Класты? жалпы сипаттамасы.Жор?алаушыларды? ішкі ж?не сырт?ы ??рылысыны? ерекшелігі.
Сыныбы: 7ә
Тақырыбы: Кластың жалпы сипаттамасы.Жорғалаушылардың ішкі және сыртқы құрылысының ерекшелігі.Құрлық-ауа тіршілік ортасына бейімділігі,жылдық тіршілік циклі.Қоректенуі және мінез-құлығы.Көбеюі және дамуы
Мақсаты: 1.- Жорғалаушылардың сыртқы, ішкі құрылысы мен тіршілік әрекетінің ерекшелігін көрсете отырып, толықтай жорғалаушылар класына сипаттама беру.
2.-Жаңа ұғымдарды, жорғалаушыларға тән белгілерді есте сақтау,Өткен тақырыптармен салыстыра отырып ойлау қабілетін дамыту;3.-Жорғалаушыларды білуге,қорғауға,табиғатты сүюге тәрбиелеу, бойларына экологиялық мәдениет қалыптастыру
Күтілетін нәтиже 1. Жорғалаушылардың ішкі және сыртқы құрылысының ерекшелігін айта алады.
2. Жаңа ұғымдарды, жорғалаушыларға тән белгілерді есте сақтап, өткен тақырыптармен салыстыра алады.
Қоректенуі және мінез-құлығы
Керекті жабдықтар Оқулық, жұмыс дәптері,АКТ.
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе
3 минут Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, амандасу
«Өрмекші торы» арқылы сұраймын. Оқушылар сұрақтарға жауап береді
Тұсау кесер
15 минут Алғаш рет құрлықта тіршілік етуге бейімделген омыртқа жануарлар. Қандай жорғалаушыларды білесіңдер. Аттарын атаңдар . Табиғатта қайсысын кездестірдіңдер ? Негізгі бөлім
«Джигсо» әдісібойынша мәтінді оқып, талқылайды.
Жаңа тақырып бойынша Жорғалаушылар класы ресурс парақтар(оқушылар төрт топқа бөлінеді,дайын материалдарды бөліп беремін, бірін-бірі мұқият тыңдап, есте сақтап отыру, оқып үйренгендерін басқаларға үйрету, өз ойларынан мысал келтіру. Әдіс ережесіне сәйкес, берілген мәтін бойынша топ мүшелері өздері оқып, топта талқылайды, жақсы түсінген, талқылай алған оқушы баяндамашы рөлінде келесі топтарға түсіндіреді.
Жорғалаушылардың (пресмыкающиеся) нағыз құрлықта тіршілік етуге бейімделген 8 000-ға жуық түрлері бар. Жорғалаушыларға кесірткелер, жыландар, тасбақалар, құбылғылар, крокодилдер, т.б. жатады. Суда тіршілік ететін түрлері де бар. Бірақ олар екінші рет суда тіршілік етуге бейімделген. Өйткені атмосфералық ауамен өкпесі арқылы тыныс алады. Жорғалаушылардың дене тұрқы, пішіні әр түрлі. Құрлықта, суда, ағаш басында, топырақ астында тіршілік етеді. Оларды зерттейтін зоология ғылымының саласын герпетология(грекше «герпетон» – «жорғалаушылар») деп атайды.
Крокодил (Тәмсақ) Кесіртке Тасбақа Жылан
Жорғалаушылардың сан алуандығы
Жорғалаушыларға жалпы сипаттама. Денесі бас, мойын, тұлға, құйрық және бессаусақты аяқтардан тұрады. Жыландарда, аяқсыз кесірткелерде аяқтары жойылған.
Жорғалаушылардың терісі құрғақ және онда бездер өте аз. Терінің сырты мүйізді қабыршақтар мен, қалқаншалармен, сауытпен қапталған. Мұндай мүйізді түзілістер теріні құрғап кетуден сақтайды әрі қорғаныш қызметін атқарады. Өсу кезінде терісі үнемі түлеп, түсіп отырады.
Жорғалаушылардың қаңқасы бес бөлімнен тұрады. Олар: бассүйек, омыртқа жотасы, иық белдеуі мен алдыңғы аяқтары, жамбас белдеуі мен артқы аяқтары және кеуде қуысы. Олардың қаңқасында алғаш кеуде қуысы пайда болған. Омыртқа жотасы – мойын, арқа-бел, сегізкөз және құйрық бөлімдерінен тұрады. Саусақтарының ұшында мүйізді тырнақтары бар.
