?л?айт?ыш ??ралдар (саба? жоспары)


Қысқа мерзімді жоспар 4 сабақ Пән мұғалімі:
ПӘНІ Биология КЛАСЫ 6
ТАҚЫРЫП Ұлғайтқыш құралдар: микроскоп, ұлғайтқыш әйнек. Ұлғайтқыш құралдарды қолдану тәсілдері. Препараттар даярлау. Материалдар және құрал жабдықтар. Қауіпсіздік техникасы.
МАҚСАТЫ Ұлғайтқыш әйнектердің құрылысы, қызметі, қолдану әдістерімен танысу. Адамгершілік, экологиялық тәрбие беру, топпен бірлесіп жұмыс жасай білуге, ынтымақтастыққа, сыни ойлауға үйрету, қойылған мәселенің шешімін таба білу, зерттеушілік әңгіме жүргізу, сұрақтар қою арқылы оқушылардың өз пікірін жеткілікті дәрежеде жеткізе білу, еңбексүйгіштікке баулу.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ Тақырыпты игеру, өз ойларын жеткізу және басқалармен ой бөлісу дағдысы мен денгейі дамиды;
Білім алушының іс әрекеті сабаққа байланысты бағыт алады.
Оқушылар сонымен қатар шығармашылықпен жұмыс жасауға, бір біріне көмек көрсетуге дағдыланады.
КЕЗЕҢДЕРІ РЕСУРСЫ САБАҚТАҒЫ ІС-ӘРЕКЕТ ДИФФЕРЕНЦИАЦИЯ БАҒАЛАУ
Ұйымдастыру кезеңі
(2 минут) Ғалымдардың, ұлғайтқыш әйнектердің фотосуреттері Психологиялық тренинг өткізу. Қызығушылықты ояту
(3+5минут) Сұрақ-жауап Мұғалім оқушыларға тақырыптың мәнін ашу үшін жаңа тақырып туралы не білетінін тексеру үшін, ішкі және сыртқы шеңбер жасауын тапсырады.
Оқушылар ішкі және сыртқы шеңберге тұрып, бір біріне тарау бойынша сұрақтар қояды. Сыныптағы қабілетті төмен және жоғары оқушыларды анықтау

Жұптық бағалау,
«Үш шапалақ»
Мағынаны тану
(15 минут)
(10 минут)
Биология оқулығы
Топтарға тақырыпты оқуды ұсыну, бағыт беру.
Зеттеушілік әңгіме жасау.
Өсімдіктердің табиғат және адам өміріндегі
Кітаппен (тақырыпты оқу) жұмыс. «Түртіп алу» әдісі бойынша термин сөздерді дәптерлеріне жазып алады. Топ ішіндегі үлгермеуші оқушыларға жеке көмек көрсету. Барлық оқушылардың таныстырылымға қатысымы еске алынады.
«Критерийлер арқылы бағалау»
Рефлексия
(10 минут) 6-сыныпқа арналған «Жұмыс дәптері» Тақырыпты қаншалықты түсінгенін анықтайды, тиянақтайды. Алты қалпақ әдісі, блум таксономиясының сұрақтары арқылы ұлғайтқыш құралдардың түрлерін жеке таныстырады. Оқушылар сұрақтарға жауап береді; Оқушылар тақырып бойынша жуан және жіңішке сұрақтарын жазып тақтаға іледі, жеке жауаптар қайтарылады.
Өз өздерін бағалайды
Рефлексия жүргізу.
Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма Үйге тапсырма беру: «Ұлғайтқыш құралдардың қазіргі заманғы дамуы: жетістіктері мен болашағы» тақырыбында ізденіс жұмыс.