Бастауыш сынып о?ушыларыны? танымдылы? белсенділігін арттыруда шы?армашылы? ж?мысты? ма?ызы


1 Сайыс атауы Современные образовательные технологии в учебном процессе
2 Секция Другие педагогические технологии, применяемые в учебном процессе
3 Қатысушының аты-жөні (толығымен) Ахметбекова Гулмира
4 Жұмыс түрі Баяндама
5 Білім алу мекемесінің (қысқартусыз) толық атауы " №22 жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
6 Қатысушының толық мекен-жайы (индексімен) Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы,Ортақ көшесі номірсіз үй
" №22 жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Индексі 161200
7 Байланыс телефоны 87058860007
8 Лауазымы Бастауыш сынып мұғалімі
9 Байланыс телефоны 87058860007
E mail murat.nazarov.77@mail.ru
ТОППЕН БІРГЕ ЖҰМЫС КЕЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ
Ахметбекова Гулмира
Түркістан қаласы, М.Мұса атындағы жалпы орта мектептің
математика пәнінің мұғалімі
Әріптестеріміздің көпшілігі топтық жұмысты топқа бөліп, оқушыларды бір-бірімен сайыстырып, жарыс түрінде өтеді деп түсінеді. Негізінде топтық жұмыс барысында оқушылардың белсенділігі артатындығын, бір-біріне қолдау көрсететіндігін, бірін-бірі тыңдай білуге,көшбасшылық қасиетін көрсете алуына, өзара диалог жасауға , бірін-бірі оқытуға ықпал жасайды.
Топпен бірге жұмыс жасау кезде қандайда бір істің атқарылуы маңызды емес, оның топпен қалай жасалғаны маңыздырақ. Бұл жағдайда жұмыстың нәтижесі ғана бағаланбайды, сонымен қатар жұмыс барысы да бағалануы тиіс, өйткені топта жұмыс істей білу оқушыны қалыптастырудағы өте маңызды құзіреттілік . Бұл жағдайда формативті бағалау оқу процесінің бір бөлімі болып табылады, себебі топпен бірге жұмыс істеу арқылы оқушылар бір-бірімен ақылдасып, сұрақтар қойып олар өзара байланыс жасайды.
Топтық жұмысты бағалаудың бірнеше бағыттары бар.
ұстаздың әрбір топтың белсенділіктерін бағалауы;
ұстаздың белсенді қатысып отырған оқушыларды бағалауы;
өзін-өзі бағалау - топпен бірге жұмыс кезіндегі оқушылар мен мұғалімнің байланысын бағалауы;
Топпен бірге жұмыс істеуді ұйымдастырғанда мұғалім төмендегі шарттармен таныстырып өтуі керек.
Топтық жұмыстың мақсаттарын хабарлау және оның оқытылатын тақырыпты оқыту әдісімен үйлесімділігі;
Тапсырмаларды бағалау кезіндегі сындарды анықтау;
Соңында кім бағалайтыны жайлы хабарлап алу; (мұғалімнің өзі; мұғалім мен оқушылар бірлесе отырып; тек қана оқушылардың өздері; арнайы әділқазылар)
Топтық жұмыстың уақыты мен өткізілу түрін анықтау;
Топтық жұмыстың бағалануы
Сыныпты топқа бөліп тапсырмалар берген кезде топтық жұмысты былай бағалауға да болады. 7 "А" сыныбында алгебра пәнінен "Бүтін көрсеткішті дәреже" тақырыбында өтілген сабақта сыныпты 5 топқа бөлдім. Әр топта 4 оқушыдан болды.Үй тапсырмасын сұрау кезде "Математикалық диктант", "Ұқсасын тап" ойыны және сабақты қорытындылауға әр топқа 4 есептен берілді. Топқа жалпы 3 рет топтық тапсырма берілді. Топтық жұмысты орындау барысынды топ мүшелерінің сабаққа ынтасын, тәртібін, өзара талқылау жүргізе алатындығын бақыладым. Топ мүшелерінің тапсырманы дұрыс орындағанда "+", белсенділігі төмен болғанда "-" деген белгі қойып отырдым.
Топ нөмірі Топтағы бірлестік (орналастыру және міндеттердің орындалуы) Тәртібі (басқа топтардағыларға кедергі жасамау, берілген тапсырмадан ауытқымау, айғайламау) Талқылау жүргізе біледі (сыпайы түрде қарсылық көрсетіп, дау тудырған сұрақтарға дұрыс шешім
беруге тырысады) Топтың басқа мүшелерінің презентацияларға сұрақтар қою, толықтыру жас ау. Барлық ұпайы
І ++++ ++++ ++-- ++ 12 +
ІІ +-++ ++++ -+-+ + 10+
ІІІ +++- -+++ -+++ + 10+
ІҮ +-++ +-++ +-++ 9+
Ү ++++ ++-+ ++-+ + 11+
Мұғалім тапсырмаларды берген соң әрбір топтың белсенділіктерін бақылап, кестені толтырып отырады. Оқушылар тапсырмаларды орындап жатқан кезде мұғалім кестедегі «Топтық бірлестік» пен «Тәртібі» деген қатарларды толтырады. Ал әр топ өз жұмыстарын баяндап жатқанда, келесі екі қатарды толықтырып отырады. Осылайша процесс жалғаса береді. Ең соңында қорытындысын шығарып және нәтижелерді талқылады. Нәтижесінде сабақ барысында 1- топ белсенді қатысса, 4- топтың белсенділігі төмен болды. 4- топ мүшелерінің міндеттері дұрыс бөлінбеді және талқылау жүргізгенде топ мүшелері бір шешімге келуі көп дау туғызды. Басқа топқа сұрақ қою және толықтыру жасалмады. Қатысушылармен әрбір топтың жұмыстарындағы жетістіктерін, кемшліктерін айта кетіп ортақ нәтиже шығардық. Оқушылардан алынатын топтық кері байланыс сұрақтары сабақта өз тиімділігін көрсетеді. Төмен нәтиже көрсеткен 4- топ мүшелеріне "Жұмыс барысында топтағы қарым — қатынас тапсырманың орындалуына қалай әсер етті?" деген сұраққа топ мүшелері топтағы нашар қарым-қатынас жұмыстың жақсы жүруіне кедергі болды деп жауап берді. Сыныптың қарым-қатынасын жақсарту мақсатында келесі сабақтың ұйымдастыру кезеңінде тренинг өтуді жоспарладым. Жалпы кері байланыс мұғалімдерге біріншіден, оқытудағы кемшіліктерді анықтауға, екіншіден келесі сабақтар тізбесінде өзгерістер енгізуге, яғни оытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдануға және уақытты тиімді пайданауға мүмкіндік береді.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Набуова Р. А. Оқыту үшін бағалау - сындарлы оқыту теориясының біртұтас кешені ретінде // Молодой ученый. — 2014. — №1.2.
2. semester.kz/refkaz/30/816