Допты тигізу 2 сынып


№4 жалпы орта білім беретін мектебі
24765085725Ашық сабақ
Ашық сабақ

Тақырыбы: Қимылды ойындар. «Допты тигізу»
Сыныбы: 2 «б»
Өткізетін: Байназаров Ердастан Бахытович
2014-2015 оқу жылы
Күнделікті сабақ жоспары
Тақырыбы: Қимылды ойындар. «Допты тигіз»
Мақсаты: 1. «Допты тигізу» ойының үйрету
2. Шынығу жаттығуларын жасату арқылы оқушылардың ширақтық және
төзімділік қасиеттерін арттыру. Ойын арқылы дәлдікке баулу.
3. Оқушыларды қимыл қозғалысқа қатыстыра отырып дені сау азамат
болуға,ұйымшылдыққа баулу.
Сабақтың түрі: Үйрету , қалыптастыру
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, көрсету, ойын, жарыс түрінде
Керекті құралдар: Уақыт өлшегіш, ысқырық ,волебол, баскетбол доптары
Өтілетін орны: Спорт зал
Өтілетін уақыты: 26.02.2015ж.
Өтілетін сыныбы: 2 «б» сынып
Пән мұғалімі: Ердастан Байназаров
№ Мазмұны Уақыты Әдістемелік нұсқаулар
І Дайындық кезеңі
1.Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт тапсырту. Өтілетін сабақты түсіндіру.2.Саптағы жаттығулар:- оңға,
- солға бұрылу.
3.Жүру.Жай жүрістен жүгіруге көшу.
4.Жүгіру жаттығулары:
- Аяқты түрлі қалыпта алақанға тигізе жүгіру.
5.Жүру жаттығулары:
- қол жоғары, аяқтың ұшымен жүру,
- қол белде, өкшемен жүру,
- «қоянша» секектеп жүру,
- отырып «бақаша» секіріп жүру.
6.Жалпы дамыту жаттығулары (ЖДЖ):
- Б.қ-Н.т:
аяқ иық деңгейінде, қол гимнастикалық таяқтың үстінде, басқа жаттығу,
1-4 басты оңға,
1-4 солға айналдыру;
-Б.қ-Н.т. аяқ иық деңгейінде,
қол алда, иыққа жаттығу,
1-4 гимнастикалық таяқты ұстап
иықты алға айналдыру,
1-4 иықты артқа айналдыру;
-Б.қ-Н.т. аяқ иық деңгейінде,
қол алда төменде, қолға жаттығу,
1-2 оң қолды артқа айналдыру,
3-4 алға айналдыру,
1-2 сол қолды артқа айналдыру,
3-4 алға айналдыру;
-Б.қ-Н.т. аяқ иық деңгейінде,
қол алда төменде, қолға жаттығу,
1-2 қос қолды бірдей артқа
айналдыру,
3-4 алға айналдыру;
- Б.қ-Н.т: аяқ иық деңгейінде, оң қол
белде, сол қол жоғары, белге
жаттығу,
1-2 оңға қисаю,
3-4 солға қисаю;
-Б.қ-Н.т. аяқ иық деңгейінде
қол белде таяқшаның астында, белге жаттығу,
1-2 оңға қисаю,
3-4 солға қисаю;
-Б.қ-Н.т. аяқ иық деңгейінен алшақ, қол белде таяқшаның бойында, белге жаттығу,
1-2 оң қолды қисайып аяқ
бойына тигізу,
3-4 солға қисаю;
-Б.қ-Н.т. аяқ иық деңгейінде, қол төменде, аяққа жаттығу,
1-2 қолды жоғары көтеріп оң
аяққа отыру,
3-4 сол аяққа отыру;
-Б.қ-Н.т. аяқ иық деңгейінен алшақ, оң қол таяқта, сол қол төменде, белге, аяққа жаттығу,
1-2 сол қолды көтеріп оңға
қисаю,
3-4 сол қолды оң қолдың үстіне
ұстап бұрылып оң аяққа отыру,
б.қ-Н.т. аяқ иық деңгейінен
алшақ, сол қол таяқта, сол қол
төменде, белге, аяққа жаттығу,
1-2 оң қолды көтеріп оңға қисаю,
3-4 оң қолды сол қолдың үстіне
ұстап бұрылып сол аяққа отыру;
8 - 10'
4-5 рет
4-5 рет
4-5 рет
4-5 рет
4-5 рет
4-5 рет
4-5 рет
4-5 рет
4-5 рет Саптық тұрысты қадағалау.
Сабақ барысында оқушылардың қауіпсіздігін қадағалау.
Шатыспай бұрылуын қадағалау.
Бір-бірін итермей, белді түзу ұстап жүруді қадағалау.
Жаттығулардың дұрыс және санға еріп жасауын қадағалау.
Бастың толық айналуын қадағалау
Иықты толық айналдыру керек
Жаттығудың дұрыс жасалуын қадағалау
Санға еріп, шатыспай жасауын қадағалау.
Толық қисаюын қадағалау.
Шатыспай жасауын қадағалау
ІІ Негізгі бөлім.
Қимылды ойындар. «Допты тигізу».
1.«Допты тигізу» ойыны
2. Эстафеталық ойындар.
20-25'Ойын ережесі: Ойнаушылар екі топқа бөлінеді және сапқа бір-біріне қарама қарсы қарап тұрады. Саптың ара қашықтығы 8-10 метр. Ортада орындықта волейбол добы жатады. Әрбір ойыншыда бір-бір кішкентай доптан болады. Мұғалімнің белгісі бойынша, топтың ойыншылары кезекпен волейбол добын қағып түсіру үшін кішкентай доптарын лақтырады. Егер қатысушылардың бірі дәл тигізе алса, ұпай саналады. Бір топ лақтыруларын аяқтаған соң екінші топ лақтыруды бастайды. Көп ұпай жинаған топ жеңген болып саналады.
Оқушылар бір-біріне кедергі жасамауын, ретпен жарысқа шығуын қадағалау
ІІІ Қорытынды бөлім.
1.Сапқа тұру
2.Демді бір қалыпқа келтіру
3.Бағалау
4.Үй тапсырмасын беру
5.Сыныпқа қайту 3-5' Көзді жұмып, іштерінен 60-қа дейін санау.
Жаттығулар барысындағы кемшіліктерін үйде қайталап жасап жою. Болған жағдайда, айна алдында жасап, мейлінше әдемі жасауға тырысу. Таңғы жаттығу.
Сыныпқа ұйымшылдықпен қайтуын қадағалау.