?аза? тілі саба?ынан ашы? саба? : Омонимдер 5 — сынып
Тақырыбы: Омонимдер
Мақсаты: Омоним сөздерді бір- бірімен салыстыра отырып, анықтамасын оқушылардың өздері ойланып шығаруға бағыт беру.
Міндеттері. Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің айырмашылығы, ұқсастығын анықтау.
Күтілетін нәтиже: Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің айырмашылығы ажырата алады, анықтамасын өздері шығара алады.
Әдіс тәсілдер: Сұрақ жауап, әңгімелесу, баяндау.
Кезең Уақыты Мұғалімнің іс -әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Ресурстар, құралдар, көрнекіліктер
Кіріспе 5мин
Оқушыларды арқылы үш топқа бөлу.
Көз жаттығуын өткізу.
Оқушыларды үш топқа бөліп, орналастыру. Әр берілген тапсырманы мұғалім мен оқушы бағалап отыру (формативті бағалау) 5 мин Үй тапсырмасын сұрау
61- жаттығу
Топ мүшелері үй тапсырмасын талдау жасайды. марапаттау Таныстырылым 15 мин
Жаңа сабақты мына екі сөйлемді талдай отырып мағынасын ашу.
Марат, атты суар.
Ол нысананы көздеп атты.
Осыдан қандай ой түйдіңдер?
Көп мағыналы сөздер мен омонимдерді салыстыру.
Жаттығумен жұмыс жүргізу
62-63 жаттығуларды орындату.(жазбаша)
Топ мүшелері өз ойларын айтады.
Көп мағыналы сөздер
Мағыналары ұқсас
Көп мағыналы сөздер бір сұраққа жауап береді.
М:Әсеттің беті әдемі.
Дәптердің беті таза
Омонимдер
Мағыналары әр басқа
Омонимдер әр сұраққа жауап береді.
М: Біз көрмеге бардық.
Теледидарды орынсыз көрме. Формативті бағалау Оқулық
Дәптер, қаламсап
Негізгі бөлім
15 мин Сергіту сәті
Деңгейлік тапсырмамен жұмыс
Топ мүшелерін билету
1 деңгейлік тапсырма- берілген мәтіннен омонимді табу.Жаз өтіп, күз келді. Аманжол үй жұмысын жазды. Ол ауруханадан жазылып шықты.
2 денгейлік тапсырма- қол, қыс, сіңір сөздерінің омонимдік мағынасын көрсететіндей сөз тіркестерін құрау.
3 денгейлік тапсырма- сурет бойынша әңгіме құрау.(ішінде омоним болуы шарт) марапаттау
Маркер, қаламсап, түрлі түсті қаламдар
Қорытынды 3 мин
Үйге тапсырма беру.
67-жаттығу (жазбаша)
Қорытынды бағаны
баяндау
Үй тапсырмасын белгілеп алу.
.
.Жетістіктері мен кемшіліктері туралы бір -біріне ойларын айтады.
Күнделік, т.б
2мин
Кері байланыс орнату.
Бүгінгі сабақ қызық болды ма?
Мен.......түсіндім.
Мен......түсінбедім.
Сіз бүгін өзіңізге қандай баға бересіз? Стикерге өз әсерлерін, ойларын жазып жапсыру. Барлық тапсырмаларды қорытындылап, бағалау(сумативті) Стикер,