Саба? жоспары Та?ырыбы: А? с?лама-жалпа? ??рттар ?кілі,сырт?ы ??рлысы,тіршілігі Биология 7 сынып


Қыска мерзімді сабақ жоспары : Ақ сұлама-жалпақ құрттар өкілі,сыртқы құрлысы,тіршілігі
Фазылова Жібек Үбенқызы
Биология пәні 7 сынып
Пән мұғалімі Пәні Сабақтың тақырыбы Сыныбы Күні
Фазылова Ж Биология Ақ сұлама-жалпақ құрттар өкілі,сыртқы құрлысы,тіршілігі. 7 12.10.2015ж
Қажетті құралдар әдіс-тәсілдер Электронды оқулық,жоспар, интерактивті тақта,слайдтар,т.б.оқыту мен
оқудағы жаңа тәсілдер,СТО,АКТ,формативті және сумативті бағалау.
Жалпы мақсаттары Оқушыларға жалпақ құрттар жөнінде түсінік беру.Құрттардың кірпікшелі құрт - ақ планария түрлерімен таныстып,олардың ішекқуыстыларға ұқсастығын, айырмашылығын дене мүшелерінің күрделене дамуын көрсету. Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту. Жалпақ құрттардың табиғаттағы рөліне тоқтала отырып,білімді дамыту,тәрбие қалыптастыру, адамгершілікке,ұжымшылдыққа тәрбиелеу
Оқыту нәтижесі Оқушыларға жалпақ құрттар жөнінде түсінік алады, кірпікшелі ақ планария түрлерімен танысып,олардың айырмашылығын дене мүшелерінің күрделене дамуын зерделейді. Оқушылардың логикалық ойлауы дамиды ,тақырып бойынша толық түсінік алады. Алынған теориялық мағлұматтарды сыни тұрғыда талдайды
Негізгі идеялар Оқушыларға жалпақ құрттар жөнінде түсініп,кірпікшелі ақ планария түрлерімен танысып,олардың ішекқуыстыларға ұқсастығын, айырмашылығын дене мүшелерінің күрделене дамуын еске сақтап,ой тұжырымын жасайды,шығармашылық әрекет етуіне ықпал ете отырып пәнге қызығушылығын арттыру,білік-білім дағдыларының жетілуіне жағдай жасау
Оқыту әдістері
Сұрақ-жауап ,диалог,АКТ
Флипчарт,стикер,таратпа матреиал,интерактивті тақта,жеке жұмыс ,жұптық жұмыс,топтық жұмыс
Оқытудың 7 модулін ықпалдастыру
Дерек көздер
Биология оқулығы:7 сынып Қ.Қайым,Р.Сәттімбеков,Ә.ӘметовЖ.Қожантаева
Жұмыс дәптері №1 тақырып мазмұнына құрылған презентация слайд
Оқушы анықтамалығы
Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс- әрекеті
1.Психологиялық дайындық. 2 мин
«Күн шуағы» тренинг.Оқушыларға өз тілектерін көтеріңкі көңілмен,ізгі ниетпен жеткізулері сұралады
2.түсті геометриялық фигураларды таңдап алуларын сұраймын
3.Топ басшысын сайлауын сұраймын
Бағалау парақшаларын (критерімен) ұсынамын 1.Оқушылар күн шуағындай тілектерін білдіреді
2. түсті геометриялық фигуралар суреттері арқылы топқа бөлінеді.
3. Әр топ жетекшісі сайланды
3.4 топқа Бағалау парақшалары үлестірілді
Негізгі бөлім
Үй тапсырмасын тексеру Ыстық орындық»» 7 минут
Ортаға 1 оқушыдан шығарып ,оларға оқушылар өз сұрақтарын береді.
1.Ішекқуытылартпиі қандай кластарға жіктеледі?
2.Гидараның мекен ортасы қандай?
3.Типтің ішекқуыстылар деп аталуы неге байланысты
4.Гидраны ең алғаш туысқа жатқызған қай ғалым
5.Регенерация құбылысы деген не?
