?зін-?зі тану п?нінен Атамекен-алтын бесікта?ырыбында ашы? саба?


"Атамекен-алтын бесік" өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ
Өзін – өзі тану  7 сынып Сабақтың тақырыбы:   Атамекен – алтын бесікМақсаты: Атамекеннің адамның  өсіп – дамуындағы, өміріндегі рөлі туралы түсініктер беру.Міндеттері- Атамекенді қадірлей білуге, ата-мекенге қызмет ету, адам өмірінде ата-мекеннің алатын орны туралы мағлұмат беру;- Оқушылардың өз атамекені, туған жері  туралы мәліметтер мен тарихы туралы білімдерін кеңейту;- өз атамекеніне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін, мақтаныш сезімдерін  арттыру.Қолданылған технология: СТОКөрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайдтар.Тыныштық сәті.
  Ойланайық, пікірлесейікҚызығушылықты ояту кезеңінде миға шабуыл әдісімен әңгімелесуді жүргіземін. Бұл әдісте төмендегідей сұрақтар берілген1.Атамекен дегенде ойына бірінші не келеді?2. Адамның туған жері әрқашан атамекен бола ма?3. Адамда екі атамекен бола ма? Отан ше?4. Өз атамекенің сүйе   өміріне қалай әсер етеді?5. Сенің арман  қиялында атамекеніңе қандай орын белгіленген?
                                                      Дәйексөз
                       «Туған жер - тұғырың, туған ел - қыдырың» 
                           Деген  дәйксөздің  мағынасын түсіндіру
ТүйіндемеОтан сүйер ұлан бол!Мен немере сүйіп отырған адаммын. Балаларды өте жақсы көремін. Сол балалардың, бүлдіршін балдырғандардың бақытты болашағы үшін сұрапыл соғыста ер азабын мейліше көрген адаммын.Менде адаммын жаралған сүйек, еттен,Арым бар, намысым бар жер тербеткенҚазақтың қарапайым бір ұлымынЖанымды арым үшін құрбан еткен.Балаларыма, немере, шөберелеріме айтар жалғыз тілегім: Елді сүйер ұлан болыңдар! Өз халқыңа лайықты азамат  болып өсіңдер.Б. Момышұлы
Мәтінмен жүмыс.
Мағынаны тану кезеңінде түртіп алу әдісімен мәтінмен жұмыс жүргіземінҒ. Оралбаевтың атамекен туған жер туралы әңгімесімен оқу ұсынылады.
                           Бір шымшым топырақ.
 Мәтінді оқып танысқаннан кейін сүрақтарға жауап беру
1. Атамекен адам үшін маңызы қандай ?2. «Атамекен», «туған жер» ұғымдарының қандай айырмашылықтары бар?
3. Өз атамекенің, туған жерін, Отанын туралы айтып беріңдер.
Сергіту сәті.«Жақсы» тақырыбындағы ширату – ойынын ойнауды ұсынамын (балалар  шеңберде тұрады):Күннің шыққаны жақсы ма? (күнді бейнелейді)Жақсы! (алақандарын соғады)Желдің соққаны жақсы ма? (желді бейнелейді)Жақсы! (алақандарын соғады)Достарыңмен жүрген жақсы ма? (адымдайды)Анаңды құшақтаған жақсы ма? (өздерін құшақтайды)Жақсы! (алақандарын соғады)Туған өлкеде жақсы ма? (құшақтарын жаяды)Жақсы! (алақандарын соғады)Үйіміз бар жерде жақсы ма? (үйді бейнелейді)Жақсы! (алақандарын соғады)Биде айналған жақсы ма? (айналады)Жақсы! (алақандарын соғады)Қазақстандық болған жақсы ма?(бас бармақтарын   көрсетеді)Жақсы! (алақандарын соғады)Дәптермен  жұмыс.Ой толғаныс кезеңінде оқушыларды дәптермен жұмыс жүргізуге шақырамын.«Атамекенім - мақтанышым» тақырыбында өз атамекені туралы эссе жазу.
Оқу ақпаратыАтамекен – туған халқымның, ұлтыңның  мекен еткен, ата бабаңның  қоныс теп кен жері. Туған жер – әр адамның дүние есігін ашып, өмірге  келген жері.Адам өмірге  келіп, ес жиып, етек жия бастаған  сәттен өз бастаған, өткеніне  ден қоя бастайды  да, өткені де атамекен мен тығыз байланыста болады.Ойыңнан жақсы сөздер айту   Туған жер туралы өз лебіздерін білдіру (гүл тәріздес  стикерлерге өз ойларын жазып, автор орындығына отырып, оқып беру                                      
Ән айту.АтамекенСөзі: Қ. Мырза ӘліӘні: Е. ХасанғалиевЖасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем.Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.Айдарымнан сипап өткен самалдыҚазағымның алақаны деп білемҚайырмасы:Қайда жүрсің, атамекенКөкейіңдежатады екен.Күннің өзі ұясынаҚимай оны батады екенҮйге тапсырма: «Атамекенім - мақтанышым» тақырыбында эссе аяқтау.