Пішімдеу Line (Т?зу) ж?не Shape (фигура) графикалы? нысандары ар?ылы фигураларды кірістіру


МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ
Тақырыбы:
Пішімдеу Line (Түзу) және Shape (Фигура) графикалық нысандары арқылы фигураларды кірістіру.
Күтілетін нәтиже:
•Қазіргі замандағы қарқынды дамып келе жатқан анимация және мультимедиа ұғымдарымен жалпы танысу
•Мультимедиа құрамына мысал келтіру
•Мультимедиа технологиясын түсіндіру
•Алғашқы анимацияның түсіндірмесін беру
•Мультимедиа құралдары мен ақпараттық дәстүрлі тасушылардың байланысын анықтау
•Тәжірибе жүзінде құлаққаптың параметрлерін тексеру үшін алған білімін пайдалану
•Белгілі бір қозғалысты анимация түрінде суреттейді, анимация сатыларын айырып тану
•Тәжірибе жүзінде әр түрлі жағдайдағы анимацияларды жобалау
•Анимация ұғымын тәжірибе жүзінде негіздейді және толықтай түйіндеу
Үй тапсырмасы:
• Жаңа тақырып слайдын қайталап үйде қарап, түсіну және деңгейлік тапсырмалар кезіндегі жауап бере алмаған тапсырмаларды үйден аяқтап келу
САБАҚ БЛОКТАРЫ
і. аҚПАРАТ алмасу Тақырып жоспары:
Мультимедиа түсінігі
Мультимедиа құрамы
Мультимедиа технологиясы
Анимация
Анимация технологиясы
Ең алғашқы анимациялар
Слайдтар:
1-слайд (титул)
2-слайд
Сабақтың мақсаты
3-слайд
Тақырып жоспары
4-слайд Мультимедиа түсінігі
Мультимедиа – дыбыс, графика, анимация (қимыл – қозғалыс), көріністік фрагменттерді және мәтіндерді қатар пайдалана отырып динамикалық түрдегі бейнелер мен дыбыстық мәліметтер алу мүмкіндігін беретін арнайы жабдық.
5-слайд

6-слайд Мультимедиа (жалғасы)
Мультимедиалық мүмкіндіктерді толық пайдалану үшін компьютер 16 разрядты SVGA мониторымен, MIDI форматын қолдайтын 16 разрядты дыбыстық тақшамен және компакт дискіні оқуға арналған CD – ROM дискіжетегімен жабдықталуы қажет. Жұмыс барысындағы жағдайларға қарай мұнан басқа да көптеген компоненттерді орнатуға болады.
7-слайд

8-слайд Мультимедия технологиясы 
Музыкалык компазициялар бірнеше категориялар бойынша –орындаушыға байланысты, альбомға және музыкалық бағыттарға қарай сұрыпталып шығады. Windows Media арқылы WAV және MP3 форматтарындағы музыкалық композициялардан басқа кез келген аудио- CD-лерді де тыңдауға болады. Ол үшін CD –немесе DVD-ROM жетегіне музыкалық компакт-дискіні қондырып, ойнатуышты іске қосып, сазды тыңдауға болады. 
9-слайд Мультимедиа (жалғасы)
Мультимедиа құралдарының ақпараттық дәстүрлі тасушыларынан негізгі айырмашылығы-интерактивтілігі, еркін түсінілуі және қатынасқа бейімділігі.
Интерактивтілік(үздіксіз әрекеттілік) пайдаланушыға болып жатқан оқиғаларға белсенді қатысуға мүмкіндік жасайды. Мысалы, интерактивті оқытушы программада пайдаланушышың қалауы бойынша қажетті тарауды шығаруына, өтілген тарауды қайталап оқуға және т.т. болады. Егер жүйе пайдаланушы енгізген кейбір деректерге, сұратуларға және т.т. орай жауап қатса, өзара әрекеттестіктің жоғарырақ деңгейі қамтамасыздадырылады. Интерактивтілік түсіндіру еркіндігімен тікелей байланысты. 
10-слайд Мультимедиа (жалғасы)
Дыбыстық фрагменттерді жазу және оқу үшін, компьютерде дыбыстық тақша орнатылуы керек.
Дыбыстық тақшаға динамик жалғанады (дыбысты компьютердің құрамындағы динамикпен тыңдау мүмкіндігі шектеулі).
Дыбысты жазу үшін микрофон, тыңдау үшін құлаққап (наушник) болуы қажет. Егер компьютерде дыбыстық тақша орнатылған болса, ол Windows операциялық жүйесі жүктелгеннен кейін бірден жұмыс істейді.
11-слайд Мультимедиа (жалғасы)
Құлаққаптың параметрлерін тексеру немесе қайта орнату үшін Бас меню:
Баптау – Басқару тақтасы қатарларын таңдап, ашылған терезедегі Мультимедиа шарт белгісінде тышқанды екі рет шертеміз. Аудио, Видео, MIDI, CD, Қосымша деген төрт астарлы беттен тұратын Мультимедиа қасиеттері: сұхбат терезесі ашылады. 

