1917-1956 жылдарда?ы ?аза? ?дебиеті 9-сынып
Пәні: Қазақ әдебиеті
Сыныбы: 9 «В»
Күні: 6 наурыз
Сабақтың тақырыбы: 1917-1956 жылдардағы қазақ әдебиеті
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға 1917-1956 жылдардағы қазақ әдебиетінің даму арнасы жайлы кеңінен мәліме беру;
2.Дамытушылық: оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту, сөз қорын байыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: оқушыларды өз ойын ашық айта білуге үйрету, елжандылық, отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Пән аралық байланыс: тарих
Көрнекіліктер: ақын-жазушылардың портреттері, таратпа қағаздар
Қолданылатын әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, жекелей, топтық жұмыстар
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастырушылық кезең. (3 мин)
1. Оқушыларды түгендеу. Сыныпты үш топқа бөлу. Ақын-жазушылардың суреттері бойынша оқушылар топқа бөлінеді.
1.ХІХ ғасыр өкілдері
2.ХХ ғасыр өкілдері
3.Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығы.
Топ мүшелері өз араларынан топ басшысын сайлап алады. Топ басшысы топ мүшелерін бағалап отырады. Үйге берілген тапсырма: Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Алаш ұраны» өлеңін жаттау, тақырыбы мен идеясына талдау. (15 мин) Топ мүшелері ақылдаса отырып, үй тапсырмасын айтады. Топ басшысы мүшелерін бағалап отырады.
«Сергіту сәті». Көз алдымызға балшыққа батып бара жатқан сияқты елестетейік. Соған сәйкес қимылдар жасайық. Енді балшықтан суға қара шықтық, суда жүзіп келе жатырмыз. Жүзіп жүрген қимыл жасаймыз. Судан жағаға шықтық. Дүрбімізді алып алыс жаққа қараймыз. Тақтада жаңа сабақтың тақырыбы жазылып тұрады. 1917-1956 жылдардағы қазақ әдебиеті. Олай болса, бізге таныс емес, яғни дүрбімен әрең көрініп тұрған тақырыппен бүгін танысатын боламыз.
І. Жаңа сабақ. 1917-1956 жылдардағы қазақ әдебиеті. Оқушыларға 1, 2, 3 деген сандар беріледі. Топ түшелері сол сандарды алады да, «1» санын алғандар өз топтарынан бөлініп, жеке топ болып, «2» санын алғандар жеке топ болып, «3» санын алғандар да жеке топ болып отырады. Яғни ең басында бір үлкен отбасы сияқты болып отырған мүшелер жеке-жеке тарайды. Әрбір топқа жаңа сабаққа қатысты материалдар беріледі. Әр топ өз материалдарын оқып, өз ішінде талқылау жасайды. Керек жерлерін даталар мен ақын-жазушылардың, олардың шығармаларының аттарын дәптерге жазып алу тапсырылады.
1-топқа: 1917-жылдардан бастап, қазақ халқын сауаттандыру, мәдениетін көтеру мақсатында зиялы қауым өкілдері ұрпаққа өшпес мұра қалдырды. Ахмет Байтұрсынов халықты «Маса» болып ызыңдап оятса, Міржақып Дулатов «Оян, қазақ!» деп халыққа ұран тастады. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Қамар сұлу», «Кім жазықты» романдарын жазды. Ол романдарда әлеуметтік теңсіздік мәселесі көтерілді. «Адасқан өмір», «Кедей», «Таныстыру», «Қала ақыны мен дала ақынының айтысы» поэмаларын жазды.
Әдебиетте сыншыл реализм бағыты пайда болды. Ол адамның қоғамдағы рөлін, адамгершілік қасиеттерін бейнеледі. Сыншыл реализм әділетті қоғам орнатуға бағытталды. Оның өкілдері: Сәбит Дөнентаев, Мұхамеджан Сералин, Спандияр Көбеев, Бекет Өтетілеуов, Тұрмағамбет Ізтілеуов, Бернияз Күлеев болды. Спандияр Көбеев «Қалың мал» романын жазды. Мұхамеджан Сералин «Гүлхашима», «Топжарған» дастандарын шығарды.
