Де?гейлеп саралап о?ыту технологиясыны? ерекшеліктері


МАЗМҰНЫ
Тәжірибенің өзектілігі................................................................ 2
Мақсаты, міндеттері................................................................... 3
Теориялық негіздері................................................................... 3-5
Тәжірибенің сипаттамасы......................................................... 5-8
Тәжірибенің нәтижелілігі.......................................................... 8-9
Тәжірибені дамыту болашағы................................................. 9
Библиографиялық тізім............................................................ 10
Қосымша...................................................................................... 11
ӨЗЕКТІЛІГІ
Қазіргі кезеңде студенттерге сапалы білім бермейінше, заман сұранысын қанағаттандырып, экономиканың дамуын қамтамасыз ете алмаймыз. Колледждердің басты мақсаты – білімді, жаңа идеялармен қаруланған кәсіби мамандарды даярлау болып табылады. Бұл студенттің кәсіби, технологиялық дайындығы ғана емес, сонымен қатар оның білімінің жан-жақтылығы мен ақпараттық мәдениеті жоғары, яғни компьютерді еркін меңгеруі, интернет ресурстарын пайдалана білуі, оқытудағы жаңа компьютерлік технологияларды меңгеруі т.б. Білім беру үдерісінің осы мақсатына қол жеткізу үшін, дәстүрлі оқытудан оқытудың жаңа түріне – инновациялық оқытуға көшу қажеттілігі туындап отыр. Оқытудың бұл түрі студенттің бойындағы жеке қабілетін дамытып, оны әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге тез бейімделетін тұлға ретінде көрсетеді.
Білім саясатының өзекті мәселелері - кәсіптік даярлаудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру түрлерін өзгерту, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үрдісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның ролін арттыру. Қазіргі білім берудің барлық деңгейлерінде зерттеулік, компьютерлік, жобалық және көптеген өзге де инновациялардың кең ауқымы байқалады. Алайда, бұл инновациялардың басым көпшілігі технологиялық жеткіліксіздігі мен теориялық негізінің әлсіздігі салдарынан жаппай білім беру жүйесіне айтарлықтай ықпалын тигізе алмай келеді. Десек те, жаңа аталмыш үлгілер ескі білім беру парадигмасы шектеулерінің жойылып, оның орнына жаңасының құрылып жатқандығын растай түседі.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде көрсетілген арнаулы орта білім беруде инновациялық білім беру үрдістерін басқарудағы педагогикалық шарттарды тәжірибесіне сараптама жасау оның негізгі қарама-қайшылығын ашуға мүмкіндік туғызды. Бұл – арнаулы орта оқу орындарына инновациялық білім беру бағдарламалары мен технологияларын жаппай, бейберекет енгізу мен білім беру үрдісінде оқытудың инновациялық технологиясының педагогикалық шарттарын енгізудің ғылыми-педагогикалық негізі мен оны дамытудың педагогикалық шарттарының жеткіліксіз зерттелуі арасындағы қарама-қайшылықты сипаттайды. Осылайша, орта арнаулы оқу орындарында информатиканы оқытуда деңгейлік технологияны енгізудің теориялық негізін және оларды ұйымдастырудың педагогикалық шарттарын анықтау, психологиялық-педагогикалық тұрғыда сараптау мәселесі туындайды.
Информатика курсында жаңа технологияларды пайдалану әлi күнге бiр жүйеге келтiрiлмегендiктен, оның ғылыми тұрғыдағы әдiстемелiк нұсқауларын құрастыру және оқытуға бағытталған бағдарламалық жабдықтың жеткiлiксiздiгi байқалып отыр. Орта арнаулы білім беру үрдісінде информатика пәнін оқытудың деңгейлік технологияларды енгізудің түбегейлі түрде қарастырылмағаны және көтеріліп отырған мәселенің көкейтестілігі менің жұмыс тақырыбымды «Деңгейлеп саралап оқыту технологиясын информатика пәнінде пайдалану» деп таңдауыма негіз болды.
Тәжірибе идеясы. Қазіргі замаңғы даму процесіне сай қоғамның талабы мен сұранысын қанағаттандыратын мамандарды даярлау үшін деңгейлеп оқыту технологиясын қолданудың тиімділігін информатика пәнін оқытуда деңгейлеп тапсырмаларды қолданудың тиімді жолдарын анықтап, оқу үрдісіне еңгізу, пәнді оқытуда деңгейлік тапсырмаларды пайдаланудың тиімділігін дәлелдеу.
Деңгейлеп оқыту технологиясының ерекшелігі:
 - оқыту практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын енгізуге оқу ақпараттары көлемінің ұлғаюы, студенттерге түсетін «салмақтың» артуы себеп болды;
- деңгейлеп оқыту - оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, студенттерге қойылатын талаптардың әр түрлілігі арқылы жүзеге асырылады,
- студент өз бетімен білім алып, өзін-өзі басқару арқылы өз бетімен  дами алатын тұлғаға айналады;
- студенттің жеке қабілетіне  сәйкес бағытта шығармашылықпен жұмыс істеуіне  жағдай туады;
- оқыту үрдісінің барысында әр студенттің белгілі бір мерзім аралығындағы дамуын үздіксіз  қадағалайтын мониторинг жүргізуіне мүмкіндік туады;
- студент жеке қаблетіне  сәйкес бағытта «өмір бойы білім ала алатын тұлғаға» айналады.
МАҚСАТЫ:
Әрбір студенттің өзінің даму деңгейінде оқу материалының меңгерілуін қамтамасыз ету.
Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру қажет:
- студенттердің өздігінен білімін толықтыра, жетілдіре отырып, жаңа білім алуы;
- студенттердің бір-бірімен білім алмасуына дағдылануы;
- студент білімін тексеру, бақылау;
- шығармашылық қабілетін арттыру.
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Педагогика ғылымының докторы, Ж.Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі туралы іліміне сүйеніп, әр пән бойынша деңгейлік тапсырмалар дайындауға болады. Профессор Ж.Караевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен студенттердің өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты болып білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру табылады. Деңгейлеп оқыту технологиясы деңгейлік тапсырмалар арқылы іске асады. Оларды өздік жұмыстар, таратпа материалдар, тестік және үй тапсырмалары түрінде беріледі.
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.Қараев оқу деңгейін 4 түрге бөлген:
І деңгей (репродуктивтік) тапсырмалары
1) Жаттап алуға лайықталған болу керек.
