«Арайлы,алтын к?з» (сайыс).


-772160-22288500
Өтес орта мектебі

«Білім кілті - бастауышта» атты
«Атамұра» пән бірлестігі апталығында
3 – ші сыныптар арасында өткен
«Ғажайыпстанға саяхат» білім сайысында
«Алғырлар» атына ие болған
___________ тобы марапатталады Мектеп директоры: А. Назарова
26.11.2014ж


-34353512954000
Өтес орта мектебі





Өткізген: Байбоз Жанар
2014-2015 оқу жылы
«Арайлы,алтын күз» (сайыс ).
Мақсаты: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Арайлы,алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылық, күз-шаттық, күз-қуаныш екеніні оқушы санасына жеткізу. өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке , ынтымақтастыққа баулу.
1 – ші Жүргізуші: Армысыздар, қымбатты ұстаздар, оқушылар! «Арайлы,алтын күз» атты күзгі бал кешіне қош келдіңіздер. Бәрекелді, мерекелі алтын күз құтты болсын. Нағыз сары алтындай сары күз-қыркүйек айы. Ол-еңбек айы. Күз маусымының екінші айы – қазан. Бұл ай – мереке басы.
2 – ші Жүргізуші: Өйткені дихандар сабантой жасайды. Күздің соңғы айы-қараша. Қараша десе дегендей, айнала теп-тегіс сүреңсіз. Жапырағынан айрылған ағаш қара суыққа қалтырап, жүдеу далаға өң бере алмай селтиеді.
1 – ші Жүргізуші: Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,
Көңілді серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын.
2 – ші Жүргізуші: Күз мейрам құтты болсын баршаға,
Күздің сәні келіп қапты ортаға.
Әділқазы алқалармен таныстырып, кетейінші осы отырған баршаңа, -дей отырып құрметті көрермендерді әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.
1. Мектептің тәрбие жөніндегі орынбасары: Надирова Гүлсім
2. Өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі Ахбайқызы Гүлзат
3. Бастауыш сынып мұғалімі: Қосанова Ұлаш
1 – ші Жүргізуші:
Қош келдіңіз көрермен,
«Арайлы алтын күз» кешіне
Отырыңыз қол соғып,
Шат күлкіге бөлене.
Көбейді құт-береке,
Астық толы қоймамыз
Құтты болсын мереке,
«Арайлы , алтын күзді» тойлаймыз.
2 - Жүргізуші: Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,Әр үйде шығатұғын жаңа таңбыз.Жан сұлуымен тән сұлуын тепе – тең ғып,Еріксіз өзімізге қаратармыз, - дей отырып ортаға қатысушы жұптарды шақырамыз! 4 «А» Сыныбының ханшасы Төлегенов Ернұр мен ханзадасы Төлегенова Гүлнұрды ортаға шақырамыз.
4 «Ә» Сыныбының ханшасы Оңалов Бауыржан мен ханзадасы Маткарим Жұлдызды ортаға шақырамыз.
3 «А» Сыныбының ханшасы Бердиев Марлен мен ханзадасы Есенбай Жұлдызды ортаға шақырамыз.
3 «Ә» Сыныбының ханшасы Мұрат Бейбіт пен ханзадасы Оңалова Ақтұмарды ортаға шақырамыз.
1 – ші Жүргізуші: Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, алдымен топтың қайсысы бірінші болып шығатынын жеребе тастау арқылы анықтап алайық. Ол үшін жеребе тартса дейміз.

