Наурыз к?же. Н.?азыбеков 2-сынып


Наурыз көже
Барысы:І Ұйымдастыру бөліміПсихологиялық дайындықМақсатымыз – білім алуМіндетіміз – еңбектену5-ке қолды жеткізуІІ. Үй жұмысын тексеруОқушылардан сабақ сұрауҚорытындылау.- Ұзынсары деген не екен?- Мәтінде қандай тағам түрлері айтылған?- Оны қалай жасалатынын білесің бе?- Қазақтың басқа қандай ұлттық тағамдары бар?ІІІ. Сөзжұмбақ шешуШешуіндегі бастапқы әріптерін тақтаға жазып отырамын.1. Мұсылман халықтарында жаңа жыл тойланатын ай? (Наурыз)2. Ат байлау үшін орнатылған түбірік (Атағаш)3. Жаңа туған малдың сүтінен жасалатын тағам (Уыз)4. Қасиетті ай (Рамазан)5. Ас үйде қолданылатын жиһаз (Ыдыс)6. Наурыз көжені қандай ыдысқа құяды? (Зерен)7. Ұлттық сусын (Көже)8. Қазақстанның қаласы (Өскемен)9. Қасиетті сан (Жеті)10.Мал өнімінің негізгі түрі (Ет)Балалар, қараңдаршы қандай сөз шықты? - Наурыз көжеОлай болса, балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Наурыз көже деп аталады.ІV. Жаңа сабақАвтор туралы түсінік беріледі. Авторы: Нұрқасым Қазыбеков.Балалар қазір жылдың қай мезгілі?- Қазір көктем мезгілі- Көктем айларын атаңдаршы?- Көктемде қандай өзгерістер болады?- Қазір көктемнің қай айы?- Көктем мезгілінде қандай мерекелер аталып өтіледі?V. Суретпен жұмысКөктемнің алғашқы айы мен бірге келетін ұлттық мейрам – Наурыз мерекесі 22- наурызда күн мен түн теңеледі. Күн жылына бастайды, жан –жануарлар ұйқысынан оянады. Наурыз күні адамдар татуласып, достасады. Бұл күні әрбір үйде қазан асылып, наурыз көже пісіріледі. Бір-біріне жақсы тілектер айтылады. Наурыз көженің құрамына жеті түрлі дәм қосылады: айран, ет, сүт, құрт, тұз, май, тары.VІ. Сергіту сәтіҚырдан бүгін бу ақты,Қуды жерден суықтыҚұтты болсын мерекеңНаурыз айы туыптыҚұлпырады жер енді.VІІ. Оқулықпен жұмысОқушылар мәтінді тізбектей оқып талдайды.Көрініс көрсету1) Ақ тілектер2) Көрісу3)Наурыз көжеден дәм татуVІІІ. Тігілген киіз үйлерге кіріп, тілек айту, дәм татуСүрақ-жауапІХ. ТоптастыруХІ. Шығармашылық тапсырма эссе жазуХІІ. Өз бетімен жұмысТақырыптық сурет салып, қорғау.ХІІІ. 5жол өлең1. Кім? Не? Наурыз2. Қандай? жылы, әдемі3. Не істеді? жылынды, еріді,өсті4. Сөйлем Наурыз қазақтың мейрамы5. Мағыналы сөз Жаңа жылХІV. БағалауХV. Үйге тапсырма Мазмұндау.
Наурыз көже

Наурыз көже
Наурыз мерекесі жақындаған сайын әрбір отбасы Наурыз көже жасауды міндетім деп санайды. Тіпті білмейтін жас жеңгелеріміз үлкен адамдардан ақыл-кеңес сұрап, Наурыз көжеге не қосу керектігін саралап жатады.
Мазмұны
  
1 Қазақ дәстүрі2 Наурыз көже жасау3 Сілтемелер4 ДереккөздерҚазақ дәстүрі
Наурыз көже– ұлттық тағам. Келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген. Халықтық дәстүр бойынша оған бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі азықтық заттар міндетті түрде қосылуы тиіс. Тақ санын сақтап, мұндай заттар көбейтіле беріледі. Соғымнан арнайы сақталған мүшелер (қазы, қарта, шұжық, т.б.) де қосылады. Ол негізінен бидай көже, тары көже секілді әзірленген (қысқаша Көже). Наурыз көжені халық арасында “тілеу көже”, “көп көже” деп те атай береді. Наурыз көжеге, наурызға арналып сойылған малдың кәделі асына Наурыз бата берілген соң, жиналған халық: “ақ мол болсын” деген тілек айтып тарқасады.
Наурыз көже жасау