2) Алдыңғы сабақтағы тақырыпта меңгерген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс.
3) Тапсырмалар өмірмен байланысты болуы керек.
ІІ деңгейдегі (алгоритмдік) тапсырмалар өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұл өзгертілген жағдайдағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімді түрлендіріп пайдаланылуы қажет. Студенттің ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмаларда танымдық, үйретімділік маңызы болуы керек. Бұлар ребустар, сөз жұмбақтар.
ІІІ деңгейдегі (эвристикалық) тапсырмалар (Танымдық–іздену түріндегі тапсырмаларды орындау барысында студенттер жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерінен заңдылықтар шығарады, анықтамалар, жаңа сөздерді жаттау тағы басқалар жетілдіріліп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс). Мұндай жұмыс анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді:
– әр түрлі әдіс-тәсілдермен шешілетін өздігінен мысалдар, есептер құрастыру, оны өздігінен шығару;
– өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу;
– жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу;
– көрнекі құралдар дайындауға берілген тапсырмалар;
– ой қорытуға арналған дағды қалыптастыратын тапсырмалар.
ІҮ деңгейдегі (шығармашылық) тапсырмалар – (шығармашылық деңгейдегі тапсырмалар). Студенттердің жинаған өмір тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой-еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығаруға негізделген. Олар:
– олимпиадалық жұмыстар,
– берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, баяндамалар дайындау, демек, бұл тапсырмалар студенттердің біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады.
Осылай бір деңгейден келесі деңгейге өту үшін өз білімін, білік пен дағдысын толықтырып отырады. Нәтижесінде жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау әр студенттің мақсатына айналады.
Кесте-1
КезеңдерПедагогтің іс-әрекетіСтуденттің іс-әрекетіДиагностика-лық кезеңСтуденттердің білім деңгейін диагностикалауОқытушымен бірлесе отырып оқу деңгейін таңдауСтуденттерді топқа бөлуӘр деңгей үшін оқу мазмұны мен қойылатын нақты талаптарды айқындауТоптардағы оқыту талапта- рының жобасын талқы лауға қатысуОқытуды іске асыруОқытушының материалды оқу топтарына беруіӨзінің оқу іс-әрекетін ұйымдастыруыБілімді меңгерту нәтижесін бағалауАтқарылған жұмыстар нәтижесі бойынша студенттерді бағалау (кері байланыстың дұрыс орнатылуы) Нәтижелері бойынша өзара және өзін-өзі бағылауды жүзеге асыруЖҰМЫСТЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру мақсатында өз тәжірибемде деңгейлеп саралап оқыту технологиясын пайдаланамын. Тәжірибе барысында қолданылған тиімді формалар, құралдар, әдістер сапалы білім негізін қалыптастыруға әсерін тигізе алды.
Оқытуды ұйымдастыру формалары:
бірлесе әрекет жасайтын қатысушылар санына байланысты, жаппай (фронтальды) көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдалынылады;
топтық;
жеке және жұптасып жұмыс істеу;
рольдік ойындар.
Сабақта компьютерді пайдаланудың ұйымдастыру формалары – көрсету (демонстрациялау), жаппай зертханалық жұмыс және жаттықтыру (практикум) сабақтары болады.
Колледжде жиі қолданылатын ұйымдастырушылық форма сынып-сабақтық оқыту болып табылады, себебі студенттер 85–95% оқу уақытын сабақта өткізеді.
- жоғарғы оқу орындарындағы (ЖОО) сияқты сабақтар (дәріс-сабақ, семинар-сабақ, практикалық сабақ, коллоквиум сабағы, консультациялық сабақ, сынақ-сабақ);
- арнайы бағыттағы сабақтар (практикум-сабақ, өздік жұмыс сабағы, бақылау жұмысы сабағы, жаппай зертханалық жұмыс сабағы, экскурсия-сабақ, пәнаралық сабақ);
- ойын түріндегі сабақтар (рөлдік ойын сабағы, сайыс-сабақ, сауалнама-сабақ, конференция-сабақ, кездесу-сабақ, жоба-сабақ);
- мазмұнды құрылымдардан тұратын сабақтар (кітаппен жұмыс жасау сабағы, электронды жұмыс дәптерімен өткізілетін сабақ, қарқынды тірек сигналдар негізіндегі сабақ, жалпылаушы кестелер негізіндегі сабақ, диктант-сабақ, типтік бағдарламалық құрылымнан тұратын сабақ).
ҚҰРАЛДАРЫ: компьютерлер, плакаттар, буклеттер, информатиканың есептеуіш техника негіздер әдістемелік нұсқау бағдарламалары, оқулықтар.
ӘДІСТЕРІ
Әр түрлі деңгейде саралап оқытудың тиімді әдістеріне тоқталып өтемін.
Деңгейлік тапсырмалар. Мысалы, «Бедербелгілік шамалармен жұмыс істеу алгоритмі» сабағында үш деңгейге бөлінген студенттердің жұмысы төмендегі жолдармен орындалады: 1 деңгейдегі тапсырмалар - оқулық бойынша, 2 деңгейдегі тапсырмалар - перфокарталар, 3 деңгей компьютердегі арнайы бағдарлама бойынша жасалған тесті орындап, өз білім деңгейіне сай баға алды.
«Power Point презентациясының компоненттерімен жұмыс» атты сабақта алдағы мамандықтарына байланысты «Менің сүйікті ісім» атты тақырыппен жарнама даярлау ұсынылды. Жұмыс үш слайдтан тұрып, өз ойларын, болашақтағы мақсаттарын, білім деңгейлерін, көзқарастарын, өз бетінше шешім қабылдап, батылдықтарын көрсетті.
Үй тапсырмаларының үш деңгейі
Бірінші деңгей – міндетті минимум. Тапсырма бәріне түсінікті және барлық студенттің біліміне сай келуі керек.
Үй жұмысының екінші деңгейі – жаттықтырушы. Оны пәнді жақсы білгісі келетін және еш қиындықсыз бағдарламаны игеріп жатқан студенттер орындайды. Олар бірінші деңгей тапсырмаларынан босатылады.
Үшінші деңгей – шығармашылық тапсырма – сабақ тақырыбына, сыныптың дайындығына және т.б. байланысты орындалады. Оны өз еркімен сұраған студенттер орындайды, жоғары бағамен және мақтаумен ынталандырылады.
