Шы?ыс ?аза?стан. Экономикалы? географиялы? жа?дайы, таби?ат жа?дайлары, ресурстары, хал?ы
Пәні: Экономикалық және әлеуметтік география. 9 сынып
Күні: 26.02
Сабақтың тақырыбы: Шығыс Қазақстан. Экономикалық географиялық жағдайы, табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы.Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Шығыс Қазақстан табиғатының алуан түрлілігі және арзан су энергиясына бай, полиметалл кені негізінде дамыған, түсті металлургия салалары, халқы туралы білім беру. Дамытушылық: Оқушының тез қабылдауына жол ашу, ой қиялына ерік бере отырып, өз пікірін айтуға, қорытынды шығаруға төселдіру, теориялық білімін, зейінін дамыту; Тәрбиелік: • Отанын сүюге, еңбек сүйгіштікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу. • Өзіндік – сана сезім, ақыл – ой парасаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: түсіндіру, кескін картамен жұмыс, кестемен жұмыс, сұрақ-жауап
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың пәнаралық байланысы: экология, тарих, химия
Сабақтың көрнекілігі: карта, сызба, кестелер (қосымша материалдар).
Сабақтың барысы:
Ұйымдастырылу кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
Сабаққа дайындығын тексеру, үй тапсырмасын сұрау.
Орталық Қазақстан экономикалық ауранының қалаларына сипаттама.
қалалар Қаланың құрылған уақыты, халқы Негізгі өнеркәсіп саласы Даму проблемасы, болашағы
ЖЕЗҚАЗҒАН ТЕМІРТАУ БАЛҚАШ Кескін картамен жұмыс.
Қарағанды экономикалық ауданымен шектесетін облыстарды бейнелеу.
Экономикалық ауданның ірі қалаларын түсіру.
Пайдалы қазбаларын бейнелеу.
Кескін картада бейнеленген тау жотасымен өзенді көрсету.
Теміржол магистралін белгілеу.
Жалғасын тап...
Күкірт қышқылы - …… Азот қышқылы - …Синтетикалық каучук - …Техникалық резина бұйымдары - …Балық зауыты - …«Эфес» сыра қайнату зауыты - …Кен шахта құрал жабдықтарын шығаратын кәсіпорын - …«Миттал Стил» металлургия зауыты - …
V. Жаңа білімді меңгерту.
1. Экономикалық – географиялық жағдайы Шығыс Қазақстан - республикамыздағы экономикалық аудандар арасында аумағы жағынан ең кішісі. Ертіс өзенінің жоғарғы ағысында, Алтай тауы мен Сарыарқаның шығыс бөлігін алып жатыр. Ресей және Қытай мемлекеттерімен шекаралас. Шығыс Қазақстан табиғатының алуан түрлілігі тек республиканың оңтүстік аудандарына ғана жол беріп, ал жер қойнауы байлығы жөнінен Ресейдің Орал ауданымен қатар тұр.
2. Табиғат ресурстары. Шығыс Қазақстанның аумағында басын мәңгі қар мен мұз басқан Алтай, Сауыр - Тарбағатай биік таулары, орташа биіктіктегі Қалба тауы, ұсақ төбелі жазықтықтар, тау аралық кең алқапты алып жатқан қазаншұңқырлар, сонымен бірге өзен аңғарларындағы жазықтар кездеседі.
3. Табиғи ресурстары. Шығыс Қазақстан табиғи ресурстарының молдығы жөнінен елімізде алдыңғы орында. Мұнда полиметалл кені XVIII ғасырдан бері өндірілуде. Полиметалдың негізгі құрамы – қорғасын, мырыш және мыс. Аудан аумағында жалпы мемлекеттік қорғасын қорының 26, 1 %, мырыштың 45, 8 %, мыстың 47, 9 %, алтынның 52, 2 %, титанның 37, 1 %, тантал кенінің 59 % шоғырланған.
Су энергетикалық ресурсы республикадағы су қорының 50 % осы ауданның үлесіне тиеді.
Ірі бөгендері: Бұқтырма, Өскемен
Ірі өзендері: Ертіс, Бұқтырма, Үлбі, Шар, Нарын
Ірі көлдері: Зайсан, Сасықкөл, Марқакөл, Алакөл, Күршім
4. Халқы. Шығыс Қазақстан халқының саны жөнінен Орталық Қазақстаннан кейінгі орында. Халқының орташа тығыздығы 1 км ² жерге 6 адамнан келеді. Ауданда 9 қала, 24 қала типтес елді мекен бар. Қалалық елді мекендердің қалыптасуы пайдалы қазбалар өндіру, кен байыту комбинаттары мен металлургия кәсіпорындарының орналасуымен байланысты.
VI. Жаңа білімді бекіту.
1. Халқының орналасу ерекшелігі қандай? Халық тығыз қоныстанған аймақ – Халық сирек орналасқан аймақ –2. Неліктен Алтай тауы баурайына жауын-шашын көп түседі?
VII. Үйге тапсырма.
1. Кескін картаға Шығыс Қазақстан экономикалық ауданының кен орындары мен жер бедерін түсіру.2. Берілген тапсырманы оқып түсінгенін айту.
VIII. Қорытынды.