Ашы? саба? информатика Программалы? ?амтамасыз етуді? жалпы сипаттамасы ж?не жіктелуі


Күні: 18.10.2016 Пәні: Информатика Сыныбы: 5 Б № 7
Сабақтың тақырыбы: Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі
Сабақтың мақсаты: 1. Бағдарлама идеяларын орындату мақсатында оқушыларға программамен қамтамасыз ету туралы түсініктерін қалыптастыру. Программалық жабдықтаманың түрлері мен қызметін көрсете отырып, операциялық жүйенің қызметі, оның құрылымы, жүктелу тәсілі ұғым қалыптастыру.
2.Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады.
3.Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Білімді меңгеру
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: АКТ, СТО, “Миға шабуыл”, “ДЖИГСО” әдісі, Критериалды бағалау.
Ресурстар: Оқулық, қосымша материалдар
Табыс критерий: Бағдарлама идеяларын орындату мақсатында оқушыларға программамен қамтамасыз ету туралы түсініктерін қалыптасады. Программалық жабдықтаманың түрлері мен қызметін көрсете отырып, операциялық жүйенің қызметі, оның құрылымы, жүктелу тәсілі ұғымын ұғады.
№ Сабақтың барысы Өткізілу тәсілі Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Ресурс
1 Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу, түгендеу Психологиялық ахуал:“Досымның қасиеті” тренингінде оқушылар бір-бірлеріне  жылы лебіздерін  білдіріп, әр оқушының  жақсы  қасиеттерін  айту  арқылы  сыныпта  оқушылар арасында еркіндік атмосферасын  орнату.
Топқа бөлуін ұйымдастыру.  Қобдишадағы түрлі түсті магниттерді таңдау арқылы  таңдау арқылы топтарға бөлу. Топ спикерін сайлауын ұйымдастыру.
3. “Монитор”, “Пернетақта” компьютер құрылғылары бойынша топтар өз топ атауларына анықтама береді
1. Оң жақтағы көрші досының бойындағы жақсы қасиетін айту.
2. Оқушылар қобдишадағы фигураларды алу арқылы топқа бөлінеді. Топпен ақылдасып, топ спикерін сайлайды.
«Монитор» тобы – дисплей, экран деп те атайды, ол ақпаратты шығару құрылғысы. Түрлері: Электронды-сәулелік монитор, сұйықкристалды LCD мониторы.
«Пернетақта» тобы – (клавиатура, keyboard) компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. 101-102 пернеден тұрады. Пернелер бірнеше блокқа бөлінеді: Функционалдық, символдық, нұсқаушы, цифрлық
Бағалау парағын толтыру Сынып журналы
2 Үй тапсырмасын тексеру Диалог (мұғалім-оқушы) Өткен сабақты еске түсіру мақсатында, үй тапсырмасы:
1. Компьютердің құралдары неше топқа бөлінеді ?
2. Компьютердің негізгі құралдарын атаңыз.
3.Компьютердің қосымша құралдарын атаңыз.
4. Компьютердің негізгі құралдарының қызметі?
Әр сұраққа 1 ұпай.
Жұмбақтар
1.Бір сарайда тұрады екен,
Бес атаның балалары.
Қыдырмашы біреу,
Бір күн бар да, бір күн жоқ.
Соны есепке алсақ,
Ұзын саны жүз екі (Пернетақта, клавиатура, keyboard)
2. Ұзынтұра жалқаубек,
тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қлса артынан,
Ешбір белгі қалмайды (Бос орын, пробел, space bar ).
3. Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұратын,
Ең қажетті құралмын (тінтуір, мыш, mouse)7
4. Пернетақта ауылында тұратын,
Пернебай деген атаның
Бар екен 12 ағайынды,
Немерелері алғашқы,
Есімдері де өздерінің бір қызық
Тек Ғ (эф) әріпінен басталады (Функционалды пернелер, функциональные клавишы, function key).
5. Батырманы басасың,
Қажетті файлды ашасың (Енгізу, ввод, Enter).
Жұмбақтың жауабын үш тілде жауап берсе 3 ұпай алады. Сұраққа жауап береді
Бағалау парағын толтыру
Сұрақ
3 Жаңа тақырыпты меңгеру Жаңа тақырыпты түгендеу Жаңа тақырыпты меңгерту мақсатында 
”ДЖИГСО” әдісін пайдаланады. Оқуға ұсынылған материалдың тақырыбы талқыланған соң, осы мәтінді түсіну керектігі ескертіледі. §8 Топтық жұмыс Модель жасау. “Программалық жабдықтама” және “Қолданбалы программалық жабдықтама” постерін жасатып, қорғатады, дәлелдетеді.
Топ мүшелері тақырыбын толық ашса 5 ұпай 1. Ресурстармен танысады, талқылайды. Топ мүшелері ұсынылған материалды меңгеріп, өз тақырыпшалары бойынша топ мүшелеріне түсіндіреді.
2. Постерге модель жасап, қорғайды, дәлелдейді.
