?ош бол, ??тты ?ліппем! ерте?гілік
Тақырыбы: «Қош бол, құтты Әліппем!»
Мақсаты:
Оқушылардың осы уақытқа дейін алған білімдерін тиянақтау. Өнерлерін ата−аналарына, ұстаздарына көрсету. Оқу−білім алуға, мәнерлеп сөйлей білуге, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Барысы:
І. Кіріспе бөлімі
1-жүргізуші:
Өтті оқу сан сабақ.
Бүгін үлкен салтанат!
Оқулықпен достассаң,
Әліппеміз қоштаспақ!
Өңкей білгіш балдырған
Құтты болсын тойларың!
2-жүргізуші:
Балаларды қарсы алып,
Ән шашуды, шашайық!
Ақ сандықты ашайық
Бұл мереке, бұл тойдың
Бастаңғысын жасайық!
Би: «Маленькая страна» сынып оқушылары
Мұғалім:
Құрметті ата−аналар, ұстаздар және қонақтар! Бүгін біз үшін, сіздер үшін бір үлкен мереке. Балалардың алдағы шығатын биік белестерінің ең алғашқысы « Әліппемен қоштасу ». Білім жолындағы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін деп тілек білдіргім келеді.
Алғаш рет хат танып, сауатымызды ашқан. Біздің жақын досымыз Әліппені ренжітпей, рахметімізді айтып, алған білімімізді көрсетіп, ән−би, өлеңдермен өрнектеп ортаға салайық.
1-жүргізуші:
Қош келіпсіз, ақ жаулықты әжелер,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарында қызғалдақтай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
2-жүргізуші:
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Мұғалім:
Алғаш біз мектеп табалдырығын қай айда, қай жыл мезгілінде аттап едік?
Мөлдір: «Тамшылар» әні
Мұғалім:
Алғашқы қоңырау салтанаты мен алғаш мектеп табылдырығын аттаған кезімізді еске алып, күз мезгіліне саяхат жасасақ. Ендеше өлең-жырларымызды мектебімізге арнайық.
1-оқушы:
Қыркүйекте келдім де
Сыныпқа кірдім қуанып
Қарсы алды мейіріммен
Қадамымды құп алып.
2-оқушы:
Қоңырау үні мектепте
Шақырды мені жолға алыс.
Әкетті мені жетектеп,
Арманға қарай сол дауыс.
3-оқушы:
Мектебің мынау, класың,
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың.
4-оқушы:
Партаға тұңғыш отырдым,
Қалам алып қолыма.
Сызықтарға толтырдым,
Қалдырмай дәптер жолын да.
5-оқушы:
Ойыншық қалды жайына,
Әріптер бөлді көңілді.
Тәбетім жоқ ойынға-
Сезінем үлкен өзімді.
6-оқушы:
Қуыршақты тастадым,
Уақыт жоқ ойнауға.
Әріптен құрай бастадым,
Сөздерді тізіп қоюға.
7-оқушы:
«Ана», «шана», «ор», «Шора»-
Тұңғыш тізген сөзіміз.
Енді міне оқып тұрмыз,
Үлкендерше-ақ өзіміз.
Хор: «Мектебім»
ІІ. Негізгі бөлім
1-жүргізуші:
Ең алғаш алғанымда Әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді?
Ұстазым оның кілтін алып берді. (бірге)
Ән: « Алғашқы мұғалім »
«Сиқырлы кітап» қуыршақтар қойылымы
2-Жүргізуші:
Іші толған әріпке,
Бар білімнің бастауы.
Білімдегі жарық не?
Хормен:
Болашаққа жол бастар,
Ол сүйікті Әліппе!
Жүргізуші:
Олай болса бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: « Әліппе » 3 рет.
Әліппе:
Армысыздар, жас достар,
Армысыздар ата−аналар.
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Менің атым Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып, ер жеткен,
Ағаң сенің, әпкең де.
Қымбатты жас достар, мерекелерің құттыболсын!
Әліппе:
Оқушылар осы сендер қандайсыңдар?
Оқушылар:
Талабы биік таудаймыз.
Мың бұралған бишіміз.
Біз шеберміз.
Ақылдымыз.
Үлкенге ізет көрсетіп, кішіге қамқор боламыз.
Көп оқимыз.
Барлығы: Біз- қазақ елінің болашағымыз.
8- оқушы:
Көз тойғысыз қазағымның жері бар,
Ну орманы, тауы, өзені, көлі бар.
Қазағымның жерін, елін қорғайтын,
Жас жеткіншек ұланы бар, ері бар.
9- оқушы:
Міне осындай егеменді еліміз,
Кең жазира ұлан байтақ жеріміз.
Туған елін, туған жерін сүйетін,
Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.
Хормен: Тәуелсіз Қазақстан жасасын!
Хор: «Менің Отаным»
Мұғалім: Әліппеге өлең жолдарын арнайық.
10- оқушы:
Бар кітапқа бас болған,
Әліппе ғылым атасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.
11- оқушы:
Әліппем, менің әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым білімнің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
12-оқушы:
Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріп те,
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны Әліппе!