Өздік жұмыс
Өздік жұмыс кезінде студенттер оқулықпен және дидактикалық материалдармен, түрлі анықтамалық кітаптармен, газет–журналдармен, интернетпен жұмыс істеуді үйрене бастайды. Өздігінен білім алуға талпынады. Жұмысы нәтижелі болса, студенттің пәнге деген қызығушылығы артады.
Өзіндік жұмыс үшін ұсынылатын тапсырмалар студенттердің ғылыми-танымдылық қызығушылығын ояту, ерік-жігерін тәрбиелеу, білім деңгейін ескерту, сондай-ақ өзін-өзі бақылауға үйретеді. Өзіндік жұмыстарға ұсынылатын тапсырмалар алдымен репродуктивті деңгейде, ал сонан соң продуктивті деңгейге көтерілуі тиіс. Мысалы, Mіcrosoft Word тақырыбын қарастырайық. Репродуктивті деңгейде студент тақырыппен танысады, берілген тапсырмаларын орындайды. Продуктивті деңгейде шығармашылық, іздену бағытындағы тапсырмаларды орындайды, яғни берілген тапсырма жоспарын жасау, баяндама дайындау, талдау, зерттеу, материалдар жинау, жоба құру және т.б.
Карточкамен жұмыс жүргізу
Карточкамен жұмыс жүргізу. Карточка көрнекіліктердің бір түріне жатады. Онымен жұмыс істеген өте қолайлы. Карточка негізінен жеке бір оқушынының білім деңгейін бақылауға қолайлы, бірақ оны топпен жұмыс жасағанда, нұсқамен жұмыс жасағанда да қолдануға болады. Студент карточкамен жұмыс орындағанда шығармашылық жеке тұлғасын қалыптырады және ынтасын дамытады және алға шығуға, тапсырманы дұрыс орындауға талпынады.
Студенттердің білімдерін тест арқылы тексеру
Қай пәннен болмасын студент білімін тексерудің, бағалаудың бір түрі – текстік бақылау болып табылады. Тест студенттің білім дәрежесі қандай екендігін анықтайтын және ол білімді түрлі жағдайларда қолдана білуін тексеруге мүмкіндік беретін тиімді жол.
Тест сұрақтары бойынша студенттердің үлгерім дәрежесін, білім сапасын пайыз арқылы бағалап шығаруға да болады. Олардың дұрыс жауаптары 50% төмен болса, білім дәрежесі төмен, 50% асса орташа үлгерім, 75% болса, білім дәрежесі жақсы үлгерім, 80-90% болса, білім дәрежесі жоғары үлгерім деп есептеледі. Оқытушы бес балдық жүйе бойынша студенттердің білім сапасын бағалай алады.
Тест тапсырмаларының түрлеріТестің түріАнықтамасыТаңдаулы жауаптары бар тест Берілген жауаптардың ішінен дұрысын таңдау
Конструкталған жауапты тест Таңдалған нәтижесін жауаптар жолағына жазу
Алтернатива – тест Оқушыдан берілген екі жауаптың біреуін таңдауын талап етеді.
Көп таңдаулы тест Көптеген берілген нұсқалардың ішінен дұрыс біреуін таңдауды талап етеді.
Бір дұрыс жауабы бар тест Орындаушы берілген нұсқалардың ішінен дұрысырағын таңдайды.
Бірнеше дұрыс жауабы бар тест Орындаушы берілген нұсқалардың ішінен бірнеше (бір, екі, үш т.б.) дұрыс жауапты таңдауы тиіс.
Ашық формадағы тест Орындаушы дұрыс жауапты өзі жазуы тиіс.
Дұрыс тізбекті құрастыруға арналған тапсырма Дұрыс тізбекті құрастыру.
Ашық типті тапсырма:
1.шектеулі жауапты есеп Орындаушыдан дұрыс жауапты жазу талап етіледі: 1. берілген тапсырмаған орындаушының еркін жауабы; орындаушы сұраққа өз бетінше жауап беруі тиіс, бірақ олар шектеулі болуы керек.
Болжам- тест Оқушыдан ережелер мен анықтамаларды білуін талап етеді, дұрыс жауапы таңдауды қажет ететін сұрақтардан тұрады.
Графикалық тест Сызба арқылы орындалатын тапсырма-лар.
Мысалы, жабық форма:
1. MS Microsoft Office Power Point программасын іске қосу жолы:
А) Іске қосу *Құжаттар* MS Office Power Point*
Ә) Іске қосу*Программалар*MS Office Power Point*
Б) Программалар*Стандартты*MS Office Power Point*
В) Менің компьютерім*Программалар*MS Power Point*
2. MS Microsoft Office Power Point программасының терезесінде келесі слайдқа көшу:
А) Тышқанды шерту
Ә) Page Up
Б) Слайдтың номерін теріп Enter пернесін басу
В) Esk
3. Слайдпен жұмыс істеу режимдеріне жатпайтыны:
А) Слайдтар режимі
Ә) Құрылымдық режимі
Б) Баспаға шығару режимі
В) Сұрыптау режимі
4. Анимациялық эффектілерді қосуға болмайтын элемент:
А) Мәтін
Ә) Графикалық объектілер
Б) Терезе
В) Диаграмма
Студенттердің даму мониторингі
Деңгейлеп оқыту студенттердің білімін жаңа әдіспен ,яғни рейтингтік жүйе бойынша бағалауға мүмкіндік береді. Яғни студенттердің әр тақырып бойынша қорытынды бағасы оның жинап алған ұпайымен сәйкес қойылады. Жинаған ұпайларын олар сабақ соңында кестеде тиіс нүктемен белгілеп отырады. Осы нүктелердің арасын үздіксіз сызықпен біртіндеп қосса, график шығады. Ол студенттің даму мониторингі деп аталады.
Деңгейлік тапсырмаларды дұрыс орындағаны үшін студенттер сол деңгейді игергеніне сәйкес ұпай алады: бірінші деңгей үшін - 5 ұпай, екінші деңгей үшін - 10 ұпай, үшінші деңгей үшін - 15 ұпай.
