Ж?мыр ??рттарды? жалпы сипаттамасы

Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі: Ж.Тұрған
Мұғалімнің
аты-жөніП.Пазылбекова № 201  мектеп-лицей
І тоқсан Күн:20.10.16. 7 «В» сынып
Сабақ тақырыбы Жұмыр құрттардың жалпы сипаттамасы.
Сілтеме Білім стандарты, пән бағдарламасы,  7 сынып биологиясы, электронды оқулық, интернет материалдары
Жалпы мақсаты Жұмыр құрттардың құрылысын біледі (100 пайыз).
Жұмыр құрттарды жалпақ құрттардан ажырата алады (75 пайыз).
Құрттардың паразиттік түрлерін жұқтырып алмау үшін адамның жеке басының гигиенасының сақтау жолдарын қолдана алады. (25 пайыз).
СМАРТ бойынша сабақ мақсаты: Бүгінгі өтілген тақырып бойынша, сыныптағы оқушылардың 75% берілген 10 тест сұрақтарының 7-не ешбір қатесіз 5 минут ішінде жауап берді.
Мақсатқа жетудің үш өлшемі 1.Жұмыр құрттар типі жататын жәндіктердің негізгі құрылыс ерекшеліктерін көрсете алады.
2. Паразитті тіршілік ететін құрттардың тірі ағзалар үшін қауіптілігін түсінетін болады.
3. Құрттардың паразиттік түрлерін жұқтырып алмау үшін адамның жеке басының гигиенасының сақтау жолдарын қолдана алады.
Негізгі идеялар Адам мен жануарларда, өсімдіктерде болатын ауру тудыратын құрттардың құрылыс ерекшеліктерін білу, даму циклі мен ағзада пайда болу, жұғу жолдарын түсіу. Жеке бас гигиенасын сақтау шараларын қолдану.
Тапсырмалар АКТ, сын тұрғысынан ойлау, бағалау, талантты және дарынды оқушылармен жұмыс, диолог арқылы оқыту. Топтық, жұптық, жеке, деңгейлік тапсырмалар
Сабақ бойынша мұғалім жазбалары Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларға түрлі –түсті қағаз қиындылары таратылады, солардан сурет құрастыру және сол суретпен байланыстырып өз топтарын қысқаша таныстыру тапсырылады. Сурет қиындыларын құрастыру арқылы топқа бөлінеді.
1 топ: Үшкірқұрт
2 топ: Ішексорғы
3 топ: Жіпшеқұрт
(3мин)
Оқушылардың сабаққа зейіндерін аудару, қол көтеру арқылы орындалады.
Жалпақ құрттар
(оң қол) Жұмыр құрттар
(сол қол)
Ақсұлама
Айырдене
Сиыр цепені Қылқұрт
Жіпшеқұрт
Ішексорғы
Үшкірқұрт
ІІ. Үй тапсырмасы.
Ой қозғау. Түрткі сұрақтар:
Зоология ғылымының паразит құрттарды зерттейтін ғылым саласы?
Тип неге жалпақ құрттар деп атаған?
Жалпақ құрттар типіндегі ағзалардың ішекқуыстыларда болмаған жаңа жүйесі және оның қызметі?
Паразиттік тірлішік ететін жәндіктердің құрылысында қандай ерекшеліктер бар?
Сиыр цепенінің даму айналымын түсіңдір?
Сиыр цепенінен сақтану шаралары туралы баянда?
(7мин)
Бағалау: Дайын жауап арқылы формативті бағалау.
ІІІ Жаңа сабақ

