А? Орданы?, Мо?олстанны?, ?біл?айыр ханды?ыны?, Но?ай Ордасыны? мемлекеттік-?кімшілік ??рылысы


35 сабақ: Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілқайыр хандығының, Ноғай Ордасының мемлекеттік-әкімшілік құрылысы Мектеп: №3 Аршалы орта мектебі
Күні: Мұғалім есімі: Айкынбаева М.М.
Сынып: 7 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбiлқайыр хандығының, Ноғай Ордасының әлеуметтiк және мемлекеттiк-әкiмшiлiк құрылысын анықтайды
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар
Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілқайыр хандығының, Ноғай Ордасының мемлекеттік-әкімшілік құрылысы ерекшеліктерін анықтай алады.
Оқушылардың басым бөлігі
Әрбір ортағасырлық мемлекеттердің өзіне тән ерекшеліктерін салыстыра алады.
Кейбір оқушылар
Мемлекеттік-әкімшілік құрылымының тарихын айқындай алады.
Тілдік мақсат
Оқушылар
Қазақстанның территориясындағы ортағасырлық мемлекеттердiң тарихындағы ортақ ұқсастықтарды көрсете отырып, ерекшеліктеріне назар аудара алады
.... (істей алады)
Негізгі сөздер мен тіркестер
Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған мақсаттар:
Мемлекеттерде феодалдық қатынастардың жоғары деңгейде болғанын неден көруге болады?
Сіз неліктен.... екенін айта аласыз ба?
Мемлекет үшiн салықтардың қандай маңызы бар?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілқайыр хандығының, Ноғай Ордасының мемлекеттік-әкімшілік құрылысы туралы
Алдыңғы оқу Әбілхайыр хандығы
Жоспар Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз )
Жоспарланған уақыт Басталуы (3 мин)
Барлық оқушыны ортаға шығарып шеңбер құрғызамын.
Сәлемдесемін. Сыныптағы оқушылардың келген-келмегендерін түгелдеймін.
Топқа фигуралар арқылы бөлдіремін.
«Өрмекші өрмегі»
(7 мин)
«Мән-мәтінді айқындау» (10 мин) Әбiлқайыр хандығын неге «Көшпелi өзбек ұлысы»деп атайды?
Әбiлқайыр хандығының жер аумағын сипатта.
Хандықтың этникалық құрамы туралы айтыңдар.
Қосымша әдебиеттерде Әбiлқайыр мен қазақ сұлтандары Жәнiбек пен Керейдiң арасындағы жағдай қалай баяндалады?

Ортасы
«Тыңдап отырған үштік»
жаңа тақырыпты талқылау (10 мин)
Мемлекетті басқару құрылысы


Терминмен жұмыс
(10 мин) Қоғамдық және әкімшілік құрылысы
Лауазым атауы Атқарған қызметтері
Ұлысбек Мұрагерді таққа отырғызу, әскер басқару, көрші мемлекеттермен дипломатиялық қатынастар жасау
Атабек Хан баласы- мұрагердің тәрбиешісі
Көкілташ Мұрагердің «тел бауыры»
Наиб, Моғол хандығында Жастайынан сайланған хандарға ақыл-кеңес беруші
Жасауыл Жиын –той, мерекелерде тәртіп, салт-дәстүрдің сақталуын қадағалаушы
Ішік аға басы Сарай қызметінің басшысы
Инақ Хан кеңесі
Миршикар Ханның аңшылық ісін басқарушы
Даруғалар Алым-салық жинап, тәртіпті қадағалаушы

Қорытынды бағалау (мұғалімнің бағалауы)(3 мин).
Үй тапсырмасы (2 мин) : Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілқайыр хандығының, Ноғай Ордасының мемлекеттік-әкімшілік құрылысы оқу, мазмұнын айту. Кесте жаттау.