6.Ч.Дарвин риф түзу теориясын қай жылы жариялады?
7.Атпа жасушалары қайда орналасқан?
8.Неліктен ішкқуыстылар көпжасушаларға жатқызылған?
9.Көпаяқты маржандар аталуы себебі неде?
10.Не үшін медузалар қолшатыр немесе қоңырау тәріздес?
11.Неге ішек қуыстыларда артқы тесік болмайды?
12.Гидраның ішкі ,сыртқы қабатындағы жасушалар қызметі қандай?
13.Гидраның жынысыз көбеюі қалай жүреді?
14Гидраның ішкі сыртқы қабатын толтырып тұратын желім тәрізді зат?
Оқушы жауабы.
1.Сұрақтарға жауап береді.Сұрақтың мазмұнын аша алмаса оқушылар толықтыраып отырады
2.Анықтамалықтарды айтады
3.Сурет бойынша сыни ойлануға,ойын толықтыруға мүмкіндік алады,мазмұндайды.
Жаңа сабақ «Мағынаны тану» бөлімі
10 минут
«Мағынаны тану» бөлімі
Жалпақ құрттар:
Екі жақты симметриялы Үш қабатты: энто-,мезо-,эктодерма
Тері бұлшық етті қапшық қаптаған
Дене тұрқы шұбалаңқы
Пішіні жапырак тәрізді немесе таспа тәрізді
Бауыр жағы арқасына жабысқан, қуыс жоқ.
Асқорыту жүйесінің нышаны байқалады
Оқушыларға тақтадан слайд арқылы құрлыс ерекшеліктері туралы түсінік беріледі.
Ақ сұлама бұлшық еттері:Сақиналы бұлшықеттер – сыртқы қимылды реттейді.
Қиғаш бұлшықеттер – аралық қабат қимылын реттейді.
Бірыңғай салалы бұлшықеттер – ішкі қабаттағы қимылын реттейді.
1.Оқушылар оқулыққа назар аудара отырып,
2.Тақтадағы слайдтар бойынша мұхият тыңдап, мазмұнды тірек сызбамен дәптерге түсіреді.
3.Тірек сызбаның нақты,мазмұнды аша алатындай болуын ескереді
Топтық жұмыс «мәтінмен жұмыс» 10 минут
1топ-Ақ сұламаның сыртқы құрлысы,қозғалысы,тері –бұлшық ет қабаты, тыныс алуы
2-топ-Ақ сұламаның ас қорытуы ,тыныс алуы,зәр шығаруы
3-топ-Ақ сұламаның жүйке жүйесі, тыныс алуы,зәр шығаруы
4 топ -жыныс жүйесі ,көбеюі
1.Мәтін бойынша суреттермен өз ойларын айтады,талқылайды топпен бірігіп жұмыс жасайды
2.Әр топ топтық ережені сақтай отырып, жұмыстарын қорғайды
3.Топ жетекшісі бақылау парақшаларына жауап берген оқушылар ұпайын есептеп отырады.
«Екі жұлдыз бір ұсыныс» бойынша бағалау
Жұптық жұмыс «Пилот- штурман» берілген кестемен бойынша жұмыс 5 минут
Суреттер бойынша тапсырма
Оқушы жұппен сәйкестікті келтіреді,өз ойын саралайды,орындай алмаса оқушылар толықтырады
Жеке жұмыстар 7 минут
Тақырып бойынша тест тапсырмасы беру
Биологиялық диктант
Оқушылар тақырыпқа сәйкес тапсырмаларды орындайды.Орындаған жұмыстарына сәйкес ұпайлары белгіленеді.
Жинақтау әр топ тақырып бойынша нені білгендеріміз туралы топтастырады.
Оқушылар ой топтастыру арқылы кластер құрады
Бағалау :1.Критерий бойынша бағалау
2.Жиынтық бағалау
Топ басшысы жиынаған ұпайлары бойынша критериймен бағалар айтады.
