Д?ниетану п?ніне ашы? саба? та?ырыбы Топыра? ж?не оны? ма?ызы
Сабақтың тақырыбы: Топырақ. Топырақтың құрамы, пайдасы туралы түсінік. Топырақтың маңызы. Мектеп: Ж. Шайжүнісов атындағы орта мектеп
Пәні: Дүниетану
Күні: 14.12.15 Мұғалімнің аты жөні: Киякпаева Шынар Казыркановна
Сынып: 2 «Б» Қатысқандар саны:18 Қатыспағандар саны: 0
Сабақ негізделген оқу мақсаты: Топырақ оның қасиеті мен маңызы, құрамы,құнарлылығы жайында түсіну. Тәжірибе арқылы көз жеткізіп дәлелдеу.Топырақты күтуге үйрету.
Оқыту мақсаттары Барлық оқушылар:
Топырақ оның қасиеті мен маңызы, құрамы,құнарлылығы жайында түсінеді
Оқушылардың басым бөлігі
Тәжірибе арқылы көз жеткізіп дәлелдейді
Кейбір оқушылар
Топырақты күтуге үйрету
Тілдік мақсат Оқушылар: Топырақ, оның маңызы туралы білімдерін пайдалана отырып, өз ойларын жинақы айтуға үйренеді. Жүйелі жауап беруге дағдыланады.
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:
Топта балалар топырақ, оның құрамы мен маңызы жайында талқылаулар жүргізеді, бір-бірінің білімін толықтырады. Өз өмірлерімен байланысты оқиғаны баяндайды.
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Талқылау нәтижесінен туындаған негізгі ойларды, топырақтың қасиетін тәжірибе жүзінде дәлелдеп жазбаша жазады.
Алдыңғы оқу Топырақтың түрлері туралы мәлімет жинақтау.
Жоспар.
Уақыт Мұғалімнің іс әрекеті
Оқушының іс әрекеті Ресурстар
Басталуы
5 минут Шаттық шеңбері.
Жарқырап күнде ашылды,
Айналаға гүл шашылды
Қайырлы күн!
Біз нәзік қыздармыз!
Қайырлы күн!
Біз ержүрек ұлдармыз!
Халқымызға
Қонақтарға
Өзімізге Шеңберге тұрады.
Бір-біріне күлімдейді.
Қолдарын жаяды.
Жан-жаққа шашу шады.
Хормен қыздар айтады.
Хормен ұлдар айтады.
Тыныштық тілейміз!
Денсаулық тілейміз!
Сәттілік тілейміз! Проектр, слайд, бейнебаян, қимақағаздар.
Ортасы
10 минут
15 минут
10 минут
«Пекник» ойыны арқылы топқа бөлінеді.
1.Топ басшыларын анықтау.
2.Топ ережесін еске түсіру.
3.Бағалау парағы бойынша түсініктеме беру.
«Ыстық орындық» стратегиясы арқылы үй тапсырмасы «Су, судың маңызы мен қасиеті» тақырыбын тексеру.
«Бағдаршам» әдісімен бағалау.
«Киностудия».
Электронды оқулыққа назар аудырту. Сондықтан біздің бүгінгі сабағымыз не туралы болады деп ойлайсындар?
Бүгін біз «Топырық. Топырақтың құрамы, пайдасы мен маңызы» деген тақырыпты қарастырамыз.
«Лаборатория»
«Оқы, жұптас, талқыла» стратегиясы. Үш топ тақырыпты оқиды, танысады, тәжірибе көрсетеді. Дәлелдейді.
Сергіту сәті. «Картоп егу».
Топырақтың маңызы тақырыбын оқиды.
Жерді жыртамыз.
Картоп егеміз
Суғарамыз
Арасын түптейміз
Арам шөбін жұламыз
Суғарамыз
Қазып аламыз
«Телестудия».
Кластер құру
«Ыстық микрафон»
Поштаға хат жазу.
Екі жұлдыз бір тілек.
Оқушылар еркін жүріп, түрлі-түсті конфеттерді таңдау арқылы үш топқа болінеді. Әуенге билеп таңдайды.
«Аквариум» әдісі бойынша анықтау.
1. Тәртіп –болса, білім болады.
2. Бірлескен жұмыс-белсенді жұмыс.
3. Әр пікір құнды.
4. Досыңды тыңда-білім көзі осында.
Бағалау парағы бойынша топ басшылары жауап берген балаға + таңбасын қойып отырады.
Орындықта отырған бала оқушылар қойған сұрақтарға мүдірмей жауап береді. Қалған оқушы тыңдап бағалайды.
Электронды оқулықтағы мәліметпен танысады. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын анықтайды.
Оқулықпен жұмыс жасайды, және талқылап жұптасып тәжірибе жасау арқылы топырақтың құрамын анықтайды. Кестені толтырады.
Оқушылар шеңбер бойымен тұрып бір біріне массаж жасайды.
Саусақтарымен ұзын сызық сызады.
Арқаларынан тоылдатады.
Суғарады су шашады.
Созады
Жұлады
Қазып алады.
Оқылған тақырып бойынша рольдік ойын. Жүргізуші, ғалым, зертеуші, қарапайым шаруа.
Тақырып бойынша өз ойларын айтады
Ауа, су және топырақтың қасиеттерін жазу.
Сабақта үйренгендерін жазып жарық жұлдызға шығады.
Назарларыңызға рахмет! Рефлексия сабаққа баға беру Маркер А3 парақтар, стикерлер, проектр
Семантикалық карта, жүзім шоғы сызылған кесте, Пошта жәшігі
Аяқталуы
5 минут Үйге тапсырма
Бағалау «Топырақ оның маңызы» оқу мазмұндау.
Ауызша немесе бағалау парағы бойынша бағалау парағы,бағдаршам түстері
Қосымша ақпарат
Саралау – сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сыныптағы А деңгейіндегі оқушылар тапсырманы бірінші болып орындап қойған жағдайда сараптама жасауға, қорытынды ой айтуға тартамын.
Сіз қабілеті жоғары оушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Тақырып бойынша топтарға арнап сұрақтар дайындатамын. Бағалау – Оқушыларадың үйренген тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Формативті бағалау
Бас бармақ, смайликтер арқылы бағалау және бағалау парақтары арқылы бағалау түрлері жүргізілді. Сабақтың барысында топтың жұмысын бағалауда қойған бағасына түсініктеме бергенде оқушылар дәлелді сөйледі, Қорытынды бағаны оқушылар әділ қоюға тырысты. Суммативті бағалау
Пән аралық байланыс
Дүниетану пәнімен музыка пәнімен байланысты.
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері.
Қауіпсіздік ережелері ескертілді әсіресе қой малын күту кезінде, оның азығын жинағанда еңбек және қауіпсіздік ережелері өмірмен ауыл тұрмысымен байланыстырып айтылды.
АКТ мен байланыс
АКТ-ны қолдануда қауіпсіздік ережелері айтылды, денсаулыққа зияны ескертілді.
Құндылықтармен байланыс
Рефлексия
Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен. Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды?
1 «Микрафон» әдісі
2 «Қос шеңбер» әдісі
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алар еді (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?
1 Әдістер талқылауға бағытталған болса, әдіс таңдауда мұқияттылық керек.
2 Әдістердің мәні жетік меңгерілсе.
Сынып немесе жекеленген оқушылар туралы не білдім?
Бастауыш сынып болса да, еркіндік ахуалын туғызса сындарлы ойлар айта алатындығын байқадым.