12-слайд Анимация
Анимация (Animation) - қозғалыстың әр түрлі кезеңіне сәйкес кескіндер тізбегін экранда жылдамдата көрсету арқылы дене қозғалысы динамикасын бейнелеу тәсілі.
Мультимедиа жүйесінде — қозғалыстың әр түрлі кезеңіне сәйкес кескіндер тізбегін жылдамдата көрсету арқылы қозғалыстағы объектіні экранда бейнелеу тәсілі.
13-слайд Серпімді доптың анимациясы 6 түрлі кескіннен тұрады.

Анимация секундына 10 түрлі доптың кескіні қозғалады

11-слайд Анимация (жалғасы)
Ең бірінші анимация проекті (1877)

12-слайд Анимация (жалғасы) Феликс және мысық (Felix the Cat) 1919 ж.

іі. алғашқы бекіту Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Мультимедиа түсінігі Анимация Мультимедиа және Анимация технологиясы
Қорытынды:___________________________________________________________
ііі. құзырлылық қалыптастыру Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
Мультимедиа деген не?
Мультимедиа – дыбыс, графика, анимация (қимыл – қозғалыс), көріністік фрагменттерді және мәтіндерді қатар пайдалана отырып динамикалық түрдегі бейнелер мен дыбыстық мәліметтер алу мүмкіндігін беретін арнайы жабдық.
Оның құрамына қандай мысалдар жатқызуға болады?
Презентациялар және көрмелер
2D, 3D визуализация және анимация
Бейне ролик түсірілімі
Монтаж, бейне әсерлер, дыбыстандыру және т.б.
Жеке программаланған жабдықтар
Корпоративтік үйретуші және маркетингілік мәліметтер
CD, DVD-дегі интерактивті презентацилар
Мультимедиа технологиясы туралы не білесің?
Музыкалык компазициялар бірнеше категориялар бойынша –орындаушыға байланысты, альбомға және музыкалық бағыттарға қарай сұрыпталып шығады.
Дыбыстық фрагменттерді жазу және оқу үшін, компьютерде не орнатылуы керек?
Компьютерде дыбыстық тақша орнатылуы керек.
Анимацияға қысқаша түсінік бер.
Анимация (Animation) - қозғалыстың әр түрлі кезеңіне сәйкес кескіндер тізбегін экранда жылдамдата көрсету арқылы дене қозғалысы динамикасын бейнелеу тәсілі.
Алғашқы анимациялар жайында не білесіңдер?
Ең бірінші анимация проекті (1877)
Феликс және мысық (Felix the Cat) 1919 ж.
Windows Media арқылы қандай форматтағы музыканы тыңдауға болады?
WAV және MP3 форматтарындағы музыкалық композициялардан басқа кез келген аудио- CD-лерді де тыңдауға болады.
ІІ деңгей тапсырмасы
Мультимедиа құралдарының ақпараттық дәстүрлі тасушыларынан негізгі айырмашылығы неде?
Интерактивтілігі, еркін түсінілуі және қатынасқа бейімділігі.
Қолдарыңдағы құлаққаптарыңның параметрлерін тексеріңдер және ол үшін не істейтіндеріңді баяндаңдар.
ІІІ деңгей тапсырмасы
Өз беттеріңше ақ қағазға дирижердың қозғалысының анимациясын жасаңдар.
іV. шығармашылық әрекет
 Топтық жұмыс.
1-топ: Microsoft Power Point бағдарламасын пайдалана отырып көркемді илюстративті құттықтау анимациясын жаса.
2-топ: Microsoft Power Point бағдарламасын пайдалана отырып көркемді илюстративті жарнама анимациясын жаса.
3-топ: Microsoft Power Point бағдарламасын пайдалана отырып көркемді илюстративті ертегі анимациясын жаса.
V. бағамдау-бағалау
 Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________