“О?ушыларды? о?у жетістігін ба?алау критерийі”


Биғазиева Алия Махсотовна
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы тарих пәні мұғалімі
«Білімді адамдар ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Қазақстанды ХХІ ғасырда дамыған елдермен теңестіріп, өркениетті әлемнен мәртебелі орын алуына ықпал етер бірден бір құдірет білім, білімді ұрпақ»
Н.Ә. Назарбаев.
“Оқушылардың оқу жетістігін бағалау критерийі”
Мақсаты: Блум таксономиясы бойынша білім сапасын критерий арқылы бағалау
Білім берудегі Кембридж тәсілінің теориялық негіздері ҚР ЖББМ педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасынан күтілетін нәтиже: оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, нәтижесінде сыни-пікір көзқарастары жүйелі дамыған, алған білімін өмірде қолдана алатын, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін өз деңгейінде меңгерген оқушы қалыптастыру.
Бағдарламаның негізгі міндеті: Қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға көмектесу.
Критериалды бағалау - бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу-танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі.
Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал білім беру әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған. Кембридж бұл бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтиды.
Бұл сындарлы оқыту теориясы оқушыларды ойлауға, бұрынғы алған білімдерін жаңа немесе сыныптағы дерек көздерінен, достарынан, оқулықтан алған білімдерімен ұштастырады.
Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» әдіс арқылы алынған білім, оқушының есінде ұзақ сақталмады, механикалық есте сақтап, үстірт білім алды.
Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін өмірде қолдануға үйрету.
Дайын білім беретін «дәстүрлі» стильмен оқытатын мұғалімдер сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастырғысы келсе, өздерінің де сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту керек.
«Бағалау» - пайымдаулар жасауды – нақты өмірлік жағдаятты бейнелейтін проблеманы шешу негізінде жаңа білімдер ашуды үйрету болып табылады. Бұл ретте бұрын жинақталған білімдерін, өмірлік тәжірибесін, түйсігін, өзінің интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін пайдалана отырып, ақыл-ой қызметін құруы қажет.
«Бағалау»термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін - өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бағалаудың барлық түрлері төмендегілерді қамтиды. 1)Бақылау; 2)алынған мәліметтердің интерпретациясы; 3)бұдан арғы іс - әрекетті анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау.
Берілген анықтаманың маңызды элементтерінің бірі оқушылардың деректерді қолдануына баса назар аударту болып табылады. Бұл ретте, мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтығына назар аударылады.Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде,оқушылар белсенді қатысуы керек.Талпынғандар ғана білім ала алады.Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет,сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Олардан түсінушілікті,қызығушылықты және ықыласпен әрекет етуді қажет етеді.
Мерсер мен Литлтонның (2007) зерттеулері маған сыныппен фронталды жұмыстанғанда, тек белсенді оқушылармен ғана емес, барлық оқушылардың оқуына жағдай жасаса, олардың әрекетіне қойылатын баға шынай болатындығына негіз болды. Осы бағытта Мерсердің (2000) білімді бірлесіп алу немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болады деген сипаттамасы, мені келесі ойларға жетеледі: біріншіден, сабақта оқушылардың топтық жұмысын ұйымдастыру арқылы олардың өзара пікір алмасуына мүмкіндік болар еді; екіншіден, оқушылардың сабақтағы ақпаратты түсінгенін бағалау үшін «не білем, не білгім келеді, нені білдім» деген кесте бағандарын сабақ кезеңдеріне сай толтыруды ұсынар едім. Оқушылардың үшінші бағанды толтыру деңгейлері бойынша олардың қаншалықты жаңа материалды меңгергенін көрер еді деп ойлаймын.
Бағалау Реформасының Тобы оқыту үшін бағалауға мынадай анықтама береді:
Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын,қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үрдісі.
«Формативті бағалау»
Күнделікті тәжірибеде қолданылады (сабақ сайын, күнбе күн); алға басуды қамтамасыз ететін кері байланыс; оқушыға да, мұғалімге де қолайлы бағалау формасы; мұғалімге сыныптың үлгірімін қадағалауға көмектеседі; формативті бағалау қалыптастырушы, ынталандырушы функцияларды атқарады
«Суммативті бағалау»
Бірнеше уақыттан кейінгі оқу нәтижесін көрсететін суммативті немесе қорытынды бағалау (емтихан, қорытынды тест, білім кесіндісі т.б) формасы мен бағалау әдісін мұғалім айқындайды.
