Сайыс Мы? бір ма?ал, ж?з бір ж?мба?
Тақырыбы: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»
Мақсаты: Оқушылардың халықтық шығармалар және оның түрлері туралы білім-білік дағдыларын пысықтау, көркем, таза сөйлеуге үйрету, халық ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Көрнекілігі: суреттер, ашық хаттар, тапсырма, шарлар
Әдісі : ойын, сұрақ-жауап, көрнекілік, практикалық.
Психологиялық дайындық. Бақылаушылар алқасы, сайыс көрермендері қатысады. Сайыстағы дұрыс жауаптар дөңгелектермен бағаланады.
Ән: «Ерке құсым».
/Сұрақ ,тапсырмалар ашық хат ішінде болады./
Тәрбиеші: «Ер қанаты-ат», «Тұлпар-құлыннан, батыр-баладан» деген мақалдарды халқымыз тегін айтпаған. Аталарымыз ежелден жылқы малын қастарлеп, қасиетті санаған. Сондықтан, бүгінгі сайыскерлеріміз топ аттарын жылқы малы құрметіне «Жорға», «Тұлпар» деп атапты. 1-топ сайысты бастайды.
Мақал-мәтел дегеніміз не?
(Мақал-мәтелдердің құрылымы өлең сияқты болып келеді. Олардың бір-бірінен айырмашылығы бар. Мақалда ой анық айтылады. Мәтелде тұспалдап жеткізіледі)
Тәрбиешінің толықтыруы: Мақалдар сөз салмағын ойлана айтуға үйретеді. «Ойнап сөйлесең де ,ойлап сөйле». «Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі», «Көп сөз –көмір, аз сөз –алтын» сияқты мақалдар ақыл мен ойды зерделіліктің сөйлеу мәдениетімен ұштастырады.
2. Мақалдың соңын жалғастыр...
* Батыр туса-ел ырысы
(Жаңбыр жауса жер ырысы)
*Ат айналып қазығын табар
(Ер айналып елін табар)
*Ақыл азбайды
(Білім тозбайды)
*Туған жердей жер болмас
(Туған елдей ел болмас).
3. Мақал жарыс.
Жатқа білетін мақалдарын айтып жарысады.
Күй. «Көңіл толқыны»
2-топ.Жаңылтпаш дегеніміз не?
(Жаңылтпаштар дыбыстар мен сөздерді дұрыс, анық айтып жаттығу үшін қолданылады.)
4. Жаңылтпаштар сайысы. Ойынның шарты бірінші топ оқушысы жаңылтпашты айтады, екінші топ сол жаңылтпашты дәлме-дәл қайталайды.
5. Сайыс. «Егер әріптер адасса». Қарамен жазылған сөздің қатесін табу керек.
Топтық жұмыс. Әріп жұмбақтар.
а) Балалар таң қалып тұр,
Шеберін –ай бұл қыздың-
Бөрік тігіп алыпты,
Терісінен жұлдыздың(құндыздың)
Сырғауылдың етін жеп,(қырғауылдың!
Тойып отыр Беркінбек.
Гүл сыйладым әпкеме,
Бүгін туған күнің,- деп
Күлімді көріп әкелген(гүлімді)
Қуанды әпкем күлімдеп .
Отқа жағып байқадым,
Қызуын –ай бұқаның
Жылқышы атам Күдері
Қысы-жазы үнемі.
Қайың сапты тұрығын (құрығын)
Сүйретеді де жүреді.
Жаңғырықтырып даланы,
Жаз қаңқылдап барады(қаз)
Ә) Қарамен жазылған сөздердің қатесін табыңдар.
Түннің нұры шуақты,
Түннің нұры жылытып,
Қар еріді, су ақты.
Тамағымды оқимын,(сабағымды)
Көңіліме тоқимын.
Емханада Ермек жатыр,
Шомылуға шөлге келдік.(көлге)
Апам мұртын алдырды,(атам)
Ақ сақалын қалдырды.
Мына шаңның жарығы-ай,(шамның)
Деп қуанды Абылай.
6. Келесі сайыс. «Ықшам жұмбақтар».
- Күбіге құйып піскенім не?(қымыз)
- Ұйытып қойып ішкенім не?(айран)
- Табаға салып жапқаным не?(таба нан)
- Сөреге кептіріп жайғаным не?
- Тұзын көріп татқаным не?(сорпа)
Қорытынды. Ойынның қорытынды бөлімінде бақылаушыларға сөз беріледі.Сыйлықтар тапсырылады. Мақтау қағазымен марапаттау.
-