Биология. Та?ырыбы: С?йекті? ??рылысы, ??рамы, ?суі, байланысы. Буындар.


Бизакова Нурбану Бериковна
Сабақтың тақырыбы: Сүйектің құрылысы, құрамы, өсуі, байланысы. Буындар.Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сүйектің құрылысы мен құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттармен, сүйектердің байланыс түрлерімен және буынның атқаратын қызметімеи таныстыру.Тәрбиелігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақтылыққа, жауапкершілікке, адамгершілікке, салт-дәстүрлерімізді қадірлеуге тәрбиелеу.Көрнекілігі: Сүйектің құрылысы (бүктеме), адам қаңқасы (плакат), сұрақтар, тест, сәйкестендіру тесті, бас сүйек, қол сүйектері, жамбас белдеуі сүйектері (муляж).Сабақтың түрі: Аралас сабақ I. Ұйымдастыру кезеңіОқушылардың сабаққа қатысуы;
Оқушыларды топқа бөлу;
II. Қызықтырушылықты ояту А) Үш топқа арналған сұрақтар. І-топ.Сезімтал жүйкелер жиынтығы қалай аталады?
Дыбыс сүйектері құлақтың қай бөлігінде орналасқан? (ортаңғы)
Бас сүйек қаңқасына жатады: (ми сауыты, бет бөлімдері)
Ми сауыты бөлімі қандай сүйектермен байланысқан? (маңдай, төбе, самай, шүйде)
Жаңа туған нәрестенің маңдай бөлімі қалай аталады? (еңбек)
Кеуде қуысын құрайтын сүйектер: (12 арқа омыртқа, 12 жұп қабырға, төс сүйегі)
Омыртқа саны: (33-34) 
ІІ-топ.Көз алмасы қандай қабықшалардан тұрады? (сыртқы, ортаңғы, ішкі)
Дыбыс сүйектері қалай аталады? (төс, балғашық, үзеңгі)
Сүйек қанша жаста қатая бастайды? (екі)
Қолбасы сүйектерін ата. (білезік, алақан, саусақ сүйектері)
Білезікте қанша сүйек бар? (8)
Қысқа сүйектерге жатады: (омыртқа, алақан, табан, саусақ)
Омыртқаның құрылысы: (денесі, доғасы, қабаттары, өзегі) 
ІІІ-топ.1. Сипап сезу арқылы нені анықтаймыз? (пішінін, қаттылығын, тегістігін, жылы-суықты)Рефлекс дегеніміз не?
Қалдық ретінде тұтасып кеткен омыртқа: (құйымшақ)
Жалпақ сүйектер: (жауырын, бас сүйектері, қабырға, төс, жамбас сүйектері)
Аяқ сүйектері: (ортан жілік, асықты жілік, шыбық сүйек, толарсақ, табан, башпай сүйектері)
Аяқ бұлшықеттерінің әлсіз даму әрекетінен, табан сүйектерінің жерге толық тиіп тұруы қалай аталады? (жалпақ табандылық).
Ә) Топ мүшелеріне үш түрлі сүйек үлгілері сипаттауға беріледі.
Бас сүйек қаңқасы
Қол сүйектері
Аяқ сүйектері
Б) Өтілген тақырыптарды пысықтауға арналған тест сұрақтары:І. Орталық жүйке жүйесіне жатады:А) көз Б) жұлын В) құлақ Г) тері2. Ми бөлімдеріне жатпайды:А) сопақша ми Б) мишық В) алдыңғы ми Г) үлкен ми сыңарлары3. Мидан қанша жүп жүйке тарайды?А) 12 Б) 10 В) 14 Г) 84. Көздің қосымша аттары:А) көз алмасы Б) жас белдері В) соқыр дақ Г) сары дақ5. Құлақтың қай бөлігі түтік арқылы жұтқыншақпен жалғасады?А) сыртқы құлақ Б) ішкі құлақ В) ортаңғы құлақ Г) шытырман
Адам қаңқасында қанша сүйек бар? 
А) 200 Б) 180 В) 204 Г) 195
Қанша сегізкөз омыртқасы бар?
А) 7 Б) 5 В) 12 Г) 4-58. Жалпақ сүйекА) жілік Б) омыртқа В) бас сүйектері Г) табан сүйектері9. Омыртқа жотасында қанша иілім бар?А) 4 Б) 2 В) 3 Г) 610. Денесі жалпақ, әрі үлкен омыртқа:А) мойын Б) арқа В) бел Г) сегізкөзIII. Мағынаны танып білу: Жаңа сабақ.
Сүйектің құрылысы.
Сүйек тығыз және борпылдақ дәнекер ұлпалардан түзіледі. Сыртында болатын сүйек қабы арқылы сүйек жуандап өседі, екі шетіндегі шеміршекті қабатындағы жасушаның бөлінуінен сүйек ұзарып өседі.
Сүйектің құрамында 50% су, 12,5% оссейн, 21,8% минералды заттар, 15,7% май болады, Не себептен циркке, баллетке, спортқа жастайынан баулитынын түсіндіру. Сүйектің байланысы:
Қозғалмайтын байланысқа - ми сауыты, сегізкөз сүйектері жатады.
Жартылай қозғалмалы - шеміршектер арқылы омыртқалар жатады.
3. Қозғалмалы немесе буындық байланыстарға - аяқ-қол сүйектерінің байланысы жатады.Буын - деп сүйектердің қозғалмалы байланысатын жерін айтады. Буын қапшығындағы сұйықтықтың қызметімен оқушыларды таныстыру.IV. Сабақтағы жаңа материалдарды оқушылардың қалай меңгергенін тексеруін арналған тапсырмалар.left01) Сүйектің құрылысыТleft0left0ығыз ұлпа Борпылдақ ұлпаСleft0left0left0үйек қабы Шеміршекті қабатыЖуандап өсуі Ұзарып өсуіleft02) Сүйектің құрамыleft0left0left0Сleft0left0у оссейн минералды заттар майсерпімді иілгіштік морт сынғыштық3) Сүйектердің байланысыleft0left0left0қleft0left0left0озғалмалы жартылай қозғалмалы қозғалмайтынаяқ-қол сүйектері омыртқалар ми сауыты, сегізкөз4) Сандар нені білдіреді?20-25, 50%, 12,5%, 21,8%, 15,7%, 230.V. Ой толғау.
«Сөз сүйектен өтеді», «бес саусақ бірдей емес», «сүйек жаңғырту» деген сөздердің мағынасын қалай түсіндіресіңдер?
Тақырыпқа байланысты қазақ халқының қандай мақал-мәтелдерін білесіңдер?
VI. Білгенің артық болмас!Сүйектің мықтылығына жілік басындағы сүйек талшықтарының айқаса орналасуы беріктік қасиет береді. Бұл қасиет көпір, мұнара салуда қолданылады екен.VII. Қорытынды.Бағалау парағын пайдаланып оқушыларды бағалау.