Бағалау үшін критерийлерді жасақтау: Қалай бастаймыз? Оқытудың күтілетін нәтижесі қандай болады?
Күтілетін нәтижені өлшейтін критерийлер жасақтаңыз және оны кестеге жазыңыз.
3138170517525
А топ. Білу, түсіну.
В тобы. Қолдану, талдау.
С тобы. Синтездеу, бағалау.
00
А топ. Білу, түсіну.
В тобы. Қолдану, талдау.
С тобы. Синтездеу, бағалау.
Блум таксономиясының 6 категория бойынша тапсырмалар беріп, бағалау критерийлерін анықтап аламыз. Оқушыларды деңгейіне байланысты А, В, С деп үш топқа бөлеміз.
-387985-285242000
Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі
Түрі Мазмұны Сұрақтар
Шәкірт
Білім категориясы Бұл категория оқу материалын есте сақтау мен қайталауды білдіреді.
Оқу материалы деп әртүрлі мазмұндағы ақпаратты атауға болады.
Бұл категорияның негізгі сипаты – қажетті мәліметтерді есте сақтау.
«Кім...?
Не...?
Қалай...?
Қашан...?
Қайда...? Қанша...?» есімдіктерінен құралатын сұрақтар. *Қолданылған терминдерді
есте сақтайды және қайталайды;
нақты фактілерді келтіреді;
әдістер мен жұмыстың орындалу
ретін (процедурасын) қайталайды;
негізгі ұғымдарды есте
сақтайды және қайталайды;
ережелер мен қағидаларды жатқа келтіреді.
Түсіну категориясы Түсіну ұғымын
4 топқа бөлуге болады:
Түсіндірме
(Интерпретация)
2.Аударма (Трансляция)
3. Анықтамалар.
4. Мысалдар
«Қалай? Неліктен? Салыстырыңыздар, айырмашылығын көрсетіңіздер» Фактілерді, ережелерді, қағидаларды салыстырады, айырмашылығын көрсетеді; мысалдар келтіреді;
Сөзбен келтірілген материалды, схемалар,графиктер,
диаграммаларды түрлендіреді, өзгертеді; оқу материалы бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.
Қолдану категориясы Оқу материалын нақты жағдайда және жаңа ситуацияда қолдануды меңзей ді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидалар- ды, теорияларды
практикалық тұрғыдан қолдану
кіреді. Қалай қолдануға болады?
Жасап көрсе қалай болады?
Не білгіңіз келеді?
Мәселені қалай шешуге болады? ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолданады;
әдіс немесе жұмыс ретін
дұрыс қолданатындығын көрсетеді;
заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда қолданады;
Талдау категориясы Құрамдас бөліктерге жіктеу, айтылған ойды дамыту. Екі тұжырымның қатынасын көрсетуді талап етеді.
Себептерді айқындау. Қалай жіктеуге болады? Егер мынандай болса, онда қалай болады?
Мынау неліктен дәл осындай, басқаша емес? жасырын (көзге көрінбейтін) жәйттерді ашады;
ойдың өрбуінен қателер мен олқылықтарды айқындайды;
фактілер мен олардың салдарының арасын ажыратады;
ұсынылған фактілердің маңыздылығын айқындайды.
Синтез категориясы Шығармашылық жанрлар.
Жоспар құрастыру немесе тәжірибе қою, өткізу.Абстрактылы ұғымдармен негізделетін нәтижелер. Жақсарту үшін не істеуге болады?
Қалайша біріктіруге болады?
Мына мәселені дәлелдеу үшін нені біріктіруге болады? Шығармашылық тұрғыдан шығарма (эссе) жазады;
тәжірибе жасаудың өзіндік жоспарын ұсынады;
Қандай да болмасын проблеманы шешу үшін өз білімдерін шығармашылықпен қолданады.
Бағалау категориясы Оқу материалының маңызын анықтау,
ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру,
таңдау жасап, шешім қабылдау.
Сіздің ойыңызша бұл маңызды ма?
Мұны жақтайсыз ба? Мұның жағымды/ жағымсыз, ұтымды/ ұтымсыз жақтары қандай? оқу материалы құрылымының логикасын жазбаша түрде бағалайды;
жасалған шешімдер мен қорытындылардың берілген фактілерге сәйкестігін анықтайды.
ішкі немесе сыртқы критерийлерге сүйеніп, оқу материалының маңыздылығын айқындайды;
Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы 7–сынып.