ТӘЖІРИБЕНІҢ НӘТИЖЕЛІЛІГІ
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының студенттерге тиімділігі:
- білім көрсеткішінің нақты және сапалы болуы;
- студенттің өз білімін өзі бағалап, білім деңгейін дамыта алуы;
- студенттің іздену дағдысының, ұстамдылығының қалыптасуы;
- студент пен оқытушы арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастың орнауы.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының оқытушыларға тиімділігі:
- деңгейлеп саралап оқытуда білім игерудің үш деңгейінің қарастырылуы;
- білім дәрежесі бірдей топтарды тексеру ісінің жеңілдеуі;
- студенттердің жұмыстары әділ бағалануы;
- олимпиадалық, шығармашылық жұмыс жеңімпаздарының саны артуы.
25 студентке жүргізген тест жауаптарын талдай келе, студенттерді міндетті деңгейдегі мүмкіндіктері оқу жылының басы мен соңында анықталды.
571521145500295783021145500
Студент Тұрғынбай Даулет «Faccebook және Twitter–дің басқа әлеуметтік желілерден айырмашылықтары мен кемшіліктері» ғылыми зерттеу жұмысымен Алматы облыстық ғылыми-зерттеу конференциясына қатысып, Алғыс хатпен марапатталды.
2014 жылы колледжішілік «Ең үздік маман иесі» байқауында студент Режепов Ерлан «Үздік электрондық есептеу мащшиналарның операторы» номинациясына ие болды.
ТӘЖІРИБЕНІ КЕЛЕШЕКТЕ ДАМЫТУ
Жүргізілген жұмыстың нәтижесіне сүйене отырып, деңгейлеп саралап оқытудың тиімділігі іс-тәжірибелік педагогикалық жұмыстар барысында оқытушы мен студенттердің шығармашылық, ізденушілік, инновациялық дидактикалық іс-әрекеттері барысында дәлелденді. Қазіргі кезеңде педагогика ғылымында танымның көптеген жаңа бағыттары қалыптасуда, сондықтан инновациялық педагогикалық бағыттарды жүйелеу қиындық тудыруда. Сол себепті алдағы уақытта жиналған бар теориялық және практикалық материалдық қорды пайдаланып, деңгейлеп саралап оқыту технологиясының жаңа әдіснамалық бағыттарын жүйелеп, топтастыру қажет болады.
Болашақта оқыту бағыттарына, білім бағдарламасына информатика пәнін оқытуда деңгейлеп саралап оқыту бойынша жүйелі зерттеулер талап етіледі.
БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ТІЗІМ
Алдашев С.А., Ахметов Н.Р. Информатика мен есептеуіш техника терминдерінің орысша-қазақша сөздігі.– Алматы: Рауан, 1993.– 176 бет.
Ахметова Г. Мониторинг және бағалау// Қазақстан мектебі.- № 2.-2005.-38-45 бет.
Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика . – Алматы : Дарын, 2004.
Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология . Тараз : ТарМу , 2003.
Білім туралы: Қазақстан Республикасының Заңы 2007 жылғы 27 шiлде//Егемен Қазақстан.- 2007.-15 тамыз.-N 254-256
Керімбекова Г. Деңгейлік тапсырмаларды құрастырудың маңызы//Информатика негіздері.-2009.-№6.-19-20-б.
Кобдикова Ж.У. Оқытудың жаңа технологиясы//Бастауыш мектеп №3 2000, 25-30 бет.
Мұхитанова С. Деңгейлеп оқыту тәсілімен// Қазақстан мектебі .- 2004.-№ 12.-51-52 б.
ДЕҢГЕЙЛЕП САРАЛАП ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Сабақ үш кезеңмен жүргізіледі және оның мынадай тиімділіктері бар.
1-кезең. Тірек тапсырмалар мен жұмыс.
Мұнда жаңа тақырыпты меңгеруге қажетті бұрын өтілген материалдарды қайталау. Осы кезеңде әңгімелесу, көрнекілік мәселелік оқыту әдістерін қолдана отырып, студенттердің бұрын алған білімін ескере сабаққа қызығушылығын арттыру және білімін қадағалау жүзеге асырылады. Осы жұмыстар арқылы студенттің сабаққа зейіні ауып, жаңа тақырыпты өздігінен меңгеруге дайындалады.
2- кезең. Жаңа тақырыпты өздігінен меңгеру.
Бұл кезеңде студенттерге тақырыпты меңгеру жұмыстар беріледі. Алдымен оқулықпен жұмыс істеп тақырыптан керекті мәліметтерді таба білуге, ізденімпаздыққа үйренеді, әр студенттің танымдық қызметіндегі дербестікті дамытуға мүмкіндік туады. Оқытудағы іздену көзқарасы студенттің өнімді іс -әрекетіне негізделеді. Мұнда студент жаңа тәжірибені мүмкіндігінше өз бетімен меңгеруі тиіс. Оқу барысында студент өзін-өзі жетілдіреді. Одан кейінгі кезеңде студент тақырыпты оқып үйреніп топ болып талдауға уақыт беріледі. Мұнда студенттердің барлығы қатысады. Студенттер ізденіс, мәселелік және зерттеу әдістерін қолданады.
3-кезең. Деңгейлік тапсырмалар тиімділігі.
Студент әр сабақта жинаған ұпайларын «Даму мониторинг» кестесінде белгілеп отыру арқылы талдау жасалады.
ОЙЫНДАР
Студенттердің шығармашылық блсенділігін арттыратын ойын элементтерін пайдалану өте тиімді.
374904023164803
003
284416523190204
004
180340023209255
005
«Білім биржасы» іскерлік ойыны негізінде деңгейлеп оқыту технологиясы жатыр. Ойын барысы төмендегідей: Аctivstudio немесе Power Point бағдарламасында «5», «4», «3» сандары жазылған батырма жазылады да, студенттер өз білім деңгейі мен мүмкіншіліктерін ескере отырып, сәйкес бағасы жазылған сұрақтарға жауап береді. Жауаптар «акциялармен» бағаланады. Жауаптың толық әрі анықтығына қарай «студент-акционер» түрлі-түсті акция қағаздарын алады. Мысалы, толық емес жауап сары, ал дұрыс, бірақ толық емес жауап қызыл акциямен, дұрыс әрі нақты жауап жасыл акциялармен белгіленеді. Акциялар өз құны бойынша бағаланып отырады.

