?ліппемен ?оштасу ерте?гілігі. ?ош бол,??тты ?ліппем! ( 1- сынып)
Тақырыбы: «Қош бол, құтты Әліппем»
Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау., өз өнерлерін ата - аналарға көрсету.Әр оқушының іс - әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу.Өзін - өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп қастерлеуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Нақыл сөздер, плакаттар, слайд, шарлар.
Хан(Айбек)
Уа, халайық! Армысың,Ағайын-туған, бармысың.Жарлығымды тыңдаңдар, Босқа қарап қалмаңдар.Мен сендерге сенемін Қызымды мектепке апарғанғаАтбасындай алтын беремін.
Ханша (Назерке)
Жоқ, әкеБұл не дегенің?Оқымай-ақ мен бәрін білемінСабақ оқу, әріп жазуДәптер, кітап – ол не керек?Ол не береді? Ұнамайды Мен сұлумын, ханшамынТәтті қыздың бірімінОқуыңа өзің бар, Керек емес білімің.
Хан: - Енді ,қайттім? Кім көмектесе алар екен....
Сиқыршы (Бекжан):
Уа, тақсыр, армысыз!Ханшайым да бармысыз!Айтайын мен жан сырын. Естідім ұзын құлақтан, Семей деген үлкен шаһарда Төлебай Ыдырысұлы Аманов атындағы № 16 мектепте 1 «Ә» сыныбы бар кітапқа бас болған сүйікті кітаптары Әліппемен қоштасқалы отыр екен. Әліппеден не үйреніп,не білгендерін ортаға салып, Әліппенің құрметіне ән салып, би де билемекші екен. Сол тойды көріп ханшаның пікірі өзгерер , қонаққа барып көрелік.
Хан: Ойбай, қызыма көмегі тисе, жүр, түс алға!
Ханша: барсақ, баралық, көрсек, көрелік! Хм... не өзгерер екен...
Сиқыршы : -Көздеріңізді жұмыңыздар ! (ішінен күбірлеп сиқыр сөздерін айтады)
Нұрали:
Қош келіпсіз, қадірменді қонақтар!
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда қызғалдақтай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар!
Әрсен:
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.
Қош келіпсіз ұстаздар, ата – аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға!
Нұрали : Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
1 «Ә» сыныбын ортамызға!
Әрсен:- Іші толы әріпке,
Білімдегі , жарық не?
Оқушылар: Болашаққа жол ашқан,
Ол ,сүйікті Әліппе!
Әрсен: олай болса сүйікті Әліппемізді ортаға шақырайық.
Оқушылар : Әліппе,әліппе, әліппе.
Әліппе: - Армысыңдар жас достар!
Армысыңдар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптіңҚуанышы баланыңҚуанышы ананыңЖақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйретіп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!
Аружан: Әліппем менің Әліппем,Сені қолға алып мен.Есігін аштым мектептің,Ертеңгі сәуле жарықпен.
Камилла:Келгенде алғаш мектепке,Білмеуші едік әріпте,Оқимыз қазір ертекте,Үйреткен оны Әліппе!
Перизат:Әліппе деген алтын жолАпарар сені алысқа.Жеңіл емес ауыр жолТырысып бақ намысқа.
Шехрезат:Қане бері қарайық,Зейін қойып тыңдайықӘріптермен танысуТақпақтардан бастайық.
Алихан : Біз әдепті баламыз, Айтқан тілді аламыз.Үлкендерге жол беріп,Біз ақылды боламыз.
Б.Сұлтан: Бар кітапқа бас болған,Әліппе - ғылым анасы. Әліппеден басталған,Даналықтың данасы.
Диас: Ыстық әрбір беттеріңЖазуыңды ұғамынАқыл бердің ӘліппеАқылды сен мұғалім!
Бақтияр: Ізгілікті ойға тоқитын,Шәкірт боп үздік оқитын.Әліппе атты кемемен,Кеземіз білім мұхитын.
Әрсен: Үйретті бізді Әліппе42 - дербес әріпкеСөз, сөйлем құрап әріптен,Лайық болдық дәріпке.Айгерим: Іші толы әріпке,Мынау әйбат ӘліппеБарлық ілім, білімніңӘжесі осы Әліппе.Айзада: «А» деген ол аналар ғой ардақты«Ә» деген ол әкелер ғой салмақты«Б» деген ол балалар ғой әдеміБіздің елде үшеуі де кәделі.
Мирас:Мектебің – алтын ұя жарқыраған,Ұстазың – бұлақ көзі сарқыраған.Шыңдалып, шыңға қарай қанат қақтың,Шарықта, жас қыраным, ақ жол саған.
И.Султан:Білімнің кәусар бұлағын, Жүресің құйып санама. Біз үшін сенсің, мұғалім, Ұстаз да, ғалым, дана да.Алина:Иса: Оқитын әрі жазатынБілімге қол созатынОқушы болдық сауаттыБілімнің кенін қазатын.
Арнұр: Қош бол,құтты Әліппем! Көп нәрсені үйреттің. Таныстырып әріппен, Тақылдадып сөйлеттің.
Жігер:Көлге айналған бұлақтың Қайнар көзін көріп пе ең? Том-том қалың кітаптың Басы болар Әліппең...
Әсел:
Даниял:Ашыла берді алдымнан
Кең дүние есігі.
Соғылған сомдап алтыннан
Әліппе-білім бесігі.
Әнел:
О.Назерке:
Қаламқас: «Әліппе» даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған
Рахмет ұстаз алғашқы.
Т.Назерке:Анам менің, әкем де Атам менен апам да Шопан, ұшқыш, ғалым да Небір мықты дарын да Тіл сындырып әріпке Ашқан алғаш әліппе.Әліппе:- Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.
Ана тілі:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Туған елдің тілімін,
Ақылыммен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңға сенемін.
Ән "Дос болайық бәріміз"
Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын.
Сабақты жақсы оқыңдар!
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер - білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз!
Қош болыңдар, балалар!
Хормен: Қош бол, қош бол, құтты Әліппе!
Нұрали:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата - ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
Ән « Сәлем »
Би « Үнді биі »
Ән « Әліппе»
Ән «Мектебім»
Әрсен: Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Сау болып тұрыңыздар кездескенше,
Осымен бүгінгі кеш аяқталды. Кездескенше сау-саламатта болыңыздар.
Құттықтау сөздер: Мектеп директоры, меңгерушілер, ата-аналар.