13- оқушы:
Енді біз жаза білеміз
Әріпті қосып әріпке
Риза боп саған жүреміз
Сүйікті біздің « Әліппе »!
14-оқушы:
Сөйледі олар тіл бітіп,
Небір қызық сырларды.
Тыңдай бердім мен жұтып,
Тіл біткен тақпақ, жырларды.
15-оқушы:
Арта берді кітапқа
Бойымдағы қуатым.
Бірге жүрген қасымда,
Кітап болды сыңарым.
16-оқушы:
Ашыла берді алдымнан
Кең дүние есігі.
Соғылған сомдар алтыннан,
«Әліппе» - білім бесігі!
17-оқушы:
Әліппе деген алтын жол,
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол,
Тырмысып бақ намысқа.
Ән: « Әліппе »
Әліппе:
Шәкірттерім, балғындар!
Не үйреніп, не білдік
Кәне ортаға салайық.
1-жүргізуші:
Алфавитті жаттадық,
Онда жүйе, қалып бар.
Біздің қазақ тілінде,
42 әріп бар.
2-жүргізуші:
Сан әріпті үйрендік,
Бүгін бізге сеніңдер.
Әріптер әлеміне,
Саяхаттап көрелік.
18- оқушы:
Алфавиттің А тұрады басында
Әрқашанда Ә тұрады қасында
Байқадың ба Б тұрады үшінші
Ал осының сыры неде түсінші?
19 оқушы:
А деген ол – аналар ғой ардақты,
Ә деген ол – әкелер ғой салмақты,
Б деген ол – балалар ғой әдемі
Біздің елде үшеуі де кәделі.
Алшақ кетпей сондықтан да расында
Тұрады олар Алфавиттің басында.
20-оқушы:
Н — әрпі:
Ас біткеннің анасыҚасиетті нан осы.Қайсы әріптен басталғанСоңғы әрпіне де қарашы.
21-оқушы:
Ғ – әрпі:Ұқсайды өзі шалғығаЕлестет көз алдыңа,Қане, ойланып табайықБолды екен бұл қай әріп?
22-оқушы:
Т – әрпі:
Бастайды ол «таңды» да,
Бастайды ол «талды» да.
Келіп тұрған қай дыбыс,
«Тау» мен «тастың» алдында?
23-оқушы:
С – әрпі:
Сауысқынды, сағызды,
Сарымсақты, сәбізді.
Бастап тұрған қай дыбыс?
24-оқушы:
Ы – әрпі:
Кесе, шыны, пиялаОларсыз шай құя ма?Қасықсыз тамақ жемеймізБәрінің атын не дейміз?
25-оқушы:
З – әрпі:
Қаздан көре аласыңҚағаздан да табасыңБайқамасаң анықтапҮш екен деп қаласың.
Мұғалім:
Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек?
Хормен:
Біздерге білім үйреткен,
Әліппе, саған рахмет.
1-жүргізуші:
Қош бол құтты әліппем,
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
2- жүргізуші:
Таныстырған 42 әріппен.
Қош бол менің қасиетті әліппем
Сенің арқаң оқып−жаза білгенім,
Сауатты адам санатына кіргенім
Әліппе:
42 әріпті бәрің игердіңдер,
Әріптен буындап сөз тердің.
Ризамын балалар сендерге,
Рахмет айтар кез келді.
Әліппе: «Қош, сау болыңдар! »
Хормен: « Қош бол әліппе! » 2 рет
Жүргізуші:
Енді біздің сүйіп оқитын оқулықтарымыз Ана тілі болмақ. ( Ана тілі бізде қонақта )
Ана тілі:
Ақыл ойы дананың
Ана тілі боламын
Ана тілі ардақты
Ақ сүтіндей ананың
Өсірген ой білімді
Мәнін терең білуде
Мейірімі мол дананың
Барлық, барлық балаға.
Әліппеден оқып білгендерді ары қарай жалғастырамын. Бәрің өнерлі, білімді шәкірт екенсіңдер. Мені де осылай оқыңдар! Менен оқып-үйренетіндерің өте көп. Солардың бірі «Алдар мен бай» аңыз әңгімесін тамашалайықшы.
«Алдар мен бай»
26- оқушы:
Ана тілін білмеген,
Ақылы жоқ желікбас,
Ана тілін сүймеген,
Халқын сүйіп жарытпас.
Мейірі мол балаға
Бар әлемде анаға
Басымызды иеміз,
Бабамыздың тілі деп,
Даламыздың үні деп
Ана тілін, Ана тілін, Ана тілін сүйеміз! (барлығы)
Мұғалім:
Біздің әріптерді танып, жаза білуімізге көмек көрсеткен аналар мен әкелеріміз, аталар мен әжелерімізге
Мың алғыс айтамыз! (барлығы)
Хор: «Ақ әжем» әні
1-жүргізуші:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз! (бірге)
Мұғалім:
Қымбатты оқушыларым, алғашқы жеткен жетістіктеріңмен құттықтаймын. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!
Би: «Мы маленькие звезды» қыздар тобы
Би: «Блюз» ұлдар тобы
Ән: «Дос болайық бәріміз» хор
Құттықтау сөздері