Дене шыны?тыру п?нінен саба?тан тыс ж?мыс. Тола?ай спортты? жарысы


Қарлығаш негізгі орта мектебі
«Толағай»
спорттық эстафеталық жарысы
Ж.М.Нусупбеков
2016-2017оқу жыл
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған «Толағай» спорттық эстафеталық жарысы
Класс: 6-9Өтілетін орны: Мәдениет үйіТақырыбы: ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған «Толағай» спорттық эстафеталық жарысыМақсаты: Оқушыларды ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Төзімділік, жылдамдық, ептілік деңгейін дамыта отырып, дененің жалпы даму сапасының артуына, ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу.Түрі: жарысКөрнекілігі: Секірмек, доп, қап, картопБарысы:1. Ұйымдастыру кезеңі.2.Кіріспе сөз.3.Спорттық жарыс.4.Қорытынды.
II .Мұғалім сөзі: Шынықсаң шымыр боласың,Сауығып айдай толасың.Спортты серік ете біл,Жақсы азамат боласың.Чемпион болу оңай ма?Арман болған талайға.Болмасаң да ұқсап бақ,Жарысқа түсіп қалай да.
Құрметті мұғалімдер және оқушылар! Бүгінгі Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай өтілгелі отырған «Толағай» атты спорттық жарысымызға хош келдіңіздер.Әр таңды бақытпен атырамыз,Өнерді ой көгінде бақылаңыз.Сайысқа қатысуға енді ортаға,Спортшы балаларды шақырамыз.Қарсы алыңыздар.«Жас қыран» тобы.Топ басшысы. Сынып жетекшісіМүшелері: 1.Ақжол2.Арайлым3.Балжан4.Айдын5.АйымгүлТоп ұстанымы: Қыран болып самғаймыз,Жарыстан еш қалмаймыз.«Барыс» тобы.Топ басшысы: Сынып жетекшісіМүшелері: 1.Мирас2.Гүлім3.Қанат4.Ерасыл5.АльфияТоп ұстанымы: Мақсаты бірдің – рухы бірТоп басшысы: Сынып жетекшісіМүшелері: 1 Болат2. Раушан3.Мадияр4.Абдрашид5.АйсаяТоп ұстанымы: Мақсаты бірдің – рухы бір
Топ басшысы: Сынып жетекшісіМүшелері: 1 Қасым2. Енлік3.Гүлнұр4.Ислам5.ТөлегенТоп ұстанымы: Мақсаты бірдің – ұстанымы бірҚұрметті сайыскерлер, бүгінгі ойында сіздерге толағай табыс және сәттілік тілейміз.Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.Ал құрметті халайық,Жарысты енді көріңдер.Әділ қазы алқасы,Әділ баға беріңдер.Жарысты бастамас бұрын ойынға төрелік ететін әділ-қазы алқасымен таныстырып кетейік.Оқу ісінің меңгерушісі: Диана Айтбекқызы.Денешынықтыру пәнінің мұғалімі: Жандарбек Нусупбеков.Педагог-ұйымдастырушы: Айдос ЕржанұлыҚұрметті қатысушылар бүгінгі сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.III. Сайыстың бағдарламасы.1 «Поровоз»2. «Мөшекпен жарыс»3. «Қақпаға доп соғу»4. «Картоп жинау»
5. «Секіргішпен секіру»
6. «Спорттық сұрақтар»Сонымен бірінші ойынымыз1. «Поровоз» шартымен таныстыру
2. «Мөшекпен жарыс» шартымен таныстыру
3. «Қақпаға доп соғу» шартымен таныстыру4. «Картоп жинау» шартымен таныстыру
5. «Секіргішпен секіру» шартымен таныстыру
6. «Спорттық сұрақтар» шартымен таныстыруӨнерге биік сенеміз, Думанға қызық келіңіз. Әділ қазы ел сенген, Өнерге баға беріңіз.8- сынып оқушыларының орындауында «Толағай» әні.IV.Марапаттау.V. Қорытынды. Сөзді әділ-қазы алқасына береміз.Құрметті оқушылар! Сіздерді алған орындарыңызбен құттықтай отырып, бүгінгі жарысымызды аяқтаймыз. Келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет, сау болыңыздар!