Дені сауды?, жаны сау
Дені саудың- жаны сау
Білім беру саласы: Денсаулық.
Бөлім: Дене тәрбиесі
Іс- әрекет мақсаты: Балаларға өз денсаулықтарын күтуді, щны ныгайту керкектігін, дені сау адамның жаны сау екендігін түсіндіру. Тазалық, жеке бас гигиенасын, мәдени дағдыларын қалыптастыру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Іс-әрекет барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Таңғы шеңбер жасау
Көңілденіп бәріміз,
Шықты жаркын даусымыз.
Сәлем беріп достарға
Жаттығуды бастайық.
Балалар шенюерге тұрып, алдымен аяқтың ұшымен, кейін өкшемен жүреді. Жайлап жүгіру, аюға ұқсап қорбаңдау, қарлығашқа ұқсап ұшу,Қоянша секіру жаттығуларын орындайды.
Тақпақтар
Дарын
Біз көнілді баламыз
Айтқан тілді аламыз
Күні бойы қызыққа
Батамызда қаламыз.
Диас
Шұғылданып спортпен
Допты қуып ойнаймыз
Уақыттың өткенін
Байқамайда қаламыз.
Айсамал
Шомылумен жаттығу
Оның бәрі пайдалы
Шынығады денеміз
Сауыгады жанымыз.
Ойын «Кім білгір?»
a)Тазалықтың достарын ата(сабын,су, сүлгі)
б)спорттың маңызы(денең шыныгады)
в)Біздің достарымыз(Ауа, күн, су)
г)Тазалық кепілі (Денсаулық)
ғ) Нешерет тамақтанасындар? (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас)
Сергіту сәті
Мөлдір мөлдір мөлдір мөлдір су,
Мөлдір суға қолыңды жу
Жуынсаң сен ардәйім
Таза бетің таза маңдайың
Тазалықтың досы
Су дегеніміз осы.
Әңіме: «Жалқаубектің жыры»
Ішке жалқаубек кіріп келеді. Үсті-басы кір-кір.
Балалар, жалқаубектің ісі дұрыс па? Жеке бас гигиенасын сақтады ма?Ал сендер жее бас гигиенасын сақтау дегенді қалай түсінесіңер?
Балалардың жауабы:
Таңертең тұрып жаттығулар жасап, жүгіру, жуыну қажет.Бақшада үйде тазалық сақтау қажет.Тамақты асықпай жеп тамақ үстінде сөйлемеу керек.Телевизорды жақыннан көрмеу қажет.
Адам спортпен шұғылданса сымбатты болады.Үнемі таза жүрсе ауруға шалдықпайды.
Ойын : «Тез ата»
Балаларға тамақтардың суреттердін көрсетіп,пайдасы мен зиянын айтқызу .Көкөніс пен жемістердің пайдасын,оларда дәрумендердің көп екенін түсіндіру.
Саусақ жаттығулары
Бас бармақты бассам егер,
«Ботагөз боп шығады
Алақанды ашсам егер,
«Бестаңба» боп шығады.
Егер жұмсам алақан,
«Тарақ» оюы шығады,
Оюларды білетін,
Әрез таза жүретін,
Мен қазақтың баласы.
Үстел үсті жұмысы :
Балалар көкөністер мен жемістердің суретін бояды.
Әңгімелесу.
Мақал-мәтелдер жарысы:
Салақтан олақ жаман
Тәні саудың жаны сау.
Көзің ауырса қолыңды тый
Ішің ауырса аузыңды тый.
Тазалық саулық кепілі,
Демі бардың –емі бар
Денсаулық зор байлық.
Қазақтың ұлттық ойындарын ойнату :
«Арқан тартыс»,»Қол күрес»,»Аударыспақ».
Қорытынды:
-Біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық?
Не ұнады?шымыр болу үшін не істеу керек?Денсаулық туралы қандай тақпақ жаттадық?
Қалай тамақтану қажет?
(Балалардың жауабы)