Шымкент ?аласы ?аза?станны? зияткерлік “Б?йтерек” мектебі Бастауыш сынып м??алімі: Ахметова А.Е. ?ош бол бастауыш


Шымкент қаласы
Қазақстанның зияткерлік “Бәйтерек” мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Ахметова А.Е.
1)Мұғалім сөзі:
Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда.
Мал озбас біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып Дулатов ақын айтқандай, тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Қош бол, бастауышым» мерекесіне қош келіпсіздер. Құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар бүгінгі күн осында отырған барлығымыз үшін ерекше күн. Осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып, бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.
Бесіктегі баланың
Күлгенін көрген – бір мұрат,
Алдына түсіп ананың,
Жүргенін көрген - бір мұрат- дегендей, бүгінгі балаларымыздың өнерлерін көріп тамашалаңыздар.
2) Оқушылардың сахнаға шығуы. (Музыка қойылып, оқушылардың аты аталады)
Ханымдар мен мырзалар қарсы алыңыздар:
Еркежан Бекжигитова, Айсулу Утемисова, Гүлназ Шатай, Ақбота Серікбай.
Гүлназ: «Армысыздар құрметті ата – аналар, ұстаздар!»
Айсулу: «Бүгінгі біздің бастауышпен қоштасу мерекесіне қош келіпсіздер!»
Еркежан: «Жаңа ғана біздің ұстазымыздың жүректен шыққан ақ тілегін тыңдадыңыздар»
Ақбота: «Еркежан, Еркежан сен асықпа, білесіңбе сахнаның сыртында өз кезегін күтіп тұрған біздің сыныптың «Сегіз қырлы , бір сырлы» жігіттерінсіз мерекеміз қалай өтпен?»
Айсулу: - Яғни, қазақ жігіттерін ортаға шақырамыз.
Нұрсәт Әуелхан
Мирас Тұрқара
Нұрбек Түзельбаев
Саят Алиев
Құдайберген Әбдімұса
Мирас Кеуилханов
Алихан Сейтқұлов
Нурдаулет Тогызбаев
Даниал Дүйсебек
Дінмухамед Кенжебаев
Рахман Досанбаев
3) «Бойс» - әні. Жаппай орындалады.
Нұрсәт: Сәлем бердік
Қалайсыздар?
Бұл өмірде талай сын бар,
Саят: Мен бір тема тастайын
Құдайберген: Мен досымды қоштайын
Нұрсәт: Ал мен онда бастайын.
Әлі есімде мектепке алғаш келгенім
Ер жетіп сенде сөзім
Баулыған 4 жыл бойы
Сен бұлақ, мен – қайың
Нәр алып көктедім.
Жайқалған жапырағың,
Әрқашан қасиетті «Бәйтерек» атың
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Овщем әдемі
(4 – қыз) Қ-сы 2 -рет
Айналдым мектебім
Анамдай сүйемін
Мектебім жаным
«Бәйтерегім»
Ұстазым ұлағатты
Шәкіртті өз балаңдай аяладың
Дінмухамед: Бәйтерекке келдік
Бар білімді алдық
Достар тауып, бауыр басып қалдық
Мектеп үйім, сенімен өстім
5 жыл болды
Құтты болсын туылған күнің
Білім алып, әріп танып
Бастауышпен қоштасып
Рахметімді жаудырамын
(4 – қыз) Қ-сы 2 -рет
Айналдым мектебім
Анамдай сүйемін
Мектебім жаным
Мың жаса «Бәйтерек»
Ұстазым ұлағатты
Шәкіртті өз балаңдай аяладың
Нурдаулет:Ана тілім қоштасам,
Әдебиетпен достасам
Мирас Тұрқара: Төрт амалды білдірген
Математика данасы.
Саят: Сөйлемді сөз таптарын,
Ерістіктің шақтарын,
Жалғаулар мен жұрнақтар
Ережесін жаттадым
5- шіге барған соң,
Айшат апай бағалар.
