Мы? бір ма?ал, ж?з бір ж?мба? сайыс


«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»
(3-сыныптар арасындағы сайыс)
Мақсаты:
1 Ата – бабамыздан қалған өшпес мұра, көлемі жағынан шағын болғанымен мазмұны терең,қымбат қазына мақал-мәтелдерді оқушыларға үйретіп, ұғындыру.
2 Ой белсенділігін, сөздік қорын молайту.
3 Бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерін балаларға ұғындыру, сол сөздерден өнеге алуға баулу.
Көрнекілігі: тәрбие туралы мақал-мәтелдер.
Жоспары:
Ойынды ашу
Ойыншыларды таныстыру
Әділқазылармен таныстыру
Ойын тәртібін түсіндіру
Мақалшылар сайысы I айналым
Көрермендермен ойын(Мақал- мәтелден айтыс)
Жұмбақшылар сайысы II айналым
Көрермендермен ойын (Жұмбақ шешу)
Мақалшы, жұмбақшы сайысы III айналым
Шешендік сөз
Ән шашу
Қорытынды
I Құрметті ұстаздар, сайысқа қатысушы оқушылар, көрермендер!
3-ші сыныптар оқушыларының арасында өтейін деп жатқан «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысына қош келіпсіздер! Біз бүгін біздің дарынды балаларымыздың әдебиет пәнінен алған білімдерін сынамақшымыз.
Мақал-мәтел білмейтін бала жоқ деп айтуға болады. Өйткені мақал-мәтелді біз мектепке келген күннен бастап үйренгенбіз. Мақал-мәтелдер ауыз әдебиетінің ең байырғы, ең көне түрі. Ол ғасырлар бойы халықтың ұқыпты сақтап келген еңбек тәжірибесінің жиыны, ой-пікірінің түйіні, аңсаған асыл арманының арнасы, өмір тіршілігінің айнасы, көнеден жаңаға, атадан балаға қалдырып келе жатқан тозбайтын, тот баспайтын өмірлік өшпес мұрасы.

1- оқушы: Жер үстінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік біліммен алынар,
Біліммен аспанға жол салғызар.

2- оқушы: Шын жүректер сыналады,
Жарыстың ба орта жолда қалыспа.
Әділ қазы бағалайды сіздерді,
Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?
3- оқушы: Бәйгеге түсіп жарысып,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол алда!

4-оқушы: Балғын шақта, балалар!
Ал келіңдер, келіңдер
Біріңе бірің еріңдер, біліміңді тексеріп
Ойынға қатысып көріңдер!

Әр оқушы: Бұтағы - бабасының,
Ұрпағы - атасының,
Шуағы - әжесінің,
Тұяғы - әкесінің,
Тілегі- анасының,
Тірегі -ағасының,
Түлегі- даласының,
Қатысушы ойыншылырға
Сәттілік тілейміз!
II Мақал айтып көрейік демекші бүгінгі сайыстың I айналымында мақал айту сайысы. Ендеше ортаға бүгінгі сайыстың I айналымына қатысатын мақалшыларға сөз берейік:
Сайысқа қатысатын оқушылар өздерін таныстырады.

III Ойынды бастамас бұрын мен сіздерді осы сайысқа әділ баға беретін, әр айналымның есебін шығарып,қорытындысын айтатын әділқазылармен таныстырып өтейін.
I айналым 3 тапсырмадан тұрады.
1- тапсырмада әр мақалшы өздері дайындап келген мақалдарын айтады.
2- тапсырмада мақалдың алғашқы жолын жүргізуші оқиды, ал ойыншы жалғастырады. Жалғастыра алмаса, келесі ойыншы жалғастырады.
Әр ойыншыда белгі болады. Сол белгіні көтеру арқылы берілген тапсырмаларға кезегімен жауап береді.
3- тапсырмада ұпайды аз жинаған мақалшы ойыннан шығады.
Ойыншы өздері дайындап келген мақалдарын, өзара айтып, сайысады.Яғни, бірінші ойыншы мақал айтады, екінші ойыншы сол мақалда кездескен сөзі бар келесі мақалды айтады.
Мысалы: Отан - елдің анасы Отанды сүю отбасынан
Ел - ердің анасы басталады.
Тапсырмалар түсінікті болса, сайысты бастайық.
I айналым 1. әр мақалшы өздері дайындап келген мақалдарын айтады.
2. мақалдың алғашқы жолын мен оқимын, ал ойыншы жалғастырады. Жалғастыра алмаса, келесі ойыншы жалғастырады.