Блум таксономиясы бойынша бағалау критерийлерін құру
А топ. Білу, түсіну.
В тобы. Қолдану, талдау.
С тобы. Синтездеу, бағалау.
А деңгейі «Қазақ хандығының құрылуы»
Теориясы: «Білу» (тақырып мазмұны бойынша кім? Не? Қандай? Қалай? Нені? Қашан? Не істеді? Сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктелінуі керек) Қазақ хандығының негізін салған хандар кімдер? Жауабы: Керей мен Жәнібек
Керей мен Жәнібек бастаған қазақтарды қолдаған Моғолстан ханы кім? Ж: Есен-бұға хан
Жәнібек пен Керей Өзбек хандығынан қайда көшті? Ж: Моғолстанның батыс аймағына
Керей мен Жәнібек Қазақ хандығының ұлттық туын қайда тікті? Ж: Қозыбасы
Қазақ хандығының алғашқы территориясы қай жер? Ж: Шу мен Талас өзендері маңы
Қазақ ханы Жәнібектің қыстауы болған мекен қай жер? Ж: Хантау
Қазақ хандығы алғашқы қарым-қатынас жасаған мемлекет? Ж: Моғолстан
А дейгейі Себебін анықта
Теориясы «Түсіну» (Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін? сұрақ бойынша) Неліктен Керей мен Жәнібек Жетісуға қарай көшті?
Моғолстан ханы Есен-бұға Керей мен Жәнібек сұлтандарды не себептен құшақ жая қарсы алды?
Неліктен Керей мен Жәнібек сұлтандар Әбілхайыр хандығынан бөлініп көшті?
В деңгейі Тарихи диктант. Бос орынға тиісті сөздерді жаз.
Қолдану Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуға көшіп келуін халқымыздың тұңғыш көрнекті тарихшысы, ғұлама Мұхаммед Хайдар Дулати 1465-1466 жылдар деп жазды.
Қазақ халқының саяси бытыраңқылығын жойып, мемлекет етіп құру Ақ Орданың билеушісі Ұрыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек сұлтандардың үлесіне тиді.
В деңгейі. Талдау Саяси жағдайы Этникалық жағдайы Экономикалық жағдай
Ақ Орда ыдырап, бірнеше хандық пен ұлыстар пайда болды. Олардың өзара жер, билік үшін таластары, ел ішінде бей-берекетсіздікті туғызды немесе саяси бытыраңқылық болды. Қазақстандағы ру-тайпалардың тілі, ділі, діні, әдет-ғұрпы, салт-санасы жағынан бір-біріне ұқсас болды. Бірақ елдегі саяси бытыраңқылық бір ұлттық мемлекет құруға ешбір мүмкіндік бермеді. Қазақстанда өмір сүрген тайпалар негізінен үш аймаққа шоғырланды: Шығыс Дешті-Қыпшақ, Оңтүстік Қазақстан, Жетісу. Бұл аймақтарда өмір сүрген тайпалар жартылай көшпелі, отырықшы егіншілікпен айналысты. Шаруашылықтың әр саласы бойынша өзара тығыз байланыста болды. Ұлы Жібек Жолы сауда-саттық байланысты дамытты.
С деңгейі Трек-схема құрастыр
Синтез Қорытынды шығар, анықтама бер. Мазмұнды жүйеле, сөзжұмбақ құрастыр

С деңгейі Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызын қалай түсінесің?
Бағалау   Критерийлер Максималды ұпай саны
А Білу және түсіну 5 ұпай
В Қолдану және талдау 5 ұпай
С Синтез және бағалау 4 ұпай
Барлығы 14 ұпай
Бағалау дескрипторлары
Критерийлер Білім жетістіктерінің деңгейі Дескрипторлар
А
(max 5)
  0 Ешқандай сұраққа жауап бермесе
1 1 сұраққа жауап берсе
2 2-3 сұраққа жауап берсе
3 4-5 сұраққа жауап берсе
4 6 сұраққа жауап берсе
5 7-10 сұраққа жауап берсе
Критерийлер Білім жетістіктерінің деңгейі Дескрипторлар
В
(max 5)
  0 Ешқандай сұраққа жауап бермесе
1 Тарихи диктанттың тек бірінші тапсырмасы орындалса
2 Тарихи диктант толық, дұрыс орындалса
3 Тарихи диктант дұрыс орындалып, талдаудың бірінші бағаны орындалса
4 Тарихи диктант дұрыс орындалып, талдаудың 2 бағаны орындалса
5 Тапсырманың барлығы дұрыс орындалса
Критерийлер Білім жетістіктерінің деңгейі Дескрипторлар
С
(max 4)
  0 Ешқандай тапсырма орындалмаса
1 Трек-схема жартылай толтырылса
2 Трек-схема толық орындалса
3 Трек-схема және бағалау сұрағы жартылай ашылса
4 Барлық тапсырма толық орындалса
Ұпайларды бағаға айналдыру шкаласы
Жинап алған ұпайлар саны Баға
12-14 ұпай «5»
8 -11 ұпай «4»
4-7 ұпай «3»
0-3 ұпай «2»
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:
алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;
анық, айқындылығы;
бағаның әділдігі;
өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі
Негізгі бағалаудың қорытындысы.