Дидактикалық «Инфо-домино» ойыны. Бұл ойынды интерактивті тақтада электронды нұсқа түрінде немесе қағаз түрінде қолдануға болады. Топты 2-3 топқа бөліп, әр топқа тақырып бойынша домино ұсынылады. Доминоның көлемі ортасынан тік сызықпен бөлінген 5х10 см төрт бұрышты қатты қағаздан тұрады. Оның оң жақ бөлігіне сұрақ жазылса, ал сол бөлігіне жауап жазылады. Бірінші үлестірме бетшенің сол жағы бос, оң бөлігіне сұрақ жазылады. Ал ең бірінші доминоның сол бөлігінде жауап болса, оң жағы бос болуы қажет. Әр топ өзінің үлестірме беттерін араластырып, доминоны сұрақтың сәйкес жауаптары бойынша құрайды. Сұрақтың жауабы сәйкес келген жағдайда ғана домино ойыны ойналады. Егер қандай да бір үлестірме бет артық қалып қойса, демек топ мүшелері бір жерден қате жібергенін білуге болады. Домино тізбегі:
3053715193675«Информация» сөзі латынның түсіндіру,баяндау деген ұғымдарды беретін Informatio сөзінен шыққан.
Ақпараттық процесстер деген не?
00«Информация» сөзі латынның түсіндіру,баяндау деген ұғымдарды беретін Informatio сөзінен шыққан.
Ақпараттық процесстер деген не?
18415193675Ақпарат сөзіне қандай мағына бересіз?
00Ақпарат сөзіне қандай мағына бересіз?
18415193675Ақпарат сөзіне қандай мағына бересіз?
00Ақпарат сөзіне қандай мағына бересіз?
3053715193675«Информация» сөзі латынның түсіндіру,баяндау деген ұғымдарды беретін Informatio сөзінен шыққан.
Ақпараттық процесстер деген не?
00«Информация» сөзі латынның түсіндіру,баяндау деген ұғымдарды беретін Informatio сөзінен шыққан.
Ақпараттық процесстер деген не?

30537151720851694 жылы Германияда Лейбниц ойлап тапқан.
001694 жылы Германияда Лейбниц ойлап тапқан.
18415172085Адамға немесе белгілі бір құрылғыға берілген белгі.
Арифмометрді қай
жылы, кім ойлап тапты?
00Адамға немесе белгілі бір құрылғыға берілген белгі.
Арифмометрді қай
жылы, кім ойлап тапты?

30537151771651 8 Е 8 0 9 8 Д 8
СИГНАЛ дегеніміз не?
001 8 Е 8 0 9 8 Д 8
СИГНАЛ дегеніміз не?
18415177165Ақпаратпен орындалатын әрекеттер (қабылдау, сақтау,өңдеу, шығару)
ASCII кодында БОРАН хабарын кодта.
00Ақпаратпен орындалатын әрекеттер (қабылдау, сақтау,өңдеу, шығару)
ASCII кодында БОРАН хабарын кодта.

Ойындар
«Информатикалық поезд» ойыны түрінде өткізілген сабақ барысындағы әр бекетте тестік, деңгейлік және олимпиадалық тапсырмалар орындалады. Сабақ соңында әр студент «Білім» қаласына қай вагонмен келгенімен бағаланатыны ескертіледі. Ол үшін алдымен «билетке тапсырыс береді»: қысқаша анықтамалар  бойынша білім деңгейлерін анықтау мақсатымен компьютермен MyTest бағдарламасымен құрылған тест тапсырмаларын орындайды. Білімдерін компьютер бағалайды. Алған бағалары бойынша студенттер (деңгейге бөлінеді)  информатикалық поездың сәйкес вагонына орналасып, «Білім» қаласына аттанады: «5»-тік алған студент  купе вагонымен, «4» -тік алған  студент  плацкарт вагонымен, «3»-тік алған  студент жалпы вагонмен аттанады, ал «2»-лік алған студент  «Білім» қаласына сапарға аттана алмайды. Сонымен қатар әр бекеттегі тапсырмаларды орындау арқылы өз вагондарынан басқа вагондарға ауыса алады. Мысалы, деңгейлік тапсырмалардың үшеуі дұрыс орындалса, жалпыдан→ плацкартқа; плацкарттан→купеге; екеуі дұрыс орындалса, өз вагонында қалады, ал егер біреуі дұрыс орындалса, керісінше купеден→ плацкартқа; плацкарттан→жалпыға ауысады. Басқа бекеттердегі тапсырмаларды өз сұраулары бойынша орындайды және вагондарға ауысу тәртібі тапсырмалары дұрыс орындалса ғана жүзеге асады. 

ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАР БОЙЫНША САБАҚ ҮЛГІСІ
Сабақтың тақырыбы: «Бедербелгілік шамалармен жұмыс істеу алгоритмі»
Сабақтың мақсаты:
а) Бедербелгілік шамалармен жұмыс істеу алгоритмдері туралы түсінік беру, компьютерді пайдаланып, Бейсик программалау тілінде есептер шығару.
б) Білім-білік дағдыларын қалыптастыра отырып, ойлау қабілеттерін, дағдыларын қалыптастыру.
в) Студенттерді программа құрып, күрделі есептер шығару нәтижесінде жылдамдыққа, дүниетанымдарын кеңейтуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Пән аралық байланыс: математика.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, компьютерде есеп шығару, сұрақ-жауап, сызбалармен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар, өзіндік жұмыс.
Қолданылатын педагогикалық технология элементтері: деңгейлеп оқыту, сұрақ-жауап.
Құрал жабдықтар, көрнекі құралдар: компьютерлер, плакаттар, буклеттер. Информатикамен есептеуіш техника негіздер әдістемелік нұсқау бағдарламалары. Оқулықтар. Жұмыс дәптері.
Сабақтың ұстанымы. (слайдпен)
«Білімді, сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» Н.Назарбаев
Сабақтың құрылымы: (слайдпен)
І. Ұйымдастыру (2 мин)
ІІ. «Ой сергіту» (3 мин)
ІІІ. Бейсик тілінің командалары (5 мин)
IV. Деңгейлік тапсырмалар (ІІ компьютерде есеп шығарады) 10 мин
V. Тест сұрақтары (І компьютерде есеп шығарады) 10 мин
VІ. Сергіту жаттығулары (5 мин)
VІI. «Дұрыс тізбегін көрсет» (5 мин)
VІII. Бағалау, талдау, үйге тапсырма (2 мин)
ІХ. Психоолгиялық проект (3 мин)
Х. Қорытындылау
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгелдеу.
Сабаққа дайындықтарын тексеру.
Қауіпсіздік ережесімен танысып, қол қойдыру.