2 - Жүргізуші: Ендігі сәтте бүгінгі байқауымыздың шарттарын атап өтейік.
1. «Сәлем –сөздің атасы» Бұл бөлімде оқушылар өздерін жеке - жеке таныстырады.
2. «Өнерлі өрге жүзер» Екеуінің де өнері тамашаланады.
3. «Сымбат көрік ,сәндік өнер» Өз шығармашылықтары, жоқтан бар жасау. / киім үлгісі/
4. «Кім білгір?» Жұмбақ шешу,мақал-мәтелді жалғастыру. 5. «Үй тапсырмасы» Күзгі жапырақтардан аппликация жасау. 6. «Жұптық егіздер» Қағаздан белгілі бір өрнекті қию.
1 – ші Жүргізуші: «Арайлы алтын күз» атты сайысымыздың бірінші бөлімі «Сәлем –сөздің атасы» таныстыруға кезек берейік. Қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар біздің сұлу да сүйкімді ханшаларымыз бен салмақты да сымбатты ханзадаларымыз өздерін таныстырсын.
Шарты: Әр сыныптан қатысушы жұптар өздерін таныстырып шығады.
– ші жұп Мұрад Бейбіт пен Оңалова Ақтұмар
– ші жұп Төлегенов Ернұр мен Төлегенова Гүлнұр
– ші жұп Оңалов Бауыржан мен Маткарим Жұлдыз
– ші жұп Бердиев Марлен мен Есенбай Жұлдыз
2 - Жүргізуші: Әділқазыларымыз сайысымыздың таныстыру бөлімінің бағасын бергенше, әнге кезек берейік. Ән қандай , ән болмысты қызың қандай ,
Таң жібіп, әуенімен жүз жанғандай.
Сырлы саз, әсем әуен, ескен сайын
Барады көңілдерде шыдам қалмай дей келе мектебіміздің 3 «А» сыныбының бір топ оқушыларының орындауында «Ұстазым» әні.
1 – ші Жүргізуші:
Күз келіп, хан мен ханшайым
Өткізді күзгі бал айын
Ханшайым тапқыр қыз болды,
Ағызар сөйлеп сөз майын
Ал ханзадамыз ақылды,
Барша жұртты шақырды
Би де билеп, ән айтты,
Қуаныштан шалқыды.
Әділқазылар сөз кезегі өздеріңізде,сайысымыздың бірінші бөліміне баға берсек.
2 – ші Жүргізуші: Ханшаларымыз бен ханзадаларымызды танып білсек сайысымыздың екінші бөліміне кезек берейік. 2 - кезең
Асыл тастан, өнер жастан,
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалт айтпас,
Әрқашанда нанымды
Сол шындықты күнделікті,
Көріп жүрміз өмірден
Өнерімен танысайық,
Тілекші боп көңілден.
Ортада сайыскерлеріміздің өнерлерін тамашалайық біздің мектептің ханшалары мен ханзадаларының арасында әншілер де, бишілерде бар екен.
сайысымыздың екінші бөлімі «Өнерлі өрге жүзер» бөліміне кезек берейік.
– ші жұп Мұрад Бейбіт пен Оңалова Ақтұмар
– ші жұп Төлегенов Ернұр мен Төлегенова Гүлнұр
– ші жұп Оңалов Бауыржан мен Маткарим Жұлдыз
– ші жұп Бердиев Марлен мен Есенбай Жұлдыз
1 – ші Жүргізуші:
Әділқазыларымыз сайыскерлеріміздің бағасын бергенше кезекті биге берейік.
Әнді биді сүйеміз,
Мың бұрала, би де билеп береміз.
Кезекті енді индиский биге береміз,
дей келе 3 «А» сыныбының биші қызы Жаннұрды ортаға шақырамыз.
2 - Жүргізуші: Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде. Екінші сайысымыздың бағаларын білейік. 3-кезең
1 – ші Жүргізуші:
Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,
Әр ханша мен ханзада әсем болар өз сәнімен.
Күз сәні өнерімен ортаға шығып,
Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен - деп сайыскерлерді «Сымбат көрік ,сәндік өнер» жоқтан бар жасау үлгісінде ортаға шақырамыз.
– ші жұп Мұрад Бейбіт пен Оңалова Ақтұмар
– ші жұп Төлегенов Ернұр мен Төлегенова Гүлнұр
– ші жұп Оңалов Бауыржан мен Маткарим Жұлдыз
– ші жұп Бердиев Марлен мен Есенбай Жұлдыз
2 - Жүргізуші: Қарсы алайық қол соға ,
Өнерлі жас қаншама
Мың бұралып билеген,
6«Ә» сыныптың қыздары ортада
