Разрядты? ?осыл?ыштар?а жіктеу ар?ылы екі та?балы санды бір та?балы сан?а к?бейту


Пәні : Математика
Мақсаты: 1) Разрядтық қосылғыштарға жіктеу арқылы екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту білігін
қалыптастыру.
2)Салыстыру, ой қорыта білу білігін дамыту.
3) Топпен жұмыс жасауға, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Оқу нәтижелері: Тапсырмаларды орындау барысында оқушылар топтық талқылаулар барысында бір-бірімен пікір алмасады. Тапсырмалардың шешімін тауып, дәлелдейді.
Сабақ түрі: Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, проблемалық оқыту
Жаттығулар Тренинг
Топқа бөлу
Топтық жұмыс
Матемаикалық диктант
Серпілген сауал
Кестені толтыр
Хатқа жауап
Дұрыс және бұрыс кестесі
Сәйкестігін тап
Рефлекция
Бағалау
Уақытты меңгеру Қызығушылықты ояту-9 мин
Мағынаны ажырату-15мин
Ой толғаныс – 20 мин
Бағалау – 1 мин
Барысы
Сабақ кезеңдері Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті
Ұйымдастыру Сабаққа зейінін аудыру Оқу құралдарын түгендеп, сабаққа назар аударады.
Тренинг
«Көңіл-күй» лентасы Ленталар салынған қобдишаны ұсынады.
Көтеріңкі көңіл күй-жасыл; орта- сары; төмен - қызыл түс Ленталарды таңдап, өзінің көңіл-күйімен бөліседі.
Топқа бөлу Қиынды бөліктерді таңдап, бүтін бөлікті құрастыруға тапсырма береді. Бағалау парағын табыстау. Өзіндегі бөліктің бүтіндегі орнын табады. Бүтін суретті табады.
Жаңа білімге көпір салу Беттің сырт жағындағы тапсырмаларды орындап, қандай ережелер мен заңдылықтарды жүгініп орындағандарыңды түсіндіріңдер. Ойланады. Топта ой бөліседі.
Бүтін беттегі шыққан тапсырмаларды орындайды.
Математикалық диктант Диктантты оқиды. Оқушылар аяқтаған соң көршісіне жұмысын беруін сұрайды.
Тақтада жауаптың дұрыс нұсқасын көрсетеді.
Оқушылар аяқтаған соң көршісіне жұмысын береді.
Тақтамен тексереді.
Серпілген амал Өрнекті оқып, әр топтан бір оқушыға лақтырады.
Оқушы қағып алып, жауабын айтады. Білмеген жағдайда басқаға лақтырады.
Кестені толтыр Топтарға кестені таратады. Әр топтан бір оқушы шығарады. Топта талдайды. Әр топтан бір оқушы шығып, кестені толтырып, қалай шығарғанын айтады.
Хатқа жауап Кондитерлік фабрикалардан хат келгенін жариялайды.
Сауал хатқа жауап жазып жіберіңдер. Хатты ашып оқиды. Есепті талдайды. Сұрақтың жауабын іздейді.ортақ шешімге келіп, хатшы жауапты жазады.
2 жұлдыз
1 тілек Хатты көрші топқа беріңдер.
Алдарыңдағы хатқа 2 жұлдыз 1 тілектеріңді жазыңдар Хатты көрші топқа береді.
Келген хаттағы есепті тексеріп, 2 жұлдыз 1 тілек жазады.
Дұрыс және бұрыс кестесі Кестелер таратылады.
Қалдықпен бөлуді тексеріп, дұрыс болса, «+» бұрыс болса «-« белгісін қояды.
Сәйкестігін тап Тапсырмаларды таратады Өрнектің мәнін тауып сәйкес жауаппен байланыстырады
Рефлекция
Ленталар - 2 таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту үшін не істейміз? 1) 2 таңбалы санды разрядтық қосылғыштарға жіктейміз 2) Көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолданып көбейтеміз - Көбейтудің үлестірімділік қасиетін кім айтады? (Қосындыны санға көбейту үшін,әр қосылғышты сол санға көбейтіп, мәндерін қосу керек). - Көбейтудің тағы қандай қасиеттері бар? (ауыстырымдылық, терімділік) Бағалау Бағалау парағын жинап алады