Мирас Кеуилханов:Өмір сырын үйретер
Жер байлығы көп екен.
Игеруді қалайды,
Осының бәрін білдірген,
Дүниетану сабағы,
Құдайберген: Әйгерім апай тәлімі,
Сәулесін шашқан жарықтай,
Алихан: Үйренеміз жалықпай,
Ағылшын тілін шарықтай,
Тіл сындырып ән айтып,
Шаттанамыз қалықтай.
(4 – қыз)Қ-сы 2 -рет
Айналдым мектебім
Анамдай сүйемін
Мектебім жаным
Мың жаса «Бәйтерек»
Ұстазым ұлағатты
Шәкіртті өз балаңдай аяладың
Нұбек, Даниал: Міне достар, тыңдаңыздар,
Ұстаздарыңызды сыйлаңыздар,
Білімсіз күнің жоқ,
Мектепсіз білім жоқ.
Еңбексіз тыным жоқ,
Ұстаздар овщем әдемі.
Қ-сы 2 -рет
Айналдым мектебім
Анамдай сүйемін
Мектебім жаным
Мың жаса «Бәйтерек»
Ұстазым ұлағатты
Шәкіртті өз балаңдай аяладың
4)Тақпақтар
1-оқушы Нұрдаулет
Ия, менің әлі есімде
Бірінші қыркүйек күнімен,
Аңқыған жұпар гүліммен келіп ем,
Сүйкімді қоңырау үнімен
2-оқушы Алихан
Әліппемен ашқан өмір есігін,
Тербетемін білім бөбек бесігін.
Өмір деген нәрлі өзенге шомылып,
Жаттап өстім ұстазымның есімін.
3-оқушы Саят Книга всё тебе расскажет,С ней беседа не наскучит.Край родной она покажет,И любить тебя научит.
Четыре года вы учили нас учиться,Как правильно сидеть и руку поднимать,Как в коллективе жить, Как с другом всем делиться. Учили нас читать, считать, писать.
4 –оқушы Нұрбек
Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз,
Әр бетін әліппенің күле ашқанбыз.
Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
Қайталап атымызды сұрасқанбыз.
5-оқушы Рахман
Бастауышым- бал бұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып,
Рахметімді жаудырамын.
6-оқушы Гүлназ
Увы, пришла пора прощаться
С начальной школой и для нас.
Хотя и трудно расставаться,
Передаём другим наш класс.
7 –оқушы Еркежен
Бірдей біздің ойымыз да, сырымыз,
Бір мектептің ұлыменен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да еңбекте,
Күліп – ойнап біріміз бен біріміз.
5-Хор ән «Ұстазым» Слайд ( оқушылар мұғалімдермен сабақта)
1.Тыңдағанған көңілдегі толғамымды
Шындаған тәрбием мен талғамымды
Өмірдің маған сыйы деп білемін
Өзіңдей жанға шәкірт болғанымды
Табылған балапан ем ұядағы
Қырандай жетілдірдің қиядағы
Ұстазға деген ыстық сағынышым
Бір әнге қалай ғана сия алады
Ұстазым менің
Қамқорым едің
Баулыған осы өнерге
Жүрегің дархан
Өзіңнің арқаң
Биікке шықсам егерде
2.Өнердің мен білмейтін қатпаларын
Жаныма сіңіргенше тоқталмадың
Алдымнан шықты бүгін қолын бұлғап
Қанша жыл қиялдаған тәтті арманым
Ұстазым менің
Қамқорым едің
Баулыған осы өнерге
Жүрегің дархан
Өзіңнің арқаң
Биікке шықсам егерде
Ұстаздарға гүл беретін оқушылар: 1.Әуелхан Нұрсәт
2.Дүйсебек Даниал
3.Тузельбаев Нұрбек
4.Алиев Саят
5.Кенжебаев Дінмухамед
6.Сейтқұлов Алихан
7.Әбдімұса Құдайберген
Жүргізушілер:
Нұсәт: «Құдайберген , сен ең алғаш хипхопқа қатысқаныңда қиналдыңба?»