Наурыз көже инфографигі
Ол үшін ең алдымен қазан толы сүтіңізді қайнатып, сүт піскеннен кейін оның бетіндегі қаймағын қалқып алып тастайсыз. Сүт әбден пісуге тақаған кезде, қыс бойы сақтаған сүріңізді салып жіберіп, 15 минуттай бетін жауып қоясыз. Аталған уақыт өткеннен кейін жеке ыдысқа пісіріп алған бидай, жүгері, тары, асбұршақ, күріш тәрізді қоректік заттардың жеті түрін сүт пен етке араластырып тағы бір қайнатып аласыз.Асыңыз дәмді болсын!
Н. Қозыбаев «Наурыз көже»
Тақырыбы: Н. Қозыбаев «Наурыз көже».Мақсаты: 1) Оқушыларға наурыз мейрамының ерекшелігі туралы мағлұмат бере отырып, наурыз көженің маңызын түсіндіру. Наурыз көженің жасалу жолын үйрету.2) Оқушылардың ой - өрісін, қиялын дамыту. Сөздік қорын молайту. Дүниетанымдарын кеңейту.3) Оқушыларды еңбексүйгіштікке, Отансүйгіштікке тәрбие беру.Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, көрнекілік, түсіндіру, әңгімелеу әдістері.Көрнекілігі: наурыз мерекесі туралы видео, сюжетті суреттер, нақыл сөздер.Сабақ түрі: Аралас сабақ.Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушыларды ана тілі сабағына даярлау.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.«Ұзынсары» мәтінін мазмұндау.(2 оқушыдан сұрау)ІІІ. Өткен сабақты пысықтау кезеңі.- Сонымен ұзынсары деген не екен?- Балалардың ұзынсары деп күтіп жүргені қонақ па екен?- Мәтінде қандай тағам түрі айтылған?- Оның қалай жасалатынын білесің бе?- Қазақтың қандай ұлттық тағамдарын білесіңдер?(ұлттық тағам суреттерін интерактивті тақтадан көрсету)ІҮ. Жаңа сабаққа даярлық кезеңі.- Балалар қазір қай мезгіл? (көктем)- Көктемнің қай айы? (наурыз)- Осы наурыз айында қандай мерекелер бар?- Ендеше тақтаға қараңдар. (наурыз туралы видео көрсету)- Тақтадан не көріп тұрсыңдар?22 - наурыз қандай мереке?- Адамдардың бәрі қалай киінген?- Балалар 22 - наурыз жалпы мұсылман халқының оның ішінде қазақ халқының жаңа жылы. Наурыз күн жылынып, табиғаттың бәрі оянып, жаңарады екен. 22 - наурызды «Ұлыстың ұлы күні» деп те атайды. Бұл күні үлкен мереке. Ата – әжелеріміз. Қыз - жігіттеріміз бәрі ұлттық киім киіп, әр түрлі әндер айтылып билер биленеді.- Өздерінің наурыз тойын тамашалап көрдіңдер ме?- Ұлттық ойындар ойналады, жарыстар өткізіледі.- Бұл күні балалар күн мен түн теңеледі.- Қыдыр ата ел - жерді аралайды. Бұл күні ренжісіп жүрген кісілер бір - бірімен татуласады. Наурыз – қазақтың ұлттық мейрамы екен.- Ал, осы мерекеде қандай тағам дайындалады?- Наурыз көже- Ендеше балалар, біз бүгін осы Наурыз көже деген мәтінмен танысамыз.- Барлығын дәптерді ашып, бүгінгі күнді, тақырыпты жазып қойыңдар.Ү. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.А) Бұл әңгімені атақты жазушы Нұрқасым Қозыбеков жазған екен.Нұрқасым Қозыбек (таныстыру)Ә) Оқушымен жұмыс.1) Мұғалімнің мәтінді оқуы.2) Мәтінің мазмұнын ашып, түсіндіру.3) Сөздік жұмысы (тақтадан көрсету)Уыз - жаңа бұзаулаған сиырдың алғашқы сүті.4. Мәтінді оқушыларға оқыту.Сергіту сәті.ҮІ. Жаңа сабақты бекіту кезеңі.- Наурыз көжеге қандай тағамдар қосылатынын білесіңдер ғой. Ендеше, соны жазып жібітейік.Наурыз көже↓Етқұрт, құрт, қамыр, бидай, сүт, тұз, бұршақҮІІ. Қорытынды.А) Сонымен, балалар, 22 - наурыз қандай күн? Оны кімдер тойлайды?- Табиғат қандай күйге түседі? Наурызда дайындалатын үлкен асты қалай атайды? Оны пісірудің мақсаты не?- балалар, қазақ халқының әр түрлі ұлттық салт - дәстүрлері де бар. (тақтадан көрсету) Ұлттық ойындар да бар. Біз осы дәстүрімізді әрқашан да құрметтеп сақтауыңыз керек.Ә) «Орамал тастамақ» ойынын ойнап жіберейік. Осы ойын арқылы бір - бірімізге наурызда айтылатын жақсы тілек айтайық.Б) «Бата беру». Мейірхан сен осы наурызда айтылатын жақсы тілектің бірі бата беріп жіберші.ҮІІІ. Үйге тапсырма беру.«Наурыз көже» мәтінін мазмұндап келу.ІХ. Бағалау