Математика Жылдамды?, уа?ыт, ?ашы?ты??а берілген есептер (4 сынып)
Жылдамдық, уақыт, қашықтыққа берілген есептер
Екі ауылдың ара қашықтығы 35 км. Егер екі жолаушы 5км/сағ жылдамдықпен қозғалатын болса,
олар неше сағаттан кейін кездеседі?
3 мин ұшақ 30 км ұшты. Ұшақ қандай жылдамдықпен ұшты ?
Пойыз 45 км/сағ жылдамдықпен 4 сағат жүрді. Пойыз қанша километр жол жүрді ?
Екі ауылдың ара қашықтығы 45 км. Егер екі жолаушы 5км/сағ жылдамдықпен қозғалатын болса,
олар неше сағаттан кейін кездеседі?
Саяхатшылар 30 км қашықтықты 3 сағатта жүріп өтті. Олар қандай жылдамдықпен қозғалды ?
Ұшақ 5 минутта 50 км қашықтықты ұшып өтті. Ол қандай жылдамдықпен ұшты ?
Жүк пойызы 550 км қашықтықты 5 сағатта жүріп өтті. Жүк пойыз қандай жылдамдықпен қозғалды ?
Саяхатшы велосипедпен 25 км/сағ жылдамдықпен қозғала отырып 5 сағат жолда болды.
Саяхатшы қанша қашықтық жүріп өтті ?
Мотоциклші 35км/сағ жылдамдықпен қозғала отырып 5 сағат жолда болды.
Мотоциклші қанша қашықтық жүріп өтті?
Саяхатшылар 52 км қашықтықты 2 сағатта жүріп өтті.
Олар қандай жылдамдықпен жүрді ?
Егер 4 сағатта жүк машинасы 204 км жол жүрсе, ол қандай жылдамдықпен қозғалған?
Пойыз 143 км/сағ жылдамдықпен қозғала отырып, жолда 12 сағат болды.
Пойыз қанша километр жол жүріп өтті ?
Қайық 24 км/сағ жылдамдықпен қозғала отырып, жолда 3 сағат болды.
Қайық қанша километр жол жүріп өтті ?
Кеме 45 км қашықтықты 15 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті .
Кеме жолда неше сағат болды ?
Тасбақа 15 м қашықтықты 5 м/сағ жылдамдықпен жүріп өтті.
Тасбақа қанша сағат жүрді ?
Қала мен ауылдың ара қашықтығы 45 км. Жаяу жүргінші 9 км/сағ қозғалса,
бұл қашықтықты неше сағатта жүріп өтеді?
Велосипедші 50 км қашықтықты 10 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті .
Велосипедші неше сағат жолда болды?
Саяхатшылар 35 км қашықтықты 5 сағатта жүріп өтті. Саяхатшылар қандай жылдамдықпен жүрді ?
Қала мен ауылдың ара қашықтығы 14 км. Жаяу жүргінші 2 км/сағ жылдамдықпен қозғалса,
бұл қашықтықты неше сағатта жүріп өтеді ?
Пойыз 95 км/сағ жылдамдықпен 8 сағат жүрді. Пойыз қанша километр жол жүрді?
Көбелек 5 секундта 50 метр ұшып өтті . Көбелек қандай жылдамдықпен ұшты ?
Пойыз 675 км/сағ жылдамдықпен 56 сағат жүрді. Пойыз қанша километр жол жүрді?
Қала мен ауылдың ара қашықтығы 56 км. Жаяу жүргінші 8 км/сағ жылдамдықпен қозғалса,
бұл қашықтықты неше сағатта жүріп өтеді?
Моторлы қайықпен 3 сағатта 96 км жүріп өтуге болады. Моторлы қайықтың жылдамдығы қандай?
Қарға 86 км/сағ жылдамдықпен 7 сағат ұшты. Қарға қанша километр ұшты ?
Саяхатшы 68 км/сағ жылдамдықпен 7 сағат жүрді . Саяхатшы қанша километр жол жүрді?
Қала мен ауылдың ара қашықтығы 96 км. Жаяу жүргінші 6 км/сағ жылдамдықпен қозғалса,
бұл қашықтықты неше сағатта жүріп өтеді ?
Қайық 65 км/сағ жылдамдықпен 5 сағат жүрді. Қайық қанша километр жол жүрді ?
Өрмекші 80 см қашықтықты 5 с жүріп өтті. Өрмекшінің жылдамдығын тап
Дельфин 70 км/сағ жылдамдықпен 5 сағат жүзді. Дельфин қанша километр жүзді?
Тасбақа 56 м қашықтықты 8 м/сағ жылдамдықпен жүріп өтті.Тасбақа қанша сағат жүрді ?
Ұшақ 9000 км қашықтықты 500 км/ сағ жылдамдықпен ұшып өтті. Ұшақ неше сағат ұшты ?
Кальмар 7 сағатта 70 м жүзіп өтті. Кальмар қандай жылдамдықпен жүзді ?
Мотоциклші 75км/сағ жылдамдықпен қозғала отырып 8 сағат жолда болды. Мотоциклші қанша қашықтық жүріп өтті?
Тасбақа 15 м қашықтықты 5 м/сағ жылдамдықпен жүріп өтті.Тасбақа қанша сағат жүрді ?
Пойыз 60 км/сағ жылдамдықпен 5 сағат жүрді. Пойыз қанша километр жол жүрді?
Саяхатшы 85 км/сағ жылдамдықпен 8 сағат жүрді . Саяхатшы қанша километр жол жүрді?
Ұшақ 8000 км қашықтықты 500 км/ сағ жылдамдықпен ұшып өтті. Ұшақ неше сағат ұшты?
Пойыз 85 км/сағ жылдамдықпен 6 сағат жүрді. Пойыз қанша километр жол жүрді?
50 минутта пойыз 5000 метр жүрді. Әр минут сайын бірдей қашықтық жүрді.
Әр минут сайын пойыз қанша метр жүрді ?
Ұлу 5 минутта 60 см жорғалады .Ұлу қандай жылдамдықпен қозғалды ?
Қала мен ауылдың ара қашықтығы 95 км. Жаяу жүргінші 5 км/сағ жылдамдықпен қозғалса, бұл қашықтықты неше сағатта жүріп өтеді ?
Ұшақ 7 минутта 70 км ұшып өтті. Ұшақ қандай жылдамдықпен ұшты ?