Әділқазылар сөз кезегі өздеріңізде,сайысымыздың үшінші бөліміне баға берсек.
4 - кезең
1 – ші Жүргізуші:
Ойнайықта та ойлайық!
Қатардан қалып қоймайық,
Белсенді болып ортада,
Уақытты текке жоймайық! Кезекті бөлім «Кім білгір?» деп аталады. Бұл болімде әр жұп, әділқазылардың алдынан жапырақтарды суырып, сол жапырақтың артындағы сұраққа жауап беріп, мақал-мәтелді жалғастырады. Әр жапырақта бір сұрақ, бір мақалдан берілген. Ендеше топтарды қарсы алайық!
Әр жұп барып әділқазылардың алдынан бір сұрақтан алады.
Дайын болған жұп жауабын бере – береді.
2 - Жүргізуші: «Кім білгір?» бөлімі аяқталды ,барлығы тегістей сұраққа жауап берсе,енді сөз кезегі өздеріңізде, әділ қазылардың бағаларымен таныс болайық. 5 – кезең 1 – ші Жүргізуші:
Қаңғалақтап құлдилайды жапырақ,Сарғыш тартып мынау дала, атырап.Күн шуағын жинай алмай тұрғандайҚатар-қатар шөмелеге шашып ап, дей келе сайысымыздың бесінші бөліміне кезек берейік. 2 - Жүргізуші: Көрсетсін сайыскерлер өздері дайындаған қолөнерін. «Үй тапсырмасы» бөлімінде қатысушыларымыз  күзгі жапырақтардан өз шығармашылықтары бойынша дайындап әкелген үй тапсырмасымен таныстырсын.
– ші жұп Мұрад Бейбіт пен Оңалова Ақтұмар
– ші жұп Төлегенов Ернұр мен Төлегенова Гүлнұр
– ші жұп Оңалов Бауыржан мен Маткарим Жұлдыз
– ші жұп Бердиев Марлен мен Есенбай Жұлдыз
1 – ші Жүргізуші: Әділқазыларымыз сайыскерлеріміздің бағасын бергенше, келесі кезекті биге берейік.
Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты.
Мың бұралып биші қыз би билейді
Халайық қол соғыңдар мархаббатты, 3 «Ә» сыныбының қыздарын қарсы алайық қол соға.
Әділқазыларға сөз берсек, сайыскерлеріміздің жапырақтардан жасаған аппликацияларының бағасын көрсетсеңіздер екен.
6– кезең
2 - Жүргізуші: Алтындай сылдырлайды күздің үні,
Жібектей майда шуақ алтын күні.
Биылғы мерекелі нұрлы күздің ,
Тамаша бірдей сұлу күн мен түні
Келесі кезекте «Жұптық егіздер», деп аталады, бұл сайыстың шарты: Төрт жұпта қатар тұрып, бірдей уақытта баст Екі жұптың біреуінің оң, екіншісінің сол қолы байланады. Оң қолы бос оқушы қолына қайшы ұстайды, сол қолы бос оқушы қолына, қағаз бетіне түсірілген өрнекті ұстайды. Екеуі бірігіп қағаздағы өрнекті 2 минутта қиып шығуы керек.
Сөз кезегі әділ - қазылар өздеріңізде. Екінші сайысымыздың бағаларын берейік.
1 – ші Жүргізуші: Білім аққан сел дейді,
Бірақ оңай келмейді.
Ала білсең білім көп,
Ақыл ойға кел дейді
Білім ой мен арымыз,
Рухани ол нәріміз
Сайыскерлер сіздерге,
Қол соғамыз бәріміз!
2 - Жүргізуші: Осымен сайыскерлеріміз алты кезеңнен өтіп өздерінің бойларындағы бар өнерлерін, тапқырлықтарын, шешендіктерін білдірсе, алтын күзіміздің жүлдегерлерін анықтайық.
Сөз кезегін Бастауыш сынып меңгерушісі Аятбергенова Гүлнар апайға береміз.
Ендеше кезекті әділқазылар алқасына сөз береміз.
Надирова Гулсім
Ахбайқызы Гүлзат
Қосанова Ұлаш
(жеңімпаздар марапатталады)
Олай болса соңғы сөз кезегін ата – аналарға береміз.
1 – ші Жүргізуші:

Білім- теңіз, мектепті кеме дейміз,
Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,
Әдебі мен тәлімі үндесетін,
Жастарды болашаққа жетелейміз.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Өмір-күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,-деп отырып бүгінгі «Арайлы алтын күз» атты кешімізді аяқтаймыз. Жеңісті күндерде кездескенше, достар!!!