Волейбол ойыны 6 сынып


ШҚО Тарбағатай ауданы Ақжар ауылы
«Абай атындағы орта мектебі» КММ
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ақшалова Айгерім
Сабақ жоспары.

Волейбол 6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Волейбол қайталау
Жалпы мақсаты: Оқушылардың «Волейбол» ойыны туралы түсініктерін тиянақтау, пысықтау, пәнге деген қызығушылғын арттыру, ой ұшқырлығын дамыту;ептілікке тәрбиелеу
Сілтеме: Дене тәрбиесі 6-сынып, 32-36 бет
Оқушылар үшін оқу нәтижесі: 1. Волейбол ережелерін қайталау.
2. Волейбол әдіс- тәсілдерін қайталауға сұрақтар беру.
Негізгі идеялар: Спорттық ойындарды, спорттық құндылықтарды дәріптеу.
Сабақта қолданылатын материалдар 1.5- сыныптарға арналған денешынықтыру басылымы
2.Тірек сызба, суреттер,
3.Топтық тапсырмалар.
Оқыту әдістері 1.Топтық жұмыс
2. Болжау
Дерек көздер Волейбол тақырыбына берілген материалдар
Тапсырмалар Оқулықта берілген жаттығулар
1. «сұрақ жауап» беріледі
2.«Постер жасау» Жаттығулар
Сабақ бойынша мұғаліммен оқушының
іс -әрекеттері Оқушылырға психологиялық ахуал туғызу, жұмыс жасау ортасын қалыптастыру
(3)мин
Волейбол командасының формасын жасау
Сыныпты топқа бөлу 1,2,3,4 санағымен 4 топқа бөлу
Үй тапсырмасын сұрау
I Сұрақ жауап
1. Волейбол алаңының аумағы қанша метр?
2. Волейбол ойынын қанша адам ойнайды?
3.Волейбол ойынында допты неше рет алуға болады?
4. Волейбол ойынында неше партия ойналады?
5. Волейбол ойынында уақыт шектелеме?
6. Волейбол торының биіктігі қанша метр болады?
II «Постер» Волейбол киімінің үлгісін салып оны қорғау.
Негізгі бөлімге:
Допты жоғарыдан соғып тордан асыру.
-Оқушыларды екі топқа бөліп, тордың екі жағына орналастырып допты жоғарыдан соғып тордан асыра беруді үйрету.
-Допты дәл беру үшін қолды дұрыс ұстаудың үлкен мәні бар.
-Қолды, білекті сәл ғана қисайтып ұстау доптың қайта серпілу кезіндегі бағытын өзгертіп жібереді
-Жеңілдетілген ережемен ойнау (6*6)
Сабақты қортындылау
Волейбол добын неше рет қабылдауға болады?
Кейінгі тапсырмалар Волейбол ережелерін қайталау
Волейбол туралы 1-2 сұрақтар жаз
Келесі оқулық Өтілетін келесі тақырып бойынша не білу керек?
Спорттық Волейбол, Баскетбол, Футбол ойындарының ерекшеліктері туралы ақпарат жинап келу
Бағалау Оқушылардың сабақтағы белсенділіктеріне қарай бағалау.