Сыныптан тыс шара конспектісі Біз Отанды с?йеміз (0 а сынып)


«Винное орта мектебі» КММ
0 «А» сынып
Сыныптан тыс шара
Тақырыбы: «Біз Отанды сүйеміз»
Тәрбиеші: Раисова Е.М.
Аға тәлімгер, муз.жетекшісі:Абсалямова А.К.
2015- 2016 оқу жылы
Күні: 23.12.2015 жыл
Тақырыбы: Біз Отанды сүйеміз!
Мақсаты: Оқушылардың азаматтық және патриоттық негіздерін қалыптастыру.
Міндеттері: 1.Алған білім мен дағдыларын бекіту, Қазақстан республикасының азаматы сезімін мойындауға баулу.
2. Оқушылар тұлғасында: достық, қатаңдық, бір- біріне көмектесу дағдыларын дамытуға мүмкіндік тудыру, эмоционалды дамуға әсер ету.
3. Елдің өміріне деген алаңдаушылық сезімін тәрбиелеу.
Тәрбиеші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің «Біз Отанды сүйеміз!» атты шарамызға қош келдіңіздер.
Салтанатты мерекемізді Әнұранмен бастайық.(Әнұран)
Тәрбиеші: - Балалар бүгінгі сыныптан тыс шарамызды қызықты және көңілді өткізу үшін әндер, өлеңдер айтып, би билеп, Қазақстан Республикасының рәміздері туралы әңгімелейміз.
Тәуелсіз бастап еліңді өрге,
Ғаламат ие болдың сенімдерге!
Нығайтып ел мен елдің татулығын,
Ант еткен батыр қазақ шегінбеуге!
Ерсің сен!
Ел тілеген тілегіңді
Кімнің кім екенін жұрт біле білді
Түсінді қазақ түгіл
Төртгүл дүние
Тыныштық үшін соққан жүрегіңді.
Тақпақ «Отан»
Отан деген- атамекен,
Отан деген- туған жер,
Отан ана, отан- үлкен,
Қазақстан- туған ел! (Алина)
Тәрбиеші:
Балалар, бір сәт тарих қойнауына үңіліп, біздің қастерлі белгілеріміз не дейді екен, тыңдап көрейікші.
Алтын адам: Жас ұрпақ, сенің сақ бабаң
Алтынға мені ораған.
Өйткені, оның ең қымбат,
Тәуелсіздігін қорғағам! (Нұрайым)
Барыс: Таулардың мекендеген қарлы шыңын
Киелі Азияның барысымын
Оты бір кеудесінде ұл- қыздардың,
Жеңіске жетелейтін намысымын! (Шыңғыс)
Пырақ: Мен пырақпын, қанаты бар тұлпармын,
Көз талдырар биіктікке құштармын!
Ұста мықтап қанатымнан, мен сені,
Мекеніне жеткіземін құстардың. (Аяжан)
Қыран: Өр кеуде, алғыр қыранмын,
Биіктік мәңгі тұрағым.
Қиянды шарлап, самғаймын,
Еркіндік менің ұраным! (Батыр)
Би: «Қара жорға» (Сәденов Ш., Серікханова А.)
Тәрбиеші: Еліміз үшін қасиетті болып саналатын осы белгілер бейнеленген Мемлекеттік рәміздеріміз туралы не білеміз?
Туға зер сал анықтап:
Аспан түстес көгілдір
Қыран еркін шарықтап
Күн шуағын төгіп тұр.
Мынау біздің елтаңба
Бөліктерін кел жатта
Ортада күн- шаңырақ
Қорғайды оны қос пырақ
Көрінеді биіктен
Жұлдызымыз жарқырап.
Хор: «Ел қорғауға әзірміз»
Аязда да тоңбаймыз
Аптапқа да төземіз
Түнде де жол барлаймыз
Суда еркін жүземіз
Бұл шақта, бұл шақта
Кішкентаймыз қазір біз
Кішкентай болсақ та
Ел қорғауға әзірміз
Біз Отанды сүйеміз
Біз Отанға адалмыз
Көгілдір ту- иеміз
Қалай жасық болармыз
Тақпақтар:
Қазақстан-елім,
Ұлан- байтақ жерім.
Тәрбиелеп өсірер,
Өр тұлғалы ерін (Дәулет)
Алтын ұяң- Отан қымбат
Құт- берекең отау қымбат
Аймалайтын - анаң қымбат (Дамир)
Мейірімді анаң қымбат
Кіндік кескен жерің қымбат
Ұят пенен ар қымбат. (Темірлан)
Би: «Қамажай» (Серікханова А., Шевченко А., Раипова Н.)
Тәрбиеші:»Тәуелсіздік көкбайрағы»
Орта ылғи от жайнайды
Тірлік ырғақ тоқтайма әлі
Тас төбемде желбірешіТәуелсіздік көкбайрағыҰлттық ойындар: қыз қуу, арқан тарту
Топтық жұмыс: әріптерден сөз құрау. ОТАН
Мерекелік шашу: музыкалық жетекшінің орындауында күй «Кісен ашқан»
Тәрбиеші:Біздің отан- Қазақстан
Елбасымыз –Нұрсұлтан
Орталығымыз Астана
Жаңа туған жас қала.
Бақытты ел – бұл Отан
Бәріне мен иемін
Біздің Отан- Ұлы Отан
Ұлы Отанды сүйемін.
Отан- атам
Отан- әкем
Қате болса неге біздер
Дейміз оны атамекен.