?аза? тілі.Саба?ты? та?ырыбы Омонимдер (5 сынып) 
Сабақтың тақырыбы:  Омонимдер
 Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың омонимдер туралы лингвистикалық білімдерін кеңейтеді,қосымша тапсырмалар мен жаттығу жұмыстары арқылы бекітеді.
2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгіліккеүйренеді, ана тілді сүюге қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылар лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейтеді,көркем әрі сауатты жазуға дағдыланады.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ  
Сабақтың түрі: СТО
Стратегиялар: ББҮ,
Сабақтың көрнекілігі: кесте, сызба, карточкалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
Қызығушылығын ояту
Білемін Білгім келеді Үйрендім
Мағынаны ажырату:
Омонимдер  біркелкі  дыбысталып  айтылатын,  бірақ  мағынасы  басқа – басқа  сөздердің  тобын  білдіреді.
        2. Үлестірме қағаздармен жұмыс.
  №1
1.сөйлемдегі  омоним  сөздерді  тап.
    Күймеге  Құнанбай  қасына  , Ызғұттыдан  басқа, Ұлжан  келіп  отырды. Қасым  айтпайтын  сөзді  қайным  айтты.
                               
                                 №2
1.Омоним  болатындай  тіркестер  құрап  жаз.
     Жау, ер, ат, ой, арық, түй, ақ.
2.Омоним болатын  мақал – мәтелдерден  мысалдар келтір.
1.Төмендегі  сөздерден  омоним  болатын   сөздерді  тап  және  сол  сөздерге мәтін  құра.
  Кілем,  газет,  жылқы,  шұбар, айт.
  62 -жаттығу.
1.Тыйым  сөздерді  түсініп  оқыңдар
2.Тыйым  сөздердің  құрамында  омонимдік  мағына  беретін  сөздерді  табыңдар.
          Ой толғаныс:1.Мәтінде  омоним  болатын  сөздерді  теріп  жазып,  сөйлем  құраңдар.
Сабақты  қорыту:  Не үйрендім бағанын толтырады. 
Бағалау
Үйге  тапсырма:1.Омонимдер  туралы  түсінік.    2.66,67 -жаттығу