Бастауыш сынып?а арнал?ан ашы? т?рбие са?аты.Та?ырыбы:Ана-бізді? к?німіз.


Сабақтың тақырыбы: «Ана біздің күніміз»
Сабақтың мақсаты: Әр адам үшін басты тұлға-Ана балалардың ойлау қабілетін дамыту. Аналарын
Көрнекілігі: шарла,қанатты сөздер,плакат
сыйлауға тәрбиелеу. Өту барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: -Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,қасиетті аналар!
Қош келдіңіздер! Аяулы аналар,қадірлі ұстаздар. Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезіммен нұр құйып,8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті.Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын!Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болаты,аналарға ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбес емес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Бүгінгі «Ана біздің күніміз» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.Енді балаларымыздың өнерлерін тамашалаңыздар.
Дариға: Біз доспыз гүлдермен
Текке оны жұлмаймыз
Той күші бір-бірден
Аналарға сыйлаймыз.
Аңсар: Сенен өскен батырлар
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар
Саят: Ақ анашым,аппағым
Өзің жайлы таппағым
Өзің жайлы әнім де
Арнадым саған бәрін де
Мейіржан: Теңдесі жоқ данасың
Арқа сүйер панасың
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым
Жұлдыз: Ана біздің күніміз
Ана біздң күніміз
Ұлыңды ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
Көңілің Алатаудың ақ қарындай
Мейірімің күннің шуақ шақтарыңдай
Қалайша аяулы ана тына алармын Ән болып сағынышқа ақтарылмай –деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне би.Енді алдарыңызда балаларыңыздың өнерлері қабыл алыңыздар.
Арай: Қуанамыз,сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Аналарды құттықтап
Жырдан шашау арнаймыз.
Елікай: Баланың да тірегі
Даланың да тірегі
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
Алтынбек: Ерлік еңбек атқарған
Еңбегімен мақталған
Ел сенімін ақтаған
Айналайын ,ақ мама!
Әсемай: Өзің мені,өсірген
Айналайын,ақ әжем
Тентек болсам кешірген
Шөлдедің бе,дана әжем
Көрінісі: «Ананың жұмбағы»
Автор: Балапандарым,мен сендерге бір жұмбақ айтамын,сендер соны шешіңдер.Сендердің бәріңді 9 ай бақтыға жапса,одан шыққан соң аузыңа өке тақса ,арқаңды ағашқа таңса,сол адамға не істер едіңдер?
Тұңғыш ұл: Мен оның басын балтамен шабар едім.
Екінші ұл: Оны мылтықпен атып тастар едім.
Үшінші ұл: Оның мұрнын бұзар едім.
Кенже ұл : Жоқ,ана,мына үшеуіңнің жасайтындарың ақымақтың ісі.Ал мен болсам,ол адамды аялап ,өлгенше алақаныма салып бағар едім.Ол мені жарық дүниеге әкелген адам.Ол –асыл ана. Сіз бізді 9- ай көтердіңіз,бізге жарық дүние сыйладыңы.Қырқынан шығарып,ағаш бесікке бөледіңз.
Міне жұмбағыңыздың шешуі осы.
Ана: Жарайсың ,кенжетайым!
Хан: Әй , кенже ұлым! Көркіңе ақылың сай болып өсіпсің.Анаң екеуміздің көңіліміз толды. «Көктем» атты патшалықты өзіңе сеніп тапсырамын. Хан баласы: Ізетті ,инабатты,инабатты ұл-қыздарым!.Бауырларыңды тыңдаңдар.Бірлік пен татулықты серік етіңдер.Ана сыйлағанды Алла жарылқайды,аналарыңды сыйлаңдар!
Автор: Сонымен,хан жарлығы екі болмайды.Кенже ұл тағына отырып,көңілді «Көктем» патшалығын басқарыпты.Ұлдардың орындауындағы би: «Қара жорға» -Осымен біздің мерекеміз аяқталды.
Қымбатты да аяулы аналар мен әжелер! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу ,ең мейірімді ,ең қамқор адам осы Отырған
сіздерсіздер.Дендеріңіз сау,көңілдеріңіз шат болсын !Әрқашан аман болайық!