?аза? тілінен саба? жоспары. Та?ырыбы: Омонимдер
Тақырыбы: ОмонимдерСабақтың мақсаты:- білімділік: Мысалдар беріп талдату арқылы белгілеріне қарай топтастырып, омонимдердің анықтамасын оқушылардың өздеріне қорытып шығарту;- тәрбиелік: Оқушыларды қазақтың сөз өнерін меңгертуге, сауатты сөйлеуге, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу;- дамытушылық: Бірлесіп жұмыс істеу дағдысын дамыту, өз пікірін еркін жеткізе білуге төселдіру, шығармашылыққа баулу, логикалық ойлауын дамыту.Түрі: Дәстүрден тысӘдісі: сайыс, сұрақ - жауап, интерактивті.Сабақтың типі: Аралас сабақПәнаралық байланыс: ӘдебиетКөрнекілігі: слайдтар, үлестірмелі қима қағаздар, оқулық, тақта, борСабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңіа) сәлемдесу, түгелдеу.ә) сабаққа назар аударту.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:І қатарға – 57 - жаттығу;ІІ қатарға – 60 - жаттығу;ІІІ қатарға – 61 - жаттығу.57 - жаттығуКең – кең бөлме, кең көңіл, кең көйлекКөз – иненің көзі, адамның көзі, білімнің көзіБас – басына тиді, таудың басы, әңгіменің басыТас – тас бауыр, тас жүрек, тас шөгіндіЖас – жас бала, жас жүрек, жас шыбық60 - жаттығуСалмақты, әрекет, қарулы сөздерінің біреуін таңдап, сол бойынша шағын мәтін құрау. Мәтінде көп мағыналы сөздер болуын ескеру.Салмақты мінезМенің атам - өте салмақты адам. Жер қозғалса да қозғалмайтын мінезі ауылдастары арасында аңызға айналған. Көл бетінде жүзген аққуларды көргенде ғана бірде бетінен (жүзінен) ерекше бір тебіреніс көргендей болдым. Атам қатты қуанғандай болды.61 - жаттығуТөмендегі сөздерді пайдаланып, тура мағына мен ауыспалы мағынада қолданылатын бірнеше сөйлем құрап жазыңдар.Жел, суық, жылы, өткір, кілт.1. Суық күндер алыс емес. (тура)Суық сөз бойыңды жазғызбайды. (ауыспалы)2. Қолындағы өткір пышақпен алманың қабығын тез - тез аршыды. (тура)Өткір жігіт ешкімнен қаймықпайды. (ауыспалы)3. Жылы жел соғып тұр. (тура)Жолдасы оған жылы сөздер айтты. (ауыспалы)4. Кілтсіз құлыпты ашуға болмас. (тура)Білімнің кілті – кітапта. (ауыспалы)ІІІ. Бекіту сұрақтары:1. Лексика дегеніміз не? (белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы)2. Сөз мағынасы деген не? (белгілі бір ұғымға берілген атау)3. Мағынасы толық емес сөздер деген не? (жеке тұрғанда мағынаға ие болмайтын, тек бір сөзге тіркесу арқылы ғана толық мағынаға ие болатын сөздер)4. Сөздердің тура мағынасы дегеніміз не? (сөздің негізгі, бастапқы мағынасы)5. Сөздердің ауыспалы мағынасы дегеніміз не? (сөздің келтірінді мағынасы, балама мағына)6. Көп мағыналы сөздердің анықтамасын айт. (сөздердің бірнеше мағынаға ие болуы)ІҮ. Жаңа сабақБерілетін сөздер: ҚАРА, БАС, ШАШ, ЖҮЗ, ЖАССөз тіркестерін жасау арқылы сөздерге түрлі мағына беруМысалы:ҚАРА – маған қара (етістік), қара қалам (зат есім)БАС – аяғыңды бас (етістік), адамның басы (зас есім)ШАШ – ағарған шаш (зат есім), су шашу (етістік)ЖҮЗ – суда жүз (етістік), сұлу жүз (зат есім), жүз ән (сан есім)ЖАС – көзден аққан жас (зат есім), Даниярдан гөрі жас (зат есім)Туындайтын анықтама:Біркелкі дыбысталып айтылатын (жазылуы бірдей), бірақ мағыналары басқа - басқа болып келетін сөздердің тобын омонимдер деп атаймыз.Омонимдердің көбісі сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған. Осыған байланысты омонимдер туынды омонимдер және түбір омонимдер болып бөлінеді.Мысалы: АЙТЫС (сөзбен талас, пікірталас түрі), АРЫҚ (су жүретін, жүдеу), АТЫС (соғыс, қырқысу, соғысу)