Денесінде бунағыда, буылтық та болмайды,
Ағза ішінде болсадағы өзін –өзі қорғайды.
Олар құрттың өз алдына бір тобы,
Ойланып көр білесің бе сен оны?
(Жұмыр құрт) Тақырыпты ашып, тақырып бойынша
бейне ролик көру. (АКТ) Мақсатын оқушылар арқылы ашып алу. (3мин)
Жұмыр құрттар туралы не білеміз.
Білемін Білгім келеді Үйрендім
2.Мәнмәтінмен жұмыс оқушылар оқулықтағы мәтінмен танысып жұмыс жасайды.
(7мин)
1 топтың тапсырмасы:
Жұмыр құрттар типіне жалпы сипаттама.
2 топтың тапсырмасы:
Жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктердің құрылысындағы негізгі ерекшеліктер.
3 топтың тапсырмасы:
Паразитті тіршілік етуші құрттар
«Сергіту сәті» (2мин)
Анаграмма
Б у р а ы ғ о р ы ш с – бауырсорғыш Г е м р а ф о р т и д – гермафродит
Қ т а р ұ р т – құрттарЛ ч и и к н а – личинка
Г м е л ь и н о л о т и я г – гельминтология
 Жұптық жұмыс. (Кеңейтілген тапсырма)
Кестені толықтыр
Құрттардың  құрылыс ерекшеліктері Үшкірқұрт Ішексорғы
Пішіні жұмыр + +
Денесі үш қабатты + +
Дене бұшлықеттері - -
Тыныс алу мүшесі - -
Дене ұзындығы 4 – 10 м - +
Дене ұзындығы 1- мм + -
Қан тарату жүйесі - -
Паразитті жәндік + +
Сәйкестігін тап!
1. Жіпше құрт- тері астында2. Қылқұрт- бұлшықеттерде3. Ішексорғы- өсімдік тамырында 4. Суыртқы- бунақденелілердің денесінде
5. Трихинела- ішекте Ойлан тап, бұл не?
(Жануар туралы қысқаша мәлімет айтылады, жасырын түрде. Оқушылар жауабын табуы керек.)
1.Өсімдік паразиті, олардың мөлшері 1мл-ден аспайды. (Жіпшеқұрты)
2.Жылқының құйрық қылына ұқсас
шумақталған жіңішке тұрқы 1м жұмыр құрт түрі. Адамға ешқандай зияны жоқ. (Қылқұрт) 3.Бүйен мен соқыр ішекті қабындырып жүйке жүйесіне әсер ететін тұрқы 30-40мм ақ түсті құрт.Адамға қайнамаған су ішкенде жұғады.(Қылдырықбас)
Дайын жауап арқылы бірін – бірі бағалау.
Деңгейлік тапсырмалар: А 1.Суыртқы туғызатын ауру, оның қауіптілігі неде?
В
1.Үшкірқұрттың даму циклы түсіңдір?
С
1. Мына сөздерді орыс, ағылшын тілінде аудару және сөйлем құрау.
Құрттар –
Үшкірқұрт –
Суыртқы –
Ішексорғы – паразитті жәндік.
ІҮ. Білімді жинақтау және жүйелеу (10 мин)
Жеке жұмыс (тест сұрақтары)
1.Жұмыр құрттардың сірқабық тастауы не деп аталады?
А) Үзілу
Б) Түлеу
В) Жаңару
2.Жұмыр құрттардың жүйке жүйесі қандай құрттарға ұқсас?
А) Сорғыш құрттарға
Б) Жалпақ құрттарға
В) Таспа құрттарға
3. Жұмыр құрттардың қылқұртқа ұқсас бір түрі -
А) Зымырақ
Б) Трихинелла
В) Суыртқы
4. Жұмыр құрттардың ас қорыту жүйесіне қандай белгілер тән? А) алдыңғы, ортаңғы, артқы бөлімдерден тұратын ішек аналь тесігімен аяқталады
Ә) тұйық ішек
Б) ортаңғы ішекте көптеген өсінділіердің болуы
В) ішегі жоқ5. Паразитті құрттарды зерттейтін сала? А) палеонтология
Ә) протозоология
Б) гельминтология
6. Жылқының құйрық қылына ұқсас шумақталған жұмыр құрттың бірі?
А) жіпшеқұрт
Б) қылқұрт
В) үшкірқұрт
7. Адам үшін өте қауіпті паразит, көбінесе Оңтүстік және Орта Азияда кездеседі?
А) суыртқы
Б) зымырақ
В) қылтыңбас
8. Құрттың екі ұшы сүйірленген, құйрығы үшкір, тұрқы 1,5 см шамасындағы құрт?
А) құрсақкірпікшелі құрт
Б) үшкірқұрт
В) суыртқы
9. Жылқы ішексорғының ұзындығын көрсет?
А) 8
Б) 21
В) 18
10. Бунақденелілердің денесінде паразиттік тіршілік ететін құрт?
А) жіпшеқұрт
Б) қылқұрт
В)ішексорғы
Өзін – өзі дайын жауап арқылы тексеру (формативті бағалау)
Рефлексия (3мин)
«Қоржыныма салынған білім (оқушы сөмкесі)» сикерлерге жазылып жапсырылады.
Қандай жаңалық білдім?
Менің білімім қалай өзгерді (толықты), оны қайда қолданамын?
Сабақтан алған әсерім......
Үйге тапсырма Терминдерді жаттау.
Паразит құрттардың бейімделу белгілерін зерттеп келу.
Жұмыр құрттардан пайда болатын аурулардан сақтану шараларынан қысқаша хабарлама жазу.
Сәтті түскен жері
................................................................................................................................................................................

Сәтсіз түскен жері

Өзгерістер