Б??ар жырау Бірінші тілек


Сабақты тақырыбы: Бұхар жырау «Бірінші тілек»
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Жырау өмірі мен толғауларын түрлі тақырыбы бойынша топтап, талдау барысында оқушыларға толғауларның өзекті тақырыбы мен идеясын аңғарту, түсіндіру.
ә) Тәрбиелік: Жырау толғауларындағы ақыл – нақылдарды негіз ете отырып
оқушыларды адамгершілікке, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу. Елін
сүюге, қорғауға шақырыу.
б) Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ету, сөз байлығын арттыру; есте сақтау қабілетін дамыту.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдістері: баяндау, түсіндіру, сұрақ – жауап
Сабақтың көрнекілігі: Бұқар жыраудың сөзі жазылған плакат, жыраудың суреті, кесте
Пәнаралық байланыс: тарихСабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгендеу, сынып тазалығына көңіл бөлу
оқушылардың назарын сабаққа аудару;
Ел бастау қиын емес,
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
«Иә», «Жоқ» стратегиясы1. Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиеті саласына жата ма?2. Шешендік сөздердің елге белгілі адамдарға қатысы бар ма?3. Шешендік сөздер тек дауларға байланысты ғана туған ба?4. Шешендік сөзде халықтың тіл байлығы байқала ма?5. Айтушылары ұмыт болған шешендік сөздер кездесе ме?6. Шешендік сөздерді аталы сөз деуге бола ма?
ІІІ Білімді тексеру кезеңі
Ол үшін: үй тапсырмасы сұралып жатқанда, жалпы жыраулар поэзиясынан білімдерін анықтау үшін карточкалар тарату.
1) Жоғары қарап оқ атпа,
Жуық түсер қасыңа
Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа ......................... Авторы кім? (ары қарай жалғастыр).
Күндердің күні болғанда
Сол жаман айғақ болар басыңа.
Авторы – Шалкиіз жырау.
2) Қазтуған жыраудың қандай жырларын білесің?
Аты: «Мадақ жыры», «Белгілі биік көк сеңгір», «Алаң да алаң, алаң жұрт».
3) Жыраулар поэзиясы қай кезеңнен басталады? Оның басты өкілдері кім?
XV ғасырдан басталады. Өкілдері: Асан Қайғы, Доспамбет, Ақтанберді,
Қазтуған, Үмбетей, Шалкиіз, Жиембет жыраулар.
4) «Айнала бұлақ, басы Тең
Азаулының Стамбулдан несі кем.
Азаулының Аймадет», - деп жырлаған қай жырау?
Доспамбет жырау5) Ақтамберді жырау қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
6) Жыраулар поэзиясынан қандай ой аңғарылады. Ерекшелігі қандай?
Жыраулар толғауларынан бәрінің де халқының қамын ойлағаның, бейбіт, тыныш заманды аңсағанын, елді бірлікке шақырғанын аңғарамыз. Сөздері ақыл – нақылға толы болып келеді.
ІV Мақсат қою кезеңі
Ал балалар, біз бүгін Бұхар Қалқаманұлы өмірі мен «Бірінші тілек тілеңіз» өлеңімен танысамыз. Бүгінгі күнді және сабақтың тақырыбын жазып қояйық.
V Жаңа білімді түсіндіру
Әуелі мына тақтада тұрған сөзді жазып алайық. Бұл сөз бүгінгі сабағымыздың эпиграфы болады:
«Айнала алмай ат өлсін,
Айыра алмай жат өлсін,
Жат бойыңнан түңілсін,
Бәріңіз де бір енеден туғандай болыңыз».
Бұқар жырау Қалқаманұлы 1668 жылы қазіргі Баянауыл ауданы, Далба тауы бойында туып – 1781 жылы өз елінде қайтыс болған - әйгілі жырау. Абылай ханның ақылшы - биі, абыз. Жұрт оны «Көмекей әулие» деп атаған. Сөйлегенде үнемі қара сөзбен емес, көмекейі бүлкілдеп, түйдек - түйдек жырмен сөйлейтін болған. Көбіне Абылай ханның «сәуе айтшы» деген өтініш, тілегімен түсін болжап, онысы дәлме - дәл келіп отырған. Әкесі Қалқаман батыр болған. Бұқар жыраудың өзінен Ақдербіс, Жарылғап, Жанта есімді үш ұл тараған. Ол өзінің ұзақ ғұмырында талай - талай тарихи оқиғаларды басынан өткізген. «Ақтабан шұбырынды» заманында тәуелсіздік пен ел бірлігін сақтауда айрықша күш жұмсаған. Ол Абылай ханға үлкен үміт артып, оның ел басқарудағы саясаты мен жорықтарын қолдаған.Сөздікпен жұмыс.Жырау - өз жанынан жыр шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі. Сәуегейшілік, батагөйшілдік, түс көру, ырым айту, табиғат құбылыстарына болжамдар жасау (абыздың бір міндеттерін атқару) – көне дәуір жырауларына тән қасиет.Абыз – ғұлама, әулие, көріпкел адам. Тайпа, ұлыс өміріне, ел басқару ісіне, жорық жасау мәселесіне араласып отырған саяси тұлға. Жортуыл сәуегейі болған.
