Саба?ты? та?ырыбы: 1917-1956 жылдарда?ы ?аза? ?дебиетіне шолу.
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, ЖББ Кузнецов негізгі мектебі.
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі:К.А.Хаирмухамбетов
Сабақтың тақырыбы: 1917-1956 жылдардағы қазақ әдебиетіне шолу.Сабақтың мақсаты:Білімділік: 1917-1956 жылдардағы қазақ әдебиетіне шолу жасай отырып, қазақ әдебиетінде алатын орны мен маңызына тоқталу.Тәрбиелік: Оқушыларға Ж.Жабаевтың,А.Байтұрсынұлы,М.Дулатұлы,М.Жұмабаев,Ж.Аймауытов,Б.Майлин,С.Сейфуллин,І.Жансүгіровтің өмірбаянына тоқтала отырып, оқушылардың бойында өз еліне, тіліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, ойлау шеберлігін, сөйлеу, жазу мәдениетін дамыту.Сабақтың түрі: араласӘдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, мәнерлеп оқу, талдауКөрнекілігі: слайд, қосымша әдебиеттерПәнаралық байланыс: тарих,қазақ тілі.Сабақтың барысы:І 1.Ұйымдастыру.2 Психологиялық дайындық. «Көңіл-күйің қандай?»ІІ Үй тапсырмасын тексеру.1.Сұлтанмахмұт Торайғыров қай жерде дүниеге келді? (СҚО.Уәлиханов ауданында туған)
2.Шешесінен қашан айырылған? (Ерте)
3.Кімнің тәрбиесінде болды? (Әжесінің)
4.Мұғалімдерінің есімдері? (Мұқан Әбдірахман,Тортай деген ауыл молдаларынан)
5.Махамбет Өтемісұлын өлтірген досының есімі? (Ықылас)ІІІ Жаңа сабақ. 1917-1956 жылдардағы қазақ әдебиетіне шолу.Сабақ басталмас бұрын күй ақырын орындалып тұрады.
-«Жарқын болашақ» ұландары,
Алға, Қазақстан! ұрандары,
Сәлеметсіңдерме, балалар,
Отанымның қырандары!
-Отанымның сенерімін,
Келешектің кемелімін
Сәлем бердік сіздерге
Еркін елдің өренімін!
IV Қазақ халқын сауаттандыру,мәдениетін көтеру жолында өшпес мұра қалдырып кеткен ақындар. (Слайд көрсету.)
V Мәтінмен жұмыс.
Жамбыл – ақын, айтыскер, дастаншы, ұстаз, жыршы. Ол 1846 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданына қарасты Хантау тауы баурайында дүниеге келген. Бала кезінен өлең-жырға үйір болған.
1.Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді жаза отырып, ақын өмірі туралы айтайық.
Ілия Жансүгіров ………… уезіндегі …………. бойында ……… жылы дүниеге келген. …………….. ерте айрылып, ……….. тәрбиесінде өскен. ………….. арабша сауатты, домбырашы, ісмер, ұста, өнерлі адам болған. ……………….. өнерінің бәрін үйретеді.
Алғаш ……………… хат таныған, кейін ауыл ………………., медресе үлгісіндегі …………………. оқыған.Ілияс жас күнінен бастап ………. мен ………………, өлең-……….. құмар болып өседі. Келе-келе бір өңірдің ……………………………….. айналады.
Шығармашылығы сан қырлы. Қазақ поэзиясында ……………. жайлы көп жазған ақындардың бірі. Ақынның «…………….», «…………………..» сынды поэмалары, «……………..», «………………..», «…………………..» атты өлеңдері бар. ……… жылы «Халық жауы» деп айыпталып, ………….. жазасына кесіледі.
ТЕКСЕРУ:
Ілия Жансүгіров Қапал уезіндегі Ақсу бойында 1894 жылы дүниеге келген. Анасынан ерте айрылып, әке тәрбиесінде өскен. Әкесі арабша сауатты, домбырашы, ісмер, ұста, өнерлі адам болған. Баласынаөнерініңбәрінүйретеді.
Алғанәкесінен хат таныған, кейінауылмолдасынан, медресе үлгісіндегімектептеноқыған.Ілияс жас күнінен бастап ән мен күйге, өлең-жырға құмар болып өседі. Келе-келе бір өңірдің өлеңшісіне айналады.
Шығармашылығы сан қырлы. Қазақ поэзиясында өнер жайлы көп жазған ақындардың бірі. Ақынның «Құлагер», «Күйші» сынды поэмалары, «Әнші», «Домбыра», «Күйге» атты өлеңдері бар. 1938 жылы «Халық жауы» деп айыпталып, ату жазасына кесіледі.
Әсіресе оның 1936-1945 жылдары шығарған жырларының орны бөлек.Көктей түс Отанымның шаттық бағы,Кел ұшып, сайрай түсші бұлбұл тағы.Бұлбұлдай шаттық жырын ақтарыңдар,От жүрек еркіндіктің адамдары. /Жамбыл. «Күн толғауы»/Бұл өлең – 1938 жылы жазылған ақын атамыздың «Күн» толғауынан үзінді. Ол кезде бейбіт өмір болатын. Содан кейін соғыс басталып кетті.«Ленинградтық өренім» туралы Прокофьев былай деп жазды: «Жамбылдың «Ленинградтық өренім» атты өлеңі жарияланған кез ең ауыр кезең еді. Халықтың рухын көтеру үшін бұл жыр радиодан күн сайын оқылып тұрды. Халық бомбадан тығылу орнына Жамбыл өлеңі жазылған газеттерді алу үшін кезекте тұрғанын талай көрдік.»Жамбылдың отаншыл өлеңдерінің ішінде дастандары ерекше орын алады.Бұл қатарда оның «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр», «Замана ағымы», т.б. дастандарын атауға болады. Ол- керемет жыршы. Жамбыл қырғыздың әйгілі «Манас», шығыстың «Ләйлі - Мәжнүн», «Жүсіп- Зылиха», т.б. жыр-қиссиларын тәулік бойы талмай жырлаған.Оқушыларға сұрақтар:- Соғыс қашан басталды, қашан аяқталды?- Соғысқа қатысқан жауынгерлер туралы не білесіңдер?Соғыс адамзатқа қандай зардап әкелді? Соғысқа қарсы нелер, қандай күштер жасақталды? Соғыста жауынгерлер қандай ерліктер көрсетті?Бомба тасталды, оқ атылды, еріксіз әскерге аттанды, ел ерсіз қалды. Қала, ауыл қирады, қырғын болды, Әскер қатары күшейтілді, білікті мамандар жинастырылды. Оқ-дәрі, киім-кешек, мініс ат, т.б.жіберілді. Қажырлық, табандылық, достық, бірлік, отансүйгіштік, әдіс-айлаVI Шығармашылық жұмыс.
Эссе
«Жазықсыз жапа шеккен қаламгерлеріміз»
VII Бекіту.
Қайталауға арналған тест тапсырмаларын орындау.
Оқушылардан «халық жауы» атанып кеткен ақындардың өлеңдерін мәнерлеп,жатқа сұрау.VIII Үй тапсырмасы. 1917-1956 жылдардағы қазақ әдебиетіне шолу.IX Бағалау.
ББҮ стратегиясы бойынша бағалау.
Білем Білгім келеді Үйрендім