Поурочный план по математике на тему Бір — біріне ?арама — ?арсы ба?ытта?ы ?оз?алыс?а есептер шы?ару.
Тексерілді: Класс жетекшісі: Абдуллина Г.А.
Күні: 27.01.2016ж Пәні: Математика Класы: 4«А»
Тақырыбы: Бір - біріне қарама - қарсы бағыттағы қозғалысқа есептер шығару.
Мақсаты: Бір - біріне қарама - қарсы бағыттағы қозғалыстарға есептер шығару әдістерімен таныстыру, жақындау жылдамдығы деген ұғым беру.
Күтілетін нәтиже Бір-біріне қарама-қарсы қозғалысқа берілген есептерді қайталайды, шығарады.
Әдіс - тәсілдер «Ой ашу» стратегиясы, сұрақ - жауап, топтық жұмыс, логикалық тапсырма
Сабақ кезеңдері: Сабақ барысы Бағалау ресурстар
І
Қызығушылықты ояту І. Ұйымдастыру. Оқушылардың оқу құралдарын толық алуын қадағалап, назарын сабаққа аударамын.Психологиялық дайындық.Шырылдады қоңырауБіз сабақты бастаймыз.Партамызға отырыпӨзара көз тастаймыз. Табыс тілеп көзбенен,Жаңа білім алуғаАлға қадам аттаймыз.
Сабақ мазмұнымен таныстыру- Балалар елімізде үлкен әлемдік деңгейде бір шара ұйымдастырылып жатыр. Ол қандай шара?- /.............. /- Бұл туралы күнделікті айтып жүрміз, теледидардан да көріп жүрсіңдер.Осы ЕХPО-2017-ге орай еліміздің облыстарында, қала - аудандарда, «ЕХPО-2017 жарқын болашақ» деген ұранмен көптеген жұмыстар жасалып, шаралар өтуде. Бүгінгі сабағымызда топпен жұмыс жасай отырып «ЕХPО-2017 жарқын болашақ» деген ұранмен 20 бөліктен тұратын тапсырмаларды орындай отырып, мына мозайканы құрастыруларың керек. Бұл сендердің тәуелсіз еліміздің жарқын болашығына қосқан үлестерің болады. Жарайсыңдар! ІІ Мағынаны тану Уақыт бірлігінде нысандардың бір - біріне жақындауын жақындау жылдамдығы дейді. Бір - біріне қарама - қарсы бағытта қозғалу кезінде жақындау жылдамдығы жылдамдықтардың қосындысына тең болады.
V жақынд. = V¹ + V²
60 + 40 = 100 ( км/сағ )- автокөліктердің жақындау жылдамдығы.
Автокөліктердің неше сағаттан кейін кездескенін біу үшін, алғашқы арақашықтықты жақындау жылдамдығына бөлу қажет.
t = S: Vжақынд.
400: 100 = 4 ( сағ )
Жауабы: автокөліктер 4 сағаттан кейін кездесті.
- Әр сағат сайын автокөліктердің арақашықтығы қанша уақытқа қысқарады? Кестені толтырайық.
t ------------------------------------1 сағат -------------------2 сағат ---------------------3 сағат
Автокөліктер арасындағы арақашықтық
Уақыт белгілі, жақындау жылдамдығы белгілі, арақашықтықты табу үшін не істейміз деп ойлайсыңдар? Формуласын құрастырып көріңдер.
S =Vжақынд. • t
Әр топтан 3 оқушы шығып әр бағанды толтыра отырып, 3 бөлшекті орнатады
ІІІ топ 13 - бөлшек. №3 (б) 60 + 40 = 100 (км/сағ) – Vжақынд.
200: 100 = 2 (сағ)
Жауабы: 2 сағаттан кейін
- Осы есептер бір – біріне кері есеп бола ма?
- / кері есептер /
- Тағы да бір кері есеп құрастыруға бола ма? / /
- Сонымен бір - біріне қарама - қарсы қозғалысқа берілген есептерді шығаруда жақындау жылдамдығы жылдамдықтардың қосындысына тең болады.
ҮІІ. Логикалық тапсырмалар
І топ. 14 - бөлшек. Менің ақшам осы ақшамның жартысын қосса, 150 теңге болар еді. Менде қанша ақша болған? (100 теңге болған)
ІІ топ. 15 – бөлшек. Шешесі балаларына 10 шоколадты бөліп, қыздарына үш - үштен, ұлдарына екі - екіден берді. Қыздар нешеу, ұлдар нешеу? (2 ұл, 2 қыз)
ІІІ топ. 16 - бөлшек. Кез келген нәрсенің төрттен бір бөлігі көп пе, әлде жартысының екіден бір бөлігі көп пе? (екеуі бірдей)
ҮІІ. Оқушылардың тірек білімдерін пысықтау жаттығулары.
17 – бөлшек. № 4 ауызша. Уақыт қаншаға артты?
??
12: 15--------→13: 05 ------------→16: 25
--------(50 мин) ------(3 сағ 20 мин)
18 – бөлшек. №5 әр топтан бір оқушыдан шығып берілген өрнекті тиімді тәсілмен есептейді.
450 • (2 • 7 ) = (450 • 2 ) • 7 = 900 • 7 = 6 300
720 • ( 9 • 2 ) = ( 720 • 9 ) • 2 = 12 960
17 • 2 • 8 • 125 = ( 17 • 2 ) • (8 • 125 ) = 34 • 1000 = 34 000
19 – бөлшек № 6 тапсырма ( Сызбамен жұмыс )
- Кесіндінің қайсысы радиус болып табылады?
- Қайсысы диаметр?
графикалық тест
1. V¹=20 км/сағ---------------t =? сағ---------------V²=26 км/сағ
--------------------------------S = 460 км
А) t = 2 сағ б) t = 10 сағ в) t = 5 сағ
2. V¹=60 км/сағ-------------t = 2 сағ---------------V²= 80 км/сағ
--------------------------------S =? км
А) 280 км Б )360 км в)140 км
3. V¹=? км/сағ-------------t = 3 сағ-----------------V²=5 км/сағ
----------------------------S = 27 км
А) 5 км/сағ б) 6 км/сағ в) 4 км/сағ Критериалды бағалау Оқушы дәптері
ІІІ
Ой толғаныс Сабақты бекіту кезеңі- Міне, балалар, бүгінгі сабағымызда сендер 20 жарқын іс істеу арқылы еліміздің картасын құрастырдыңдар. Жарайсыңдар! « Егеменді елдің ертеңі – оқу мен білімнің тереңдігімен өлшенеді» деп айтылғандай сендердің еліміздің көркеюіне ең басты қосар үлестерің сабақты жақсы оқып, оқуды жақсыға аяқтау. Үш шапалақ Үйге тапсырма №7