Ашы? саба?. Саба?ты? та?ырыбы: Буна?денелілер класы. Буна?денелілерді? дамуы ж?не пайда-зияны (8 сынып)


8сынып биология пәні
Сабақтың тақырыбы:
Бунақденелілер класы. Бунақденелі лердің дамуы және пайда-зияны.
Сабақтың мақсаты:
Бунақденелілер класына жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктерін айқындау. Бунақденелілер туралы білімдерін тереңдету және кеңейту.
Оқушылардың интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тірі ағзаларға деген қамқорлық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақ типі : аралас
Құрал –жабдықтар: Интерактив тақтасы, презентация
Барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
1-ші тапсырма :
Санмен тізбеленген белгілердің қай буынаяқтыларға тән екенін кестеге толтырыңдар:

Шаянтәріздестер Өрмекшітәріздестер
1.Зәршығару жүйесі –жасыл бездер
2.Ұзын және қысқа мұртшасы болады
3.Жүретін 8 аяғы бар
4.Зәршығару жүйесі -сатанбез және мальпигий тамырлары
5.Тыныс алу мүшесі-желбезек
6.Тыныс алу мүшесі- өкпе қапшығы және демтүтік
7.Астың ішектен тыс қорытылуы тән
8.Хитинде нәруыз көбірек болады
9.Хитинге әктенген заттар көбірек сіңеді
10.Көздері қарапайым құрылысты
11.Циклоп,дафния,таңқышаян
12.Кене, құршаян,бүйі
2-ші тапсырма : Сәйкестігін тап:
Мамықкене
Мөлшері 0,2-1,0 мм ,өрмек бездері болады
Қышыма кене
Түрлі өсімдіктердің шырынын сорады
Алма кенесі
Мал шаруашылығына зиян келтіреді
Тайгалық кене
Азық-түлік қорын бүлдіреді
Қамба кенесі
7-9 рет ұрпақ береді;алма,алхорыны зақымдайды
Нәзікбас кене
әкаяқ ауруын туғызады
Берішкене
адамда қышыма ауруын туғызады
Өрмеккене
энцефалит ауруын жұқтырады
ІІІ Жаңа тақырып бойынша жұмыс
Жоспары:
Бунақденелілер класының жалпы сипаттамасы
Бунақденелілердің даму жолдары
Бунақденелілердің маңызы
Зиянды бунақденелілер
ІV Тақырыпты бекіту
Сандық диктант 1 – “ иә” 0- “ жоқ”
1.Бунақденелілер буынаяқтылар типіне жатады
2.Дене бөлімдері: баскөкірек және құрсақ
3.Демтүтік арқылы тыныс алады
4.Масаның ауыз мүшесі-кеміріп-жалаушы.
5.Толық түрленіп даму 4 сатыдан тұрады.
6.Имаго-дернәсілдің бір түрі.
7.Инелік толық түрленіп дамиды.
8. Қанқыз –зиянды жәндік.
9.Жаяушегірткелер -қанатсыз дернәсілдер
10.Энтомология –бунақденелілерді зерттейді
Диктант жауаптары:
1-1 2-0 3-1 4-0 5-1 6-0 7-0 8-0 9-1 10-1
V қорытынды бөлім
1.Сипаттаңыз
2.Салыстырыңыз
3.Ұсыныс жасаңыз
VІ Үйге тапсырма: § 47; тапсырмалар 1,2 / 223 бет/