Бұқар жырау толғауларын үлкен төрт топқа бөлуімізге болады.
1.Өмір жайлы талғаулары.
2.Адам өмірінің кезеңдері жайлы.
3.Ел бірлігі жайлы.
4.Абылай ханға арнаған толғаулары жайлы.
Өмір жайлы талғауларынан жыраудың табиғат құбылыстарына көз жібере отырып, солардың бәрінің де өліп, өшіп, өзгеріп отыратының нанымды дәлелдегенін көреміз. Жыраудың сөздері тұнып тұрған ақыл, өнегелі, ғибратты сөздер. «Қара құлам жүйрік деп», «Ай не болар күннен соң», «Ежелгі дос жау болмас», «Жар басына қонбаңыз», «Жол құрығы қаба деп», «Қара арғымақ арыса», «Жарқ – жарқ еткен жайда бар», «Асқар таудың өлгені», т.б. Биік тауға жарасар «Асқар таудың өлгені» дегең өлеңінде жырау «өлмегенде не өлмейді?» сұрағына «жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді», – деп жауап беріп, бүкіл ой – білімін, талант – дарынын, өмірін, адамзаттың асыл арманы үшін сарп еткен адамдардың есімі де, олардың артына қалдырған аталы сөздері де ғасырларға кете береді деген түйін жасады.
Адам өмірінің кезең – кезеңдері туралы толғауларының да ғибраты мол. Бұл тақырыптағы өлеңдеріне «Жиырма жасыңда», «Ей Абылай, сен он бір жасыңда», «Атам болған жиырма бес» – ті жатқызуға болады. Адамзаттың жас кезінен бастап қартайған шағына дейінгі өмірін суреттейді.
«Атам болған жиырма бес» деген өленңнде жастық пен кәрілікті қарама қарсы қойып суреттесе, «Жиырма деген жасыңыз» деген өлеңінде жиырмадан тоқсанға дейінгі кезеңді жеке – жеке жырлайды.
Бұқардың қай талғауын алсақ та, елді бірлікке шақыру идеясы аңғарылады. Ел бірлігін, ел тыныштығын, тәуелсіздігін, бейбіт өмірін жырына арқау еткен жыраудың бұл тақырыптағы өлеңдері «Керей, қайда барасың», «Бірі етек, бірі жең болған», «Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек» т.б. көптеген өлендерін атауға болады.
VІ Сабақты түсінгендігін тексеруБұқар жырау толғауларындағы негізгі тақырып пен идея қандай?
Адам өмірінің кезендерін суреттеген қандай өлеңдер бар?
Ел бірлігін сақтау идеясы жырау толғауларынан қалай көрініс береді?
Карточка тарату.
Бұқар жырау шығармаларынан ел бірлігін көздеген сұңғылалықты, татулықты аңсаған ақыл иесі екенің көреміз (жыраудың).
Жырау өз жырына заманның түрлері құбылыстарын жақсы мен жаман, достық, адалдық, мейірімділік т.б. жайындағы ойды да арқау еткен. Абылай образын ашуда да үлесі зор екенің көреміз.
Адам баласының кей кездегі пендешіліктерін, барға қанағат етпей, шүкіршілік жасамай, тәубеден тайып кететін сәттерін мына жырында әдемі өрнектеп берген. «Үмітсіз шайтан»
VІІ Бекіту кезеңі
«Бірінші тілек тілеңіз» өлеңін мәнерлетіп оқытып, идеялық мазмұнын айтқызу
VІІІ Сабақты қорыту
Үйге тапсырма беру (өмірін оқып, өлеңін жаттау)
Бағалау