?аза? тілі мен ?дебиеті п?нінен Буын ?ндестігі, Дыбыс ?ндестігі та?ырыбанда саба? жоспары


ОҚО, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы, №10 «Қарабұлақ» ЖОМ.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Баялиева Гулнора ТажихановнаҚазақ тілі Мектебі: № 10 Қарабұлақ жалпы орта мектебі Кабинет: 204 Мұғалім: Баялиева Гулнора Тажихановна
Сабақтың атауы Буын үндестігі
Сілтеме Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы 1. Білімділігі: Оқушыларға түбір сөздегі дауыстылардың жуан не жіңішке болып келуіне орай оған жалғанатын қосымшалардың да жуан не жіңішке болып жалғанатынын байқату. Сауатты жазуға үйрету.2. Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау, мәтінді талдау, тапсырмалар мен сұрақтар арқылы танымдық, шығармашылық қабілетін байқау, оқулықта берілген жаттығуларды өз беттерімен орындау, сөздерді дұрыс айтып, дұрыс жазуға үйрету арқылы ой - өрісін дамыту.3. Тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, белсенділікке, қызығушылыққа тәрбиелеу.Сабақтың көрнекілігі: Сызбанұсқалар, үлестірмелер, плакаттар, мазмұнды суреттер, интерактивті тақта, оқулық т. б.Сабақтың түрі: Жаңа ұғымды түсіндіру.Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу, ойын, шығармашылық тапсырмалар, топпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары т. б.
Жалпы мақсаттарОқыту  нәтижесіТопқа бөлу Сыныпты пазл арқылы топтарға бөлі
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
Үй тапсырмасын сұрау
ББ кестесін толтыру
Қызығушылықты ояту Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.
Қосымша шығармашылық тапсырмалар.
Үлестірмелермен жұмыс.№1. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып жаз.Неліктен сол қосымшаны жалғағаныңды түсіндір.Ақыл – жас..., асыл тас...,№2 Берілген сөздерді буынға бөліп жаз. Әр буындағы дауысты дыбыстың жуан не жіңішке екенін айт.Өнерлі, өнерпаз, көкжиекте, шаңырақтың.Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құра.№3 Түбір сөздерге тиісті жалғауларды теріп жаз.құрылыс... - тераң... - шыкөбелек... – дар- Сонымен, балалар, қазақ тіліндегі сөздердің біріңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып келу себебі неде екен?- Оның себебі: түбір сөздің соңғы буынында жуан дауысты дыбыс болса, оған жалғанатын қосымша да жуан, жіңішке болса, қосымша да жіңішке болып жалғанады.
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу Сергіту сәті Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
Ой толғаныс Жұмыс (соңғы буыны қалай үндесіп тұр?)Еңбек (соңғы буыны қалай үндесіп тұр?)1. Буын үндестігі дегеніміз не?2. Сіз оны қалай түсінесіз?
Үй тапсырмасы Оқулықтағы тапсырмаларды орындау,ереже жаттау Күнделіктеріне жазады
 Бағалау  Бағалау парақшаларын толтыру.
Қазақ тілі Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Дыбыс үндестігі
Сілтеме Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Мақсаты: жаттығуларды орындау барысында сөздердегі дауысты у және дауыссыз болып келетін жағдайларды ажыратуға, сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету; сөздік қорын, қисынды ойлауын, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту; еңбек, адамгершілік тәрбиесіне баулу.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, жинақтау, көрнекілік.
Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер
Жалпы мақсаттарОқыту  нәтижесіТопқа бөлу Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасы орындалған дәптерлерді тексеру
Қызығушылықты ояту Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.
Қосымша шығармашылық тапсырмалар.
ДЫБЫС ҮНДЕСІ
         Дыбыс үндестігі дегеніміз - қатар кептен екі дыбыстың бір-біріне ықпал етіп үндесуі
         Оның 3 түрі бар:
ілгерінді ықпалкейінді ыкпалтоғыспалы ықпалМысалдар келтіру
Сөзбен сөз арасында,  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D2%AF%D0%B1%D1%96%D1%80" \o "Түбір" түбір мен қосымша арасындағы дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, өзгеріп, айтылуын немесе жазылуын  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%AE%D0%BD%D0%B4%D0%B5%D1%81%D1%82%D1%96%D0%BA_%D0%B7%D0%B0%D2%A3%D1%8B" \o "Үндестік заңы" үндестік заңы дейді. Үндестік заңы 2-ге бөлінеді: буын үндестігі, дыбыс үндестігі. Буын үндестігі сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып келуін айтады. мысалы: Әже, инелік. Ата, инабат, уақыт.
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу Сергіту сәті Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.
Жаттығу жасаймын.
Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ
Жаттығу оңай-ақ.
Ой толғаныс Есіңде сақта!
ДЫБЫС ҮНДЕСТІГІ
(Ассимиляция)
Түбір сөз бен қосымша, сөз бен сез арасыңдағы дыбыстардың бір-біріне ұқсата әсер етуі дыбыс үндестігі аталады. Мысалы, қалалық, мәнерле, мәжіліске, мектепте, сияқты мысалдарда қала, мәнер сөздеріне қосымшанын үнді дыбыстан басталып жалғануына сөздің соңындағы дауысты және үнді дыбыстар әсер еткен. Ал мәжіліс, мектеп сөздеріне қосымшаның қатаңнан басталып жалғануына сөз соңындағы қатаң дыбыстар қосымшаның өзіне жақын қатаңнан басталуына ықпал еткен.
Дыбыс үндестігі үшке бөлінеді: Ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалы ықпал.
ә) Сөздер неден құралады?
Әріп деп нені айтамыз?
Дыбыс дегеніміз не?
Үй тапсырмасы Оқулықтағы тапсырмаларды орындау,ереже жаттау Күнделіктеріне жазады
 Бағалау  Бағалау парақшаларын толтыру.