшасы жалғану арқылы ойлау іс-әрекетін білдіретін жаңа сөз (ойла)жасалған. Мал деген сөзге -шы қосымшасы жалғану арқылы малды бағатын адам мәтіндегі жаңа мағыналы сөз (малшы) жасалған. Бес және атар деген екі сөздің бірігуінен жаңа мағыналы бесатар сөзі жасалған, ол – мылтықтың бір түрі.
Кәрі және жас деген сөздердің қосарлануы арқылы (кәрі-жас) бүкіл жұртшылық дегенді білдіретін жаңа мағыналы сөз жасалған.
Тілімізде қол деген сөз бар: бастапқы мағынасы – дене мүшесінің атауы, кейінгі мағынасы – әскер (қол).
Айғыр және жуа сөздерінің тіркесуінен (айғыр жуа) өсімдіктің атын білдіретін жаңа мағыналы сөз туған.
Жаңасөз тудырудың бірнеше тәсілі бар: жұрнақарқылы, екі сөзді біріктіру арқылы, екі сөзді қосарлау арқылы, екі сөзді тіркестіру арқылы жасалады.
Қазақ тіліндегі сөздер түбір сөздер және туынды сөздер болып бөлінеді. Жоғарыдағы келтірілген мысалдар – туынды сөздер. Ал түбір сөзге сөздің бастапқы мағынасы жатады: ой, мал, бес, ат, кәрі, жас, бала, айғыр, т.б.
VІ Түсінік тексеру
І топ
155 -жаттығу
Мына сөздердің қайсысы түбір, қайсысы жаңа мағынаға ие болған туынды сөз екенін айтыңдар.
ІІ топ
156 - жаттығу
Мәтінді көшіріп жазып, әр түрлі тәсілмен жасалған туынды сөздердің астын сызыңдар.
ІІІ топ
157 - жаттығу
Мәтіндегі туынды сөздерді табыңдар. Олардың қалай жасалғанын айтыңдар.
VІІ. Сабақты бекіту
Терме диктант жазу.
Екі жақ та қолға түскендердің қолдарын байлап, өз жағына қарай айдап әкетіп барады, әсіресе, иесіз қалған аттарды қуып жүргендер
көп – ақ. Енесей қашуға жөнелген бір топ аттарды қуа жөнеліп еді,
мойнынан оқ тиіп,Енесейдің аты омақаса құлап, Енесей жерді сүзе құлады. Қосалқы атты жетелеп жүрген Бекентай ауыздығымен алысып қызып алған тың атты тоса берді.
VIІІ Сабақты қорыту
Бағалау
2.Үй тапсырмасы:
1. Сөзжасам туралы түсінік
2.360,361 - жаттығу
Сабақ жоспары
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
4.Тоқсан: IV
5.Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Лексикалық жолмен жасалған
туынды сөздер
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың лексикалық жолмен жасалған туынды сөздер туралы түсініктерін кеңейту, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін дамыту , жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың лексикалық жолмен жасалған туынды сөздерді ажырата алу дағдыларын арттыру, сөз байлығын дамыту , талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
1. Сөзжасам туралы түсінік
2.360,361 - жаттығу
ІІІ Білім тексеру
Өздік жұмыс
Өз ойларыңнан «Тамаша, көктем» тақырыбында мәтін құраңдар. Ирек сызық түбір сөз, түру сызық – туынды сөз.
ІVжаңа сабаққа дайындық
Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
Сабақ мақсатын түсіндіру
V Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Туынды сөздердің лексикалық жолмен жасалуы дегеніміз – сөздің сыртқы түрі өзгермей – ақ, жаңа мағыналарға ие болуы. Мысалы, Ақ: 1) ақ (ағу – бастапқы мағына); 2) ақ (ақ жіп, ақ сүт – түсті білдіретін бастапқы мағына); 3)ақ – жаңа мағына (сүттен жасалатын тағамның атауы). Айдар: 1)ерекшелікті көрсету үшін әскери бас киімнің үстіне жасалатын бөлігі (бастапқы мағына); 2) баланың шашын алғанда, көз тимесін деп маңдай шашын не төбе шашын әдейі алмай қалдырған оның шоқ шашы (бастапқы мағына); 3) баспасөзде , телерадиохабарларда берілетін жаңа тақырыптар (жаңа мағына).
Қазақ тілінде осындай жолмен жасалған сөздерге көп мағыналы және омоним сөздер жатады.
VІ Түсінік тексеру
Сұрақ жауап
Сөзжасам деген не?
