?аза? тілі 4 сынып Жала? ж?не жайылма с?йлемдер
Жалаң және жайылма сөйлемдерТақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлемдерСабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлемдерБілімділік мақсаты: Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлемдер туралы түсінік беру, жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыра білуге үйрету, сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшелеріне дұрыс талдай білуге дағдыландыру.Дамытушылық мақсаты: Жай сөйлем туралы түсініктерін одан әрі дамыту, оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын кеңейту.Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды ұқыптылыққа, сауатты, таза жазуға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақты өздігінен меңгертуӘдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, топпен жұмыс, талдауКөрнекілік: постер, тапсырмалар, суреттерІ Ұйымдастыру кезеңі. Қайырлы күн достым /қайырлы күн болсын/Бүгінгінің күні /сәттілікке толсын/«Бір сыңарым мен, бір сыңарым сен» ойыны арқылы топқа бөлуОйынның шарты түстерді таңдау арқылы өз топтарын табадыТақтада постерге жапсыру«Жақсы сөз – жанға қуат»Топтар бір – біріне ізгі тілек, ақ ниеттерін білдіруІІ Үй тапсырмасын сұрау кезеңі.Үй тапсырмасын еске түсіру мақсатында мынадай сұрақтар қойылады:1) Сөйлем құрылысына қарай нешеге бөлінеді?2) Жай сөйлем дегеніміз не?3) Жай сөйлемнің түрлері қандай?4) Жалаң сөйлем дегеніміз не?5) Жайылма сөйлемнің жасалу жолдары қандай?ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.Тақтаға сөйлемдер жазып, сөйлем мүшелеріне талдату арқылы түсіндіремін.Жаңбыр жауып тұр. Қоңырау соғылды.- Қандай ерекшелік байқадыңдар?- Екі сөйлемде тұрлаусыз мүше жоқ.Тек қана тұрлаулы мүшелерден тұратын бірнеше мысалдарды оқушылардың өздеріне келтірту. Қорытындыны оқушылар айтып, жалаң сөйлемнің ережесін шығарады.Оқушылар мынадай ережелер шығарады:1) Тек қана тұрлаулы мүшелерден тұратын жай сөйлем жалаң сөйлем деп аталады.2) Бастауыш пен баяндауыштан ғана тұратын жай сөйлем жалаң сөйлем деп аталады.Оқушылар шығарған ережені оқулықтағы ережемен салыстыруы керек.Жалаң сөйлем↓БастауышБаяндауышБерілген сөйлемдерге тұрлаусыз мүшелер қосуға болады.Жаңбыр жауып тұр. Жаңбыр себелеп жауып тұр.Қоңырау соғылды. Қоңырау шыр етіп соғылдыЕкі сөйлемнің айырмашылығын ажыратады.Оқушылар сөйлемді талдап, жайылма сөйлемнің ережесін айтады.1) Тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелер қатысқан сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.2) Тұрлаусыз мүшелері бар сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.Мысалдардан көріп отырғандарыңдай, жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыруға болады екен. Жалаң сөйлемдерсіз жайылма сөйлем болмайтындығын көрдік.Шығарылған ережені оқулықтағы ережемен салыстырып, оқушылардың ойларының дұрыстығына көздерін жеткіземін.Жайылма сөйлем↓БастауышБаяндауышАнықтауышПысықтауышТолықтауыш1. «Ойлан, тап, ойыңды айт» айдары бойыншаОқулықпен жұмыс /жаттығуларды орындау/7 - жаттығуБерілген жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыр.Тау мұнартады. Өсімдік көктейді. Жел тұрды. Шық түсті. Бұлт қаптады.8 - жаттығуЖайылма сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талда.Депутат сайлаушылармен кездесті. Ар алтынмен өлшенбейді. Күзгі суық өңменінен өтті. Дулат ертең ауылға жүрмекші. Аңшы қақпан құрды. Құсбегі бүркіт салды.10 – жаттығу ауызшаАтам қыстауға келді. Атам бүгін қыстауға келдіАқан мектептен келді. Ақан мектептен қазір келді.Хамит Болатпен сөйлесті. Хамит Болатпен бүгін сөйлесті.Қонақтар көрмеде болды. Қонақтар кеше көрмеде болды.11 – жаттығу суретке қарап әңгіме құра.Сергіту сәті«Тапқыр болсаң тауып көр» айдары бойынша9 – жаттығу Сөзжұмбақты шеш /төрт/1 - топ «Талант» сөзіне жайылма сөйлем сөйлем құра2 - топ «Өрмекші» сөзіне жалаң сөйлем құра3 - топ «Рельс» сөзіне4 - топ «Төрт»«Теріп жазып түсіндір» айдары бойынша11 – жаттығуды орындау. Қарамен берілген сөздерді теріп жазып, сөйлем құра. Сонда тағы бір мақал шығады.Аузында сөзі тұрмастың бір жерде өзі тұрмас. Сөз асылы – кітапта. Көп сөз – көмір, аз сөз – алтын. Оқуын тапса, білім қонар.Шығармашылық тапсырмаЖалаң және жайылма сөйлемдерді қатыстырып, «Күз» тақырыбына шағын шығарма жаз.Қорыту: «Ойыңды ортаға сал»1) Сөйлем дегеніміз не?2) Сөз тіркесі дегеніміз не? Оның сөйлемнен қандай айырмашылығы бар?3) Сөйлем айтылу мақсатына қарай қалай бөлінеді?5) Жалаң сөйлем дегеніміз не? Мысал келтір.6) Жайылма сөйлем дегеніміз не? Мысал келтір.Бағалау