Құдайберген : «Әрине, Нұрсәт. Хип хопты жетік билеу үшін аса шеберлік қажет»
Нұрсәт: «Көзіңнен көріп тұрмын, осы өнердің хас шеберлерін»
Құдайберген: Сен кімді айтып тұрсың
Нұрсәт: Әрине, біздің өнерлі жігіттерді. Жігіттердің орындауында «Толғау» әні
6) Ән «Толғау» Қатысушылар: Тұрқара Мирас, Кеуилханов Мирас,
С. Алихан, Т. Нурдаулет, К.Дінмухамед
7)Би «Катюша» Орындаушылар: Саят, Құдайберген, Рахман,Нұрбек,Нұрсәт,
Даниал, Айсулу,Ақбота,Гүлназ,Еркежан
8) СЦЕНКА «Урок русского языка»
Действующие лица: учитель и ученики класса
Улитеь: Послушаем, как вы выучили домашнее задание. Кто пойдет отвечать первым, тот получит на балл выше.
Ученик: Дінмухамед Оксана Александровна я буду первым, ставьте мне сразу три!
Учитель: У тебя, Даниал, замечательное сочинение, но почему оно не закончено?
Ученик: Даниал А потому что папу срочно вызвали на работу!
Учитель: Саят, признайся, кто тебе написал сочинение?
Саят: Не знаю. Я рано лег спать.
Учитель: А что касается тебя, Құдайберген то пусть завтра ко мне зайдет твой дедушка!
Құдайберген: Дедушка? Может быть папа?
Учитель: Нет, дедушка. Я хочу показать ему, какие грубые ошибки дпускает его сын, когда пишет за тебя сочинение.
Учитель: Нұрбек, запиши и разбери предложение.
Учитель диктует, а ученик записывает: Папа ушел в гараж.
Учитель: Готов? Слушаем тебя.
Нурбек: Папа – подлежащее, ушел - сказуемое, в гараж - ... предлог.
Учитель: Кто, ребята, может придумать предложение с однородными членами?
Мирас тянет руку.
Учитеь: Пожалуйста, Мирас Т
Мирас: В лесу не было ни деревьев, ни кустов, ни травы.
Учитеь: Т.Мирас, почему ты ешь яблоки на уроке?
Мирас: Жаль терять время на переменке!
Учитель: Прекрати сейчас же! Кстати, почему тебя вчера не было в школе?
Мирас: мой старший брат заболел.
Учитель: А ты – то при чем?
Мирас: А я катался на его велике!
Учитель: Мое терпение лопнуло! Завтра без отца в школу не приходи!
Мирас: А послезавтра? Қоңырау соғылады
9) Ән. «Ұстаз бен шәкірт» Орындаушылар: Ахметова А.Е, Утемисова А.Б
Жүргізушілер:
Мирас Кеуилханов: «Саят сен білесіңбе? Мына менің қолымдағы ақпараттарға қарасам біздің мектеп ағылшын тілі бойынша қаншама жетістіктерге жеткен »
Саят: «Ия, Мирас, дұрыс айтасың. Біздің сынып оқушыларыда құр алақан емес»
Мирас: «Соның дәлелі ретінде біздің сынып оқушыларының дайындаған көрінісін көріп, қол соғып тамашалаңыздар»
10)Диолог. Ертегі «Қызыл телпек» Қатысушылар: Барлығы
Ведущий АлиханНурдаулетМирасВедущий АлиханНурсатБ. Еркежан рассказывает стихотворение "This is the house that Jack built"
Шатай Гульназ рассказывает стихотворение "Hat"
К. Димаш рассказывает стихотворение "Sports"
Ведущий Алихан: сказка " Красная Шапочка"
Роли:
Красная Шапочка- Б. ЕркежанМама- Шатай ГульназВолк- К. Димаш
Птицы- Д. Даниял, А. Кудайберген, Д. Рахман
Бабушка- А. Саят
Охотник- Т. Мирас
Ведущий Алихан
Диалог
Короткие поучительные рассказы
Все участники выходят на сцену и поют песню. "Never give up"
Жүргізушілер:
Алихан: «Дінмухамед, білесің бе, соңғы кезде мен қатты билегім келіп жүр»
Дінмухамед: «Жақсы ғой, нағыз джентльмен биді де меңгеру керек. Мен сені кәсіби бишілермен таныстырамын. Арғы жағын өзің келісе жатарсың»
Алихан: «Жақсы, онда уақытын өзіміз келісе жатармыз. Қарсы алңыздар, алдарыңызда қыздардың орындауында «Қара жорға» биі»
11) «Қара жорға» биі. Қатысушылар: Айсулу, Ақбота, Еркежан, Гүлназ.