Түбір сөз деген не?
Туынды сөз деген не?
VІ І. Сабақты бекіту
362 – жаттығу
Мына сөздердің қанша мағынада жұмсалатынын табыңдар.
363– жаттығу
1. Қарамен жазылған сөздерді жақша ішіндегі сөздермен тіркестіріп айтқанда, мағыналарында қандай өзгерістерболатынын түсіндіріңдер.
364 – жаттығу
Берілген сөздердің әрқайсысы бірнеше мағына беретіндей етіп сөйлем құраңдар.
VIІІ Сабақты қорыту
Бағалау
2.Үй тапсырмасы:
1.Лексикалық жолмен жасалған туынды сөздертуралы түсінік.
2.365,366 – жаттығ
Сабақ жоспары
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
4.Тоқсан: IV
5.Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Бірігу жолмен жасалған
туынды сөздер
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың бірігу жолмен жасалған туынды сөздер туралы түсініктерін кеңейту, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін дамыту , жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың бірігу жолмен жасалған туынды сөздер түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін, сөз байлығын дамыту , талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
1.Лексикалық жолмен жасалған туынды сөздертуралы түсінік.
2.365,366 - жаттығу
ІІІ Білім тексеру
Өздік жұмыс
Төмендегі түбірлерден түберлес сөздер жаса
Жақ, тақ, қар, орын.
ІVжаңа сабаққа дайындық
Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
Сабақ мақсатын түсіндіру
V Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Екі я оданда көп сөзден бірігіп, жаңа лексикалық мағына беретін сөздер жасалады. Мысалы: Ақтөбе, көкқұтан, өнеркәсіп, Үштөбе, Сырдария, Болатбек, тасбақа, т.б. Бұларды тіл білімінде біріккен сөздер деп атайды.
VІ Түсінік тексеру
Жаңа сөздер қандай жолдармен жасалады?
Лексикалық жолмен жасалған туынды сөздерге мысал жаз.
Бірігу жолмен жасалған туынды сөздерге мысл жаз.
Бірігу тәсілімен жасалған қандай құс, аң, өсімдік, жер атауларын білесіңдер?
VІ І. Сабақты бекіту
– жаттығу
* Төмендегі сөздердің қандай сөздерден бірігіп жасалғанын айтыңдар.
375– жаттығу
* Мына біріккен сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құраңдар.
377– жаттығу
* Мәтіннен біріккен сөздерді тауып жазыңдар.
VIІІ Сабақты қорыту
Бағалау
2.Үй тапсырмасы:
1.Бірігу жолмен жасалған туынды сөздертуралы түсінік.
2.380 - жаттығу
Сабақ жоспары
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
4.Тоқсан: IV
5.Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Қосарлану жолмен жасалған
туынды сөздер
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың қосарлану жолмен жасалған туынды сөздер туралы түсініктерін кеңейту, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін дамыту .
2.Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың қосарлану жолмен жасалған туынды сөздер түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін, сөз байлығын дамыту , талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
1.Бірігу жолмен жасалған туынды сөздертуралы түсінік.
2.380 - жаттығу
ІІІ Білім тексеру
Өздік жұмыс
Төмендегі біріккен сөздердің қандай түбірлердің бірігуінен жасалғанын айтыңдар
Итжуа, жетіқарақшы, кемпірқосақ, көкжиек, әлдекім, күншығыс,Жанбота, Алатау,Тазқара, Қолғанат,Жұмаділ.
ІVжаңа сабаққа дайындық
Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
Сабақ мақсатын түсіндіру
V Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Кейде екі сөз қосарланып, бір тексикалық мағына береді. Мұндай сөздерді қос сөздер деп атайды. Қос сөздің сыңарлары мағыналық жағынан байланысы бар, бір тектес заттардың аттарынан, синоним сөздерден, кейде антоним сөздерден жасалады. Мысалы: сауыт-сайман, көрпе-жастық, ыдыс-аяқ, үлкен-кіші, жақсы-жаман, алыс-жақын, туған-туысқан, ығы-жығы.
VІ Түсінік тексеру
Екі сыңары да мағыналы сөздерге мысалдар жазу
Бір сыңары мағыналы, бір сыңары мағынасыз қос сөздерге мысалдар жаз.
Екі сыңары да мағынасыз қос сөздерге мысалдар жаз.
Күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздерге мысалдар жаз.