Күрделі қозғалыс жасауларына байланысты аяқтарында, жақсүйектерінде, мойнында және кеуде қуысында бұлшықеттері жақсы дамыған. Кеуде қуысындағы қабырғааралық бұлшықеттердің жиырылып-босаңсуына сәйкес, ауа өкпеге еніп, қайта шығады.
Жорғалаушылардың асқорыту жүйесі қосмекенділерге ұқсас. Ауыз қуысының түбінде қозғалмалы етті тілі қорегін ұстауға, айналаны сипап сезуге көмектеседі. Жыланның тілі жіңішке, ұшы екі айыр, ол сипап сезу қызметін атқарады. Халық арасындағы «жыланның уы тілінде» деген ұғым шындыққа жатпайды. Жыланның уы үстіңгі жақсүйекте орналасқан улы тістерінде болады. Сілекей бездері өзгеріп, у бөлетін бездерге айналған. Сілекей бездерінің өзектері ауыз қуысына ашылады.
Жорғалаушылардың сезім мүшелері – көз, құлақ және танау. Көзі қозғалмалы қабақты болып келеді. Жыланның қабақтары мөлдір, көздің алдыңғы жағын шыны тәрізді тұтас жауып тұрады. Есту мүшесі – ішкі және ортаңғы құлақ. Иіс сезу мүшесі – танау қуысында орналасады.
Жорғалаушылар – дара жынысты, бәрі де іштей ұрықтанады. Кейбір түрі ұрықтанған жұмыртқа салады, ал кейбір түрлері тірі туады. Қаражылан (гюрза) жұмыртқа салады. Сұржылан (гадюка), қалқантұмсық (щитомордник) ұрпақтарын тірі туады. Соны аңғарған халқымыз «жұмыртқадан жылан да, қыран да шығады», – деп қорытынды жасаған. Жорғалаушылардың дернәсілдері түрленбей, тікелей бірден ересектеріне ұқсас болады. Олар өсе келе бірнеше рет түлеп, денесінің сыртындағы ескі қабыршақты терісін түсіріп отырады.
Жорғалаушылардың көптеген түрлері ылғалы мол әрі жылы тропиктік, субтропиктік, қоңыржай аймақтарда таралған. Кейбір жыландар, кесірткелер құрғақ далалы, шөлейтті, шөлді және биік таулы аумақтарда кездеседі. Суда тіршілік ететін түрлері (жыландар, тасбақалар, крокодилдер) жұмыртқаларын су жағалауындағы жерлерге салады.
Жорғалаушылар класы 4 отрядқа бөлінеді. Олар: тұмсықбастылар, қабыршақтылар, тасбақалар, крокодилдер Барлық топ мәтінмен танысқан соң талдау жүргізеді
Оқушылар әр топқа барып тісінік жумыстарын жүргізеді
фяяяяя
Тірі кесірткені (улы емес жыланды және тасбақаны) бақылау. Олардың сыртқы құрылысын зерттеу. Кесіртке мен бақаның қаңқаларын салыстыру.
Мақсаты: кесірткенің құрлыққа бейімделуіне сыртқы құрылысының ерекшелігін , ылғалды препарат арқылы ішкі құрылысының ерекшеліктерін білу
Қажетті құрал-жабдықтар:ұлғайтқыш әйнек,суреті,кесіртке қанқасы,
ылғалды препараттар.
Орындалатын тапсырмалар:
1.Сурет арқылы кесірткенің дене бөліктерін табыңыз.
3.Бас бөлігінде қандай мүшелер орналасқан және олардың атқаратын қызметін қараңыз..4.Кесіртке қанқасын қараңыз.Дене бөліктерін тауып, оның құрылысын атаңыз.
Бақа қанқасы мен кесіртке қанқасын салыстырыңыз.
Перейти на сайт с картинкой
6. Кестені толтырыңыз:
Омыртқалылар Қанқаның негізгі бөлігі Омыртқа жотасы Дененің алдыңғы бөлігі Дененің артқы бөлігі Ерекшелігі
Бақа Кесіртке Қорытынды:Жұмыс барысында кесірткенің дене бөліктерінің бас, мойын, құйрығының болатындығын анықтады.
Сабақты бағалау
3 минут
Белсене қатысқан оқушыларды бағалау.
Рефлекция Нүктелеу мониторингісі . .
Үйге тапсырма
2 минут Үйге тапсырма: :§54 Кластың жалпы сипаттамасы оқу Үй тапсырмасын күнделікке жазады