Ұлт-азаттық көтерілістің батырлары Амангелді, Бекболат туралы жырлар, Жамбылдың «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» атты өлеңдері жарық көрді.
2-топқа:
Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау», «Ақсақ киік», Сәбит Мұқановтың «Сұлушаш» поэмалары, Жүсіпбек Аймауытовтың «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, Мұхтар Әуезовтің «Қилы заман», «Қараш-қараш оқиғасы» әңгімелерінде қоғам өмірі көрсетілді. Драматургия саласы дамыды. Сәкен Сейфуллиннің «Қызыл сұңқарлар», Мұхтар Әуезовтің «Қарагөз», «Еңлік-Кебек», Жүсіпбек Аймауытовтың «Шернияз» пьесалары жазылды.
20-30 жылдардағы әдебиетте ақын-жазушылар бостандыққа ұмтылатын, бостандық сүйгіш күрескерлерді жырлады. Олардың ішінде сәкен Сейфуллиннің «Қамауда», «Кел, жігіттер», «Жас қазақ марсельезасы» т.б. өлеңдері болды. Бейімбет Майлин әйел теңсіздігі мен кедейлер өмірін суреттейтін шығармаларын жазды. «Мырқымбай» өлеңі, «Кедей теңдігі», «Кұлтай болыс», «Күлпаш», «Даудың басы-Дайрабайдың көк сиыры», т.б. әңгімелері мен «Шұғаның белгісі» повесінде қазақ ауылының ауыр тұрмысы бейнеленді.
Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров «халық жауы» атанып, ату жазасына кесілді. Олардың кінәсі кеңестік тәртіпке қарсы шыққандары болды.
3-топқа: Ұлы Отан соғысы мен соғыстан кейінгі әдебиетте жауынгерлердің ерлігі, жеңіске деген сенімі суреттелді. Қасым Аманжолов, Жұбан Молдағалиев, Жұмағали Саин, Дихан Әбілев, Әбу Сәрсенбаев сияқты ақындар соғыста жүріп, жырларын жазды. Баубек Бұлқышев «Өмір сүргім келеді», «Шығыс ұлына хат» және т.б. шығармаларында өмірге құштарлығын жеткізді.
Соғыстан кейінгі әдебиетте М. Әуезовтің «Абай», Ғабиден Мұстафиннің «Шығанақ», «Миллионер», Ғабит Мүсіреповтің «Қазақ солдаты», Сәбит Мұқановтың «Ботагөз», Тахауи Ахтановтың «Қаһарлы күндер» романдары ерекше орын алды.
Қазақ драматургиясында Ғабит Мүсіреповтің «Амангелді», С. Мұқановтың «Шоқан Уәлиханов», Тайыр Жароковтың «Жапанды орман жаңғыртты», Хамит Ерғалиевтің «Мариям Жагорқызы» пьесалары жарық көрді.
1, 2, 3 сандарын таңдап алған оқушылар өздерінің бастапқы топтарына оралып, оқыған материалдарын ортаға салып, топ мүшелерімен бөліседі. Яғни, бір топ мүшелері 1, 2, 3-ші мәтінмен де танысады.
Барлық оқушылардың назарын аударын, ең бастапқы топ болып бөлінген, яғни, ХІХ ғасыр өкілдері, ХХ ғасыр өкілдері, Сұлтанмахмұт шығармашылығы топтары бүгінгі жаңа тақырып бойынша алған мәліметтерін ортаға салады. Ал қалған тыңдап отырған 2 топ сабақ айтқан топқа баға береді.
ІІІ. Бекіту. Тақтада күннің суреті берілген. Тек сол күннің сәулелері жоқ. Жаңа тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы күнге сәулелерін жапсыру керек. (5 мин)
Үйге тапсырма: 1917-1956 жылдардағы қазақ әдебиеті
Бағалау