Сайыс Мы? бір ма?ал,ж?з бір ж?мба?


Сайыс сабақ.
Сабақтың тақырыбы: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»
Сабақтың мақсаты: Еңбек, өнер туралы мақал-мəтелдер, жұмбақ жарыс, жылдам ойлауға баулу.
Оқушы ой өрісін шыңдай отырып, танымын, белсенділікке, екпінлілікке баулу.
Дəстүрлі қол өнерге деген қызығушылығын, өз елін, халқын сүюге, қазақ өнерін құрметтеуге тəрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ.
Сабақтың əлісі: Сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар, нақыл сөздер.
Сабақтың жоспары: 1.Кіріспе.
2.Мақал-мəтел жарысы.
3.Жұмбақ шешу жарысы.
4.Мақалшы мен жұмбақшы жарысы.
5.Көрермендер көрімдігі.
6.Шешендік өнер.
Сабақтың барысы: Оұушыларды таныстыру.
Кіріспе.
Қазақ халқы əдебиеті мен мəдениеті жөнінен ұлттық тəрбиесі тұрғысынан өте білгір ел болған.Халық даналығы үлкен ойды аядай қалыпқа сыйғызып,асқан шеберлік танытқан.
Мақал-мəтел----шешендік өнердің бір үлгісі.
«1001 мақао,101 жұмбақ» ойынымыздың ең басты мақсаты-бүгінгі ұрпақты ойсыз,қамсыз болудан арылту.Кімде-кім мақал-мəтелді көп жаттар,жұмбақты тез шеше білсе сол адам сөзге шешен,ақыл-ойы ұшқыр болмақ.Ойынға 3 мақалшы,3 жұмбақшы қатысады.
1-тур.Мақалшылар сайысы.
Ортаға мақалшыларды шақырамыз.
Мен мақалдың бірінші бөлігін айиамын сіздер жалғасын табасыздар.Қолын кім бұрын көтерсе сол жауап береді.Сарапшы əрбір дұрыс ұпайға 5 ұпайдан қояды.Сонымен ойынымызды бастаймыз.
-Еңбек ерлікке жеткізер,
(Ерлік елдікке жеткізер)
-Өнерлінің қолы алтын,
(Өлеңшінің сөзі алтын)
-Оқу түбі(Тоқу)
-Болат қайнауда шынығады,
(Батыр майданда шынығады)
-Көлдің көркі құрақ,
(Таудың көркі бұлақ)
Ұпайы аз ойыншыны шығарып саламыз.Ойынға қатысқаныңызға рахмет!
Қалған екі мақалшы бір-біріңізге мақал айтасыздар.Айтылған мақалдың құрамындағы бір сөзге екінші мақалшы мақал ойлап айтады.Біреуң жеңілгенше мақалшылар мақал айтып жарысады.Ұпайы аз ойыншыны шығарып саламыз.(сыйлық беріледі)
Мақалшылар жеңімпазы анықталады.
Көрермендер көрімдігі.
Мен сіздерге мақалдың бірінші сөзін айтамын сіздер жалғасын табасыздар.
1.Өнер.(Өнер алды қызыл тіл)
2.Əдеп.(Əдепті бала-арлы бала,
Əдепсіз бала-сорлы бала)
3.Еңбек.(Еңбек етсең емерсің)
4.Нан.(Еңбектің наны тəтті,
Жалқаудың жаны тəтті)
5.Жаңбыр.(Жаңбыр жауса жер ырысы,
Батыр туса ел ырысы)
2-тур.Жұмбақшылар сайысы.
Ортаға жұмбақшыларды шақырамыз!
Мен сіздерге жұмбақ жасырамын,сіздер шешуін табасыздар.Кім бұрын қол көтерсе сол жауар береді.
1.Сақалы жоқ,шашы бар
Бет-ауызы жоқ,басы бар.
Белін бекем байлаған Қоқысты қоймай айдаған. (Сыпырғыш)
2.Тындырып адам жұмысын Тазартып үйдің жуды ішін. (Шаңсорғыш)
3.Ілдім жіпке мен өзім Кіп-кішкене күн көзін. (Электр шамы)
4.Жарқылдаған қос қылыш Қолға тисе жоқ тынвш. (Қайшы)
5.Сылдыр сұйық су емес Ішсең сусын қанады.
Ақ болса да қар емес Шешуін кім табады? (Сүт)
6.Ішінде мұз қатқан Өзін-өзі мұздатқан. (Тоңазытқыш)
Ұпайы аз рйыншыға қошемет көрсетіледі.
Екі рйыншы бір-біріне жұмбақ жасыралы.Жеңілген ойыншыны шығарып саламыз. (сыйық беріледі)
Көрермендер көрімдігі.
1.Бір үйге көзсіз болып бас сұғасың Бұл үйден көреген болып шығасың. (Мектеп)
2.Екі айнасы бар
Екі найзасы бар
Төрт жалтырағы бар
Бір шыбыртқысы бар. (Сиыр)
3.Ұшады бір тамшы Уы бар қамшы. (Жылан)
4.Асты тас,үсті тас Ортасында піскен ас. (Нан)
5.Қазанда қайнап піспеген Дастарханға түспеген Адам жоқ оны ішпеген. (Ана сүті)
3-тур.Жеңімпаздар жарысы.
Қазір мен жұмбақ жасырамын.Оның шешуін жұмбақшылар жеңімпазы табады.Сол сөзге мақалшылар мақал құрайды.
1-жұмбақ.
Жансыз өзі жүрмейдіЖанды оеы сүйрейді. (Арба)
1-мақал.
Алыстан арбалағаншаЖақыннан дорбала.
2-жұмбақ.
Жымдасқан бар таспасыҚамшыны баспашы. (Жылан)
2-мақал.
Жылы-жылы сөйлесеңЖылан інінен шығар.
3-жұмбақ.
Өзі тоқ,көлеңкесі жоқ. (Құдық)
3-мақал.
Су ішкен құдығыңа түкірме.
4-жұмбақ.
Жылға десем ақпайдыЖылан десем шақпайды. (Арқан)
4-мақал.
Арқанды ат қазығына оралар.
Мақал мен жұмбақтан жеңіп шыққан оқушы соңғы айналымға гығады.
Шешендік сөз.
Бала би қартайған шағында халқын жинап мынадай сұрақ қойыпты.
-Жерден ауыр деген не?
-Судан терең деген не?
-Оттан ыстық деген не?
-Көктен биік деген не?
Жиылған жұрт жауабын таба алмапты.Сонда Бала би өз сұрағына өзі қалай деп жауап беріпиі?
Жауап.
Жерден ауыр дегенім-ақыл,білім.
Судан терең дегенім-оқу,ғылым.
Оттан ыстық дегенім-фəни,жалған,адам өмірі.
Көктен биік дегенім-тəкəппардың көңілі-деген екен.
Жеңімаз оқушыға алғыс хат тапсырылады.
Ақынмын деп мен қалай мақтанамын,
Халқымның өз айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіңе қайтарамын-дегендей халқымыздың сөз маржандарын бүгінгілей сабақта қайталап,зердемізге тоқып үлгі алайық.
«Құнды сөз құнарлы ойдан туады» дана халқымыздың сөз өнері өмірлеріңізге шамшырақ болсын!
Осымен «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты сайысымыз өз мəресіне жетті.
Сау болыңыздар!