11)Слайд (балардың 1 сыныптан – 4 сынып болған кездеріне дейін)
12) Би «Африканский » Орындайтын: Жалпы сынып
8-оқушы Тұрқара Мирас
Вы, послушайте, друзья,Учился в школе я не зря.Умею я читать, писать.И слово умное сказать.9-оқушы ДаниалУ доски я больше не дрожу,С четвёрками, пятёрками дружу.На карте я странуЛюбую – покажу.10-оқушы НұрбекНаш учитель первый самый
К нам на выручку спешит.
Он бывает самый разный:
Пожалеет, рассмешит,
И за дело поругает,
И похвалит за ответ.
С одного он строго спросит,
А другому даст совет.
11-оқушы Огромный памятник вам нужно возвести,За то, что не устали руки ваши, нас к знаниям вести.За ваши добрые глаза, усталую улыбку,За то, что с вашей помощью могли исправить мы ошибку.12-оқушыВот закончили мы Школу начальную.Остались от неё Приятные воспоминания.13-оқушы Друзьям в глаза глядим,Слезинки в них застыли.Ещё мы помним дни,Как малышами были.14-оқушы Нас мамы привели,Мы шли сюда с цветами.Настал прощанья день,Грустим мы вместе с вами.15-оқушы Промчались годы,Курс начальной школы позади.Ещё семь лет пути,К вершинам знаний нам идти.16-оқушы Мы обещаем вас не подвести,Полученные знанья не растерять в пути.Как ни хотелось бы остаться с вами,Но дальше нам пора идти.
17-оқушы Құдайберген
Мектебім- білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Әрқашан қасиетті атын маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл
Өзіңе борыштармын өмір бойы
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.
18-оқушыАқбота
Мектебім алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңыруың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып,
Мектеп – үйім, ұстазым менің -ата-анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек.
Тамырланып сан тарапқа тараған.
19-оқушы Саят
Мектебім-сүйкімді мектебім,
Бауырыңда түлеймін, көктеймін.
Сен - бұлақ, мен – қайың бүр ашқан.
Өзіңнен нәр алып, бүр ашқан.
20-оқушы Даниал
Есімде ерен ұстазым
Шашымнан сипап өткенің,
Аянбай бізге қысы – жазы,
Молынан мейір төккенің.
21-оқушы Кеуилханов Мирас
Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны
Айқара есік ашып тастағаны.
Бір мереке, думан болып осы маңда,
Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны,
Енді міне, сағымдай өте шықты,
4 жыл уақыт аз ба екен кім біліпті.
Ұстаз ана жасады мына бізден,
Ел танитын азамат, бір – бір мықты.
22-оқушы Гүлназ
Ұстаз ана – болашақтың анасы,
Ұстаз ана- ақыл – білім анасы.
Жүзіндегі пәк мейірімін көргенде,
Әр шәкірттің оянады санасы,
Беруші ең бізге айтып өлең – тақпақ,
Таласып алушы едік біздер жаттап.
Өзіңіз баға қойған күнделікті
Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.
ХІІ. Мектеп вальсі
ХІІІ. Мектеп директоры сөз алады. Марапаттау
ХҮІ. Хор «Қазақстаным»