Саба? жоспары: Д?ниетану п?нінен, та?ырыбы Топыра?. Топыра?ты? ?асиеттері (2 сынып)


Пән: Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Топырақ. Топырақтың қасиеттері
Сабақтың мақсаты: оқушылардың топырақ, топырақтың құнарлы қабаты туралы алған білімдерін толықтыру; тәжірибе арқылы топырақтың негізгі қасиеттерін, топырақтың құрамын анықтау; топырақтың қалай пайда болатынын және туған өлкенің топырағы туралы мағлұмат беру; байқампаздықтарын, әуесқойлықтарын және ақыл-ойларын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: тірек қағаздар, бір стақан су, сорғыш қағаз, таяқшалар, штатив, ұстағыш, топырақ қабаттары бейнеленген сурет.
Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық.
Кіріспе әңгіме.
-«Жер» сөзі қандай мағынаны білдіреді?
-Жер - құрлық, планета, үстіңгі қабат, топырақ.
-Дұрыс. Бүгін біз топырақ, топырақтың құрамы, оның қасиеттері және пайда болуы туралы өтеміз.
Негізгі бөлім. Жаңа сабақты түсіндіру.
-Топырақ дегеніміз не?
Тақтаға топырақтың қабаттары бейнеленген сурет ілінеді. Оның жанына «Топырақ - жердің өсімдік өсетін, құнарлы, беткі қабаты» деген плакат ілінеді.
-Топырақтың ең негізгі қасиеті қандай?
-Топырақ неге құнарлы болады?
-Топырақтың құрамында не бар?
Жоғарыдағы берілген сұрақтарға жауап беру үшін оқулықтағы мәтіннің бірінші бөлігі оқытылады.
а) Оқылған мәтіннің мазмұны бойынша әңгіме жүргізу.
ә) Оқушылар мәтіннен топырақтың құрамын баяндайтын жерді белгілейді.
Практикалық жұмыс топ бойынша жүргізіледі. Әр топ өз тәжірибесін орындап, топырақтың қасиеттерінің бірін дәлелдейді. Нәтижесінде мынадай сызба шығады:

Оқушылар жұмыс дәптерлеріне топырақтың қасиеттерін жазады.
I. Мұғалім жер бетіндегі алғашқы топырақтың түзілуі туралы әңгімелейді (мәлімет тарихи деректерден алынады).
З.Оқулықпен жұмыс. Мәтіннен қарындашпен топырақтың түзілуі туралы баяндаған жерді белгілеп отырады.
Топырақ өсімдік пен жануарлар үшін маңызды рөл атқаратындығы туралы айтылған жерді белгілейді.
4. Алынған мәліметтерге мысалдар келтіріп, олардың дұрыстығын дәлелдейді.
Кестені толтырады.
Топырақ қабаттары Түсініктемелер
Үстіңгі қабатГумус пен шірінді. Олар шіріген өсімдіктерден түзіледі.
Жоғарғы қабат Жоғарғы қабаттағы жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтарын бунакденелілер қайта өңдейді.
Топырақ астыТопырақ асты қабатында микроорганизмдер аз.
Борпылдақ каттыБұзылған тастардан тұрады.
Қатты қабат Топырақ түзуші қатты жыныстар орналасқан.
Сызба құрастыру. «Топырақтың түзілуіне не катысады?»
микроорганизмдержануарларөсімдіктер

+ +
Дәптермен жұмыс.
Сабақты қорытындылау.
Оқулықта берілген сұрақтарға жауап беріледі.
Үйге тапсырма беру.
Зерттеу жұмысы:
1.Қазақстан жерінің топырағы қандай?
2.Топырақ есімдіктер мен жануарлар әлеміне қалай әсер етеді?