ІІ «Ой сергіту» (сұрақ-жауап) (слайдпен)
Алгоритм дегеніміз не?
Алгоритмнің неше қасиеті бар?
Алгоритмнің қандай түрлері бар?
ЭЕМ-де есеп шығару кезеңдері қандай?
Жиым дегеніміз не?
Индекс дегеніміз не?
Бедербелгілік дегеніміз не?
Бедербелгілік шаманың қандай операциялары бар?
ІІІ. Бейсик тілінің командалары (слайдпен және тақтамен)
134278672390БЕЙСИК ТІЛІНІҢ КОМАН-ДАЛАРЫ
INPUT
REM
END
LET
PRINT
ELSE
THEN
00БЕЙСИК ТІЛІНІҢ КОМАН-ДАЛАРЫ
INPUT
REM
END
LET
PRINT
ELSE
THEN

IV. Деңгейлік тапсырмалар: (тақтамен)
І деңгей
Өрнекті Бейсик тілінде жазыңдар:
А) (3,27+а)(6,98+в)
а+2в-3с
601345952500Б) 5а+4
Жауабы:
А) (3,27+А)*(6,98+В)
Б) (А+2*В-3*С)/(5*А+4)
ІІ деңгей
Бейсик тілінде келтірілген арифметикалық өрнектерге сәйкес келетін формулаларды жазыңдар:
А) 5*А*В^3+(А+В)(2*А)
Б) (3*Х^2+2*Y)/(X*Y-7,4)+2/3
Жауабы:
А) 5ав3+(а+в)2а
109918519621500 3х+2у 2
10712451587500120586515875005822951587500Б) ху-7,4 3
ІІІ деңгей
Мына өрнекті есептейтін программа құрыңдар:
X=3, a=1
A) Y=a2x+13√x+a
Б) Y=(x+a)3+7(x2+a2)+1
Жауабы:
REM fghytX=3
A =1
Y=A^2*X+13*SQR(X+A)
PRINT Y
END
Нәтижесі: 29
REM ghhkX=3
A=1
Y=(X+A)^3+7*(X^2+A^2)+1
PRINT Y
END
Нәтижесі: 135
Компьютермен жұмыс: І топқа тапсырма (тақтамен)
√705+sin300
--------------------•cos2600
Жауабы:
REM ghhkY=SQR(705)+SIN(30*3.14/180))/(TAN(ABC(25-47)))*COS(60*3.14/180)^2
PRINT Y
END
(2.704321)
2. sin300+cos600
REM ghhkY=SIN(30*3.14/180)+COS(60*3.14/180)
PRINT Y
END (1.00023)
3. √49.36(879-3.94)2
. REM ghhk. Y=SQR(49.36*(879-3.94)^2
3. PRINT Y
4. END (165.2612)
4. SCREEN 9
1. CIRCLE (320,130),50,52. PAINT (320,130),53. LINE (278,105)-(362,155),3,BF4. PRINT ʺhjjʺ
5. END
5. √√5+√6
1. REM ghhk2. SQR (SOR(5)+SOR(6))
3. PRINT Y
4. END (2.1646)
Компьютермен жұмыс: ІІ топқа тапсырма (тақтамен)
√10+1
--------------------
6,25-1,82
Жауабы:
REM
Y=(SQR(10)+1)/(6.25-1.8^2)
PRINT Y
END
2. K=4
D$=ʺProgrammaʺ
A=K+10
R=R+A
PRINT D$,A,R,R*2,A*2
END
3. x2, егер х<0
y=
√x, егер х>0
REM ghyt2. INPUT X
3. IFX<THEN Y=X^2ELSE Y=SQR(X)
PRINT Y
END
4. Өз аты-жөніңнің ұзындығын есепте
1. REM
2. A$=ʺZULFIA BEKESHOVAʺ
3. 3. L=LEN(A$)
4. 4. PRINT A$,L5. A=ʺапельсинʺ
A[2.2]+A[8.1]+A[5.1]
пень
А$=ʺapelsinʺ
B$=MID$(A$2,2)+MID$(A$8,1)+MID(A$5,1)
PRINT B$
END
V. Тест сұрақтары: (тақтамен) жауабын ассисент тексереді және бағалау парағын енгізеді.
1. Алгоритм сөзі қай ғасырда пайда болған?
А) Х-ғ;
Б) ІХ-ғ;*
В) ХІ-ғ.
2. Жеке командалар немесе команда топтары көп рет қайталанатын болса, ол:
А) сызықты алгоритм;
Б) тармақталған алгоритм;
В) циклдік алгоритм.*
207962561595003. Блок кескіндемесі нені білдіреді?
А) алгоритм басы, соңы;
Б) деректер енгізу, нәтиже;*
В) шартты тексеру.
4. Программа дегеніміз:
А) құрылған шарттар;
Б) алгоритм тілі;
В) алгоритмдерді программалау тілінде көрсету.*
5. AND нені білдіреді?
А) және;*
Б) немесе;
В) емес.
6. Арифметикалық амаладардың белгілері:
А) +,ʽʽʼʼ,-,;
Б) 1,-,/,+;
В) -,+,/,*.
7. Алгоритмнің арнайы бекітілген геометриялық фигуралар арқы-лы графиктік түрде жазылуы:
А) схеманы, формулаларды түсіндіру;
Б) блок-схема;*
В) алгоритм.
8. Әріп ретінде қай алфавиттің бас әріптері қолданылады:
А) латын;*
Б) ағылшын;
В) неміс.
9. Бедербелгілік шама дегеніміз:
А) мәндері сан болатын;
Б) мәндері мәтін болатиын;*
В) мәндері болмайтын.
10. Біріктіру операциясы ұандай таңбамен белгіленеді?
А) -;
Б) /;
В) +.*
Жауап парағы:
Аты-жөні тобы дұрыс жауап саны
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Тест бойынша 0-5 бал жинаған студент – 3-1 Кбайт, 5-8 бал жинаған студент -1 Мбайт, 8-10 бал жинаған студент – 1Гбайт бағасымен бағаланады.
Дұрыс жауаптары: (тақтамен)
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Б В Б В А В Б А Б В
VI. Сергіту жаттығулары:
Көзге арналған жаттығу. Біз компьютердің алдында отыр-ғанда әр 20 минуттан соң шамалы дем алуымыз керек. Сондықтан қолдарыңды төмен түсіріп, денелеріңді босатып, көзімізге жаттығу жасаймыз. Кзімізді оңға, солға айналдырамыз. Рахмет!