Ананың көңілі балада, Ананың сүті – бал,
Баланың көңілі далада. Баланың тілі бал.
Ұлдың ұяты әкеге Оқу білім азығы,
Қыздың ұяты шешеге Білім ырыс қазығы.

Шешеннің тілі алтын, Әдепті бала- арлы бала ,
Шебердің бізі алтын. Әдепсіз бала- сорлы бала.
Тіл тас жарады, Ата көрген оқ жонар,
Тас жармаса бас жарады. Ана көрген тон пішер.
Туған жердің қадірін Досы көпті жау алмайды,
Шетте жүрсең білерсің. Ақылы көпті дау алмайды.
Қына тасқа бітеді, Алтау ала болса,ауыздағы кетеді,
Білім басқа бітеді. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
Отан – елдің анасы, Сөздің көркі мақал,
Ел- ердің анасы. Жүздің көркі сақал.
Жақсы кісі байқап сөйлер, Ананың көңілі балада,
Жаман кісі шайқап сөйлер. Баланің көңілі далада.
Асыл тастан - ақыл жастан Дені саудың – жаны сау.
Балалы үйдің – ұрлығы жатпас. Өз елім – өлең төсегім.
.
3. Ойыншылар қалып, ұпайды аз жинаған мақалшы ойыннан шығады.Екі ойыншы өзара сайысады. Бірінші ойыншы мақал айтады, екінші ойыншы сол мақалда кездескен сөзі бар келесі мақалды айтады.

I айналымның жеңімпазы анықталып, II айналымға қатысады.
Көрермендермен ойын. (Айтыс)
Ұлдар мен қыздар болып 2 топ құрап, мақал айтып айтысады.
Жүргізуші 1 мақал айтып бастайды, қай топ жалғастырса сол топ айтысуды бастайды.
Білекті бірді жығар, Ақыл - тозбайтын тон,
Білімді мыңды жығар. Білім – таусылмайтын кен.
Күш – білімде, Әдепті бала ата-анасын мақтатар,
Білім - кітапта. Әдепсіз бала ата – анасын қақсатар.

Үлкенге – құрмет, Еңбектің наны тәтті,
Кішіге – ізет. Жалқаудың жаны тәтті.
II айналымда жұмбақ шешу сайысы.
Ендеше ортаға бүгінгі сайыстың II айналымына қатысатын жұмбақшыларды шақырайық.
Жұмбақшылармен таныстыру
Сайысқа қатысатын оқушылар шақырылады.

Бұл сайыс 2 тапсырмадан тұрады.
1-тапсырмада жүргізуші жұмбақ айтады, ойыншы жұмбақтың шешуін табады.
2- тапсырмада екі ойыншы қалады.Өздерінің дайындап келген жұмбақтарын бір-
Біріне айтып, шешуін табады.
Жеңімпаз III айналымға өтеді.

