?ыс?ы мерзімді жоспар Н.?азыбеков. Наурыз к?же (2 класс)


Күні: 04.03.2015 жыл Пәні: әдебиеттік оқу Пән Мұғалімі:Өтеуова Гүлсана Бейбітқызы Класс:2"Г"
Тақырыбы: Н.Қазыбеков . Наурыз көже
Жалпы мақсат: Н.Қазыбековтің "Наурыз көже" шығармасымен таныстыру, түсініп оқи білуге жаттықтыру, көркем тілде мазмұндай білуге үйрету. Әдеби көркем шығарманы сүйіп оқуға, өз бетімен іздену қабілеттілігін арттыру. Ұлттық салт - дәстүрлерді бойларына сіндіре отырып, ой - өрістерін кеңейту, тіл байлықтарын дамыту.Шапшаңдыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.Өзін, бірін-бірі әділ бағалауға баулу.
 Оқу нәтижесі Сабақ барысында оқушының ептілікке,төзімділікке тәрбиеленеді.Қиялдау, елестету қабілетін,сөздік қорын, тілін дамытады.
Сабақта қолданылатын материалдар: Тақырыптық суреттер.
А- 4 парақтары, стикер, интерактивті тақта,дискуссиялық карта.
Оқыту әдістері: АКТ
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету 1. Диалог
2. Жеке жұмыс
4. Топтық жұмыс
ТапсырмаларМұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Психологиялық ахуал туғызу
(3 минут)
  Амандасу.Оқу құралдарын түгендеу. Оқу құралдарын шығарып, дайын отыруға ұмтылады.
Топқа бөліну
(1 минут)  Стикер түстері арқылы топқа бөлу. Топ басшысын анықтау. Стикер түстерімен төрт топқа бөлінеді . Стикердегі белгі бойынша топ басшысын анықтайды.
 Қызығушылықты  ояту
(2 минут) -Бастапқы кері байланыс. Көңіл - күй мен эмоциялық жағдайға кері байланыс. Оқушылардың сабаққа эмоциялық тұрғыдан дайындығын байқау. 
Балалар, бүгін аптаның қай күні?
Бүгін – сәрсенбі.
Сәрсенбі қазақ халқы үшін қандай күн?
Сәрсенбі қазақ халқы үшін сәтті күн деп есептеледі.
Ендеше, мен сендерге жалпы бүгінгі күндерің сәттілікпен өтсін, сабағымыз да сәттілікпен басталып , тек қана сәттілікпен аяқталсын демекпін.
-Топ ережесін еске түсіру.-Бағалау парағын түсіндіру. Оқушылар сабақ басында және аяғында қалаған бармағын көрсетеді.  
Сұрақтарға жауап береді.
Топтың ережесін қайталайды
Бағалау парағына аты-жөнін жазады.
«Миға шабуыл» 
(15 минут)
(жеке, жұптық, топтық жұмыс)  -Үй тапсырмасын тексеру.
-Оқушыларға сұрақ қойғызу, сұраққа жауап алу.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қандай ұлттық мереке келе жатыр?
-Слайд көрсету.
Білемін Білгім келеді Жаңа білімді толықтыру
-Наурыз мейрамы- өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке.Ол парсымыз «Нау-рыз» жаңа күн деген сөзнен шыққан.Бұл жөнінде халқымыздың кемеңгер ұлдары Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов, Ахмет Байтұрсынов біршама деректер жинаған.Күн мен түн теңелген, мал төлдеп, адамның аузы аққа тиген, жер бусанып, малдың аузы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі – «Ұлыстың ұлы күні»- деп атайды
1. Наурыз- күні жаңарудың, өсудің, түлеудің басы.2. Наурыз күні имандылық мереке.Алдына келген атанның құны болса да кеш.3. Наурыз көктем мерекесі, еңбек тойы, ырыс мошылық бастауы.4. Наурыз мерекесі мейірімділік, қайырымдылық мейрамы.-Мәтінмен жұмыс.Авторы туралы мағлұмат.
Өзім оқып беремін.
-Мәтіннен не түсіндіңдер? Жұппен талдаңдар.
Осы мәтінді оқып отырып қандай түсінбейтін сөз кездестірдің?
Сөздік жұмысын жүргізу.
Оқулықпен жұмыс:
іштей оқыту,тізбектей оқыту, жеке-жеке оқу -Оқушылар өз білетіндерін ауызша айтады.
Наурыз мерекесі туралы слайд көрсету.
ББҮ толтыру
4 топ өзіне берілген қанатты сөзді түсіндіруге тырысады.
Мәтіннен не түсінгендерін бір-біріне айтады.
Жұптық жұмыс
 (2 минут)
  Кім ақын болғысы келеді?
Таң шуағы арайлап,
Дала нұрға ...
Балалардың барлығы
Ұйқысынан ... Жұппен өлең құрастыруға ұмтылады.
Сергіту сәті
(2 минут)
  Әуенге билеу ұсынылады. Тақтадан көрсетілген сергіту сәтіне билейді.
Топтық жұмыс  
(13минут) Жұмбақ.
Қос қанатын иіп ап,
Жарға келіп қонады
Қара киім киіп ап,
Балшықтан үй соғады. (Қарлығаш.)
Қарлығаш кеш келіп, ерте қайтады. Жемтігін ұшып келе жатып жейді, суды солай ішеді. Адамға үйірсек, сүйкімді. Қарлығаш бір жазда 1 млн құрт жейді екен. Адамдар үй салуды қарлығаштан үйренген .
Қарлығаш ұшып келеді, аузына тістеп, хат әкеледі. Хатта жазылған тапсырмалар бар.
1-топ. Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
2-топ. Наурыз мейрамын қалай қарсы алады?
3-топ. Көктемгі дала кейпін суретте.
4-топ. Наурыз көже қалай жасалады?
Жұмбақты шешеді.
Оқушылар ақылдасып , А4 параққа жазады, топ алдында қорғайды. 
Қорытынды кезең 
(3 минут) Дискуссиялық карта ( 10 минут)
Иә Жоқ
Ұлыстың ұлы күні- Наурыз.  Наурыз көже 7 дәмнен құралады. Мәтіннің авторы- Нұрқасым Қазыбеков. Ұлыс күні жасалатын тағам-наурыз көже Түйенің сүті- шұбат Биыл -Қой жылы. Қазақ қыздарының бас киімі -сәукеле Ең құрметті, қасиетті адам -анаҮш би: Әйтеке би, Төле би,Қазыбек биДискуссиялық картаға өз бетімен жауап береді. 
Рефлексия
(3 минут)  Сабақ соңындағы кері - байланыс.
Стикерге жазады, "Үйрендім" парағына жабыстырады.
Үйге
Күнделікті енді ашайықҮй тапсырмасын жазайық.Бүгінгі алған білімді,Ұмытпай есте сақтайық .
-Үйге мәтінді түсініп оқып, Наурыз көжені аналарыңның, әжелеріңнің қалай жасайтынын туралы дәптерлеріңе жазып келіңдер. Оқушылар сабақтан не білім алғандарын көрсетеді.
Үй тапсырмасын белгілейді.
Бағалау   (1 минут)  Өзін- өзі бағалау парағы
Мұғалімнің бағалауы Әр оқушы өзін-өзі бағалайды.