Логикалық тапсырма:
Хайуанаттар бағының директорынан бақта қанша түйе және түйеқұс бар деп сұрапты. Директор былай жауап беріпті: «Бізде барлық түй мен түйеқұстарды бірге санағанда 60 көз және 86 аяқ бар». Хайуанаттар бағында қанша түйе, түйеқұс бар?
VIІ. Дұрыс тізбегін тап: (слайдпен)
Үшбұрышты тік призмалардың қабырғалары.
AB=a, BC=b, AC=c, AA1=1, EB=H деп белгілеп, қиманың ауданын есептеу программасы.
Мұндағы, a=10, b=17, c=21, 1=18
ND
S=H*L
REM S-ті табу.
?10,17,21,18
S1=SQR(P*(P-a)*(P-b)*(P-c))
H=2*S1/a
P=(a+b+c)/2
INPUT a,b,c,1.
PRINT “S=S”;SЖауабы:
REM S-ті табу.
INPUT a,b,c,1.
P=(a+b+c)/2
S1=SQR(P*(P-a)*(P-b)*(P-c))
H=2*S1/a
S=H*L
PRINT “S=S”;S
END ? 10,17,21,18.
VIІІ. Бағалау парағы:
№ Студенттің аты-жөні Ой сергіту Бейсик тілінің команда-лары Деңгейлік тізбегін тап Дұрыс тізбегін тап Тест сұрақ-тары Қорытын-ды бағасы
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Талдау:
Не үйрендің?
Не түініксіз болды?
Не үйреңгің келді?
Сонымен қатар бүгінгі сабағымыз аяқталды.
Үйге тапсырма: 1.11 тақырыпты қайталап оқып келесіңдер. 87-88 беттегі сұрақтарға жауап бересіңдер.
ІХ. Қазір біз сендермен бірге психологиялық проект көрейік.
Психологиялық проект дегеніміз – аз сөз бен көп ой жеткізуді айтамыз.
Х. Қорытындылау.
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
Зертханалық жұмыс №15. Электрондық пошта
Жұмыстың мақсаты: Outlook Exspress программасымен жұмыс жасап үйрену;
Жұмысты орындауға әдістемелік ұсыныстар: Жұмысты орындау барысында Outlook Express программасын қолданамыз.
Зертханалық жұмыстың мазмұны:
Пошталық хабар құру және оны жібреу.
Поштаны қабылдау және жіберушіге жауап беру.
Тапсырма №1: Пошталық хабар құрып   және жіберіңіз (көрсетіңіз).
Жұмыстың орындалу реті:
1.Пошталық программаны іске қосыңыз (мысалы, Outlook Express).
2. Хабар -Құру
3.Хабар құру терезесіндегі Кімге өрісінде қабылдаушының электронды адресін көрсетіңіз (мысалы,  cio.@abai.uni.sci.kz)
4.Копия өрісінде: хабар көшірмесін алушы адресін көрсетуге болады.
5. Тақырып өрісінде: хабар тақырыбын енгізіңіз (мысалы, "алғашқы хат").
6. Хабар жазуға арналған орында хабар мәтінін теріңіз.
7. Файл-Жіберу8. Исходящие қапшығын қараңыз.
9. Отправленные қапшығын қараңыз.
Ескерту: "Кімге" және "Копия" өрісінде бірнеше адрестерді нүктелі үтірмен бөлу арқылы жазуға болады.
Тапсырма №2: Поштаны қабылдаңыз және жіберушіге жауап беріңіз (көрсетіңіз).
Жұмыстың орындалу реті:
1. Пошталық программаны іске қосыңыз (мысалы, Outlook Exspress).
2. Сервис-Поштаны жеткіз - Поштаны жеткіз немесе  Бәрін қабылдау (бірінші жағдайда барлық хабарлар  қабылданады және  Исходящие қашығындағы барлық хабарлар жіберіледі, екінші жағдайда Исходящие қапшығындағылар жіберілмейді.
3. Входящие қапшығын ашыңыз.
4. Хабарды екі рет басыңыз (оқылмаған хабарлар қарайтылған харіппен, оқылғандары әдеттегі харіппен жазылып тұрады).
5. Хабарға жауап беру џшін Хабар - Жіберушіге жауап беруді орындаңыз.
6. Файлды-Жіберу
Тапсырма №3: Web технологиясын пайдаланып, хабар құру және жіберу, поштаны қабылдау (көрсетіңіз).
Жұмыстың орындалу реті:
1. Web - поштаның алғашқы бетін іске қосыңыз (мысалы, www.mail.ru)
2. Жџйеге кіру џшін  логин мен құпия сөзді (пароль) енгізіңіз (жаңа пайдаланушы тіркелуі керек).
3. Поштаны көру батырмасын басыңыз.
4. Входящие қапшығын ашыңыз.
5. Хабарды оқыңыз.
6. Хабар құру үшін Хат жазу-ды таңдаңыз.
7. Кімге, Көшірме, Тақырыптарын көрсетіңіз
8. Хат мәтінін теріңіз.
9. Жіберу-ді  шертіңіз
10. Жүйеден ш
ПРАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗДІК ЖҰМЫС ТАПСЫРМАЛАРЫ
«Тақырыбы: «Компьютерде ақпараттың ұсынылуы»
Бүтін сандардың ұсынылуына есептер
№ 1
Компьютер тек қана бүтін оң сандармен жұмыс жасайды. Егер санды ұсынуға компьютер жадында 1 байт берілсе, онда санның өзгеру диапазоны қандай?
№ 2
Егер бүтін санды ұсынуға компьютер жадында 1 байт берілсе, онда бүтін сандардың (оң және теріс) өзгеру диапазоны қандай?
№ 3
Компьютер тек қана бүтін оң сандармен жұмыс жасайды. Егер санды ұсынуға компьютер жадында 4 байт берілсе, онда санның өзгеру диапазоны қандай?
Тақырыбы: «Интернетте ақпаратты іздеу стратегиясы»
Тапсырмалар
1-машықтану тапсырмасы. Бір кілттік сөзді әртүрлі іздестіру жүйелері арқылы іздестіріп, нәтижелерін салыстырыңыз (Goоgle интеграцияланған іздестіру жүйесімен де пайдаланып көріңіз).
