Та?ырыбы: Топыра?ты? ма?ызы. Осы саба?та о?ушылар топыра? туралы м?ліметтер алды. Топыра?ты? ??нарлы?ы туралы білімдерін ке?ейті. Сіздерге т?жирибе алмасу ?шін б?л саба?ты жіберіп отырмын.


СҚО Тайынша ауданы
«Амандық орта мектебі»КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Сейпиева Арайлым Хасеновна
Дүниетану
Тақырыбы: Топырақты қорғау.
Мақсаты: Топырақты қорғау туралы түсінік беру; есте сақтау қабілетін дамыту; эстетикалық тәрбие беру
Сабақ типі: аралас сабақ.
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу
Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
1. Топырақтың түрлері. – оқыту.
2. Мазмұнын айтқызу
ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:
- Қара топырақтың құнарлы болатыны неліктен?
- Сор топырақ қалай пайда болады?
- Топырақтың құнарлығын қалай арттыруға болады?
ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1. Мұғалім түсіндірмесі
Табиғатта небәрі 2 см топырақ қабаты түзілу үшін жүз жылдан артық уақыт кетеді.
Ал одан бірнеше сағатта – ақ айырылып қалуға болады.
Сурет бойынша жұмыс.
Сергіту сәті «Қаражорға»биі
VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
1. Оқушыларға оқыту 109-111 бет. 2. Тест.
1. Топырақ деп ... айтады?
а) жеміс беретін ағаштар мен бұталардың молдығын:
ә) өсімдік тамырларының шырмалуын;
б) жердің жануарлар ін қазатын қабатын;
в) жер бедернің беткі құнарлы қабатын.
2. Топырақтың негізгі қасиеті:
а) құнарлылығы;
ә) қарашірік;
б) қара қоңыр түс;
в) тыңайтқыш.
3. Топырақтың түсі:
а) оның құрамындағы ылғалға байланысты;
ә) құрамындағы қарашіріктің мөлшеріне байланысты;
б) егін шаруашылығына байланысты;
в) әр өсімдіктің тіршілігіне байланысты.
4. Қартада қалалар:
а) дөңгелекпен;
ә) төртбұрышпен;
б) үшбұрышпен;
в) жұлдызшамен белгіленеді.
VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау
VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 109-111бет оқу, мазмұндау. 2. Бағалау