VІ І. Сабақты бекіту
382– жаттығу
* Төмендегі қос сөздердің қайсысында жаңа лексикалық мағына бар екенін, қайсысынгда ондай мағына жоқ екенін анықтаңдар.
381– жаттығу
* Мына сөздерден қос сөз жасап жазыңдар
383– жаттығу
* Қосарлану арқылы жасалып тұрған сөздердің мағынасын ашып түсіндіріңдер.
VIІІ Сабақты қорыту
Бағалау
2.Үй тапсырмасы:
1.Қосарлану жолмен жасалған туынды сөздертуралы түсінік.
2.384 - жаттығу
Сабақ жоспары
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
4.Тоқсан: IV
5.Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Тіркесу жолмен жасалған
туынды сөздер
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың тіркесу жолмен жасалған туынды сөздер туралы түсініктерін кеңейту, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін дамыту .
2.Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың тіркесу жолмен жасалған туынды сөздер түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін, сөз байлығын дамыту , талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
1.Қосарлану жолмен жасалған туынды сөздертуралы түсінік.
2.384 - жаттығу
ІІІ Білім тексеру
Терме диктант
Деменқұдықтан Қызылауызға жету үшін, елу шақырым шөл даланы басып өту керек. 2. Сарытауқұмынан оқпақ деп аталатын құс табылыпты. 3. Есалаң көкқұтан семіз денесін жасырып, жартасқа тығылады.4. Асқар Кенжетайдан бөлінген соң, Бурабай көлін жағалап, Оқжетпеске қарай тартты.
ІVжаңа сабаққа дайындық
Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
Сабақ мақсатын түсіндіру
V Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Тіркесу жолымен жасалған сөздер екі не одан да көп сөзден құралып, бір екпінмен айтылып, бір ғана лексикалық мағынаны білдіреді. Мысалы: он алты, қызыл ала, қол созым жер, көз ілмеді, темір жол, ғарыш кемесі, келіп кет, көк ала, жер жүзі, күн сәулесі, т.б. Мұндай күрделі сөздердің әрбір сыңары бөлек жазылады.
VІ Түсінік тексеру
Өздік жұмыс
Екі зат есімнен біріккен 2 қала атын тауып жазыңдар.
Сын есіммен зат есімнен біріккен 3 қала атын жазыңдар.
Екі зат есімнен біріккен 5 адам атын жазыңдар.
VІ І. Сабақты бекіту
385 – жаттығу
* Төмендегі күрделі сөздер нелердің атауы болып тұрғанын түсіндіріңдер
386 – жаттығу
* Берілген сөздерден күрделі сөз құрап жазыңдар
387– жаттығу
* Мәтіннен біріккен сөздерді табыңдар.
VIІІ Сабақты қорыту
Бағалау
2.Үй тапсырмасы:
1.Тіркесу жолмен жасалған туынды сөздертуралы түсінік.
2.388 - жаттығу
Сабақ жоспары
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
4.Тоқсан: IV
5.Мұғалім: .
Сабақтың тақырыбы: Сөзжасамнан өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға сөзжасамнан өткенді қайталау арқылы түсініктерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы нығайту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын арттыру, талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі: қайталау
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІVжаңа сабаққа дайындық
Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
Сабақ мақсатын түсіндіру
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
1.Тіркесу жолмен жасалған туынды сөздертуралы түсінік.
2.388 - жаттығу
IIІ.Өткен материалдар бойынша білімін тексеру
І деңгей
1. Біріккен сөздерге мысал жаз
ІІ деңгей
Антоним және синоним қос сөздерді жаз.
ІІІ деңгей
Күрделі сөзден тұрақты тіркестердің айырмашылығын айт және мысал келтір.
Үлгі: Ала қарға көк бауыр. (Күрделі сөз)
Көзі ашылды, жүрек жұтқан (Тұрақты тіркес)
Сөзжасамды қайталауға арналған тапсырмалар
Орыс тілінде приставкалар бар. Ал қазақ тілінде сөздің алдынан қосымшалар жалғана ма?
Екі буыны да мағыналы болатын атауларды табыңдар.
Екі сөзден бірігіп жасалған аң-құс атауларын жазыңдар.
Түбір сөздегі буын дыбыс ерекшеліктерін талғамай жалғанатын қосымшаларды атаңдар және оларды қатыстырып сөйлем құраңдар.
«Ой» сөзінен туындайтын сөздерді жазыңдар.
Сөздердің бірігуі арқалы жасалған неологизм сөздерді тауып атаңдар.