2-машықтану тапсырмасы. Архивтелген файлдар серверлерінен, WinAmp мультимедиа ойнататын файлды іздеп табыңыз. ығу үшін Шығуды басыңыз.
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
Құралдар панелі. Тізім жасау. Қызықты жарнама бетін жасау.
І-нұсқа
1.MS Word бағдарламасының терезезе элементтерін дұрыс турған ретін көрсет
А)Мәзіржолы,пішімдеу үстелі,стандартты үстелі,тақырыпжолы,сызғыш, тапсырмалар аймағы,айналдыру сызығы,күй жолы
В) Тақырып жолы,мәзір жолы,стандарты үстелі,пішімдеу үстелі,сызғыш, тапсырмалар аймағы,айналдыру сызығы,күй жолы
С) Тақырып жолы, мәзір жолы, пішімдеу үстелі,стандартты үстелі,тақырыпжолы,сызғыш, тапсырмалар аймағы,айналдыру сызығы,күй жолы
2.MS Word бағдарламасы...
А) MS Office қосымшасы
В) Paint қосымшасы
С) Мәтіндік қосымшасы
3 Мына белгі нені білдіреді?
А)жаңа бума
В)жаңа құжат
С) жаңа тақырып
4. Мына белгі нені білдіреді?
А)алдын ала қарау
В) масштаб
С) баспаға жіберу
5. Мына белгі нені білдіреді?
А) сол жақ шеті бойынша туралау
В) ортасы бойынша туралау
С)оң жақ шеті бойынша туралау
6. Мына белгі нені білдіреді?
А)фонның түсін өзгертеді
В)әріптің түсін өзгертеді
С)бас әріптің түсін өзгертеді
7. Мына белгі нені білдіреді?
А)автоматты нөмірлеу
В) сандар енгізу
С)сандармен,әріптер енгізу
8. Мына белгі нені білдіреді?
А)көшіру
В)қою
С)сақтау
9.MS Publisher бағдарламасы не үшін керек?
А) мәтін теру үшін
В)публикация жасау үшін
С) презентация жасау үшін
10.Мәтіндік файл кеңейтілуі
А)com
B)bmp
C)txt
11.Егер сөз қызыл ирек сызықпен сызылып турса,онда ол нені білдіреді?
А)қаріп өлшемін өзгерту керектігін
В)сөзде грамматикалық қате бар екенін
С)сөзде орфографиялық қате бар екенін
12.Мәтіндік редактордың функциясына не кірмейді?
А)Мәтінді аудару
В)мәтінді баспаға шығару
С)мәтін құру
13. MS Office тобына қай программа кірмейді?
А)MS Word Pad
B)MS Access
C) MS Word
14. MS Publisher бағдарламасында алдымен нені таңдаймыз?
А) стиль
В)фон
С)макет
15. MS Publisher бағдарламасында өз қалауымыз бойынша фон түсін өзгертуге болама?
А)жартылай
В)ия
С)жоқ
16.Қай перне бір бетке жоғары көтереді?
А)Pg Dn B) Pg Up
C) Home
17.MS Word-та графикалық объектіні қалай жоюға болады?
А)Alt пернесімен
B)Insert пернесімен
C)Delete пернесімен
18. MS Word-та жаңа жолға қай перне арқылы көшеді?
А)Tab
B)Delete C) Enter
19. Стандартты үстелдін құралдарын көрсет
А)
В)
С)

20.Мәзір жолағын көрсет
А)
В)
С)


ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
Құралдар панелі. Тізім жасау. Қызықты жарнама бетін жасау.
ІІ-нұсқа
1. MS Word...
А) кестелік процессор
В) суреттік процессор
С) мәтіндік процессор
2. Мына белгі нені білдіреді?
А)алдын ала қарау
В) масштаб
С) баспаға жіберу
3. Мына белгі нені білдіреді?
А) сол жақ шеті бойынша туралау
В) ортасы бойынша туралау
С)оң жақ шеті бойынша туралау
4. Мына белгі нені білдіреді?
А)автоматты нөмірлеу
В) сандар енгізу
С)сандармен,әріптер енгізу
5. Мына белгі нені білдіреді?
А)көшіру
В)қою
С)сақтау
6. MS Publisher бағдарламасын іске қалай қосамыз?
А)Пуск-Все программы- MS Publisher
В) Пуск-MS Publisher
С) Пуск-Все программы MS Office- MS Publisher
7.Мәтіндік файл кеңейтілуі
А)com
B)bmp
C)txt
8.Мәтіндік редактор дегеніміз
А)компьютердің ресурастарын басқаратын программа
В)мәтіндік құжаттарды өндеуге арналған программа
С)мәтінді баспаға шығаратын программа
9. «Іске қосу» батырмасы қалай ашылады?
А)есептер тақтасы арқылы
В)негізгі меню арқылы
С)қатты диск арқылы
10.Мәтіндік редактордың функциясына не кірмейді?
А)Мәтінді аудару
В)мәтінді баспаға шығару
С)мәтін құру
11.Автоматты тізім жасау үшін қандай амалдар орындаймыз?
А) Формат-список
В) Вставка-список
С) Таблица-список
12. MS Publisher бағдарламасында алдымен нені таңдаймыз?
А) стиль
В)фон
С)макет
13. Мына сурет тізімнің қай түріне жатады?
А)нөмерленген
В) маркеленген
С)көп қабатты
14.MS Word-та бетті қоршау үшін қай команда қолданылады?
А)Правка-Границы и заливка-Страница
В)Формат-Границы и заливка-Страница
С)Вставка-Границы и заливка-Страница
15.Егер сөз жасыл ирек сызықпен турса,ол нені білдіреді?
А)Сөзде грамматикалық қате бар екенін
В)Сөзде орфографиялық қате бар екенін
С)Формулада қате бар екенін
16.Мәтінді екі жақ шетке туралау үшін қай батырманы басу керек?
А)еңі бойынша туралау
В)туралау
С)сол жақ шетке туралау
17.MS Word-та қай аспаптар тақтасы автофигуралармен жұмыс істеуге арналған?
А)форматтау
В)стандартты
С)сурет салу
18. Пішімдеу үстелін көрсет
36449016256000
А)
3632204572000В)
36512515557500С)

19.MS Publisher бағдарламасы не үшін керек?
А) мәтін теру үшін
В)публикация жасау үшін
С) презентация жасау үшін
20.Стандартты үстелдін құралдарын көрсет
364490254000036512526162000А)
В) 36385517335500С)