Атамекен — алтын бесік


Өзін - өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: «Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі» КММ
Мерзімі: № 19-20сабақтар
Сабақтың тақырыбы:Атамекен алтын бесік.
Құндылық: Сүйіспеншілік,дұрыс әрекет.
Қасиеттер:шындық,адалдық,әділдік.
Мұғалім: Советова М.Е
Сынып: 7 «М1»
Оқушылар саны:
Мақсаты:Оқушылардың атамекен,туған жерді қорғай алу,Отанын сүйе білу туралы иүсініктерін кеңейту. Міндеттері:
Қазақстанның байтақ жерін қорғап,сақтап келген ата бабамыздың тарихы,еліміздің тәуелсіздігін қорғаудағы орасан ерліктері туралы мағлұмат беру;
Қазақстанның рәміздерін құрметтеу,Атамекенді ардақтау сезімдерін дамыту;
Туған жерді көркейтуге ат салысу,еліне адал қызмет етуге тәрбиелеу. Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті.
Жайлы, баяу музыка қойылады.
Нұрға бөлену.
Ыңғайланып отырыңыздар,денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз:Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан.Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды,әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек -қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын еслестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе тусуде,оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп,сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз,құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.Нұр көздерімізге де жетті,көзіміз тек жақсыға қарап,бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп,басыңызға тек ізгі,сәулелі ой келеді.Нұр бірте- бірте қарқынмен шұғылана бастайды,сіздің денеңізден шығып,жан -жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңызға,таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп журген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан- жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын...Ғаламның барлық түпкір түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын”.
Осындай Нұр,махаббат және тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Үй тапсырмасын тексеру.Жаңа сабаққа алдын ала берілген дайындық жұмысы. Дәйексөз
Туған жер тұғырың,туған ел қыдырың.
Халық даналығы
Әңгімелеу. Естігенім бар еді жүз жасаған бір қария қолына асасын ұстап,садақтай иілген бүкіш еңсесін төмен тастап,аяңдап бара жатқанын көрген бір жігіт оны мазақтап: “Ей,Шайық,сіз осы иілген садақты қаншаға сатып алдыңыз,айтшы мен де сатып алайын,-дегенде,Шайық:” Сабыр етіп көп жасасаң,бұл садақты саған тегінге береді, - деп жауап беріпті.Ей,перзентім,қарттық дәрежесіне жетсең жігіттерден аулақ аулақ бол.Өйткені қарт кісіларге жігіттердің салты жараспайды.Ал жігіттерге қариялықтың салтын жасау көзге қолайсыз көрінетін жағдай.Сыланып сипанған қариядан қаш,өйткені сыртқы сыпайы көрсетіп,кербезденген қарияның ашуы бұзық жігіттерден кем болмайды.Сол сияқты таза емес,салақ қариялардан да аулақ жүргін.Жігіттік дәуірін ғанибет біліп,оған лайықты іс істе.Қашан денеңдегі сезім жүйелері істен шығып,есту,көру,иіс,дәм,қатты,жұмсақты сезу ләззатынан мақұрым болсаң,ондай өмірден өзің де түңілесің,басқаны да түңілдіресің,адамдардың мойнына түскен ауыр жүк боласың.Бұл сияқты өмірден өлгеннің өзі абзал.Қартайғаныңда жігіттікті аңсау қиялынан аулақ бол,өйткені қарттық өлімге бір табан болса да жақын ғой.
Е,перзентім,қартайсаң бір жерде өмір сүруге әрекет ет.Қарттықта ұзақ сапарға шығу ақылға сыймайды,сол сияқты қаржысы аз адам да саяхатқа шығып әуреленбесін.Себебі қарттық та дұшпан.Мұқтаждық та дұшпан.Бұл екі дұшпанмен сапарға шығу даналыққа жатпайды.егер де басыңа іс түсіп,Алланың әмірімен үйіңнен шығуға мәжбүр болсаң,басқа бір жерде тұрғын болудан сапарда жүрген жақсы.Егер де сапарың сәтті болып,көңіліңе ұнаса,оны да бір жан рақаты деуге болады.Барған жеріңнен мал мен азық талап қылмағын.Қай жерде ісің өзіңе жайлы болса,сол жерге тұрғын бола бергін.Сол жерді өзіңе жақсы мал азық орны деп біл.Артықша дәме қылсаң,қолыңдағыдан айырыларсың.Өз тұрмысыңда тәртіпсіздікке жол берме.Дос,дұшпаныңа жақсы көрінгің келсе,амал,өнеріңді жұртшылыққа көрсете біл.тірлікті босқа істемегін.Барлық ісіңді тәртіппен,алдын ала ойланып істегін.
Бұл әңгімеден не ұқтыңыздар?
Жігіт қарт атаны неге мазақтады?Оның әрекеті дұрыс болды? ма? Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс.
Атамекен алтын бесік тақырыбына шығарма жазу. Топпен ән айту. Қазақтар,бауырлар!
Сөзі мен әні: Р.Зайытов
Қазақтар,бауырлар,
Бәрі де өз қолыңда
Бірлікте болыңдар
Болашақтың жолында
Тыңдаңдар жігіттер!
Менің кеудемде бір ой тұнжылайды,
Өмірдің мың сұрағы
Неге біз қазақ болсақ та бастарыңды қоса алмай жүрсің әлі?!
Неге үш жүзге бөлінесің?
Шегесің,егілесің,бос мақтауға семіресің
Біріңді бірің атасың,алдайсың,сатасың
Өз бауырыңды бауыздағанға мақтанып жатасың,
Елімізде жүрген мазақ етіп күлген
Есіңді жина,біріңді -бірің бауырым деп сыйла,үмітпен жолға қара,
Біздің бағымыз жанады сонда ғана.
Қазақтар,бауырлар,
Бәрі де өз қолыңда
Бірлікте болыңдар
Болашақтың жолында. Үй тапсырмасы. Оқулықтың 92беттегі “Аманай мен Заманай” үзіндісін оқып,мазмұндап келу. Соңғы тыныштық сәті.Баяу әуен орындалып тұрады.Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізгі үлкен рахмет!