Кері байланыс : Стикер тарату
Сабақ қорытындысы ретінде рефлексия жасаймын
Оқушылар сабақтаға алған әсерлерін жазады
Үй тапсырмасы :36параграф -6 сынып 124бет
42 параграф-7 сынып 184 бет оқу,хабар дайындау «Жалпақ құрттар тіршілігінен», кесте толтыру
Биологиялық диктант
Жалпақ құрттар типіндегі ағзалардың ішекқуыстыларда болмаған жаңа жүйесі бар. Жаңа жүйе ....................................... деп аталады. 2. Зоология ғылымының құрттарды зерттейтін саласы .................................. деп аталады. 3. Ақ сұлама қандай жолмен тіршілік ететін жәндіктер ........................ деп аталады. 4. Жалпақ құрттар .......... класқа жіктеледі. 5. Жалпақ құрттар денесі .............. қабаттан тұрады. 6. Кірпікшелі құрттар класының өкілдері :- ........................
7.Ақ сұламаның пішіні................ ұқсайды
Тест тапсырмалары
1. Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктерге қандай белгілер тән? А. Екі жақты симметриялы В. Радиальды симметриялы С. Екі қабатты жануар Д. Целомды жануар
2. Жалпақ құрттар типінің ішекқуыстылардан ерекшелігі неде? А. Көп жасушалы жануарлар; В. Жасушалары жіктелген; С. Үш қабатты; Д. Екі қабатты.
3. Жалпақ құрттарды қандай кластарға бөледі? А. Кірпікшелі, буылтық; В. Сорғыштар, жұмыр, буылтық; С. Таспа құрттар, аз қылтанды, сүліктер; Д. Кірпікшелі, сорғыштар, таспа;
4. Ақ сұламаның жұмыртқадан дамып не түзеді? А. Піллә; В. циста; С. сірқабық; Д. планула.
5. Жалпақ құрттар типіндегі ағзаларда қантарату, тынысалу жүйесі болама? А. Болады; В. Болмайды; С. Дұрыс жауап жоқ; Д. Бәріде.
6. Жалпақ құрттар типіндегі ағзалар қалай тыныс алады? А. Өкпесімен; В. Тыныс алу жүйесімен; С. Желбезекпен; Д. Бүкіл денесімен.
7. Кірпікшелі құрттар класының өкілі? А. Бауырсорғыш; В. Ақ сұлама; С. Сиыр цепені; Д. Сүлік.
8. Алғаш жалпақ құрттарда пайда болған жүйе? А) Ас қорыту В) Қан тарату С) Тыныс алу Д) Зәр шығару
9. Эктодерма мен энтодерманың аралығындағы аралық жасушалық қабат? А. Мезодерма; В. Сірқабық; С. Піллә, Д. Эктодерма.
10. Паразит құрттарды зерттейтін сала? А) Палеонтология В) Протозоология С) Гельминтология Д) Микология
Бағалау парақшасы
р/с Оқушының аты-жөні Ыстық орындық Постер құрастыру
қорғау Сәйкестендіру тестісі Биолгиялық диктант
Тест патсырмалары жинақтау Ұпайлар Қорытынды бағалау
1 2 3 4 5 6 7 8 Бағалау критерииі
«Ыстық орындық» : Әр дұрыс қойылғын нақты сұраққа -1 ұпай
Әр дұрыс орындалған нақты жауапқа -1 ұпай
2.Постер толтыру . Ойын дұрыс,толық тұжырымдаса -2 ұпай
Толық болмаса -1 ұпай
Түйінді ой қосқандарға-2 ұпай
3.Сәйкестік тестісі- Дұрыс жауапқа 1 ұпай
4. Биолгиялық диктант Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай
Тест тапсырмалары Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай
Жинақтау Әр дұрыс тұжырымға 1 ұпай
22 ұпайдан жоғары – 5
15-22 ұпайға дейін - 4
15ұпайға дейін - 3