Біл, кел, бас,үй сөздерінен түбірлес сөздер жэасап, олардың мағыналық бірлігі мен айырмашылығын айтыңдар.
Жұрнақ жалғану арқылы жаңа мәнге ие болған сөздерге бірнеше мысал тауып атаңдар.
VІІ. Сабақты бекіту
І топ
388– жаттығу
Мәтіндегі туынды сөздерді теріп жазып, олардың қалай жасалып тұрғанын айтыңдар.
ІІ топ
389 – жаттығу
* Мәтіндегі қарамен жазылған сөздер тіркесу жолымен жасалған сөздерге жататын, жатпайтынын табыңдар.
390 - жаттығу
ІІІ топ
* Мәтінен тұрақты тіркестерді тауып, олардың білдіретін мағынасын анықтаңдар
VIІІ Сабақты қорыту
Бағалау
Үй тапсырмасы: «Қысқы көрініс » тақырыбында мәтін құрау.
391 - жаттығу
Сабақ жоспары
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
4.Тоқсан: IV
5.Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Тіл мәдениеті, әдеби тіл нормасы
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға тіл мәдениеті, әдеби тіл нормасы туралы түсінік беру, сөздердің мағынасын түсінуге үйрету.
2.Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, ана тілді құрметтеуге, мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушыларды сөз байлықтары мен сөздік қорларын, сөйлеу тілдерін дамыту, шығармашылық жұмыс жасауға дағыландыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІVжаңа сабаққа дайындық
Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
Сабақ мақсатын түсіндіру
V Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Тіл мәдениеті дегеніміз – сыпайы, ізетті, сауатты сөйлей білу мен жаза білу және сөзді дәл айта білу, оны орнымен, әсерлі етіп қолдана алу шеберлігі. Халықтың ұшан – теңіз сөз байлығының ішінен ең қажетті, ең ұтымды тілдік құралдардытаңдап алып, оларды айтылмақ ой мен мәтіннің мазмұнына, мақсатына сай етіп тіркестіре алу білгірлік пен шеберлікті қажет етеді. Мәтінді жүелі түрде мазмұндай алу да тіл мәдениетіне жатады.
VІ Түсінік тексеру
І топ
392 -жаттығу
Мәтіндегі тілге қойылатын талаптардың астын сызыңдар.
ІІ топ
393 - жаттығу
Суреттер топтамасындағы 19- суретке қарап, таңертеңгі қарбалас іс туралы мәтін құра.
ІІІ топ
395 – жаттығу
Мақал – мәтелдердің ауыекі сөйлеу тіліне жататындарын бір бөлек, жазба тілге қатыстыларын бір бөлек топтап жаз.
VІІ. Сабақты бекіту
Өздік жұмыс
«Менің анам» деген тақырыпта ойтолғау жаз.
VIІІ Сабақты қорыту
Бағалау
2.Үй тапсырмасы:
1. Тіл мәдениеті туралы түсінік
2.395, 396 – жаттығулар.
Сабақ жоспары
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
4.Тоқсан: IV
5.Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға туралы түсініктерін тереңдету , өз бетінше жұмыс істеу қабілетін дамыту .
2.Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы ойлау қабілетін жетілдіру, талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті,
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ Білім тексеру
Терме диктант
Батыр адам беліне қадалған оқты өз қолымен жұлып алып, лақтырып жіберді де, ол ет қызумен шаба берді, жақын қалған жүздікке ұшырасқанша, жараланғанын білдірген жоқ... Енесей мен Ұлпан, Несібелі – үшеуі қастарында төрт жігіт жолдастары бар, Артықбай ауылына салт шығып, мөлшерлі жерге жеткенде, үш ат жеккен пәуескемен Тілеміс тосып жүр екен.
ІVжаңа сабаққа дайындық
Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
Сабақ мақсатын түсіндіру
V Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Оқушыларға лингвистикалық білім беру
.
VІ Түсінік тексеру
Сұрақ жауап
VІ І. Сабақты бекіту
І деңгей
ІІ деңгей
VIІІ Сабақты қорыту
Бағалау
2.Үй тапсырмасы
Сабақ жоспары
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
4.Тоқсан: ІV
5.Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік:
2.Тәрбиелік:
3.Дамытушылық:
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен
мақсаты туралы хабарлау
II.Үй тапсырмасын тексеру:
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
IV. Жаңа сабақты бекіту.
IV. Үйге тапсырма беру:
V. Оқушылардың жауаптарын бағалау.
VI. Сабақтың аяқталуы.