Саба? та?ырыбы: Екі та?балы сандарды? ?осу ж?не азайтуды? ауызша, жазбаша т?сілдері.
№ 4 жалпы орта білім беретін мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Жакиева Айгуль Сарсенбековна
Екі таңбалы сандардың қосу және азайтудың ауызша, жазбаша тәсілдері.
Мақсаты: Балалардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, табандыққа, ойлаған мақсатқа жету қағидаларына тәрбиелеу. Баланың ойлау қабілетін дамыту.
Ойынның барысы: Ал, келіңдер, келіңдер! Біріңе-бірің, еріңдер. Біліміңді тексеріп, Ойынға қатысып көріңдер!
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлікСөз кезегін математикаға берейік.Арамызда тапқыр достар көп екенСолардың енді жауаптарын көрелік!
2 топ қатысады: 1. «Алғырлар». 2.«Тапқырлар».
Ұраны: «Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні кәріп.»
2. Ұраны: «Ақыл азбайды,
Білім тозбайды.»
1 баспалдақ: Математикалық диктант.
Құрамында 4 ондық, 5 бірлік бар санды жаз;
Ең кіші бір таңбалы сан
Ең үлкен екі таңбалы сан
8-ді 6-ға арттыр
14-ті 7-ге кеміт
Бірінші қосылғыш -9, қосындының мәні – 17, екінші қосылғышты тап
Азайғыш – 15, азайтқыш – 9. Айырманың мәнін тап.
2 баспалдақ: «Кім шапшаң?»
1 топқа: 2 топқа:
8+7 16-8 ( 15-7)+50 5+8 12-6 (14-8)+60
9+3 15-7 (5+8)+40 6+5 13-7 (26-3)+70
7+5 14-6 (36-4)+60 7+9 14-8 (30-1)+50
3 баспалдақ : «Қарап ал да, біліп ал.»
1 сағ - .........мин 1сағ10мин - .........мин
60 с- ........мин 1 ай - .........күн
1 жыл-.......ай 1 м - ..........дм
10 см - .........дм 1 ғас - .......жыл
1 апта - .........күн 12 ай -........жыл
4 баспалдақ : «Өзімізді өзіміз тексерейік». Теңдеулер шешу.
Х – 30 = 62 Х + 15 = 25
52 + Х = 60 46 + Х = 50
Сергіту сәті:
Ал, балалар тұрайықАлақанды ұрайық.Оңға қарай иіліпСолға қарай иіліп.Бір отырып, бір тұрыпБір тұнығып алайық.
баспалдақ : Есеп шығару:
топқа: Автобустың ішінде 14 қыз бала, 8 ұл бала келе жатыр еді. Аялдамада 2 қыз түсіп қалды. Автобуста неше бала қалды?
топқа: Шолпанның 25 шары бар еді, анасы оған тағы 5 шар сатып әперді.
2 шары жарылып алды. Шолпанда неше шар қалды?
баспалдақ: «Ойлан!» Дұрыс жақша қой.
15 + 7 – 6 = 16 17 + 3 – 9 = 11
20 – 10 + 8 = 18 35 – 5 + 0 = 30
16 + 7 – 3 = 20 4 + 12 – 6 = 10
7 сайыс. «Тез есепте».
Жаңа ғана шалғында,
Алты бұзау жүр еді
Әлде шаршап қалды ма,
Жатып қапты біреуі
Нешеуі енді жайылып,
Айт, жүргенін айырып. (5)
Аулада бес үйрек,
Қорада үш үйрек
Бір үйрек тығылды,
Бір үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек? ( 6)
Тал басында, тізіліп
Он жапырақ тұр еді
Жел соқты да, үзіліп
Ұшып кетті біреуі
Ізінше оның жұлынып
Түсті тағы бесеуі
Тұр әлі де ілініп,
Жапырақтың нешеуі? ( 4)
Алматта бір асық,Санатта бір асық,Қанатта бір асық,Ал менде екі асық,Барлығы неше асық? (5)
5) Қазда бар екі аяқ Құста бар екі аяқ Екеуін қосып санаса Болады сонда қанша аяқ? (4)
Рефлексия : Бүгінгі сабақтың қалай өткені жөнінде стикерге сөз жазып тақтадағы күнге ілу.
Бағалау:
Үйге тапсырма:132 бет № 6