Топыра?. Топыра?ты ?ор?ау. (д?ниетану)
Сабақтың тақырыбы: Топырақ. Топырақты қорғау.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жердің құнарлы қабаты саналатын топырақ туралы түсінігін тереңдету; топырақтың негізгі қасиеттерін түсіндіру; топырақтың құрамын, оның қалай пайда болатынын тәжірибе арқылы анықтау; балалардың ойлау қабілетін, байқампаздық пен білімге құштарлығын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: су құйылған стақан, майлық, таяқша, топырақ суреті.
Сабақтың барысы: I. Психологиялық дайындық Айнала қандай тамаша, Зер салып оған қарағын. Орман, өзен, көк майса,
Жер-Ана бұл, қарағым!
II. Балаларды, жаңа материалды қабылдауға дайындау. Жер туралы, оның байлығы туралы әңгімелесеміз.
Жер сөзі нені білдіреді?
Жер - құрлық, планета, топырақ. Бүгін біз топырақ, топырақтың қасиеттері, оның қалай қайда болатынына көз жеткіземіз.
III. Тақырып бойынша жұмыс. 1. Топырақ дегеніміз не?
Топырақ қабатының суреті, қасында «Топырақ - жердің беткі құнарлы қабаты» деп жазылған плакат ілінеді.
- Топырақтың негізгі қасиеттері қандай?
- Топырақ ненің әсерінен құнарлы болады?
- Топырақтың құрамы қандай?
Бұл сұрақтарға жауап беру үшін мәтіннің бірінші бөлімін оқып шық.
а) Оқылған бөлімнің мазмұны бойынша әңгіме жүргіземіз.
ә) Топырақтың құрамын анықтаймыз.
Әр топ өзіне берілген бөлімді оқиды және топырақтың бір қасиетін сипаттап береді. Нәтижесінде мынадай сызба пайда болады:
Балалар топырақтың бұл қасиеттерін дәптерге жазады.
2. Мұғалім топырақтың қалай пайда болғаны туралы әңгімелеп береді (тарихи мәлімет).
3. Оқулық бойынша жұмыс:
- оқулықта топырақтың пайда болуы туралы айтылған жерді белгілейміз;
- топырақтың өсімдіктер үшін маңыздылығын білдіретін сөйлемді белгіле, дәлелде, мысалдар келтір.
4. Сөздік жұмыс.
5. «Күнделік» құрастырамыз.
Негізгі ұғымдар Түсіндірмесі
Сыртқы қабат
Жоғарғы қабат
Топырақ асты Қарашірік немесе шірінді Микроорганизмдер
Бос, борпаң, қатты
IV. Сызба құру. Топырақтың жасалуына қатысатындар:
V. Дәптерге орындалатын жұмыс.
VI. Топтар оқулықтағы сұрақтар бойынша қорытынды жасайды. Өзіңді тексер.
VII.Үй жұмысы. Зерттеу жұмысы.
1. «Қазақстанның топырағы қандай?»
2. « Топырақ өсімдіктер мен жануарлар әлеміне қалай ықпал етеді?»