№ Аты – жөні Негізгі бағалау
А В С Балл Баға
1 1- оқушы 5 5 3 13 5
2 2- оқушы 5 5 2 12 5
3 3- оқушы 4 5 2 11 4
4 4- оқушы 5 4 3 10 4
5 5- оқушы 3 3 1 7 3
6 6- оқушы 4 3 3 10 4
7 7- оқушы 3 3 1 7 3
8 8- оқушы 4 3 3 10 4
Меңгерген ақпараттық білімдерінің себеп-салодарларын анықтайтын тапсырмаларды орындап, өз білімдерін түрлі жағдайда қолдана білуі оқу материалын талдау іскерлігі талпп етіледі. Оқушылар танымдық, ізденушілік сипаттағы, блімнің тереңделуіне, қорытындылануына бағытталған тапсырмаларды орындайды. С деңгейінде оқушы мұғалымнің көмегінсіз өз бетімен білім алып, өзін-өзі басқару арқылы өз бетімен дами алатын тұлғаға айнала бастайды. Мектеп түлектерінің әрқайсысының өз бойындағы қабілетіне сәйкес, «Жоқ» дегенде, бір бағытта, мысалы, математикадан «өмір бойы білім ала алатын тұлғаға айналуына» кепілдік бар.
«Сурет бойынша сатылап сұрақ қою әдісі»
Қасым ханды ақ киізге көтеріп, «хан сайлау» рәсімі.
Суретші: Асықов Сұрақтар қарапайымнан басталып, күрделене береді, міне, сондықтан да бұл әдісті сатылап сұрақ қою әдісі деп атайды. Нәтижесінде
Оқушылар тапсырманы орындау барысында мынандай сұрақтар қоюы ықтимал:
Суреттегілер не істеп жатыр?(Хан сайлап жатыр)
Суреттен кімді көріп тұрсыз? (Қасым хан)
Хан сайлауға кімдер қатысқан? (Барлық рудың атақты, сыйлы шонжарлары)
Хан болып саланатын адам қайда отыр? (Ақ киізде)
Хан болып сайланатын адамды ақ киізге кімдер отырғызып көтерді? (Ру басшылары)
Ақ киіздің шетінен ұстап тұрғандар кімдер ? Олар не істейді? (Би-сұлтандар, жиналған жұртты аралайды)
Сұраққа жауап беру кезінде бір-бірімен пікір алмастырады, пікір таластырады. Соның негізінде белгілі бір пікір қалыптасып, көзқарасын дәлелдеуге дағдыланады.
Бағалаудың шынайылығы
Өзін-өзі бағалау; деңгейлеп бағалау (Бір билетте үш деңгейлік тапсырма болады); жұптық бағалау; балдық бағалау; кері байланыс арқылы бағалау;
Нәтижесінде:
Әр оқушы барлық пәннен екіліксіз оқуға кепілдік алады;
Оқушының бір бағытта болса да қабілеті ашылады (қабілетсіз бала болмайды);
Дарынды бала жан-жақты дамуға мүмкіндік алады;
Рейтинг жүйесі бойынша «қосу» әдісімен балл жинау арқылы оқуға деген қызығушылығы артады.
ҰБТ нәтижесі жоғары көрсеткіштер береді;
Түлектер кәсіби бағдарланады;
Өмір бойы өзіне қажетті білім ала алатын құзыретті тұлға қалыптасады;
Өсу динамикасын кез-келген кезеңде анықтау;
Қалыптастырушылық және негізгі бағалау арқылы білімін анықтау.