Ендеше II айналымды бастайық.
Жаурағанды күлдірер, Тұмсығы мықты
Өз еркіне жіберсең, Қыр мен ойды тегістеп шықты.(Үтік)
Дүниені бүлдірер (От)
Аласа ғана бойы бар, Асқар тауда
Тоғыз қанат тоны бар.(Пияз) Қалың орман,
Оны кейде
Шөптей орған. (Шаш)

Сақалы жоқ, шашы бар, бет-аузы жоқ, басы бар.
Белін бекем байлаған, қоқысты қоймай айдаған. (Сыпырғыш)
Бір үйге көзсіз боп басың сұғасың, Бетін адам ашады,
Бұл үйден көреген болып шығасың.(Мектеп) Білім нұрын шашады.(Кітап)
Құстан аумайды, Қалпақты шымырды,
Көкте заулайды. (Ұшақ) Төбесінен ұрады.
Түзетуге қыңырды,
Дәйім дайын тұрады.(Балға)
Көше бойлап аяңдайды, Әжем уыстап сығып,
Адам тасып аялдайды. (Автобус) Далада кептірген.
Қатты әрі тәтті дәмін,
Кім бар жеп көрген? (Құрт)
Аппақ ас, сызы бар,
Балалар қызығар. (Балмұздақ) Сүрткен киімі тазарып,
Өзі қалды тым арып. (Сабын)
2- тапсырмада екі ойыншы қалады.Өздерінің дайындап келген жұмбақтарын бір-біріне айтып, шешуін табады.
II айналымның жеңімпазы анықталып, III айналымға қатысады.
Көрермендермен ойын
Ұзын мұрты сарылар , Күмбір-күмбір күйі бар,
Қойынында наны бар. (Бидай) Құлағыңа құйып ал! (Домбыра)
Тақылдатып таңдайды, Өзі өрмелі, сапты,
Уақыттан бір қалмайды.(Сағат) Жүргізеді атты. (Қамшы)
Маған да, саған да,
Жақын туыс – бес адам.
Үш әріптен тұратын,
Оңға оқы, солға оқы,
Өзгермейді еш одан,
Бәрі де өз жұратың,
Айтады кәне: кім атын?(Ата; Ана;Апа; Аға; Іні)
III айналымға 2 айналымның жеңімпаздары шығады.
Тапсырма:
Жүргізуші жұмбақшыға жұмбақ айтады.Жұмбақшы шешуін табады.
Ал мақалшы жұмбақтың шешуіне байланысты мақал айтады.
Жеке өзін жей алмайсың, Досы жоқ адам,
Онсыз асты да аузыңа салмайсың.(Тұз) Тұзы жоқ тағам.
Баласымын даланың, Еңбексіз өмір-сөнген көмір.
Туғаннан дақсыз қарамын.
Қыс келсе, жұртты жылытып,
Үйді-үйге барамын. (Көмір)
Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді тілі жоқ. Кітап- білім бұлағы,
Қолыңа алсаң – шешен, Білім- өмір шырағы
Ақылы асқан көсем. (Кітап)
Садақша мойнын иілтіп, Аққуды атуға болмайды,
Көрген жанды сүйсінтіп, Достықты сатуға болмайды.
Жүзгенде көлдің сәні өзі,
Судағы құстың нәні өзі,
Жердегі құстың серкесі,
Көктегі құстың еркесі. (Аққу)
Төңкерілмейтін күбі,
Көтерілмейтін күбі. Оқу- инемен құдық қазғандай.
Шүпілдеп- ақ тұрса да,
Көрінеді түбі. (Құдық)
Көп бытыра қорғасын, Жаңбыр жауса жер ырысы,
Көбейткен жер олжасын. (Жаңбыр) Батыр туса, ел ырысы
Соңғы айналымға жеңімпаз шығады.Ақтық ойын:
Оған : «Дүниеде не қымбат? - деп сұрақ қойғанда:
Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт-берекең – атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат,
Асқар тауың – әкең қымбат.
Мейірімді апаң қымбат,
Туып өскен – елің қымбат.
Ұят пен ар-қымбат» - деп жауап берген, қай би?
Сөз кезегі әділ-қазыларға беріледі. Марапаттау рәсімі орындалады.
Қорытынды : Өнер білім серігім адам атың,
Болашаққа сеніммен бара алатын.
Осымен сайыс та таман болды,
Бәрің аман болыңдар, жамағатым!
Ән- шашу.