3.Жұмыс дәптерлеріне ережелерді жазады. Оқулық, қосымша матриалдар.
4 Қорытындылау Топтық жұмыс 3. Деңгейлік тапсырмаларды орындату. Дарынды және талантты оқушыларды анықтау. Барлық араластыруға тырысу. Белсенділігі төмен оқушыларды сөйлету.
1.Деңгейлік тапсырмалар
1 деңгей. Симантикалық картаны толтыру. 1,2,3 ұпай.
2 деңгей. Диктант, қалып кеткен сөздерді қою. 1,2,3 ұпай.
3 деңгей. Келтені толтыру. 1,2,3 ұпай2. Сұрақтар
1.Үйдегі компьютеріңде қандай ОЖ орнатылған?
2.Қосымшаларға қандай программалар жатады?
3.ОЖ деген не?
4.ОЖ-ның негізгі қызметі не?
5.Компьютер ОЖ-сыз жұмыс істей ала ма?
6.Кең тараған ОЖ атаңыз?
7.Компьютерден басқа қандай құралғыларда ОЖ бар?
8.Қалай ойлайсыңдар, неге ОЖ-нің біреуі кең тараған? Әр жауапқа 1,2,3,4 ұпай
3. Тест (2 нұсқа) Интерактивті тақтада көрсетілген тест тапсырмаларын орындату әр нұсқада 3 сұрақ.
Әр жауапқа 1,2,3 ұпай Деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
Бағалау парағын толтыру
Интерактивті тақта
Өзін-өзі бағалау,
Формативті бағал
Критериалды бағалау
Бағалау Критериялар 33-30 ұпай «5»
29-23 ұпай «4»
22-15 ұпай «3» Интерактивті тақта
5 Үй тапсармасы Үй тапсармасын орындалуын түсіндіру
§ 8 оқу Күнделікке үй тап. жазады Оқушы күнделігі
6 Сабақ мақсатына жетті. Оқушылар толық қатысты.
Бағалау парағы
Үй тапсырмасы Жаңа сабақ Деңгейлік тапсырмалар Ұпай саны
Топтың атын таныстыру
1 ұпай Сұрақтар
Әр жауапқа 1 ұпай Жұмбақтар
Үш тілде жауап берсе 3 ұпай Жаңа тақырыпты менгеру
5 ұпай 1 деңгей
Симантикалық карта
Әр жауапқа 1 ұпай 2 деңгей
Диктант
Әр жауапқа 2 ұпай 3 деңгей
тест
Әр жауапқа 3 ұпай 1.
2. 1.
2.
3.
4.
5. 1 деңгей
Адамдарға қандай программалық жабдықтама қажет екенін көрсетіңдер (тиісті бағанға «+» белгісін қойыңдар).
Жағдай Жүйелік ПЖ Қосымшалар Программалау жүйелері
1-нұсқа
Сәулетші жаңа тұрғын үй кешенісінің пішінін жобалайды. Банк қызметкері банк желісі үшін жаңа қосымша жазады. Фотограф суреттерді басып шығару үшін компьютерге принтердің драйверін орнатты. 1 деңгей
Адамдарға қандай программалық жабдықтама қажет екенін көрсетіңдер (тиісті бағанға «+» белгісін қойыңдар).
Жағдай Жүйелік ПЖ Қосымшалар Программалау жүйелері
2-нұсқа
Тілшілер жақында өткен мереке туралы ақпарат жиынтығын мұрағаттады. Супермаркет сатушысы, сатылған тауар туралы деректер енгізді. Дәрігер электрондық деректер қорына жаңа түскен науқастың ауру тарихын жазады. 2 деңгей Сөйлемдегі түсіп қалған сөздерді дұрыс орналастыру.
Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.
________________ - компьютердің жұмысын басқаратын басты программа.
________________ - компьютерге қосылған түрлі құрылғылардың жұмыс істеуі үшін қажетті программалар.
________________ - компьютерге мұрағаттау, дискілердегі ақпараттың бұзылуын тексеру, қажетті файлдарды іздеу сияқты шағын программалар.
__________________ - басқа программаларды құруға арналған орта.
Қажетті сөздерді орына орналастыру: Операциялық жүйе, Драйвер, Утилита, Программалау жүйелері.
3 деңгей
1 нұсқа
1. Компьютерге орнатылған барлық программалар нені құрайды?
а. Аппараттық жабдықтаманы ә. Программалық жабдықтаманы б. Жады құрылғысы в. Процессорды
2. Компьютердің программалық жабдықтамасы түрлерінің дұрыс тізімін табыңыз.
а. Басқару жүйелері, қосымша мен
программалау жүйелері ә. Жүйелік ПЖ, қосымшалар мен
программалау жүйелері б. Программалар, ойындар, интернет
қосымшалар
3. Мәтіндік процессор программалық жабдықтаманың қандай түрлеріне жатады.
а. Жүйелік ПЖ
ә. Қосымшалар б. Программалау жүйелері в. Программалар2 нұсқа

1. Операциялық жүйелер қандай программалық өнімдердің өнімдердің құрамына кіреді.
а. Қолданбалы программалық жабдықтама
ә. Жүйелік программалық жабдықтама
б. Дерек қорларын басқару
в. Программалау жүйелері

2. Компьютер құрылғыларына қызмет көрсететін программалар қалай аталады?
а. Жүктеушілер
ә. Драйверлер
б. Трансляторлар
в. Интерпритаторлар

3. Компьютерге қосылған принтермен жұмыс істеу үшін қандай программа қажет?
а. Жүктеушілер
ә. Драйверлер
б. Утилита
в. Интерпритаторлар