Та?ырыбы: «Дені сауды?-жаны сау» Спорты? ойындар ар?ылы м?мкіндігі шектеулі балаларды? а?ыл ойын дамыту ?дістері.


Тақырыбы: «Дені саудың-жаны сау.»

Мақсаты:
Қимыл-қозғалыс ойындары арқылы денсаулықты нығайту.
Міндеттері:

1.Спортқа қызығушылықтарын арттыру.

2. Баланың ойлау, есте сақтау, көру, қабілеттерін дамыту, түстерді ажырата білуге.
3. Спортқа сүйіспеншілігін арттыру, салауаттылыққа тәрбиелеу.
Қажетті кұралдар: Доп,кіші доп, скакалка, ракетка, асық.

Жаттығулар
«Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз»деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екендігін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Сонымен,көзбен...қолмен...иықпен...құлақпен...тіземен иекпен...өкшемен...арқамен.
Ой-өрісін дамыту ойындары:
-Сырт-сырт етеді,
Уақыт өтеді «сағат».
Жұмбақты тапқан бала ойынды бірінші болып бастайды. Қолына допты алып, кез-келген сөзді айтып, қарсыласына лақтырады.
Ұлттық ойын:
-Арқан тарту. Екі топтан екі ойыншы шығып белгіленген затты алу.
Баланың ойлау қабілеттін дамыту.
Доппен жүгіру:
-Жолдағы кедергілерді өтіп, белгіленген қашықтықты айналып келу.
-Кіші допты ракеткаға қойып, белгіленген қашықтықты айналып келу.
-Допты арқаға қойып, белгіленген қашықтықты айналып келу.
Баланың ойлау, есте сақтау, көру, қабілеттерін дамыту.
Секіру:
-Белгіленген қашықтықты айналып келу.
Қол,аяқ маторикасын дамыту.
Мерген:
-Белгіленген нысананы доппен атып құлату.
Баланың ойлау қабілетін дамыту және неше нысана құлатқандығын санау (есептеу)қабілетін дамыту.
Мен:
-Дене мүшелерін көрсету.
Балалар өзіннің дене мүшесін көрсете алуына тәрбиелеу.
Тізбек:
-Топ басшысы тізбек жинайды.
Балалар топ балып бірлесе жұмыс істеуіне, үйымшылдыққа, тәрбиелейді.
Доп:
-Ұпай жинау (топбасшы).Түстері әртүрлі доптарды жинау.
Балаларды түстерді ажырата білуіне тәрбилейді.
Тауып ал:
-Белгіленген қашықтықты қойылған затты шатаспай алып келу.
Балаларды жылдам қимылдауға, ойлау, есте сақтау кабілеттерін дамыту.
Қорытынды:
Семинарымызды қорытындылай келе, күнделікті жаттығу жасау арқылы денсаулығымызды сақтайық. «Спорт-денсаулық кепілі» екендігін ұмытпайық!.